Валюталық бағам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 20:52, реферат

Краткое описание

Валюталық бағам, қоржын. Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен;

дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондайақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

валюталық бағам.docx

— 43.93 Кб (Скачать документ)

Валюталық бағам, қоржын. Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; 
 
дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондайақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді. 
Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірдігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. 
Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді. 
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын беліп қарауға болады: 
саяси – саяси тұрақтылық, валюталық зандылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б. 
экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп-теңцік; 
психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәу-екелден қорғануға ұмтылыс және т.б. 
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қа-зіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді. 
Монометаллизм тұсында – алтын немесе күміс – валю-талық бағамның базасы монеталық (алтындық) паритет болып табылды, яғни ол, әр түрлі елдердің ақша бірлік-терінің олардың металдық құрамына байланысты арақаты-насын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын монометаллизмі тұсында валютаның бағамы алтъш паритетіне сүйенді (валюталардың шекті қатынасы олардың ресми алтындық құрамына байланысты) және стихиялы түрде алтын нүктелерінің шегінде оның айналасында ауытқып отырды. Алтын нүктелерінің классикалық механизмі тек екі жағдайда жүзеге асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару. Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды. 
1930-1933 жж. фунт стерлингтің алтындық құрамы 7,32 г болса, ал АҚЩ долларыныкі – 15 г. Бір фунт стерлингтің монегалық паригеті былай анықгалды: 1ф.ст.= 7,32000/1,50416=4,86 долдар. Фунт стерлингтің ең төменгі бағамы (Англия мен АҚШ-тың пассивті төлем балансы тұсында) монеталық паритеттен оның аударым 
құны – 0,05 долл. шегергендегі сомаға теңесті. Фунт стерлингтің төменгі алтындық нүктесі 1ф.ст.=4,86+0,5=4,81 (долл.). Валюталық бағамнын осы нуктесіне жеткен кезде АҚШ-қа алтынның кетуі басталды. Жоғары алтындық нүктеге жеткен кезде (1ф.ст.=4,86 долл. +0,5 долл.=4,91 долл.) АҚШ-тан алтынның келуі байқалды. 
Валюталық бағам алтын нүктелерінің шегінен шығып кете алмады, себебі осы нүктелерге жеткенде борышқорлар үшін, тауарларды ұлттық валютаға сатып алып, ал алтынды сыртқа шығарған тиімдірек болды. Алтын стандартын алып тастағаннан кейін, алтын нүктелерінің механизмі істен шықты. 
1971 жылы долларды алтынға ресми бағасы аусытыру тоқтатылғаннан кейін, валюталардын алтындық құ рамы және алтын паритеттері сандық тусінікке аиналды ХВҚ оларды 1975 жылдан жариялауды тоқтатты. Валюталық бағамның негізі ретінде алтын паритетінен заңды түрде тарту Ямайка валюталық конференциясымен рәсімделді. 
Бұл жағдайда валюталық бағамның қалыптасу ерекшелігі мынада: валюталар өзінің құндық көрінісін алтында емес яғни алтын нарығында стихиялы түрде болатын нақты баға ауқымы, несиелік ақшалардың салыстырмалы құны арқылы болуында. 
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауыт- қиды. ХВҚ-ның Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-да валюталық » қоржын» базасында бекітілді. 
Валюта бағамдарының динамикасы ақша сатып алу қабілеттеріне, инфляция қарқынына, сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін төлем балансынын жағдайы, пайыздық мөлшерлеме деңгейіндегі айырма; валюталық нарық қызметтері мен алыпсатарлық валюталық операциялар, валюталық бағамды мемлекеттік реттеу, дүниежузілік нарықтағы валютаға деген сенімділік дәрежесіне байланысты. 
Жалпы алғанда валюталық бағамның козғалысының бағыттарын анықтайтын факторларды үш топқа бөлуге болады фундаментальды, техникалық, қысқа мерзімді күтпеген факторлар. 
