Казақстан республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 17:01, курсовая работа

Краткое описание

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттердің орындалуын талап етеді:
 Нарықтық экономика жағдайындағы бюджетаралық қатынастардың мәні мен мазмұнын анықтау;
 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау жасау;
 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің жолдарын өңдеу.
Қурстық жұмысым кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Бюджетаралық қатынас пен бюджет саясаты туралы түсінік
1.2 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамыту
1.3 Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі мен бюджеттік құрылымы
2.2 Қазақстан Республикасының бюджеттік процесін ұйымдастыру
2.3 Қазақстан Республикасының 2012-2013 жылдарға бюджетаралық қатынастарға талдау
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЛАРЫНДА БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамытудағы өзекті мәселелер
3.2 Бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің негізгі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

1Финмен.docx

— 151.77 Кб (Скачать документ)

Бюджеттердің дербестігі  бюджеттік жүйенің барлық звеноларының дербес және заңмен бекітілген табыс көздерін және  бюджеттік қаражатты республика заңдарымен белгіленген өкілеттіктер шегінде өкіметтің тиісті органдарының қарауы бойынша  пайдалану құқын қамтамасыз етеді.

Барлық деңгейдегі бюджеттерді теңгерімдеу  бюджеттік-қаржылық саясаттың қажетті шарттары болып саналады. Бюджеттерді қарау мен бекіту кездерінде өкімет пен басқарманың тиісті органдары  бюджет тапшылығының шекті мөлшерін белглеуі мүмкін.

Бюджеттік тапшылықты ақшалай қаражат эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы заңмен белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі формаларына мыналар жатады: мемлекеттік заемдарды шығару, кредиттік ресурстарды пайдалану.

Тапшылықты азайту немесе жою мақсатында секвестер – ағымдағы қаржылық жылдың қалған уақыты ішінде  барлық баптар бойынша (қорғалатынан басқа)  белгілі пайызға мемлекеттік шығыстарды пропорционалды түрде азайтуды қолданылады.  Қорғалатын баптардың құрамын Республика Парламенті мен өкіметтің жергілікті органдары анықтайды.

                           

Кесте 1 - Республикалық бюджет шығыстарының орындалуы (млн. тенге)

Атауы

2010 ж

2011 ж.

 

2012 ж.

2013ж.

Барлығы

Мемлекеттік басқарудың өзге деңгейлерінің ағымдағы трансферты

Субвенциялар

Мемлекеттік басқарудың өзге деңгейлерінің өзге ағымдағы

трансферттер

 

Мемлекеттік басқарудың өзге деңгейлерінің күрделі трансферты

Мемлекеттік басқарудың өзге

деңгейлерінің кредиттері

502490

 

 

39808

35504

 

4304

 

 

 

7979

 

4530

569975

 

 

63550

59763

 

3787

 

 

 

13230

 

4705

768935

 

 

84557

80513

 

4044

 

 

 

38369

 

4796

125756

 

 

22253

20698

 

1555

 

 

 

11469

 

3040


         Отандық бюджеттік іс тәжірибеде субвенция бюджеттік жүйелер деңгейлері қатысында ғана қолданылады, яғни  осы жағдайда  трансферттер  бекітілген сомада жоғары бюджеттен төменгі бюджетке беріледі.

Субсидия – бюджеттік жүйенің басқа деңгейіндегі бюджетке, мақсатты шығындарды үлестік қаржыландыру шартында заңды және жеке тұлғаларға берілетін бюджеттік қаражат.  Отандық бюджеттік іс тәжірибеде субсидиялар  заңдық актілермен белгіленген мақсаттарға тек коммерциялық ұйымдарға ғана  бюджеттен беріледі.

Дотациялар, субвенциялар, субсидиялар жергілікті бюджеттердің қаржылық ресурстарын бөлу әдісі  ретінде жетілмегенін атап айту керек.  Осы бюджеттік қаражат көздері  ынталандыру қасиеттерінен айрылған, олар  жергілікті органдарда арқа сүйеушілік қасиеттер туғызады.  Қаражатты осылай беру тәжірибесі жергілікті әкімшіліктің шаруашылық ынтасын дамытуға қолдау көрсетпейді, олардың аймақтың экономикалық процесіне әсер етуін азайтады және осы негізде олардың бюджеттерінің табыс бөлігін қайта орындау мүмкіндігін азайтады, қаржылық бақылауды әлсіретеді.

