Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеруді жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 06:09, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазiргi уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсiпорындардың шаруашылықты жүргiзушi субъект ретiнде құқық жағдайларын едәуiр нығайтып, олардың көптеген өндiрiстiк және қажылық мәселелердi өз бетiнше шешуiне мол мүмкiншiлiк аштi. Атап айқанда, iшкi және сыртқы рынокта бiлiктi серiктi тандауға қол жеттi, өйткенi болашақтағы бiрлескен iс - әрекеттiң тиiмдiлiгi көбiнесе осыған байланысты боглады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 Қызметкерлер мен жұмысшылармен есеп айырысуды тексеру
Есеп беруші тұлғалармен есептесу................................................................4
Берілген аванс бойынша есептесу..................................................................5
Басқа да дебиторлық қарыздармен есептесу.................................................7

«Аютас» ЖШС-де қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеру
2.1 «Аютас» ЖШС-нің экономикалық-шаруашылық жағдайы.......................12
2.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері.................14
2.3 Қызметкерлер мен жұмысшылармен іссапар және басқада қарыздар бойынша есеп айырысуын тексеру.....................................................................16

Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеруді жетілдіру
3.1 Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысудағы мәселелер........20
3.2 Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды жетілдіру.............22

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

мустафа.doc

— 213.50 Кб (Скачать документ)

Басшының келесідей құқықтары мен міндеттері бар.

  • кәсіпорын жарғысында өзінің директор ретінде бекітілгеннен кейін екінші күні қызметіне кірісуге;
  • серіктестік істерін басқаруға қатысуға;
  • серіктестік қызметі туралы анықтама алуға және серіктестіктің жарғысымен қаралғандай оның бухгалтерлік және басқа да құжаттарымен танысуға;
  • өз қалауымен серіктестіктегі қызметінен бас тартуға;
  • серіктестікке жұмыскерлер қабылдауға және жұмыстан босатуға;
  • басқа да серіктестіктермен коммерциялық мақсаттарды келісімшартқа отыруға;
  • кәсіпорын бөлімшелерінен белгілі бір мерзім үшін есеп талап етуге;
  • кәсіпорынның жұмысын жүргізгенде өздігінен шешімдер қабылдауға құқығы бар.

Сонымен қатар директор:

  • құрылтайшылар жиналысында бекітілген шешімдерді және мақсаттарды орындауға;
  • құрылтайшыларға орындалған жұмыстар туралы есеп беруге;
  • жұмыскерлерге алдағы жоспарларды орындау үшін нақты кимылдар жүйесін талқылап отыруға міндетті.

Қазіргі кезде кәсіпорынның келесі мәліметтері белгілері:

Атауы: ЖШС «Аютас»

СТН: 031300211943

БЖН: 080840006537

Мемлекеттік тіркеу нөмірі: 0049007 сериясы: 03

Мемлекеттік реестрдегі тіркеу нөмірі: 177190213ЖШС

Статистика басқармасында тіркеу нөмірі (ОКПО): 50483765

Астана қаласындағы банктік ревизиттері: АҚ Қазақстан Халық Банкі есеп айырысу шоты ЖИК 043467447 БИК 195301443

Кәсіпорынның негізгі мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Московская көшесі 26/1 овис 56. Негізгі жұмысының басталу күні 13.08.2007. Осы күннен кәсіпорынның мөрі, фирмалық криптограммасы, дербес баллансы және шығыс хаттар мен құжаттар бланкісі бекітілді.

Бұл ұйым Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келесідей қызмет-тер көрсетумен айналысады:

-сауда және коммерциялық-делдалдық қызмет;

-жүк тиеу-алу жұмыстары;

-кранмен жұмыс, сорттау және тиеу-алу жұмысы;

-автокөлік қызметтерін көрсету, вагондарды беру-жинау;

-қоғамдық тамақтандыру орындарын  ашу: кафе, бар, мейрамханалар;

-ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, қайта дайындау,сақтау және өткізу;

-тұрғын үй ғимараттарының күрделі  құрылысы және жөндеуі;

-жарнамалы ақпараттық қызмет;

-қосалқы шаруашылық ұйымдастыру;

-ҚР қолданыстағы заңдарына сәйкес  сыртқыэкономикалық қызмет;

-мамандарды дайындау және олардың білімдерін көтеру;

-ғылыми-зерттеу жаңалықтарын дайындау  және енгізу;

-стандарттар мен техникалық  жағдайларды дайындау және енгізу;

-ҚР Заңдары тыйым салмаған  қызметтің басқа да түрлері.

