Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері: оның қызметтері мен операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 21:45, курсовая работа

Краткое описание

Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер болғандықтан, масштабы мен маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер, мен ауруханалардың, институттар мен бала-башқалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру және тағы басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық банктердің дамуы, шығу тарихы.....................................6
1.2 Коммерциялық банктердің құрылымы.........................................................15
1.3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.............................

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Астана қалалалық филиалы «Халық Банк» АҚ қаржылық қызметіне сипаттама...............………………………………………….................................28
2.2 Астана қалалаық филиалы «Халық Банк» АҚ қаржылық жағдайын талдау......................................................................................................................35
2.3 Астана қалалық филиалы «Халық Банк» АҚ банктің қызметтерінің динамикалық көрсеткіштері................................................................................37

III. Коммерциялық банктердің нарықтағы рөлін арттыру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ...........................................................41

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.doc

— 426.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ

ЖҰМЫС

           

«Ақша, несие, банк »пәні

 

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері: оның қызметтері мен операциялары»

          

 

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

I. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Коммерциялық банктердің дамуы, шығу тарихы.....................................6

1.2 Коммерциялық банктердің құрылымы.........................................................15

1.3 Коммерциялық банктердің қызметтері  мен операциялары.............................

 

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ

БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ

2.1 Астана қалалалық филиалы «Халық Банк» АҚ қаржылық қызметіне сипаттама...............………………………………………….................................28

 2.2 Астана қалалаық филиалы «Халық Банк» АҚ қаржылық жағдайын талдау......................................................................................................................35

2.3 Астана қалалық филиалы «Халық Банк» АҚ банктің қызметтерінің динамикалық көрсеткіштері................................................................................37

 

III. Коммерциялық банктердің нарықтағы рөлін арттыру жолдары

 

  ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40

  ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ...........................................................41

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

КІРІСПЕ


 

Банктер-нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі, олардың қызметінің дамуы-нарықтық механизмін нақты құруға қажетті жағдай болып табылады.

Несие жүйесінің  негізгі буыны-банктер болғандықтан, масштабы мен маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер, мен ауруханалардың, институттар мен бала-башқалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру және тағы басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

Ұзақ уақыт бойы банктер  мемлекеттік ұйым болып табылады және экономиканың «мәнсіз бөлігі»ретінде қызмет атқарады.Нәтижесінде банк ісін  ұйымдастыру Ресей банктерінің дәстүрін және тәжірибесін жоғалтты. Бүгінгі таңдағы мақсат, нарықтық экономиканы құра отырып, біз банк ісін ұйымдастыра отырып әлемдік деңгейге шығуымыз қажет.

Банктер нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі, олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмін нақты құруға жағдай болып  табылады. Сонымен қатар, банктер  өндірістің материалдық және материалдық  емес сфераларының даму бағыттары қоғамның бір этаптан басқа этапқа көшу қозғалысын реттейді.

      Банктер арқылы эканомиканың әр түрлі салаларынан капиталдың көбеюі жүзеге асып, өндірістің үдерісі үздіксіз дамиды. Екінші деңгейлі банктердің қызметінің дамуы мен жетілдірілуі Қазақстан экканомикасына үлкен септігін тигізеді. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде банк жүйесі екі деңгейде: бірінші жоғарғы деңгейдегі  банк –Орталық банк,–екінші деңгейдегі банктер - коммерциялық банктер деп аталады. 

     Барлық мемлекеттерде «Орталық банк» ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, екінші деңгейлі банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады.

     Қазақстан  Республикасында орталық бір  ғана банк  бар. Оны –«Ұлттық  банк» деп атайды.

             «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады. «Ұлттық банкті» орталық эмиссиялық банк немесе «банктердің банкі».

     «Ұлтық  банк» ақша айналымының құрылымын  және көлемін екінші деңгейлі  банктердің операцияларын басқару  арқылы реттейді.

     «Ұлттық   банк» ұлттық валютаны айналымға  шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін  сақтайды. Сонымен бірге «Ұлттық банк» халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды. Шет мемлекеттердің және Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің істерін үйлестіреді.

     Екінші  деңгедегі банктер – бұл «коммерциялық  банктер». Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерге- «Халық банкі», «Тұран әлем банкі», «Центр кредит банкі», «Темір банк», «Казкомерц банк» т.б. жатады.

Жалпы Қазақстан  Респубикасында 34-екінші деңгейлі банктер  бар.                                

      Екінші  деңгейлі банктердің яғни коммерциялық банктердің міндетті -резервтерді банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады.

Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер  ақша ұсынысын кеңейтеді.

Сонымен бірге  Қазақстан  Республикасындағы екінші деңгейдегі  банктер, банктік заңдылықтарға  сәйкес бағалы қағаздар нарығында да әр түрлі кәсіби қызмет көрсете алады. Оларға : брокерлік, дилерлік, депозитарлық, кастодиандық , трастық, клирингтік және тіркеушілік қызметтер жатады.

        Екінші деңгейлі банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін «активті және пассивті» операциялармен жұмыс жасайды.

Екінші деңгейлі банктердің активтік операциялары банк қызметіндегі маңызды операциялардың біріне жатады.

Екінші деңгейлі банктердің активтік операциялары - пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі активтер бойынша орналастыруды білдіреді.

Екінші деңгейлі банктік активтердің құрылымы баланыстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың нәтижесіндегі қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырауы белгілеріне қарай   анықталады.

Екінші деңгейлі банктердің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:

  1. касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
  2. бағалы қағаздарға жұмсалған инвестициялар;
  3. ссудалар;
  4. банктің ғимараты мен жабдықтары.

Екінші деңгейлі банктердің «Пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операциялары» - делінеді. Бұл дегенің банктің активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.

Пассивтік операциялардың төмендегідей формалары болады.:

  • Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
  • Банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
  • Басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
  • Депозиттік операциялар.

Сонымен Қазақстан Республикасының банктерінің екі деңгей бар екенін анықтадық. Яғни жоғарғы деңгейлі орталық банк – «Ұлттық банк», ал екінші деңгелі банк –бұл коммерциялық банктер.Осы комерциялық банктің  активті және пассивті операцияларына қысқаша анықтама беріп өттік.

Осыдан келе курыстық жұмыстың тақырыбы мәселелі және жан-жақты болып табылады.

Курыстық жұмыстың мақсаты болып, коммерциялық банктердің қызметтерін дамыту жөніндегі сұрақтар және Қазақстан эканомикасында оның алатын рөлі.

Осы мақсаттарға  жету үшін келесі мәселелер қойылды:

Біріншіден, коммерциялық банктердің заңдық, құрылымдық ұйымдасуы, екіншіден, коммерциялық банктердің дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерін әзірлеу, үшіншіден, Қазақстан Республиккасындағы коммерциялық банктердің қызметіне талдау беру,  төртіншіден, Қазақстан Республикасындағы банктердің қызметін бағалау, бесіншіден, комерциялық банктердің қызмет етуінде шетел тәжірибесін қарастыру.

Курыстық жұмыстың әдістемелік негізі болып, Қазақстан Республикасының заңдылық және нормативтік-құқықтық актілері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк нұсқамалары отандық және шетелдік экономистердің еңбектері, ААҚ “Халық банк филиалының” мағлұматтары баспасөз баптары, ситатистикалық берілгендер алынды.

 

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

      1.1 Коммерциялық банктердің дамуы, шығу тарихы

 

Банктердің пайда болуы  мен шығу тарихы, басқа да халықаралық  қалыптасулар секілді, олардың пайда  болуымен ғана байланысты емес,олардың  мәні одан да зор болып келеді. Қысқаша айтқанда, олардың мәні өндірістік күштердің өсуінің нақты тарихи үдерістеріне байланысты болып табылады. Өндірістің материалдық және материалдық емес сфералардың даму бағыттары қоғамның бір этаптан басқа этапқа көшу қозғалысын реттейді. Осы тұрғыдан банктік жүйенің даму үрдісін байқауға болады.

Алғашқы кездерден бастап банктердің пайда болуымен қызмет етуі, өзінің дамуында бірнеше тарихи кезеңдерден өткен ақша эволюциясына байланысты. Ежелгі Рим және антикалық Грецияда ақша рөлін мал атқарған кезде, ешқандай банктер туралы сөз болуы мүмкін емес еді. Бірақта, ежелгі және қазіргі заманғы тарихта да банктердің қандай операцияларды орындаумен байланысты пайда болғаны жөнінде толық мәліметтер жоқ. Сондықтан да эканомикалық әдебиетте банктердің шығу тарихы толық анықталмаған, ал қазіргі жаңа тарихтардағы мәліметтер бойынша банктердің пайда болуын метал ақшаның пайда болу кезеңіне жатқыза аламыз. Осы жерде француз елінің мақалын келтіре кету артық емес: «Егерде тиын домалақ болса - ол айналуы керек». Оның айналымы банк арқылы жылдамтылады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, банктер феодализм кезінде пайда болды, ал басқа ғалымдардың ойы бойынша ақша және несие қатынастары құлиеленушілік қоғам болған кезде де өз орнын алған еді.

Банк деген  ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік «Банк» деген ұғым италиян сөзі «bank»-орындық, «айырбас орындығы»-айырбас орны дегенді білдіреді.

Тарихта банктердің ең қарапайым  қызметі, мысалы тұқым сатып алуға  ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал фоедализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және несие қатынастардың ауқымы тарылып, тек XIII-XIV ғасырларда сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Ортағасырда банк ісінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.

Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен  Венецияда 1587ж. айырбас ісінің негізінде, яғни әр түрлі  қалалардың ақшасы пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтау, қабылдау мен ақшасыз есеп айрысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні-екі клиенттің қатысуымен банктердің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу.Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609ж.) және Гамбургте (1618ж.) ұйымдастырылды.

Бұл банк ісінің анайы  түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға  және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталисттің  қайталама айналымымен байланысты аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ. Ал капиталисттік банктер керісінше ұдайы өндірістің өнеркәсіп және сауда капиталының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын артырды. Жалдамалы еңбекке көшу халық табысының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болды, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.

К.Маркс банктердің пайда  болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі». Сонымен қатар банктер «несие ісінің екінші жағы-өсім әкелетін капиталды да» басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен  үлкен мекемелердің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын да шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы төлеп, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады. Банктердің түрлеріне келетін болсақ, олар келесідей бөлінеді:

Эмиссиялық  банк-ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға, шығаруға құқысы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әртүрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда-Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол елдің екі деңгейлі банк жүйесінің-жоғары деңгейдегі банк.

Информация о работе Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері: оның қызметтері мен операциялары