Қаржылық есепті ұсыну

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 14:53, реферат

Краткое описание

Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

такырып 10.doc

— 115.00 Кб (Скачать документ)

Такырып 10. Қаржы есептiлiгiн ұсыну

 

1. ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ АРНАЛУЫ

Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің  құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң  мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi. Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi ұйымның мынадай көрсеткiштерi туралы ақпарат бередi:

(а) активтер;

(b) мiндеттемелер;

(c) өз капиталы;

(d) пайдалар мен залалдарды қоса, кiрiстер мен шығыстар;

  1. өз капиталындағы басқа да өзгерістер;
  2. ақшалай қаражаттың қозғалысы.

Бұл ақпарат, қаржы есептiлiгiне ескертпелерге басқа ақпаратпен қатар, пайдаланушыларға ұйымның ақшалай  қаражаттарының болашақтағы қозғалысын және, атап айтқанда, олардың уақытқа  бөлінуі айқындығына болжам жасауға  көмектеседi.

ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ КОМПОНЕНТТЕРІ

8. Қаржы есептiлiгiнiң толық жинақталымы мыналарды қамтиды:

(а) баланс;

(b) пайдалар мен залалдар туралы есеп;

  1. өз капиталында мыналарды көрсететiн өзгерістер туралы есеп, не:

(і) өз капиталындағы  барлық өзгерiстердi;

 (іі) өз капиталының иелері ретінде әрекет ететін өз капитал иелерімен операциялар жасау нәтижесiнде туындайтындардан өзгеше өз капиталындағы өзгерiстердi көрсететiн өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті;

  1. ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп;

 (e) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.

Қызметтiң үздiксiздiгi

Қаржы есептiлiгiн әзiрлеген кезде ұйымның басшылығы ұйымның  өз қызметiн жалғастыру қабiлетiн  бағалауға міндетті. Қаржы есептiлiгi, егер ұйымның басшылығы не ұйымды таратуға, немесе оның қызметiн тоқтатуға өзі ниет еткен, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасы болмағандықтан, осындай іс-әрекет тәсілін таңдауға мәжбүр болған реттерді қоспағанда, міндетті түрде қызметтiң үздiксiздiгi негiзiнде жасалуға тиiс. Егер ұйымның басшылығы бағалау барысында бұдан былай ұйымның қызметтi үздiксiз жалғастыру қабiлетiне едәуiр күмән туғызуы мүмкiн оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулi тұрлаусыздықтар туралы оған мәлiм болса, бұл тұрлаусыздықтар қаржы есептілігінде міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс. Егер қаржы есептiлiгi қызметтiң үздiксiздiгiне жол беру негізінде жасалмаса, бұл факт есептiлiк жасалған негiзбен және ұйым үздiксiз iс-әрекет етедi деп есептелмейтiн себеппен қатар, міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс.

Қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол берудiң қолданылуын  бағалау кезiнде, басшылық, ең болмағанда, баланс күнінен бастап он екі айды қамтитын, бiрақ онымен шектелмейтін болашақ туралы қолда бар ақпараттың барлығын ескереді. Осы ақпарат назарға алынатын деңгей әрбiр жеке жағдайда нақты фактiлерге байланысты болады. Ұйым белгiлi бiр кезең iшiнде пайдалы болса және қаржы ресурстарына қол жеткiзсе, онда қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол беру қолайлығы туралы қорытынды толық талдау жасалмай қабылдануы мүмкiн. Басқа жағдайларда басшылыққа, қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол берудiң қолайлылығы жөнiндегi пiкiр бекiтiлмес бұрын, бәлкiм, ағымдағы және күтiлетiн пайдалылыққа, борыштық мiндеттемелерді өтеу кестелерiне және баламалы қаржыландырудың әлуеттi көздеріне байланысты факторлардың кең ауқымын қарауы талап етiлетін болар.

Есептеу әдісі бойынша  есепке алу

Ұйым, ақшалай қаражаттардың  қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, есептеу әдісі бойынша есепке алу ережелерін қолданып, қаржы есептiлiгiн жасауға міндетті.

Есептеу әдісі бойынша  есепке алу ережелерін қолданған  кезде, егер олар Принциптерде айтылған осы элементтерге арналған анықтамалар мен өлшемдерді қанағаттандыратын болса, баптар активтер, міндеттемелер, капитал, пайда және шығыстар (қаржы есептілігінің элементтері) ретінде танылады.