Лицензияланатын қызмет түрлері Қазақстан Республикасының Заңнама-сына сәйкес тек тиісті лицензия болғанда ғана жүзеге асырылады.

Серіктестіктің заңды мәртебесі

Серіктестік мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады. Серіктестік қаржылық және өндірістік қызметін шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырады. Серіктестіктің дербес балансы, банктік шоттары, толық фирмалық атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі бар.

Серіктестік өзінің атынан шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды алуға, сот органдарында талапкер және жауапкер болуға құқығы бар.

Серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Мемлекет Серіктестіктің қарыздарына жауап бермейді. Серіктестік мемлекеттің қарыздарына жауап бермейді.

Серіктестіктің жұмыс тәртібі.

Серіктестіктің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңына сәйкес жасалынады.

Осы Жарғыға өзгертулер енгізу тәртібі

Серітестіктің Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізуі Қазақстан Республикасының  заңдарымен белгіленген тәртіпте қатысушының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Серіктестік бір айдың ішінде Жарғының өзгергені туралы Әділет органдары хабардар етуге міндетті. Осы мерзім өткеннен кейін кез келген мүдделі адам сот тәртібімен Жарғының өзгерулеріне заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне енгізуді талап етуге құқықты.

Серіктестіктің қызмет мерзімі шектелмеген.

 

2.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері

 

«Аютас» ЖШС-нің «Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамында №0030467146 ағымдағы шоты бар, БИК195301603. Астана қаласының Сарыарқа ауданының Салық комитетінде салық төлеуші ретінде тіркелген, СТН 620300259938 .

«Аютас» ЖШС-нің есеп саясаты Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік және қаржылық есеп туралы» заңына, бухгалтерлік есеп стандарттарына, басқа да нормативті құқықтық актілеріне және  «Аютас» ЖШС-нің есеп саясатына сәйкес жасалған.

Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына, шаруашылық операциялар жасау кезінде заңның сақталуына Директор жауапты.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу барысында «Аютас» ЖШС-гі есеп саясатының принциптері мен негіздеріне сүйенеді. Аталмыш құжаттың құқықтық негізін қосымшалар, бұйрықтар, инструкциялар мен басқа да үкімдік -ұйымдастырушылық құжаттар құрайды. Бұл құжаттар өз кезегінде ҚР заңдық және нормативтік актілер негізінде «Аютас» ЖШС-нің кәсіпкерлік қызметінің шарттарына сай дайындалған.  Осы құжаттар қаржылық, салықтық және бухгалтерлік  есепке тіркеу үшін негіз болады.

«Аютас» ЖШС-гінде бухгалтердің жұмыс орны компьютермен қамтамасыз етілген. Бұл жоспарлы жұмыстың атқарылу мерзімін үнемдей отырып, тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. «Аютас» ЖШС-гінде бухгалтерлік есеп толығымен 1С 7.7. Қазақстандық нұсқасында, сонымен қатар барлық есеп-қисаптар электронды түрде жіберіледі. «Аютас» ЖШС-і типтік жоспар мен жарғылық қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып дайындалған шоттардың қызмет жоспарын қаржылық-шаруашылық тіркеу жүргізу үшін пайдаланады.

«Аютас» ЖШС-нің есеп саясаты бір есепті жылдан астам уақытқа бекітіледі. Бұл қаржылық есеп берудің өз уақытында жасалып, оның қызығушылық танытқан әрбір пайдаланушыға түсінікті, сенімді, дәйекті ақпарат беру мүмкіндігін тудырады.

Есеп саясатын бекіту мақсатында кәсіпорын басшысы бухгалтерлік, қаржылық, инженерлік, техникалық және басқа да жұмысшылардан тұратын комиссия жасақтайды.

Кәсіпорынның қызмет бабы барысында есеп саясатына экономикалық негізделген өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл өзгерістер ішкі сәйкестендірілген құжаттармен бекітіледі. Мысалы, үкім, бұйрық және т.б.

Есеп саясатын жасақтауға жауапты тұлғалар кәсіпорын басшысы және бас бухгалтер болып табылады.

