"Қаржы жүйесі" мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2012 в 20:51, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыстың тақырыбы: "Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика." Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, еліміздегі қаржы жүйесін зерттеу, құрылымын терең түсіну және қазіргі таңда бұл мәселе өте актуалды болып табылады. Болашақ қаржыгер ретінде, Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан бергі жағдайын салыстыра келе қаржы жүйесінің өзгерісін білу.

Содержание

Кіріспе--------------------------------------------------------------------------------3
Негізгі бөлім:
1.тарау. "Қаржы жүйесі" мәні
1.1. "Қаржы жүйесі" ұғымы, оның құрамы------------------------4-9
1.2. Қазақстан республикасының бюджет жүйесі, маңызы-10-13
1.3. Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары----------------14-15
2.тарау. Экономикадағы қаржы жүйесінің рөлі.
2.1. Қаржы жүйесінің құрылымын жылдық салыстыру--------16-22
2.2. Қаржы жүйесінің әлемдік тәжірибесі-------------------------23-25
3.тарау. Қаржы жүйесін жетілдірудегі іс-шаралар-------------26-27
Қорытынды-------------------------------------------------------------------28-29
Қолданылған әдебиеттер тізімі--------------------------------------------30

Прикрепленные файлы: 1 файл

4.Қаржы жүйесі,ҚРның бюджеті.doc

— 231.00 Кб (Скачать документ)

 

     Кестеден  көріп  тұрғандай,  кірістердің  негізін  салықтық  түсімдер  құрайды,  ал  салықтық  түсімдердің  негізгі  көздері,  бұрынғыдай  қосылған  құнға  салынған  салық  пен  корпорациялық  табыс  салығы  болып  табылады.   Республикалық  бюджет  кірістерінің  басқа  едәуір  көзі---салықтық  емес  түсімдер  және  капиталмен  жасалған  операциялардан  алынатын  түсімдер.

 

    Республикалық  бюджет  шығыстарының көлемі  мен құрылымы (2003ж.)

                                                                        млн. теңге             %

ШЫҒЫСТАР                                                 773893                    100,0

ШЫҒЫНДАР                                                 734809                    94,8

1.жалпы  мемлекеттік қызмет

көрсетулер                                                      44066                      5,7

2.қорғаныс                                                      40435                      5,2

3.қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік               73822                      9,6

4.білім беру                                                    23241                      3,0

5.денсаулық  сақтау                                      19105                       2,5

6.әлеуметтік қамтамассыз ету                      202043                    26,1

7.тұрғын үй коммуналдық шаруа/қ             10321                       1,3

8.мәдениет, спорт, туризм т. б.                    12879                       1,7

9.отын-энергетика кешені және жер

қойнауын  пайдалану                                    8486                         1,1

10.ауыл, су, орман, балық шаруа/ғы

және қоршаған ортаны қорғау                     43040                       5,6

11.өнеркәсіп және құрылыс                         1395                          0,2

12.көлік және байланыс                               59663                        7,7

13.басқалар                                                    68345                        8,8

14.борышқа қызмет көрсету                        34338                        4,4

15.ресми трансферттер                                 93630                       12,1

КРЕДИТТЕР                                                  39085                        5,0

 

     Әр  бюджетте  оның  кіріс  және  шығыс  бөлігін  теңестірген,  яғни  баланстаған  дұрыс.  Баланс– бұл  тепе-теңдік,  бюджетті  жасаған  кезде  негізгі  мәселе  мемлекеттің  ақшалай  түсімдері  мен  шығыстарының  осындай  жай-күйіне  жету  болып  табылады.  Кірістердің  шығыстардан,  яғни  бюджетке  түсетін  түсімдердің  жалпы  сомасының  шығыстардың  және  қайтарымды  негізде  бөлінетін  кірістердің  ауқымынан  асып түсуі  бюджет  артығын– профицитті  құрайды.

