Физика сабағында ойын элементтерін пайдалану-сапалы білім негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 10:17, реферат

Краткое описание

Мұғалімнің шығармашылық еңбегі ең алдымен сабақпен байланысты. Демек, сапалы , тиімді , нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ ұстаздың еңбегінің айғағы Сабақтың сапасын артыру мақсатында ұйымдастырудың әр түрін қолданған тиімдірек. Солардың бірі -ойын элементтерін пайдаланып оқыту әдісі. «Ойын денгеніміз-ұшқын, блімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деп, В.Ф. Сухомлинский айқандай, бұл әдіс ақылды, ойды, алғырлықты дамытады. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Физикалық ойын дегеніміз- тынысы кең алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Физика сабағында ойын элементтерін пайдалану-сапалы білім негізі.pptx

— 1.36 Мб (Скачать документ)

Физика  сабағында ойын элементтерін пайдалану-сапалы білім негізі

Жоспар

    • Кіріспе

   Оқушылардың  дарындылығы мен 

     шығармашылық  қабілеттерін артыру жолдары

 

    • Негізгі бөлім

  Оқытудың  жаңа технологиясын пайдалану-сапалы  білім негізі.

   Физика  сабағында ойын элементтерін  пайдалана отырып, шығармашыл тұлғаны  қалыптастыру

 

    • Қорытынды

 

    • Мақсаты:

  Оқушылардың  сабаққа деген қызығушылығын  , ынтасын, ойын элементтерін қолдану  арқылы артыру

    • Міндеті:

  Оқушыларды  тапқырлыққа , ой-қабілетін дамытуға , ұйымшылдыққа , өз бетімен еңбектенуге  тәрбиелеу.

 

      • Мұғалімнің шығармашылық еңбегі ең алдымен сабақпен байланысты. Демек, сапалы , тиімді , нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ ұстаздың еңбегінің айғағы Сабақтың сапасын артыру мақсатында ұйымдастырудың әр түрін қолданған тиімдірек. Солардың бірі -ойын элементтерін пайдаланып оқыту әдісі. «Ойын денгеніміз-ұшқын, блімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деп, В.Ф. Сухомлинский айқандай, бұл әдіс ақылды, ойды, алғырлықты дамытады. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Физикалық ойын дегеніміз- тынысы кең алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану –оқушылардың ой-өрісін , танымдылық белсенділігін арттырады, теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда, ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын, белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кезінде нұсқан келтірмейтіндей болуы тиіс.

үй

 

мектеп

 

V

 

W

 

s

 

I

 

q

 

U

 

F

 

M

 

P

 

R

 

Q

 

t

 

A

 

G

2-ойын «Байқап  қал»

   Бұл ойынға балалар, екі топқа бөлініп қатысады. Екі топ өздерін басшылар тағайындап алады. Олар үстел үстіне 15-20 ұсақ нәрселерді қойып, (физикалық құралдарды) балаларға 1 минут қаратқаннан кейін өздері көрген нәрселердің тізімін жазуларын тапсырады. Қай топтың балалары көп жазса, сол топ ұтқан болып саналады. Ойын көру, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіре түседі.

 

    • 3-ойын «Қыз қуу»

         Бұл  кеңінен таралған ұлттық ойын. Сөреге қыз бен жігіт шақырылады. Жігіт қыздың 10-15 м.кейін тұрып жарысқа қосылады. Жігіт қызды қуып жетсе өзінің жеңілгендігін білдіру үшін, оның білегіне орамалды алуға тырысады.

     Ал қыз керісінше қуғыншылардан қашып құтылып сөреге бұрын жетуге әрекет жасайды. Ертедегі аңыз ертегілерге қарағанда қазақатардағы бір әдет –ғұрып болған . осы әдет бойынша жарысқа екі рудың қыз бен жігіті түкен. Жігіттің жеңілуі өз руында екі тірі жігітпен жүйрік аттың жоқтығы үлкен кемістік болып саналған. Қыз жеңілсе ешқандай қалың малсыз, ол жеңген жігітке тұрмысқа шыққан. Оқушылар санына сйәкес сынып екі топқа бөлінеді. Бірінші топ қыз-балалар. екінші топ ұл-балалар. әір топтан бір-бір бладан шығып есеп шығарады. Кім бірінші шығарса сол топ жеңеді. Ойын бірнеше рет қайталанады.

 

 

    • 4-ойын «Жүйріктер жеңеді.»
    • Ойынға қатысушылар қызыл және сары топ болып екіге бөлінеді. Әр топтың алдынды қызыл және сары түсті жұлдызшалары бар қорапша болады. Үй тапсырмасын қайталағанда жаңа тақырыпты бекіту кезеңдерінде сұрақтаврға жауап берген сайын әрбір оқушы өзіне қызыл сары ұпай санын жинайды. Сабақ аяғында жұлызшалар санына сәйкес ұпайлары саналып бағаланады.
    • Ойын оқушыларды белгілі бір мақсатта ұжымдық әрекет жасауға шапшаңдыққа үйретеді.