Ұсынудың жүйелiлiгi

Қаржы есептiлiгiнде баптарды ұсыну және сыныптау міндетті түрде  бiр кезеңнен келесі кезеңге сақталуға тиiс.

Елеулілік және қорыту

Ұқсас баптардың әрбiр  елеулi сыныбы қаржы есептiлiгiнде міндетті түрде жеке ұсынылуға тиiс. Ұқсас емес сипаттағы немесе мақсаттағы баптар, егер олар елеулі болып табылмайтын ретте ғана, міндетті түрде жеке ұсынылуға тиiс.

Қаржы есептiлiгi операциялардың көп санын немесе сипатына, немесе мақсатына сәйкес құрылымы жағынан топтарға бiрiктiрiлген өзге де оқиғаларды өңдеу нәтижесi болып табылады. Біріктіру және сыныптау процесінің соңғы кезеңі жеке баптарды не тікелей баланста, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте, не ескертулерде қалыптастыратын ықшамды және сыныпталған деректердi ұсынудан тұрады. Егер қандай да болсын жеке баптың өзі елеулi болып табылмаса, ол тікелей қаржы есептiлiгiнде, не ескертулерде басқа баптармен бiрiктiрiледi. Қаржы есептiлiгiнің өзінде оны жеке ұсынуды талап ету үшiн бап жеткiлiктi түрде елеулi болмайтын бап, қайткенде де, оны ескертулерде жеке-дара ұсыну үшiн жеткiлiктi түрде елеулi болуы мүмкiн.

31. Елеулiлiк принципін қолдану, егер нәтижесiнде алынған ақпарат елеулi болмаса, қандай да болсын Стандарттың немесе Түсіндірменің ақпаратын ашып көрсетуге нақты талаптарды орындаудың қажет емес екендігiн бiлдiредi.

Өзара есепке алу

32. Активтер мен мiндеттемелер және кірістер мен шығыстар өзара есепке алынбауға тиiс, бұған ол рұқсат етілген немесе қандай да болсын Стандарт немесе Түсіндірме талап ететін реттер кірмейді.

33.  Активтер мен міндеттемелердің, сондай-ақ кiрiстер мен шығыстардың жеке-жеке ұсынылуы маңызды. Пайдалар мен залалдар туралы есепте, сондай-ақ, операцияның немесе өзге оқиғаның мәнін көрсететін реттерді қоспағанда, жүргізілген өзара есепке алу жүргізілген операцияларды, басталған өзге оқиғалар мен жағдайларды түсіну бөлігінде де, болашақта ұйымның ақшалай қаражаттарының қозғалысын бағалау бөлігінде де пайдаланушылардың мүмкіндіктерін төмендетеді. Бағалау резервтер, мысалы, ескірген босалқыларды жоюға арналған резерв және дебиторлық берешек бойынша күмәнді борыштарға арналған резерв шегерілген активтерді бағалау - өзара есепке алу болып табылмайды.

ҚҰРЫЛЫМЫ  ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Қаржы есептiлiгiнiң әрбiр  компонентi міндетті түрде дәлме-дәл  анықталуға тиiс. Бұған қоса, келесi ақпарат дәлме-дәл бөлiп көрсетiлуге және, егер бұл ұсынылған ақпаратты  дұрыс түсiну үшiн қажет болса, қайталануға тиiс:

(а)  есеп беретiн ұйымның атауы немесе өзге де сәйкестік белгілері, сондай-ақ алдыңғы есепті кезеңнен бастап осы ақпараттағы кез келген өзгерістер;

(b)  қаржы есептiлiгi жеке ұйымды немесе ұйымдар тобын қамти ма;

(c)  қаржы есептiлiгiнiң тиiстi компонентi үшiн ненiң көбiрек жарайтынына қарай, есепті күн немесе қаржы есептiлiгiн қамтитын кезең;

(d) 21-«Валюталық бағам өзгерісінің әсері» ІAS Халықаралық стандартында анықталғандай, ұсыну валютасы;