«Аютас» ЖШС-гінің есеп саясаты 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  №2432 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң  негізіндегі ҚР Президентінің қаулысы мен ҚР БЕС №1-20; ҚР Қаржы министрлігінің  21 мамыр 1997 жылғы бұйрықтарының және басқа да заң күші бар нормативтік актілерде көрсетілген кәсіпорын қызметінің өндірістік-экономикалық талаптарына сай жасалады.

«Аютас» ЖШС-гінің есеп саясаты төмендегідей бөлімдер қамтылған:

  1. Жалпы ережелер.
  2. Ұйымдастырушылық құрылымы мен заңды статусы.
  3. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
  4. Табыс БЕС-5
  5. Негізгі құралдар есебі БЕС-6.
  6. Құралдардың тозу есебі
  7. Инвентаризациялау.
  8. ТМҚ есебі БЕС-7
  9. Тұлғалармен еңбекақы бойынша есеп айырысу
  10. Жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құны
  11. Салық салынатын табыс бойынша жеке табыс салығының есебі
  12. Бухгалтерлік есептілік.

Бухгалтерлік жазулар шаруашылық операцияның болғандығын растайтын бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі. Меншікті капитал, кәсіпорын активтері, міндеттемелері, пайдасы мен шығынына әсер етуі мүмкін.

Барлық шаруашылық  операциялар мен шаруашылық қызметтің басқа да жағдайлары кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көрініс табады.

Бухгалтерлік жазбалар компьютерлік жүйе арқылы немесе қолмен де енгізілуі мүмкін. Бастапқы құжаттар келесі міндетті реквизиттерден тұрады:

-құжат атауы, мерзімі, -құжат жасаушы субъект атауы, -шаруашылық операция мазмұны шаруашылық операцияның жүзеге асырылуына жауапты тұлғалар атауы,-қолтаңба иелерінің аты-жөні.

Бастапқы құжаттар операциялардың орындалған немесе аяқталған кезінде жасалынады. Кассалық немесе банктік құжаттарға өзгертулер енгізу қарастырылмайды, қалған жағдайларда түзетулер шаруашылық операцияға қатысушы тұлғалардың келісімімен түзету уақытын көрсете отырып, сол тұлғалардың жеке қолымен бекітіліп жүргізіледі. Бастапқы құжаттарда берілген ақпарат жинақталып бухгалтерлік есеп регистрлеріне көшіріледі. Бухгалтерлік есеп регистрлерінде берілген ақпарат жинақтала отырылып сәкесінше қаржылық есеп беруде көрсетіледі. Кәсіпорын басшысы бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға құқығы бар тұлғаларды анықтайды, сондай-ақ электронды қолтаңбаны қолдану құқығына қатысты бақылау шараларын енгізеді. Кәсіпорында қолданылатын шоттардың Жұмыс жоспары Типтік шоттар жоспарына сәкес қалыптастырылып, бекітілген. Аналитикалық есептің субшоттары мен коды қаржылық және шаруашылық операциялардың түріне байланысты ашылған, Қажеттілік туындаған жағдайда аналитикалық есеп субшоттары мен кодтар бойынша өзгертулер енгізіліп отырады.

 

 

 

2.3  Қызметкерлер мен жұмысшылармен іссапар бойынша және  басқада қарыздар бойынша есеп  айырысуын тексеру

 

Аудитор қызметкерлер мен жұмысшылармен іссапар бойынша және  басқада қарыздар бойынша есеп  айырысуын тексеруге кіріскен кезде тексеру барысында қаралатын және анықтауды талап ететін материалдарын жеке сұрақтарға бөліп, аудиторлық тексерудің бағдарламасын жасап, тексеру барысында анықталған факторларға байланысты толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, басшылыққа алып қадағалап отырады. Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысудағы тексерудің аудиторлық бағдарламасы мынандай мәселелерді қамтуға тиісті:

  • баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы, есеп регистрларындағы және машина жазбалардағы мәліметтерімен салыстырып тексереді;
  • аналитикалық және синтетикалық есептердің дұрыс жүргізілгендігін тексереді;
  • субъектідегі дебиторлық берешектердің жағдайын олармен есеп айырысуларды түгендеу жүргізу жолымен тексереді;
  • күдікті қарыздар резервтерінің құрылу тәртіптерін және олардың дұрыс қолданылуын тексереді;
  • сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысуларды, вексельмен төлеу операцияларының дұрыс жүзеге  асырылады;
  • еншілес (тәуелді) серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық берешектер бойынша есеп айырысу операциялары-ның бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетілгендігін тексеруді;
  • шағым-талап ету тәртіптерінің уақтылы сақталып, олардың қозғалысын бақылаудың дұрыс ұйымдастырылғандығын тексеруді;
  • есеп айырушылармен алынған материалдарды талдап, есеп айырысуды ретке келтіру және дебиторлық берешекті төмендетуге байланысты ұсыныстар жасауды.

Қызметкерлер мен жұмысшылармен есеп айырысуды тексере отырып, аудитор олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін, жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтарының баланстың дұрыс топталып көрсетілгендігін тексереді.

Аудитор баланстың сәйкес баптарындағы борыштардың қалдықтарының дұрыс көрсетілгендігін анықтау үшін №11 журнал-ордердегі, басқа да синтетикалық есеп регистрларындағы және есеп айырысудың жүзеге асырылғандығын көрсететін шоттарындағы мәліметтері бойынша, баланстың сәйкес баптарындағы қалдықтарымен тексеру кезеңінің басындағы әрбір есеп айырысу бойынша қалдығын салыстырып, содан кейін есеп айырысудың әрбір түрін тексереді.

Дебиторлық берешектердің жағдайын тексеруді дебиторлармен есеп айырысуды түгендеудің материалдарын талдаудан бастау керек. Әдетте, субъектінің ішінде дебиторлармен есеп айырысуды түгендеудің сапасының талапқа сай жүргізілмейтін, фактілерінің кездесетінін ескерсек, бұл жұмысты аудитордың өзі ұйымдастырғаны тиімді. Сатып алушылармен есеп беруге тиісті тұлғалармен, жұмыскерлерімен және басқа да дебиторлармен есеп айырысуларды түгендеу, тиісті құжаттар бойынша шоттарында көрсетілген сомаларының негізділігін мұқият тексеріп анықтауды талап етеді. Аудитор және түгендеу комиссиясының мүшелері дебиторлық берешектердің пайда болу мерзімін, себебін және оған кінәлі тұлғаларды, нақты алынатынын (яғни, дебиторлар өздерінің берешектерін мойнына алған есеп ауысуларды актілерінің немесе хаттамаларының бар екендігін); талап ету мерзімінің өтіп кетпегендігін (3 жыл); қарыздарды өндіру үшін қандай шаралар қолданылғандығын анықтайды. Қарама-қарсы тексеру жүргізу мәселелерін шешіп, қарама-қарсы тексеру негізінен сауда және жабдықтау ұйымдарына жүргізілетіндігі ескерілуі тиіс.

Есеп айырысуларды түгендеудің нәтижесінде акт толтырылады. Актыда түгендеу жүргізілген шоттардың аттарын, дебиторлық берешектердің сомасын талап ету мерзімі біткен дебиторлық берешектерін өндіру мүмкін емес, үмітін үзген қарыздарын көрсетеді. Бұндай берешектерді түгендеу түрлері бойынша есеп айырысуларды түгендеу актыларына дебиторлардың аталуы, мекен-жайы, қарыз сомасы, не үшін қарыз болғандығы, қай уақыттан бері, қандай құжаттардың негізінде көрсетіліп анықтама тіркелуге тиісті. Анықтамада талап ету мерзімін өткізіп алған дебиторлық берешектері бойынша есеп айырысуларды түгендеудің материалдарына талдау жасау немесе түгендеуді аудитордың өзі жүргізгенде анықталған ауытқуларды, сәйкессіздіктер, түсініксіздіктер бойынша, аудиторға есеп айырысуларды өте мұқият тексеруге, ойын жинақтап бағыттауға мүмкіндік береді.

Сатып алушылармен есеп айырысулардың жағдайына бақылау жасау жүйесінің тиімділігін көтеру мақсатында сатып алушылардың дебиторлық берешектерінің толық және өз уақытында жабылуына бағытталған төмендегі процедуралар формалды түрде анықталуға және нақты орындалуға тиісті:

Информация о работе Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеруді жетілдіру