Ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 21:11, реферат

Краткое описание

Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының талаптарына сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін еспке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-есеп-айырысу-есебінің-дұрыс-жүргізілуін-және-ұйымдастырылуы.doc

— 549.00 Кб (Скачать документ)

Материалды  емес активтердің есебі. АҚ материалды емес активтерге (МЕА) қаражат салуға құқылы. МЕА түсінігінде мынау жатыр: физикалық мәнділігі жоқ, өндірісті пайда табу мақсатында ұзақ уақытты кезеңге пайдалануға арналған активтер.

АҚ-да болашақта  берілетін активпен тікелей байланысқан  экономикалық табыс алу мүмкіндігі жоғары болса;

- АҚ-да болашақта  берілетін активпен тікелей байланысқан  экономикалық табыс алу мүмкіндігі  жоғары болса;

-    активтің  құнын дұрыс анықтауға болады.

Материалды емес активтердің келіп түсуі. Обьектінің МЕА активтің құрамына кіргізілуі МЕА-ді қабылдау беру актісінде еркін нысанда толтырылады. Онда пайдалану мерзімі және тозу құны көрсетіледі. АҚ-ның материалды емес активтерінің пайдалы қызметіне басқарманың бағалауының нәтижесінде еркін белгіленеді.

МЕА-ң жою  құны 0-ге тең деп есептеледі, егер:

● пайдалану  мерзімінің  аяғында оның сатып  алынуы жағынан үшінші жақтың келісімі болмаса; немесе

● берілетін  МЕА-ге белсенді нарық жоқ; мынаумен байланысты:

- активтің тозу  құны берілген нарыққа нұсқаумен  дұрыс анықталуы  мүмкін емес;

- ондай нарық  активтің пайдалану қызметі мерзімінің  соңында өмір сүру мүмкіндігі  жоқ.

МЕА бастапқы құны бойынша бағалады – ақша қорының  немесе олардың эквиваленттері төленген сомаға.

МЕА-ң тозуы. АҚ-ның  МЕА-і мынадай жағдайда шығысталады: оның тозуы кезінде немесе ешқандай экономикалық пайда әкелмесе.

Ақша- қаражаттың есебі. Ұйымның кассада ақша-қаражаттың есебін кассир жүргізеді. Оның міндеттемесіне мыналар кіреді:

- кіріс және  шығыс кіріс ордерінің дұрыстығын, қолдың қойылуын тексеру;

- ақша қаражатын  қабылдау немесе беру;

- кассалық кітапта  касса операцияларының регистрациясы;

- банкке ақша  қаражатын қолмқол беру.

Кассаға ақшаны қабылдау бойынша бас бухгалтердің қолы қойылған кіріс ордері бойынша жузеге асырылады. Кассаға ақшаны енгізген тұлғаға бас бухгалтердің және кассирдің қолымен ақшаны қабылдау туралы түбіртек беріледі. Кассадан ақшаны беру шығыс касса ордерімен толтырылған жеке тұлғаға шығыс касса ордері бойынша ақшаны беру кезінде кәсіпорынның кассирі ордерде реквизитті көрсету үшін алушыдан талап етеді. Алушы қолын қояды және алған сомасын жазады (көрсетеді). Теңге – жазумен, тиын – санмен. Касса ордерінде қайта жазу, түзету рұқсат етілмейді.

Жазылған касса  ордері немесе оны ауыстыратын құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттар журнал регистрінде тіркеледі.

Кассир касса  операциясының есебін касса кітабында  жүргізеді және ол номерленіп, байланған  және мөрленген, ұйымның бас бухгалтері және басшының қолдары қойылуы керек.

 Касса кітабындағы  жазулар 2 данада жүргізіледі. 2-ші  данасы кассирдің есебі болып  табылады. Түзетулер касса кітабында  тыйым салынады. Енгізілген түзетулер  АҚ бас бухгалтері  мен және  кассир қолдарымен куәландырады.

