Асинхронды қозғалтқыштар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 18:48, реферат

Краткое описание

Асинхронды электрлік қозғалтқыш — электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіруге арналған электр машинасы. Айналу магниттілігі деп аталған құбылысты алғаш рет 1824 ж. француз физигі Р.Ф. Араго тәжірибе жүзінде көрсетті. Ал бұл құбылыстың ғыл. негізін 1888 ж. а Г.Феррарис (Италия) пен хорват ғалымы Н.Тесла (АҚШ) әрқайсысы өз бетінше ашты. Алғашқы үш фазалы А. э. қ-ты 1889 ж. орыс электротехнигі М.О. Доливо-Добровольский жасады. А. э. қ-тың жұмыс принципі ротор мен статордың магнит өрістерінің өзара әрекетіне негізделген. Статор орамдары арқылы ток өткенде, айнымалы магнит өрісі пайда болады. Бұл өріс ротор орамында ток тудырады. Пайда болған ток айнымалы өріспен әсерлесіп, роторды ілестіре айналдырады.

Содержание

Кіріспе…………2
I-тарау Асинхронды қозғалтқыштар……..3
1.1Асинхронды қозғалтқыштардың роторлары қалыпталып жасалған тісті дөңгелек қаңылтырдан құрастырылады..4
1.2Үшфазалы асинхронды электр қозғалтқыштары…………5
1.3 Асинхронды қозғалтқыштардың электр энергиясын механикалық энергияға түрлендірудің электр физикалық процесі…………7
II-тарау Асинхронды қозғалтқыштың электромагниттік моменті………..13
2.1 Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамасы…………………..16
2.2Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамалары………………..18
2.3Есептеулер………..20
Қорытынды………22
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………..23

Прикрепленные файлы: 1 файл

электра техника.docx

— 15.65 Кб (Скачать документ)

Асинхронды қозғалтқыштар

Мазмұны:

Кіріспе…………2

I-тарау Асинхронды қозғалтқыштар……..3 
1.1Асинхронды қозғалтқыштардың роторлары қалыпталып жасалған тісті дөңгелек қаңылтырдан құрастырылады..4 
1.2Үшфазалы асинхронды электр қозғалтқыштары…………5 
1.3 Асинхронды қозғалтқыштардың электр энергиясын механикалық энергияға түрлендірудің электр физикалық процесі…………7

II-тарау Асинхронды қозғалтқыштың электромагниттік моменті………..13 
2.1 Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамасы…………………..16 
2.2Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамалары………………..18 
2.3Есептеулер………..20

Қорытынды………22 
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………..23

Кіріспе.

Электр машиналары электротехникада және электроэнергетикада қолданылатын электр машиналар түрлерін конструкциясын жалғау схемаларын және қолданыстағы физика заңдарын қарастырады. Электр машиналар түрлері: трансформаторлар, айнымалы тоқ машиналары, тұрақты тоқ машиналары, асинхронды машиналары, синхронды машиналары, қозғалтқыштар мен генераторлар құрылысы мен жұмысын қарастырады. Электр машиналар пәні электроэнергетика саласында мынандай орындарда кеңінен орын алады. Өндірісте, транспортта, авияцияда, автоматты басқару және реттеу саласында және құрылыста кеңінен қолданылады. Механикалық энергияны электр энергиясына және керісінше электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру үшін қолданылады. Механикалық энергия электр энергиясына түрлендіргіш машинасын генератор деп атайды. Электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіргіш машина бұл қозғалтқыш (двигатель) деп аталады. Кез-келген электр машинасына  әрі генератор, әрі қозғалтқыш ретінде қолданылатын болады. Оның екі жақты энергия түрлендіргіш қасиеті машинаның қайтымдылығы деп аталады. Сонымен қатар бір текті токтың электрэнергиясын, екінші тоқтың энергиясына түрлендіру үшін, электрмашиналары қолданады. Мұндай электр машина түрлендіргіш деп аталады. Асинхронды электрлік қозғалтқыш — электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіруге арналған электр машинасы. Айналу магниттілігі деп аталған құбылысты алғаш рет 1824 ж. француз физигі Р.Ф. Араго тәжірибе жүзінде көрсетті. Ал бұл құбылыстың ғыл. негізін 1888 ж. а Г.Феррарис (Италия) пен хорват ғалымы Н.Тесла (АҚШ) әрқайсысы өз бетінше ашты. Алғашқы үш фазалы А. э. қ-ты 1889 ж. орыс электротехнигі М.О. Доливо-Добровольский жасады. А. э. қ-тың жұмыс принципі ротор мен статордың магнит өрістерінің өзара әрекетіне негізделген. Статор орамдары арқылы ток өткенде, айнымалы магнит өрісі пайда болады. Бұл өріс ротор орамында ток тудырады. Пайда болған ток айнымалы өріспен әсерлесіп, роторды ілестіре айналдырады. Оның бұрыштық айналу жылдамдығы полюстер жұбының санын ауыстырып қосу, қоректік ток жиілігін, ротор тізбегіндегі кедергіні өзгерту, сондай-ақ бірнеше машинаны тізбекке қосу арқылы реттеледі. А. э. қ-тың айналу бағытын статор орамасының кез келген екі фазасын ауыстырып қосу арқылы өзгертуге болады. А. э. қ-тың құрылымы қарапайым әрі сенімді болғандықтан электр жетегіндегі негізгі қозғалтқыш ретінде қолданылады. Оның қуаты бірнеше Вт-тан ондаған МВт-қа дейін жетеді.

 

 


Информация о работе Асинхронды қозғалтқыштар