 

    Бюджеттік  процесс– бюджетті  жоспарлау,  әзірлеу,  қарау,  бекіту,  атқару,  нақтылау,  түзету  жөніндегі,  бюджеттің  атқарылуы  бойынша  бюджет  есебі  мен  есептемені  жүргізу,  мемлекеттік  қаржылық  бақылау,  сонымен  бірге  байланыстырылған  гранттарды  регламенттелінген  қызмет.  Қазақстан  Республикасының  бюджеттік  процесс  Бюджет  кодексіне,  "Қазақстан  Республикасының  жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы",  жыл  сайынғы  "Республикалық  бюджет  туралы"  заңға  және  Қазақстан  Республикасының  басқа  заңдарына  сәйкес  жүргізіледі. 

     Бюджеттің  жобасын  уақтылы  және  сапалы  әзірлеу  мен  бюджетті   нақтылау  және  атқару  жөнінде  ұсыныстар  жасауды  қамтамасыз  ету  мақсатымен  Қазақстан  Республикасының  Президенті  бюджеттік  комиссияны  құрады,  ол  туралы  қағиданы  бекітеді,  оның  құрамын  анықтайды.

     Бюджеттік  жоспарлау  жоспарланып  отырған  кезеңге   арналған  бюджет  түсімдерінің  көлемін  және  басымдылықты  ескере  отырып  мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  даму  міндеттеріне  сәйкес  оларды  пайдалану  бағыттарын  айқындау  жөніндегі  ұсыныстарды  әзірлеу  процесі  болып  табылады.

     Бюджет  бір  қаржы  жылына  жоспарланады.  Кезекті  қаржы  жылына  арналған  бюджеттің  жобасымен  бір  мезгілде  алдағы  үш  жылдық  кезеңге  арналған  бюджеттің  болжамы  жоспарланады.

     Республикалық  бюджеттің  жобасын  әзірлеу  тәртібін  Қазақстан  Республикасының  Президенті  айқындайды,  жергілікті  бюджеттің  жобаларын  әзірлеу  тәртібін  Үкімет  айқындайды.

     Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекітетін  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  орта  мерзімді  жоспары,  Үкіметтің  алдағы  үш  жылдық  кезеңге  арналған  орта  мерзімді  фискалдық  саясат,  мемлекеттік,  салалық  бағдарламалар,  Президенттің  Қазақстан  халқына  елдегі  ахуал  және  республиканың  ішкі  және  сыртқы  саясатының  негізгі  бағыттары  туралы  жыл  сайынғы  жолдауы,  өткен  және  ағымдағы  қаржы  жылдарындағы  республикалық  бюджеттің  атқарылу  нәтижелері,  республикалық  бюджеттік  бағдарламалардың  тиімділігін  бағалау  алдағы  қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджет  жобасын  әзірлеу  үшін  негіз  болып  табылады.  

     Республикалық  бюджет  жобасын   әзірлеу  процесі  мынадай  кезеңдерді  кіріктіреді:

 

  1. Бюджеттік  жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган  үш  жылдық  кезеңге  бекітілген  бюджеттік  алынымдар  көлемін  ескере  отырып  және  орта  мерзімді  фискалдық  саясат  негізінде  бюджет  құрылымына  сәйкес  алдағы  қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджет  түсімдерінің  болжамды  көрсеткіштерін  айқындайды  және  оларды  Республикалық  бюджет  комиссиясына  қарауға  жібереді.  Ол  ағымдағы  қаржы  жылының  5  маусымына  дейін  алдағы  қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджет  түсімдерінің  болжамды  көрсеткіштерін  қарайды  және  олар  жөнінде  шешім  қабылдайды.

 

  2. Республикалық  бюджет  шығыстарының  лимиттерін  бюджеттік  жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган  республикалық  бюджеттің  болжамды  көрсеткіштері,  бюджет  қаражатын  жұмсаудың  басым  бағыттары,  теріс  операциялық  сальдоның  жол  берілетін  шекті  мөлшері,  орта  мерзімді  фискалдық  саясатта  айқындалған  басқа  да  көрсеткіштер,  республикалық  бюджет  тапшылығының  ұйғарымды  шекті  мөлшері  және  орта  мерзімді  жоспарда  айқындалған  басқа  да  макроэкономикалық  көрсеткіштер,  Республикалық  бюджет  комиссиясы  мақұлдаған  алдағы  қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджетке  түсетін  түсімдердің  болжамды  көрсеткіштері  негізінде  қалыптастырылады.  