Кассада қолма-қол  ақшадан басқа акция, облигация, вексельдер мен кітапшалары сақталынады, құнды қағаздар.

АҚ-ң кассадағы ақша қаражаты. АҚ-да айына бір рет сақталынған кассадағы ақша қаражаттарына және басқа құндылықтарға тексеру жүргізіледі. Тексеруді комиссия мүшелері жүргізеді. Комиссия мүшелерінің құрамына мыналар кіреді: бас бухгалтердің орынбасары, менеджердің және ішкі аудитордың орынбасары.

Кассада шетел  валютасының қолма-қол есебі. АҚ-ның шетел валютасында қолма-қол ақша есебі кассада ұлттық валюта түрінде операцияға ұқсас жүргізіледі. Сонымен қатар кіріс және шығыс касса ордерінде касса кітабында шетел валюта және теңге эквиваленті түрінде қаражат сомасы көрсетіледі. Валюта кассасына жеке касса кітабы ашылады.

Еңбек және еңбек ақы. Орындайтын шаруашылық функциясына байланысты ұйымның қызметкерлері, жұмысшылары келесі топтарға бөлінеді:

- басқарушы жұмысшылары;

- мамандар;

- қызметкерлерге жататын  басқа да жұмысшылар.

АҚ еңбек ақысының жалпы  қорын, жұмысшылардың жалпы санын, олардың маманданған құрамын анықтайды. Ұйым еңбек жүйесін, нысанын белгілейді әрине заңға сәйкес.

Ұйымда қызметкерлердің  мерзімді еңбек ақы пайдалану  ол еңбек келісім шарты негізінде  олардың  мамандығын сәйкес және 5 жылға  дейінгі мерзімде пайыссыз қарыз беруге құқылы.

Материалды  құндылықтардың есебі. Шаруашылық қызметі жүзеге асыру процесінде пайдалануға бағытталған материалды құндылықтарға: тауарлар, жартылай фабрикаттар, іріктейтін өнімдер және бөлшектер, қосымша бөлшектер, басқа да материалдар жатады.

Материалдық құндылықтарды  кіріске алу құндылықтарды келісілген бағасы бойынша алу кезінде мердігерлердің жолдама құжаттарының негізінде  жүргізіледі. Құрамына мыналар кіреді:

-    алынған материалдық  құндылықтардың сатып алу құны;

-  материалдық құндылықтарды несиеге алған үшін процентті төлеу  шығындары;

- мердігерлік қамсыздандыру  ұйымына төленген комиссионды  төлемдер;

-   баж салығы; транспортты  дайындау шығындары – сақтаумен  және сақтау орнына запастарды  апарумен байланысты шығындар.

Материалдық құндылықтардың жетіспеушілігіне кінәлі адамдарды  тапқан кезде олардан нарық бағасы бойынша төлеттіреді, нақты кінәлілердің қатысуында жалпы және әкімшілік  шығынға жазылады. Материалдық құндылықтардың сызылып тасталуы типті нысандағы  құжаттардың негізінде жүргізіледі. Егер қорлар бұзылуынан, ескіруінен немесе сату бағасының төмендеуінің әсерінен қайтарусыз болса, ұйым оларды таза құны бойынша бағалайды.

Тауарлар  есебі. Тауар – бұл нарықты алу, пайдалану мақсаттарында нарыққа ұсынылатын материалды өнім. Тауардың келіп түсуі және өткізілуі бірге қызмет ету туралы келісімге сәйкес жүргізіледі. Тауардың сапасы сертификаттармен, куәлікпен, анықтама және басқа да құжаттармен расталады.

Тауардың саны  бойынша қабылдау транспортты және жолдама құжаттармен жүргізіледі, ал сапасы бойынша стандарттармен, келісім шарттармен нақты жүргізіледі.

Егер тауардың саны және сапасы бойынша қабылдау кезінде мердігерлердің құжаттағы  мәліметтерімен айырмашылық табылса, белгіленген айырмашылық туралы акт толтырылады.