Сонда да оларды жергілікті бюджеттерге қажетті қаражаттарды бөліп беру әдісі ретінде толық алып тастауға болмайды,

Бюджеттік кредиттер – бұл бюджеттен заңды және жеке тұлғаларға, төменгі бюджетке белгіленген тәртіпте қайтаратын және ақылы негізде бөлінетін қаражат.  Мұнда төменгі бюджетке кредит беру нольдік ставка (мөлшерлеме) бойынша жүзеге асырылады.

Бірнеше жылдар бойы елдің мемлекеттік бюджетіне түсетін табыстар түсімінің тұрақты тенденциясы байқалып отыр. 2011 жылы жалпы табыстар түсімі 820,5 млрд. тенге болса, осы жылмен салыстырғанда 2012 жылы жалпы табыстар түсімі 1098,3 млрд. тенгені құрады. ҚР бюджетіне түсетін табыстар түсімінің динамикасы 2 суретте көрсетілген.

Республикалық бюджет кірісі 625213,4 млн. тенгені құрады, бұл өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 143239,7 млн. тенгеге немесе 29,7 % көп болып отыр. Жылдық жоспарды орындау 104,3 % болды. Жергілікті бюджет кірісі 349433,1  млн. тенгені құрады,  бұл өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 50652,0 млн. тенгеге  көп болып отыр. Жылдық жоспарды орындау 104,1 % болды.

Мемлекеттік бюджеттің жоспары 2010 жылдың қаңтар - қазан айларында салықтық түсімдер бойынша 124,3 млрд. теңгеге, оның ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша – 39,9 млрд. теңгеге, жеке табыс салығы бойынша – 9,7 млрд. теңгеге, әлеуметтік салық бойынша – 7,8 млрд. теңгеге, мүлік салығы бойынша – 2,3 млрд. теңгеге, акциздер бойынша – 5,0 млрд. теңгеге, қосылған құн салығы бойынша – 4,7 млрд. теңгеге, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер бойынша – 38,6 млрд. теңгеге асыра орындалды. Салықтық емес түсімдер 86,5 млрд. теңгеге асыра орындалды. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 11,3 млрд. теңгеге орындалмады.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардағы 492,6 млрд. теңгенің орнына бюджетке 532,5 млрд. теңге түсті, жоспар 108,1 %-ға орындалды.  Төленетін дивидендтердің артуына байланысты «Қазкомерцбанк» АҚ, «Ұлттық жинақ банкі» АҚ, «Тұран Әлем Банкі» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ-нан түскен түсімдер өсті, сонымен қатар жоспардың асыра орындалуына салық салу базасының кеңеюі де әсер етті.

Жалақыдан ұсталатын салық бойынша түсімдер жоспарының орындалуы 2013 жылғы сәйкес кезеңге 29,8%-ға ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында республика бойынша жалақы қорының артуына байланысты, ортаайлық номиналды жалақы төлемі 36,7%-ға орындалды

Мәселен, жеке табыс салығы бойынша жоспар 105,7 %-ға орындалды жоспардағы 169,5 млрд. теңгенің орнына бюджетке 179,2 млрд теңге түсті. Әлеуметтік салық бойынша жоспар 103,4%-ға орындалды, жоспардағы 227,6 млрд. теңгенің орнына бюджетке 235,3 млрд. теңге түсті.