және

(e)  қаржы есептiлiгiнде соманы ұсынған кезде пайдаланылған дәлдiк

Есептi кезең

49. Қаржы есептiлiгi міндетті түрде кем дегенде жыл сайынғы негізде ұсынылуға тиiс. Ұйымның есепті күні өзгерген және кезең ішіндегі жылдық қаржы есептiлiгi бiр жылға қарағанда ұзағырақ немесе қысқарақ ұсынылған кезде, ұйым қаржы есептiлiгiнде қамтылған кезеңге қосымша мыналарды ашып көрсетуге міндетті:

(а)  неғұрлым ұзағырақ немесе неғұрлым қысқарақ кезеңдi пайдалану себебiн;

және

(b)  пайдалар мен залалдар туралы есептегі, меншiктi капиталдағы өзгерiстер туралы есептегі, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептегi және тиiстi ескертулердегi салыстырма сомалардың толық дәрежеде салыстырмалы емес екендігінің фактiсi.

50. Әдетте қаржы есептілігі бір жыл ішінде кезең үшін ұдайы жасалады. Алайда кейбiр ұйымдар практикалық тұрғыдан алғанда есептерді, мысалы, ұзақтығы 52 апталық кезең үшін ұсынуды қалайды. Осы Стандарт ондай практикаға тиым салмайды, өйткенi алынатын қаржы есептiлiгiнде бiр жылдық кезең үшін жасалатын қаржы есептiлiгінен елеулi айырмашылығы бола қоймас.

Баланс

Қысқа мерзiмдi / ұзақ мерзiмдi бөлу

тікелей баланстағы жеке бөлімдер ретінде, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi активтерді және қысқа  мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi ұсынуға міндетті, бұған өтімділік  негізінде бөлу сенімді әрі неғұрлым мәнді болып табылатын осындай ақпарат беру реттері кірмейді.  Осы ерекшелік қолданылған кезде барлық активтер мен міндеттемелер міндетті түрде тұтас алғанда олардың өтімділігіне қарай ұсынылуға тиіс.

Қабылданған ұсыну әдiсiне қарамастан, (а) өтелуi немесе орнын  толтыру баланс күнінен кейін он екi айдан аспайтын және (b) баланс күнінен кейін он екi айдан асатын мерзiмнің ішінде күтiлiп отырған соманы біріктіретін активтер мен міндеттемелердің осындай әрбір желілік бабы бойынша ұйым, өтелуi немесе орнын толтыру он екi айдан астам мерзім өткеннен кейін күтiлiп отырған соманы ашып көрсетуге міндетті.

Егер ұйым дәл анықталған операциялық кезеңнiң барысында  тауарлар мен қызмет көрсетулердi жеткiзсе, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi активтер мен мiндеттемелердi баланстың өзiнде бөлек сыныптау айналым капиталы ретiнде тұрақты жұмыс iстейтiн таза активтердi ұйымның ұзақ мерзiмдi операцияларында пайдаланылатындардан бөлу жолымен пайдалы ақпаратты қамтамасыз етедi. Бұл сондай-ақ ағымдағы операциялық кезеңде iске асыру көзделiп отырған активтердi және тап осы кезең iшiнде өтелуге тиiстi мiндеттемелердi бөлiп көрсетуге мүмкіндік береді.

Қаржы ұйымдары сияқты кейбір ұйымдар үшін активтер мен мiндеттемелердi өтімділікті арттыру немесе төмендету  тәртібімен ұсыну қысқа мерзімді/ұзақ мерзімді активтерге бөліп ұсынуға қарағанда сенімді әрі неғұрлым маңызды осындай ақпаратты береді, өйткені бұл ұйым дәл анықталған операциялық кезеңнiң шеңберінде тауарлар немесе қызмет көрсетулер жеткізумен айналыспайды.

Ұйым 51-параграфты пайдаланған  кезде активтер мен міндеттемелердің өзін қысқа мерзімді/ұзақ мерзімді активке бөліп ұсынуға, ал басқаларын - егер бұл сенімді әрі неғұрлым маңызды осындай ақпаратты ұсынуға жеткізетін болса, өтімділік тәртібімен ұсынуға рұқсат етіледі. Ұсынудың құрамдастырылған негізіне деген осындай қажеттілік ұйым кең тараған қызмет түрімен айналысқан кезде пайда болуы мүмкін.