     Республикалық  бюджет  комиссиясы  ағымдағы  қаржы  жылының  5  маусымына   дейін   ағымдағы  бюджеттік  бағдарламаларға,  бюджеттік  даму  бағдарламаларына  арналған  шығыстардың  лимиттерін  қарайды  және  мақұлдайды.

 

     3. Республикалық  бюджеттік  бағдарламалар  әкімшілерінің  бюджеттік  өтінімдері  бюджеттік  жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган  белгілеген  тәртіппен:

   -бірыңғай  бюджеттік  сыныптама;

   -ағымдағы  бюджеттік  бағдарламаларға  арналған  шығыстардың  лимиті;

   -басым  бюджеттік  инвестициялық  жобалар  тізбесі;

   -өткен  қаржы  жылында  Республикалық  бюджет  комиссиясы  мақұлдаған  үш  жылдық  кезеңге  арналған  бюджеттік  өтінім;

   -орта  мерзімді  жоспар;

   -орта  мерзімді  фискалдық  саясат  негізінде  жасалады.

     Алдағы  үш  жылдық  кезеңге  арналған  бюджеттік  өтінімдерді  республикалық  бюджеттік  бағдарламалардың  әкімшілері  бюджеттік  жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті   органға  ағымдағы  қаржы  жылының  25  маусымынан  кешіктірмей  бюджеттік  жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган  белгілеген  кестеге  сәйкес  ұсынады.

 

     4. Республикалық  бюджеттік  бағдарламалар  әкімшілерінің  бюджеттік  өтінімдері  және  бюджеттік  жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті  органның  олар  бойынша  қорытындысы,  сондай-ақ  бюджеттік  жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті  органның  облыстық  бюджеттерге,  республикалық  бар  қалалардың,  астананың   бюджеттеріне  республикалық  бюджеттен  берілетін  мақсатты  трансферттер  мен  бюджеттік  кредиттердің  көлемі  жөніндегі  ұсынысы  ағымдағы  қаржы  жылының  15  шілдесінен  бастап  Республикалық  бюджет  комиссиясының  қарауына  енгізіледі. 

     Республикалық  бюджеттік  бағдарламалардың   әкімшілері  ағымдағы  қаржы  жылының  15  тамызына  децін  республикалық  бюджеттік  бағдарламалар  паспорттарының  жобаларын  және  шығыстарды  есептеулерді  Республикалық  бюджет  комиссиясының  шешімдерін  сәйкес  келтіреді  және  оларды  бюджеттік  жоспарлау  жөнінідегі  орталық  уәкілетті  органға  ұсынады.

     5. Бюджеттік   жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган  алдағы  қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджет  жобасының  түпкілікті  нұсқасы  негізінде  алдағы  қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджет  туралы  заңның  жобасын  жасайды  және  ағымдағы  қаржы  жылының  15  тамызынан  кешіктірілмейтін  мерзімде  оны  Үкіметтің  қарауына  ұсынады

     Операциялық  сальдо  бюджет  кірістері  мен  шығындары  арасындағы  айырма  ретінде  айқындалады.

     Бюджет  шығындарының  бюджет  кірістерінен  асып  түскен  сомасы  теріс  операциялық  сальдо,  ал  бюджет  кірістерінің  бюджет  шығындарынан  асып  түскен  сомасы  оң  операциялық  сальдо  болып  табылады.

     Ағымдағы  бюджеттік  бағдарламалардың  жалпы  көлемі  бюджет  кірістерінің  көлемінен  асып  түспеуге  тиіс.

     Бюджет  тапшылығы (профициті)  таза  бюджеттік  кредит  беруді  және  қаржы  активтерімен  жасалатын  операциялар  бойынша  сальдоны  шегеріп  тастағандағы  операциялық  сальдоға  тең.