 

    • 5-ойын «Арқан тартыс»
    • Оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақта алдына ұзын жіп байланады. Киіз үй жихаздары , ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, т.б суреттер ілінген конверттер ілінеді. Әрбір оқушы өзіне ұнаған конвертті қиып алып ішінде жазылған сұраққа жауап береді. Есептер болса шығарады және сурет физикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Топтағы оқушылар бір-біріне көмектеседі. Қай топ көп тапсырма орындаса, сол топ жеңіске жетеді. Ойын ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.

 

 

    • 6-ойын «Орамал тастау»
    • Жастардың сүйіп онайтын ойындардың бірі. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызық өтеді. Ойыншылар екі топқа бөлініп арасы он адамдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың оң жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да, «қа» деп дауыстайды. Ал қағып алған ойыншы сөздің келесі буынын айтады. Бұл ойынды қолданып, физикалық шамаларды өлшем бірліктерін жаттап алууға дағдыландырады. Мысалы, оқушылар екі топқа бөлініп бірінші топтың оқушысы «Р» әрпін көрсеткенде екінші топтың оқушысы «Қысым » деп жауап береді. Ойын осылайша қайталанады. Әр топ оқушылар алдында физикалық шамалар мен өлшем бірліктер жазылған парақатр болады.

 

    • 7-ойын «Ақтерек»

     Халыққа кең тараған ойынның бірі. Ойынға қатысушылар каең жазық алаңды таңдап алады да екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басқарушы сайлапалады. Екі топтың арақашықтығы  20-30 метрдей жерде бір-біріне қарсы қарап, қол ұстасып тізбек құрады. Қай топтың бірінші болып ойын бастайтынын жеребе арқылы шешеді. Бірініш болып ойын бастайтын топтың басшысы қарсы тұрған топтың бір ойыншсын атап шақырады. Аты аталған оыншы жүгіріп барып өзіншақырған қарсы топтың тізбегін бұзып өту керек. Егер ол тізбекті бұзып өтетін болса, онда бұзып өткен жердегің бір ойыншыны  өзімен бірге ала кетеді.бұл ойынды сыныптан тыс фиизкалық кештерде сайыс сабақтарда қолдануға болады. Мысалы, бірнші топтың бір оқушысы екінші топтың бір оқушысына сұрақ қояды. Егер жауап бере алса ұпайлары екі есе артады, жаууап бере алмаса сұрақ қойған топқа екі есе артық ұпай беріледі. Ойын оқушылардың алған білімдерін тереңдетуге көмектеседі.

 

    • 8-ойын «Сақина салу»

  Бұл ойынға қатысушылар екі-екіден қатарлап отырады. Ойын бастаушы адамның қолында сақина болады. Ол сол сақинаны қолдан –қолға жүгрітіп отырғандардың біреуіне салу керек. Алақанына сақтина түскен оқушы орнынан тез тұрып кету керек. Егер ол тұра алмай қалса айып төлейді. Айып ретінде физикалық заңдар мен ережелерді айтып беру керек.

 

    • Сабақтың мақсаты:
    • Білімділік: оқушылардың ойлау қабілеттірін арттыру, ой-өрісін дамыту, физика ғылымы туралы түсініктерін молайту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
    • Дамытушылық: оқушының есте сақтау қабілетін дамыту тиімді тәсілдерді тез талдай білуге дағдыландыру.
    • Тәрбиелілік: өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу.Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу.
    • Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, стакан,бұрандалы қақпағы бар пластмасса ыдыс,жылы су, марганцовка.
    • Сабақтың типі:дәстүрлі емес сабақ.

 

 

7,8,9 сыныптарда  өткізген «Жас ғалым» атты  сабақтан тыс физикадан сайыс  сабақты мысалға келтірдім  

    • Сабақ барысы
    • 1-кезең «Үй тапсырмасы»
    • Мұнда әр топ жеке-жеке тәжірибе көрсетеді. Көрсеткен тәжірибелерінің қандай физикалық заңдылыққа негізделгенін және қандай құбылысқа жататынын түсіндіру керек.
    • 1-тәжірибе
    • Керекті құрал-жабдықтар:
    • 2 стакан
    • Марганцовка, жылы су
    • Орындалу тәртібі: бір стаканға жылы су , екіншісіне суық су құып екі ыдысқа да марганцовка саламыз. Екіыдыстағы марганцовканың еруін бақылаймыз
    • Жауабы: маранцовканың суық суға қарағанда жылы суда тез ериді. Себебі, жылы судың молекулалары салқын судың моекулаларына қарағанда тезірек қозғалады. Сөйтіп, марганцовка бөлшектерін соққылап, тезірек ерітеді. Бұл тәжірбиеде дифуззия құбылысы орындалады.
    • 2-тәжірибе
    • Керекті құрал жабдықтар
    • Бұрандалы қақпағы бар пласмасса ыдыс
    • Су
    • Бір ыдысқа су толтырып , ал екінші ыдысты бос қылып қақпақтарын жауып қысып қоямыз.
    • Жауабы:  бос ыдысты қысқанда құтыдағы ауа сығылады және көлемі өзгертеді. Ал суы бар ыдыс ыдысты қысқанда су сығылмайды себебі, ауаның әрбір молекулалары арасында өлшемдері үлкен. Ал судың әрбір молекулаларының арасы өз өлшемдерінен кем. Бұл тәжірибеден заттың агрегаттық күйлерінің қасиеттері көрсетілген.

