Элементар бөлшектер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 14:35, реферат

Краткое описание

Элементар бөлшектер - заттың ең ұсақ және ішкі құрылымы ең қарапайым деп есептелінетін бөлшектері. Элементар бөлшектердің қасиеті мен құрылымын есептеу – қазіргі физиканың негізгі мәселесінің бірі. Қазіргі кезде антибөлшектерді қосқанда 200-ге жуық элементар бөлшек белгілі болып отыр. Солардың ішінен атомдар құрамына кіретін электрон, протон және нейтрон. Протон мен нейтрондардан атом ядросы, ал электрондардан атомның электрондық қабықтары түзіледі. Қалған элементар бөлшектер әдетте секундтың өте аз үлесіндей уақыт қана өмір сүреді

Прикрепленные файлы: 1 файл

Элементар бөлшектер.docx

— 3.38 Кб (Скачать документ)

Элементар бөлшектер - заттың ең ұсақ және ішкі құрылымы ең қарапайым  деп есептелінетін бөлшектері. Элементар бөлшектердің қасиеті мен құрылымын есептеу – қазіргі физиканың негізгі мәселесінің бірі. Қазіргі кезде антибөлшектерді қосқанда 200-ге жуық элементар бөлшек белгілі болып отыр. Солардың ішінен атомдар құрамына кіретін электрон, протон және нейтрон. Протон мен нейтрондардан атом ядросы, ал электрондардан атомның электрондық қабықтары түзіледі. Қалған элементар бөлшектер әдетте секундтың өте аз үлесіндей уақыт қана өмір сүреді. Элементар бөлшектер зат атомдарымен әсерлесуі нәтижесінде электрондар мен протондарға түрленеді. Электрон, позитрон, протон, антипротон, нейтрино, антинейтрино және фотоннан басқа бөлшектердің барлығы өздігігнен ыдырайды. Элементар бөлшектердің пайда болу мезеті мен мен ыдырау мезетінің арасындағы уақыт әдетте секундтың миллиондық және миллиардтық үлесіндей болады.

Табиғатта тұрақсыз элементар бөлшектер ғарыштық сәулелерде пайда болады. Алайда ғарыштық сәулелердегі тұрақсыз элементар бөлшектердің қасиеттерін дәлірек зерттеу қиынырақ. Өйткені олардың қарқындылығы өте аз. Сондықтан одан гөрі зарядты бөлшекетер үдеткішінде алынған элементар бөлшектер шоғын зерттеу қолайлы. Үдеткіште жылдамдатылған протондардың не электрондардың энергиясы неғұрлым жоғары болғандық сайын ауыр, тұрақсыз элементар бөлшектер алынады. Қазіргі кезде үдеткіштер бөлшектерініңэнергиясын 70 ГэВ-ке дейін жеткізе алады.

Элементар бөлшектердің мөлшері өте кішкентай болғандықтан, оларды ешқандай оптик. прибордың көмегімен көруге болмайды. Физиктер элементар бөлшектер жөніндегі деректерді элементар бөлшектердің зат арқылы өтуі кезінде пайда болған құбылыстарды зерттеу нәтижесінде алады. Мұндай құбылыстарға қозғалатынбөлшектердің фотоэмульсиядағы не арнаулы прибордағы іздері, элементар бөлшектердің Черенков – Вавилов сәуле шығаруы, элементар бөлшектер өткен кезде арнаулы сынауыштарда пайда болатын разрядтар жатады.

Элементар бөлшектерді зерттеу саласында соңғы уақытта ірі табыстарға қол жетті. Элементар бөлшектердің құрылымы әзірше айқындалмаса да оларды нағыз элементар деп айтуға болмайды.

Элементар  бөлшектердің фотоннан басқасы лептондар, мезондар және бариондар деп аталатын үш топқа бөлінеді.


Информация о работе Элементар бөлшектер