     Теріс  белгімен  алынған  шама  бюджет  тапшылығы,  оң  белгімен  алынған  шама  бюджет  профициті  болып  табылады.

     Бюджет  тапшылығының  жол  берілетін  шекті  мөлшері  әлеуметтік-экономикалық  дамудың  орта  мерзімді  жопарымен  белгіленеді.

     Бюджет  тапшылығын  қаржыландыру---қарыз  алу  және  бюджет  қаражатының  бос  қалдықтары  есебінен  бюджет  тапшылығын  жабуды  қамтамассыз  ету.  Оның  көлемі  алынған  қарыздар  сомасының,  бюджет  қаражаты  қалдықтары  қозғалысының  қарыздар  бойынша  негізгі  борышты  өтеу  сомасынан  асып  түсуі  ретінде  белгіленеді.

     Бюджет  профицитін  пайдалану---қарыздар  бойынша  негізгі  борышты  өтеуге  бюджет  профицитін,  қарыздар  қаражатын,  бюджет  қаражатының  бос  қалдықтарын  жұмсау.  Оның  көлемі  қарыздар  бойынша  негізгі  борышты  өтеу  сомасының  алынған  қарыздар  және  бюджет  қаражаты  қалдықтарының  қозғалысы  сомасынан  асып  түсуі  ретінде  белгіленеді.

 

     Алдыңғы  қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджет  туралы  заңның  жобасын  Үкімет  ағымындағы  жылдың  1  қыркүйегінен  кешіктірмей  Қазақстан  Республикасының  Парламентіне  енгізеді.

Жоба  Парламент  палаталарының  бірлескен  отырысында  кемінде  екі  оқылымда  қаралады.

     Талқылау  Үкімет  уәкілеттік  берген  адамның  Қазақстан  Республикасының  әлеуметті-экономикалық  дамуының  орта  мерзімді  жоспары,  орта  мерзімді  фискалдық  саясат  және  тиісті  қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджет  туралы  заңның  жобасы  жөніндегі,  Ұлттық  банк  Төрағасының  ақша-кредит  саясаты  бойынша  баяндамаларын,  сондай-ақ  Парламенттің  палаталары  уәкілеттік  берген  адамдардың  заң  жобасы  бойынша  қорытындыларымен  қоса  баяндамаларын  қамтиды.

    Алдағы  қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджет  Парламент  палаталарының  бірлескен  отырысында  кемінде  екі  оқылымда  және  ағымдағы  жылдың  1  желтоқсанынан  кешіктірілмей  бекітіледі.  Тиісті  қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджетті  бекіту  Парламент  палаталарының  бірлескен  отырысында  заң  қабылдау  арқылы  жүзеге  асырылады. 

     Парламент  ағымдағы  жылдың  1  желтоқсанына  дейін  алдағы  қаржы  жылына  республикалық  бюджет  туралы  заңды  қабылдамаған  жағдайда  Президент  алдағы  қаржы  жылының  1  тоқсанына  арналған  республикалық  қаржы  жоспары  туралы  жарлық  шығаруға  құқылы,  ол  республикалық  бюджетті  Парламент  бекіткенге  дейін  қолданылады.  Бұл  республикалық  қаржы  жоспары  ағымдағы  жылдың  30  желтоқсанына  арналған  республикалық  бюджет  жобасының  төрттен  бір  бөлігі  көлемінде  бекітіледі.  Бұл  жағдайда  осы  қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджет  сол  жылғы  1  наурыздан  кешіктірілмей  бекітілуге  тиіс.   Бұл  ретте  аталған  қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджет   сол  жылдың  бірінші  тоқсанына  арналған  республикалық  қаржы  жоспары  ескеріле  отырып  бекітіледі.

    Алдағы  қаржы  жылына  арналған  Республикалық  бюджет  туралы  заң  қосымшаларымен,  Президенттің  алдағы  қаржы  жылының  бірінші  тоқсанына  арналған  республикалық  қаржы  жоспары  туралы  Жарлығы  жарияланады.

Информация о работе "Қаржы жүйесі" мәні