Дебиторлармен есептесу есебі. Компанияның дебиторлық қарызы – сатып алушылардың міндеттемесі немесе берілген тауар және көрсететін қызмет үшін ақша қаражаттарды төлеу бойынша ұйым алдында басқа ұйымдардың міндеттемесі.

Ұйымның дебиторлық қарызы ағымдағы және ұзақмерзімді болып бөлінеді. Ағымдағы қарыз 1 жыл ішінде қайтарылуы керек.

Дебиторлық  қарыз счет-фактуралармен немесе басқа да ұзақ міндеттемелермен расталады.

Дебиторлық  қарыз мынадай жағдайда расталады, егер онымен байланысты табыс кіріс  расталса. Ол күдікті қарыз түзету минуспен бастапқы құны бойынша бағаланады.

Ұйымның күнделікті клиенттеріне негізгі бағадан пайыз  ретінде жеңілдіктер жасайды.

Көрсететін  қызмет немесе өткізетін активтер үшін сатып алушылар мен заказ берушілердің қарыздары «Дебиторлық қарыз» шотында жүргізіледі.

Сатып алушылардың, заказ берушілердің дебиторлық қарыздары  мынадай түрде қайтарылуы мүмкін: ақшаны аудару түрінде, қызмет көрсету, жұмысты орындау, т.м.қ. беру ретінде. Сатып алушылар мен заказ берушілердің дебиторлық қарыздарының күдікті қарызы деп мынау танылады:

- заңға сәйкес  келісім-шартына белгіленген мерзімде  қайтарылмаса;

- сәйкес кепілдемемен  қамтамасыз етпеу.

АҚ күдікті  қарыздар бойынша резерв құрмайды.

Инвестиция  есебі. Инвестиция - өндірістік кәсіпорынға, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және басқа да экономиканың салаларына капитал ретінде салатын шығындар жиынтығы. АҚ компаниясының 20 пайыз дауыс беретін акциясы бар.

АҚ тәуелді серіктестікте  инвестиция есебі кезінде үлес әдісін қолданады. Сонымен қатар:

-  инвестиция  сатып алу кезінде сатып алу  құны бойынша есептеледі;

- тәуелді компанияның  таза табыстағы қатысу үлесі  инвистицияның балансының құнының  өсуінде инвестормен көрсетіледі  және қатысудан табыс ретінде  танылады;

- тәуелді компанияның зиянда қатысу үлесі инвестицияның баланстық құнымен төмендеуінде көрсетіледі және үлестік қатысудан зиян ретінде танылады.

Тәуелді компанияның  инвесторда қатысу үлесі тең немесе инвестицияның баланстық құнынан  жоғары болса, онда зиян үлесі инвестицияның баланстық құнының төмендеуінде көрсетіледі, ал инвестицияның құнынан жоғарылайтын сома баланстан бөлек есептелінеді.

Егер тәуелді  компания активтерге қайта бағалау  жүргізсе, онда инвестордың активті  қайта бағалаумен байланысты үлесінің өзгеруі инвестицияның баланстық құнына жоғарылатады.

Инвестицияның баланстық құнының жоғарылауы қосымша  төленбеген капитал ретінде меншікті капитал бөлімінде көрсетіледі.

Міндеттеме. Ұйымның міндеттемесі әртүрлі кәсіпорынмен келісім-шарт жасау нәтижесінде туады және тауарлар үшін, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтерге төленетін келесі төлемдер үшін заңды негіз болып табылады. Міндеттеме есепте мынадай жағдайда тіркеледі, егер сол бойынша қарыз пайда болса. Міндеттеме қарызды төлеу үшін қажетті ақша сомасында бағаланады немесе тауарлар және қызмет құнымен нарық жағдайда. Ұйымда ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттеме бар. Ағымдағы міндеттеме де қарыз 1 жыл ішінде қайтарылуы керек.