Активтер мен міндеттемелерді өткізудің күтіліп отырған мерзімдері туралы ақпарат ұйымның өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау үшін пайдалы. 32 ІAS Халықаралық стандарты қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін өтеу күндері туралы ақпараттың ашып көрсетілуін талап етеді. Қаржы активтері сауда және басқа да дебиторлық берешекті қамтиды, ал қаржы міндеттемелері сауда және басқа да кредиторлық берешекті қамтиды. Босалқылар мен бағалау міндеттемелері сияқты ақшалай емес активтер мен міндеттемелердің орнын толтырудың және өтеудің есептеу күндері туралы ақпарат та, активтер мен міндеттемелер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөліну-бөлінбеуіне қарамастан, пайдалы. Мысалы, ұйым баланс күнінен бастап он екі айдан асатын мерзімнен кейін орнын толтыруды күтіп отырған босалқылар сомасын ашып көрсетеді.

Қысқа мерзімді активтер

Актив, егер мынадай өлшемдердің  кез келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде айналымдық актив ретінде сыныпталуға тиіс:

(а)  оны өткiзу көзделсе, не ол кәсiпорынның әдеттегі операциялық кезеңiнiң барысында сатуға немесе пайдалануға арналса;

(b) ол негiзiнен сауда мақсаттарына арналса;

(c)  оны есепті күннен кейін он екі айдың ішінде сату ұйғарылса; не

(d)  ол ақшалай қаражаттар немесе ақшалай қаражаттардың баламалары нысанында болса (7-«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» ІAS Халықаралық стандартында анықталғандай), бұған есепті күннен кейін, ең болмағанда, он екі айдың ішінде қандай да болсын міндеттеменің орнын толтыру үшін оны айырбастауға немесе пайдалануға тиым салынған реттер кірмейді.

Қалған  активтердiң барлығы міндетті түрде  ұзақ мерзiмдi активтер ретiнде сыныпталуға  тиiс.

Ұйымның операциялық  кезеңi активтерді өңдеу үшін сатып алу және оларды ақшалай қаражаттарға немесе ақшалай қаражаттың баламаларына айналдыру арасындағы кезеңді бiлдiредi. Ұйымның әдеттегі операциялық кезеңі дәл анықтауға келмесе, оның ұзақтығы он екі ай болады деп болжанады. Қысқа мерзімді активтер тіпті оларды есепті күннен кейін он екі айдың ішінде сату күтілмеген кездің өзінде, әдеттегі операциялық кезеңнің бір бөлігі ретінде сатылатын, тұтынылатын және өткiзiлетiн активтерді (сатып алушылар мен тапсырыс берушілердың босалқылары мен дебиторлық берешегі сияқтылар) қамтиды. Қысқа мерзімді активтер сондай-ақ негізінен сату мақсаттарына арналған активтерді (осы санаттар шеңберіндегі қаржы активтері 39-«Қаржы құралдары - тану және бағалау» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес саудаға арналғандар ретінде сыныпталады), сондай-ақ ұзақ мерзімді активтердің айналымдық бөлігін қамтиды.

Қысқа мерзiмдi мiндеттемелер

60. Мiндеттеме, егер ол мынадай өлшемдердің кез келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталуға тиіс:

(а)  оны ұйымның әдеттегі операциялық кезеңiнiң шеңберінде өтеу көзделсе;

(b)  ол негізінен сату мақсаттарына арналса;

(с) ол есепті күннен кейiн он екi айдың iшiнде өтелуге тиiс болса;

не

(d)  есепті күннен кейін ең аз дегенде он екі айдың ішінде тиісті міндеттемені өтеуді кейінге қалдыруға ұйымның сөзсіз құқығы болмаса.

Қалған мiндеттемелердiң  барлығы ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер  ретiнде сыныпталуға тиiс.

Жеткiзушiлер мен мердiгерлердiң  алдындағы кредиторлық берешек  сияқты кейбiр қысқа мерзiмдi мiндеттемелер, қызметкерге кейбір есептеулер және басқа да операциялық шығындар ұйымның әдеттегі операциялық кезеңiнде пайдаланылатын айналымдық капиталдың бiр бөлiгiн құрайды. Ондай операциялық баптар, тiптi олар баланс күнiнен бастап он екi айдан астам уақыт өткен соң өтелуге тиiс болса да, қысқа мерзiмдi мiндеттемелер ретiнде сыныпталады. Ұйымның әдеттегі операциялық кезеңі дәл анықтауға келмесе, оның ұзақтығы он екі айды құрайды деп көзделеді.

Информация о работе Қаржылық есепті ұсыну