 

    • 2-кезең «Бәйге»
    • Жалпыға бірдей сұрақ қойылады. Қай топ бірінші болып қол көтерсе, сол топ жауап бердеді. Жауап бере алмай қалған жағдайда қарсылас топ жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі.
    • Физика ғылымның негізін салушы?
    • Физика қай тілден шыққан, аударғанда қандай мағына береді?
    • Тұңғыш ғарышқа кім және қай жылы ұшты ?
    • Күш қандай шама?
    • МКТ-ң негізгі қағидалары
    • Механиканың алтын ережесі
    • Ньютонның 2 заңы
    • Паскаль заңы
    • Күш ұғымын физикаға енгізген ғалым
    • Деформация
    • Диффузия
    • Үйкеліс күші
    • 2-кезең «Бәйге»
    • Жалпыға бірдей сұрақ қойылады. Қай топ бірінші болып қол көтерсе, сол топ жауап бердеді. Жауап бере алмай қалған жағдайда қарсылас топ жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі.
    • Физика ғылымның негізін салушы? (Аристотель)
    • Физика қай тілден шыққан, аударғанда қандай мағына береді? (грек тілінен фюзис-табиғат)
    • Тұңғыш ғарышқа кім және қай жылы ұшты ? (Ю.Гагарин 1961ж)
    • Күш қандай шама? (Векторлық)
    • МКТ-ң негізгі қағидалары (барлық заттар ұсақ бөлшектерден тұрады; лоар ретсіз қозғалыста болады; өзара әрекеттесі;)
    • Механиканың алтын ережесі (күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз)
    • Ньютонның 2 заңы (денеде туындайтын үдеу күшке тура пропорционал , массаға кері пропорционал)
    • Паскаль заңы (сұйыққа не газға түсірілген қысым барлық бағытта өзгеріссіз беріледі)
    • Күш ұғымын физикаға енгізген ғалым (Ньютон)
    • Деформация (дене пішін мен өлшемдерінің өзгеруі)
    • Диффузия (Бір заттың екінші затқа енуі)
    • Үйкеліс күші (бір дене екінші денемен қозғалған кезде пайда болатын күш)
    •  

 

    • 3-кезең «Сиқырлы сандық»

 

    • Бұл кезеңде 8 жәшік беріледі. Әр жәшіктің ішінде физика ғылымына үлес қосқан ғалымдардың суреті болады. Сол ғалымдардың ашқан жаңалықтарымен физика ғылымына енгізген жаңалықтарын атап береді. Егер тек заңдылықтардың атын ғана айтса, 1 ұпай, толық жауап берсе 2 ұпай.

 

 

Ньютон

 

Галилей

 

Ампер

 

Паскаль

 

Коперник

 

Ломоносов

 

Фарадей

 

Кулон

    • 4-кезең «Кім жылдам»

 

    • Мұнда берілген  физикалық шамалардан 5 минут ішінде формула құрастырады. Әрбір дұрыс формулаға 2 ұпай беріледі.

 

    • Жылдамдықтың формуласы 
    • Ньтонның екінші заңы    F=ma
    • Үйкеліс күшінің формуласы f=µN
    • Қозғалыс теңдеуі x=x0+vt
    • Дене импульсінің формуласы = mv
    • Серпімділік күші F=kx
    • Кинетикалық энергия Ek=
    • Жылу мөлшері Q=cm  (t2-t1)
    • Қуаттың формуласы P=A/t
    • Тығыздықтың формуласы =m/V
    • Ом заңы I=U/R
    • Қысым формуласы P=F/S
    • Толық механикалық энергия W= Ek+Ep
    • Архимед заңы FA=gV

 

    • 5-кезең «Топбасшылар сайысы»
    • Әр топтың топбасшыларына жеке-жеке он сұрақтан қойылады.
    • Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
    • Қорытынды
    • Әділ-қазылар алқасы оқушылардың барлық сайыстар бойынша жинаған ұпайларын есептеп, жеңген топ марапатталады

Информация о работе Физика сабағында ойын элементтерін пайдалану-сапалы білім негізі