Ұзақ мерзімді міндеттеме – қарызды келесі жылда  қайтаруды жоспарламайтын кредиторлық қарыз.

Ұйымның ағымдағы міндеттеме құрамына кіретіндер:

- фактілік міндеттеме  – ол келісім шарт, контракт  немесе заңдылық негізінде пайда  болады. Олар нақты есептелуі  мүмкін. Фактілік міндеттеме құрамына: счеттар бойынша вексельдер, төлеуге дивиденттер, ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігі, есептелген еңбек ақы бойынша қарыздар кіреді. Сонымен қатар тауарлар және қызметтер үшін қарыз;

- бағалау міндеттемесі  – бұл міндеттеме белгілі күннің  келуіне дейін анықтай алмайтын  нақты сома;

- шартты міндеттеме  – бұл өткен келісім шарттардан  туатын болашақ жағдайына байланысты  болатын өмір сүрмейтін, потенциялды  міндеттеме.

Ұйым есептеудің вексельді формасын қолдана алады.

Кезең шығындары. Жузеге асыратын қызметтің ерекшелігіне байланысты ұйым өндірістік шаруашылық шығындарын 821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шотында жүзеге асырады.

Есеп кезеңінің шығындарына  мыналар кіреді:

- жалпы және  әкімшілік шығындар, тауарлы-материалды  құндылықтарды өткізу бойынша  шығындар,

-      пайыз бойынша шығындар.

Бұл шығындар өндіріс  көлеміне байланысты емес және нақты  өткізетін өнім түрлерімен немесе қызметпен  байланысты емес тұрақты шығындар ретінде  анықталады.

Есеп кезеңінің  жалпы және әкімшілік шығындарына  мыналар жатады:

- әкімшілікті қызметкерлерге жататын жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу;

- өндірісте  қызмет көрсететін жұмысшылардың  еңбегін төлеу;

-   банк  қызметін төлеу;

-   басқарудың  әкімшілік қызметкерлерінің командировка  шығындары;

-   типографиялық,  пошта-телеграфтық және телефондық шығындар;

-   норма  шегіндегі өкілдік шығындары;

-  жұмыс күшін  ұйымдастыруға, кадрларды оқытуға,  жұмысшыларды шығару кезінде  компенсация шығындары жүйе комиссиондық  шығындар;

- жалпы шаруашылықты  бағыттағы негізгі құралдардың  жал шығындары;

-    салықтар  және мүліктен аударымдар;

-    тауарлы-материалды  құндылықтардың жоғалуы, жетіспеушілігі;

-    комуналды  қызметтер шығындары, ұйымды қорғау  шығындары;

-    консультациялық  және ақпаратты қызмет төлемдері;

-    сот шегерімдері.

Шегерімге жатқызылмайтын жалпы  және әкімшілік шығындарға мыналар  жатады:

- ғимараттар мен құрылыстарды  ағымдағы жөндеуге кеткен шығындар  және салық есебінің шегінің  жоғары жалпы шаруашылықты бағыттағы  инвентар шығындары;

- белгіленген нормадан  жоғары басқарудың әкімшілік қызметкерлерінің командировка шығындары;

-     белгіленген  нормадан жоғары өкілетті шығындары;

-     өндірісті  және шаруашылықты қамтамасыз  ететін күту шығындары;

-    директорлар  кеңесін күту, мейрамдарды өткізу  бойынша шығындар;

- нормадан жоғары  шығындар, қоймадағы тауарлы-материалды  құндылықтардың жетіспеушілігі  және басқа да өндірістік емес  шығындар;

-   табысты  жасыру айыппұлдары және пения;

-  жинақтау  және қайтару мінезді келісім  шарт бойынша сақтандыру төлемдер, негізгі құралдарды жөндеу шығындары, салық заңдылығы бойынша шегерімге жатқызылмайтын басқа да шығындар.

Информация о работе Ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі