Қазақстан Республикасы салық жүйесінің проблемалары және оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 18:03, реферат

Краткое описание

Қазақстанның салық жүйесінің негізін корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтік салық және жеке табыс салығы құрайды.
Салық реформаларының маңызды аспектілерінің бірі салық жүктемесі мен оның кәсіпорынның шаруашылық белсенділігіне әсер мәселесі болып табылады.
Салық төлеушілер әдетте салық жүктемесінің 30% деңгейде болуын әділетті санап, 40% болуын әуыр қабылдайды және ол 50% болғанда көтере алмайды. Асыра жүктелген салық жүйесін арттырып, салықтық түсімдердің жалпы сомасын азайтады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасы салық жүйесінің проблемалары және оны шешу жолдары.docx

— 38.46 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік бюджеттің мұнайлық емес табыстары 2005-2007 жж. ЖІӨ-нің үлесінің 18,8 құрайды, 2008-2010жж. ЖІӨ-ге 19,1 болжамдануда.

Жалпы алғаңда, біздің ойымызша, салық жүйесін жетілдірудің негізгі  бағыттары келесідей:

салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

салық жүйесін максималды жеңілдету, заңдардан және біркелкі емес түсіндірмесі бар нормалардың  нұсқауларынан шығарып тастау;

салықтық күштемені салық  ставкаларын төмендету жолымен  жеңілдету, салық алудың орынды деңгейін қамтамасыз ету;

тікелей және тікелей емес салықтардың оптималды үйлесімі.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде  соңғы жылдары тікелей салыққа  көңіл аударылады, ал тікелей емес салықтарға сүйену салықтық әкімшіліктердің  тікелей салықтарды жинаудың нәтижелі салықтық бақылауын ұйымдастыра  алмайтынын көрсетеді;

аймақтық және жергілікті салықтардың жоғары шектерін орнату;

салықты есептеу мен төлеу  тәртібіне қалайда тиісті зандардың  салық заңнамасымен сәйкестігін  іске асыру;

шаруалық   субъектілердің   олардың   өндірістік   қызметімен   байланысты   нақты ұсталымдарына  салық салуды максималды есепке алу;

жеке тұлғаларға жеке табыстың салық салуды жетілдіру, инфляциялық  процесті ескеріп, салық салудың  иілгіш шкаласын іңдеу;

салықты   төлеудегі   еріктілікпринципін   дамыту,   оның   ажырамас   бөлігі   салық заңнамасының өзгерістері  жайлы салық төлеушіні уақытында  хабардар ету, салықты есептеу мен  төлөуде кеңестік қызмет көрсету.

Осылайша ҚР салық жүйесін  ұзақ перспективада дамытудың негізгі  мақсаты экономикалық өсуді белсендететін  және бюджеттік жүйенің қажетті  табыс деңгейін қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті салық жүйесін қалыптастыру.

Қорытынды

       Қазақстан  Республикасының салық жүйесінің  қазіргі кезеңдегі дамуына талдау  жасау арқылы мынадай қорытындыға  келуге болады.

Салықтар мемлекеттің  құрылуымен бірге пайда болды  және мемлекеттің өмір сүруі мен  дамуының негізгі қаржыллық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының  өзгеруі, өркендеуі қашан да болса  салық жүйесінің қайта құрылуымен , жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір  мемлекетте өзінің ішкі жіне сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет  салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік  ретін пайдаланады.

Қазіргі уақытта, тәуелсіздігін  алып, егемендігін жариялаған экономикалық дамудың нарықтық жолын таңдаған Қазақстан Республикасы үшін өзіндік салық жүйесін қалыптастыру аса  маңызды мәселе болып отыр. Жалпы мемлеекттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнама мемлекеттің салықтық жүйесін құрайды.

Қазақстанның салық жүйесінің  негізін корпоративтік табыс  салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтік салық және жеке табыс салығы құрайды. Осы салық түрлерін және салық  ставкаларын төмендетуіне байланысты Жаңа Салық Кодексі экономикамызды жаңғырту мен әртараптандыруға, еліміз үшін тиімді салаларды дамытуға, халықтың түрлі топтарының арасындағы табыс  айырмашылығын азайтуға, қазба байлықтарын  игеретін компонияларға жер мен  ел мүддесіне бетбұрыс жасатуға бағытталуы керек. Ең бастысы , Салық кодексі  әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруы тиіс.

Қазақстанның салық жүйесіндегі  проблемеларға келетін болсақ,

ҚҚС (әсіресе бюджеттен  ҚҚС орнын толтыру) әкімшіліктендіру мәселесі әр уақытта қиын және айтулы болып табылады және тағы бір мәселе — ҚҚС экспортерлерге уақытында өтеу,  корпоративті жеке табыс салығының қолданыстағы жүйесі жетілдіруді қажет етеді, оның дағдарыстық 1993 ж. өзгертілмеген 30 ставкасы қарастырылған. Сондай-ақ алдыңғы қатардағы шет елдік тәжірибеге сүйеніп, занды және жеке тұлғалардың мүлігіне салық салудың қолданыстағы жүйесінде жетілдіру мәселесі, жер қойнауын пайдалану жөніндегі салық салу тұтқасын жетілдіру бойынша мәселесі, трансфертті баға түзу мәселесі мен ел басының және Қазақстан халқының басты назарында сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемелары жөнінде толық қарастырылған.

Қорыта келгенде жалпы  жоғарыда айтылғандардың барлығы, яғни салықтармен салық жүйесінің  дамуы, еліміздің бюджет жүйесінің  тұрақтылығына және орнықтылығына оң әсерін тигізеді.


Информация о работе Қазақстан Республикасы салық жүйесінің проблемалары және оны шешу жолдары