Фундаментальды факторлар орта мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың жағдайының негізгі макроэкономи-калық көрсеткіштері болып табылады. Әдетте олар, ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макроэконо-микалык статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, инфляция, төлем балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм индексі. 
Техникалық талдау – бұл бағамды жүргізу графигін (чарт) талдауды сипаттайды. График-чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек: сызықты, кесінді графиктері, жапон шамдарының «крестиктер-ноликтер» графигі. Валю-талық бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда бір жерде жоғарласа, екінші бір жерде төмендеу байқалады. 
Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына маңызды түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар (форс-мажор) оқиғалар, саяси оқиғалар, саяси лидерлердің сөздері, валюталық инвестиция. 
Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валю-талық операциялар валюталары айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бір валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасын ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық котировка арқылы анықталады. Валюталар котировкасы айырбасқа ұсынған екі ақша бірлігінің қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Көптеген елдерде валюталық бағамды бекіткенде жанама баға белгіленімі қолданылады. Ол мынадай мағынаны береді: шетел валютасының белгісінің бір сомасы (мысалы, 1, 10, 100, 1000 бірлік), ұлттық валюталық сәйкес сомасының өзгерісін көрсету үшін қолданылады (мысалы, 1 USD =76,212 КzТ). Жаңа баға белгіленімін көп қолданбайды. Бұл жағдайда негіз ретінде ұлттық валютаның бірлігі болады. Бұл баға белгіленімі көбінесе Ұлыбританияда қолданылады (мысалы, 1 GВР=1,5860 USD). 
Халықаралық валюталық қатынастар 393 
АҚШ-тың ішкі айналысында жанама баға белгіленімі неміс маркасына қатысты қолданылады. 
Валюталық баға белгіленімінің түрі валютаның жағдайы-на, оның курстық деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта-лық бағамның мәні өзгермей тек формасы ғана өзгереді. 
Әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банкаралық бағамды анықтаудан және тіркеуден тұратын баға белгілеу процедурасы фиксинг деп аталады. Фиксинг негізінде егер банк валютаны сатса, сатушының бағамы бекітіледі, ал егер валютаны сатып алса, сатып алу-шының бағамы бекітіледі. 
Мысалы, 1,9430/50 неміс маркасы АҚШ-тың 1 доллары үшін баға белгіленімі – банк клиенттен 1 долл. 1,9430 неміс маркасына сатып алуға және 1 долл. 1,9450 неміс маркасына сатуға мүмкіндігі бар. 
Сатушы және сатып алушы курстарының арасындағы айырма банктің шығындарын жабу үшін қолданылады және банк табысын құрайды. Бұл айырма маржа немесе спред деп аталады да, валюталық нарықта болатын нақты жағдайы және валюта статусына, мәміле көлеміне, компа-нияның немесе банктің статусына байланысты өзгереді. 
Банкаралық валюталық нарықтардағы операциялар ха-лықаралық төлем және резерв құралы болып табылатын АҚШ долларына қатысты жасалынады. 
Сауда-өнеркәсіп клиентурасы үшін валюталар котиров-касы банкімен кросс-курс негізівде бекітіледі. Кросс-бағам бұл екі валютаның, олардың үшінші валютаға қатысты есептелінетін бағамнан шығатын қатынасын білдіреді (көбінесе АҚШ долларына). 
Франция банкінің клиенті үшін неміс маркасының сатып алу бағамын анықтау кажет. Бұл үшін банк сату бағамы бойынша неміс банкісінен АҚШ долларына неміс маркасын сатып алады: АҚШ-тың 1 долл.=1,6600 неміс маркасымен, бірақ ол сатып алушының бағамы бойынша алдын ала француз франктерін АҚШ долларына сатады: АҚШ-тың бағамы бойынша 1 долл.=5,6110 француз франкі. Осылайша, 1 неміс маркасы =3,380 француз франкі – сатушы бағамы (Қазақстан Республикасының Ұлттық 
банкісінің валюталық бағамы 5,6110/1,66 = 3,380). 
Сатушылар және сатып алушылар бағамдары ресми бюллетеньдерде жарияланады. Көбінесе баға белгілеу кестелерінде соңғы бағамдар жарияланады (соңғы валюталық мәмілелер бойынша). 
1997 жылдағы Қазақстан Республикасы ¥лттық банкінің теңгесіне шетел валюталарының бағамдары

Баға белгілеу кестесінде көрсетілген бағамдар – бұл телеграф аударымдарының бағамдары. Басқа төлем құрал-дарының бағамдары пошта аударымының, мерзімді тратта-ның және банкнотаның бағамынан арқашан жоғары болатын телеграф аударымының бағамы негізінде анықталынады. 
Телеграфтық аударымдарда шетел валютасы банкпен тура сол уақытта немесе келесі күні төленеді, бұл бағам өзгерісіне байланысты пайда болатын валюталық шығындар-ды болдырмауға көмек береді. Банк-корреспонденттер арнайы бағамдарды қолданғанда, өздерінің клиенттеріне аударым жасағанда валюталық қателерді болдырмауға мүмкіндік береді. 
Чектің бағамы телеграф аударымының бағамынан төмен, өйткені осы төлем құжатын бір елден екінші елге әуепош-тасымен тасымалдау үшін қажетті күндерге пайыз шегері-леді. Бүнда банк чек бойынша төлемді, тек бұл төлем құралын беріп, шетел банкісі, банк-корреспондент инкассоға алғанда жасайды. Чектін бағамы тратта бағамынан жоғары болады, өйткені тратта бағамын анықтағанда оның төлеу мерзімі, кепілдемесі және төлем валютасы ескеріледі. 
Мерзімді траттаның бағамы телеграф бағамы негізінде вексельді сатып алғаннан бастап, оны өтеуге дейінгі күндер үшін пайызды шегергенге тең. Пайыздар көбінесе осы чекте жазылған валютада сол елдің мөлшерлемесі бойынша анық-талады: егер тратта алдыңғы қатарлы сауда векселі болса, пайыздар эмиссионды банктің есептік мөлшерлемесі бойынша анықталады; егер тратта банктік акцепт болса, ресми мөлшерлемеден төмен болатын нарықгық мөлшерлеме бойынша анықталады. 
Шетел валюталарының бағамы пошталық аударымдардың бағамына сұраныс пен ұсынысқа байланысты жақындайды. Сатып алу кезінде банкноталардың бағамы чектен төмен бағаммен, ал сату кезінде жоғары бағаммен бекітіледі. Банкнота бағамының мөлшеріне банкноталарды жолда сақтандырумен байланысты шығындар әсер етеді (чектер тасымалдау кезінде сақтандырылмайды). Нью-Йорк валюта нарығында негізгі төлем құралдарының бағамдары келесідей түрде құрылады: телеграфтық аударылым – 4,866 АҚШ доллары 1 ф.ст. үшін, пошталық аударым – 4,861, чек – 4,861, ұсынылған кезде өтелінетін вексель – 4,861 және векеель (3 ай) -4,825 АҚШ доллары – 1 ф.ст. үшін, 
Валюталық мәмілелердің түрлеріне байланысты ағымдағы және мерзімді (спот және форвард) бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәмілелерді жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағамы бойынша жүзеге асады. 
Мерзімді валюталық мәмілені жасағанда валютаны айырбастау алдын ала белгіленген мерзімде бекітілген фор-вард бағамы бойынша жүзеге асады. Форвардты бағамды ағымдағы бағамға сыйақыны косқанда немесе одан жеңілдікті алып тастағанда табамыз. Валюталық нарықта валюта сыйақы немесе дисконт бойынша оның күтілетін динамикасына, сол немесе басқа валюталардың халықаралық пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейіне байланысты баға белгіленеді. Егер валюта жеңілдікпен мерзімге баға белгіленсе, онда оның форвардты бағамы ағымдағыдан төмен және керсінше болады. 
Құбылмалы және тұрақты валюталық бағамдар. 1973 жылдан бастап дамыған елдер валюталарды өзара айырбас-таудағы тұрақты қатынастардан бас тартып, валюталық нарықтарда сұраныс пен ұсынысқа байланысты еркін орын алатын “құбылмалы” бағамдарына ауысты. Валюталық на-рықтардағы фактілердің тұрақты болмауына байланысты, дамыған батыс елдердің валюталары көп өзгереді, ол бір ай ішінде 5-10 пайыз болуы мүмкін. Мұндай “құбылмалы” ва-люталық бағамдардың өзгерістері халықаралық есепті жүзеге асырғанда көптеген қиындықтар туғызады. Осыған байланысты кейбір елдер валюталық топтар құрып, өздерінің валюталары арасындағы тұрақты қатынасты орнатады. Еуропада мұндай топ, Еуропалық валюталық жүйе болып табылады (ЕВЖ), ол 1979 жылы құрылды, оған батыс Еуропаның 10 елі кіреді (Германия, Франция, Италия, Нидерландия, Дания, Ирландия, Бельгия, Люксембург, Испания). Осы елдердің валюталық бағамдары бекітілген тұрақты бағамдардан 21,25%-дан артық ауытқымайды. Ағымдағы бағамның жоғары немесе төменгі ауытқуы шектеріне жетқен жағдайда ЕВЖ-ге мүше мемлекеттер бекітілген шектерде бағамды ұстау үшін валюталық интервенция және тағы басқа шаралар қолданады; егер бұлар көмектеспесе ұлттық валюталық ресми ревалвациясы немесе девальвациясы жүргізіледі. Кейбір дамушы елдер өздерінің ұлттық валюталарын дамыған батыс валютала-рына немесе халықаралық валюталық бірліктерге 
“байлауға” тырысады. Қазіргі кезде 30-дан аса ел өздерінің ұлттық валюталарын АҚШ долларына, 13-і француз франкасына, 10-нан көбірегі СДР-ге “байлайды”. 
Валюталық бағамдардың көптігі. Кейбір мемлекеттер-де операцияның әр түрі бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағамдарының бірнеше түрі бар. Бельгияда 2 бағам қолданылады: біреуі – коммерциялық, екіншісі – қаржылық операциялар бойынша. Дамушы елдерде валюталық бағам-дардың көптігі белгілі тауарларды экспорттық қолдау үшін және импорттық кейбір түрлерін шектеу үшін қолданылады. 
Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және экономикалық талдау кезінде қолданылатын есептеу бағамдары бар. Оған жататын орташа бағам – сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалық орташасы. Шын мәнінде айтсақ мұндай бағам жоқ, бірақ оның мөлшері күнделікті ақпарат құралдарында жарияланады. 
Батыста көптеген валюталық бағамдардың индекстері тараған. Көптеген валюталық бағамы бірдей өзгеруі мүмкін болғандықтан, жеке ақша бірліктерінің басқалармен салыс-тырғанда арзандау (қымбаттау) дәрежесін анықтау мәселесі бар. Валюта бағамдарының өзгеру дәрежесін өлшеу үшін арнайы индекстер есептелінеді, олардың негізінде валюталық “қоржындар” болады. 
Валюталық “қоржындарды” қолданудың бірден-бір сфе-расы осы елдің сыртқы экономикалық қатынастарында үлкен орын алатын, мемлекеттердің валюталары жатқызылатын, сәйкес қоржынға қатысты бағамның динамикасын көрсететін тиімді валюталық бағамдардың индекстері болып табылады. Оған кіретін валюталар құрамына байланысты бұл индекстердің динамикасы халықаралық валюталық нарықтардағы валюта бағамдары-ның бірдей емес мөлшерде өзгеруіне байланысты әр түрлі болады. 
Көбінесе валюталық бағамдардың индекстері тауарлар-дың бәсекелестік қабілеттіліктеріне әсер ету, ұлттық ақша бірлігінің бағамдарының өзгерісіне әсер еху, сондай-ақ елдің сауда және төлем балансына әсер етуін бағалау үшін қолданылады. Сондықтан осы индекстердің валюталық 
398 Ақша, несие, банктер 
“қоржындарының” құрылымы осы елдің импорты мен экспортын бөлуді сақтандыру және осы елмен саудада негізгі сауда әріптестерінің үлес салмағын көрсетеді. 
АҚШ долларының валюталық бағамдарының тиімді индекстерінің ішіндегі біршама белгілі болып табылатын-дарына ФРЖ-нің Директорлар кеңесінің индексі, “Морган гэранти траст” және ХВҚ индексі жатады. Соңғысын үнемі Халықаралық валюталық қор доллар үшін ғана емес, сондай-ақ барлық ірі валюталық нарықтар үшін де есептейді. 18 валютадан тұратын валюта “қоржыны” индексі төлем балансының сәйкес ақша бірліктердің бағамдарының өзгерістеріне ықпал етуін есепке ала отырып құрылған. 
Валюта бағамдарының ағымын талдау барысында номи-налдық және нақты валюталық бағамдардың индексі кеңінен қолданылған. Соңғылары, әдетте валюталық бағам өзгерістерінің бәскелестік қабілетке әсерін тереңірек оқып білу үшін, оның ішінде валюталар инфляциялық құнсыз-дануға ұшыраған жағдайда пайдаланылады. 
Нақты валюта бағамының индексі сәйкес келетін екі елдің ішкі бағаларындағы өзгерістерге қатысты түзетілген валюта бағамының индексін білдіреді. Аталған индекс бәсекелестік қабілетке ықпал етуші ақшалай факторларды көрсетеді, себебі ол инфляциямен байланысты, сол немесе басқа елдердің экспортерлерінің бәсекелестік қабілетіне қатысты нашарлауын және жақсаруын есепке алады. Нақты валюта бағамы индексінің дефляторы ретінде ішкі бағаның өсу индексін немесе шығынның элементтерін, мысалы, жұмыс күшін төлеуге кететін үлесті шығындардың индексін пай-даланады. 
Соған сәйкес, нақты тиімді валюта бағамының индексі аталған топқа жататын елдердігі олардың өзгерістері бойынша сол елдің ішкі бағаларының (шығындар) өзгеруіне қатысты түзетілген тиімді валюта индексін білдіреді. 
Қазіргі кездегі АҚШ долларының тиімді бағамының индексі номиналды және нақты түрде есептеледі.


Информация о работе Валюталық бағам