Барлығы акциздер бойынша жоспардағы 42,6 млрд. теңгенің орнына бюджетке 47,6 млрд теңге түсіп, 5,0 млрд.теңгеге артығымен орындалды, немесе 11,8%-ке, оның ішінде: 

- Ішкі өндіріс тауарларына салынатын акциздер бойынша жоспар 100,7 %-ға орындалды жоспардағы 30,0 млрд. теңгенің орнына бюджетке 30,2 млрд теңге түсті, оның ішінде:

- Алкоголь өніміне салынатын акциздер жоспардағы 8,6 млрд. теңгенің орнына бюджетке 9,0 млрд теңге түсіп, немесе 104,9%-ке артығымен орындалды;

- Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген  шикі мұнаймен газ конденсатының акциздері бойынша бойынша жоспар 44,4%-ға орындалды жоспардағы 754,5 млрд. теңгенің орнына бюджетке 380,7 млрд теңге түсті. Жоспардың орындалмауына «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ артық төленген соманы басқа салық түрлерінен қарыздарын өтеу үшін қайтаруымен, және де Қызылорда облысындағы екі мұнай өндірудің туған жерлерінде осы жылы мұнай өндірілмегендігі себеп болды.

- Бензинге және дизель отынына салынатын акциздер бойынша жоспар 100,8%-ға орындалды жоспардағы 13,3 млрд. теңгенің орнына бюджетке 13,4 млрд теңге түсті. Артығымен орындалу мұнай өнімінің өткізілу көлемінің жоғарылауынан құралды.

- Импортталатын тауарларға салынатын акциздер бойынша жоспар 138,7 %-ға орындалды жоспардағы 12,5 млрд. теңгенің орнына бюджетке 17,4 млрд теңге түсті. Артығымен орындалу қозғалтқыш көлемі 3 мың куб.см. жоғары импортталған автомобильдердің көбеюінің және импортталған спиртке, араққа, сыраға сұраныстың көбеюінің, сонымен қатар қазақстандық темекімен араластыру ірі шетелдік компаниялардан импортталған темекі өніміндерінің салдарынан құралды.

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер бойынша жоспардағы 48,8 млрд. теңгенің орнына бюджетке 87,3 млрд. теңге түсті, жоспар 179,1 %-ға орындалды. Жоспардың негізгі асыра орындалуы мыналар бойынша қалыптасты:

-үстеме пайдаға салынатын салық бойынша –2013 жылдың нәтижесі бойынша кәсіпорындардың қаржылық ахуалының жақсаруы есебінен түсім              8,7 млрд.теңгені құрады, негізгі төлемді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жүргізді;

- «Қазқормұнай» ЖШС, «Сан-Ойл» ЖШС, «Атыраумұнай» АҚ, «Диана -Алия» ЖШС, «Tenir Logitic» ЖШС, «Қазақмыс Петролеум» ЖШС, «BNG LTD» (БиЭнДжи ЛТД) ЖШС, «ГРК МЛД» ЖШС келісім-шарттарға сәйкес жазылу бонусының біржолғы түсімі есебінен бонустар бойынша 26,7 млрд. теңгеге асыра орындалды;

- қоршаған ортаның  эмиссиясы үшін төлемдер бойынша 23,8 млрд. теңге жоспарда бюджетке 28,3 млрд теңге немесе 118,8%  кейбір өңірлер бойынша қоршаған ортаның эмиссиясы үшін төлем ставкаларының артуымен, сондай-ақ «Барлау Өндіру» филиалынан «ҚазМұнайГаз», «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-дан, «Ембімұнайгаз Өндірістік филиалы», Аджип ККО, «ҚазақойлАқтөбе» ЖШС, «Ақтөбемұнайгаз СНПС» АҚ және басқа кәсіпорындардан қоршаған ортаға шығындылары үшін лимиттерден тыс түсімдермен шартталған.  

Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жоспардағы 499,6 млрд. теңгенің орнына бюджетке 515,7 млрд. теңге түсті, жоспар 103,2 %-ға орындалды. Артығымен орындау алыс шет елдерден импорт көлемінің өсуімен, сондай-ақ алып жүрудің үлес нормаларының артуы кедендік кіріс ордерлері бойынша ресімделген көлемнің өсуіне әкеп соқтыруы есебінен қамтамасыз етілді.

 

Сурет 2 - 2011 жылы республикалық бюджеттен бөлінетін субвенциялар мөлшерінің үлесі

 

 

 

 

                                      

Сурет 3 - 2012 жылы республикалық бюджеттен бөлінетін субвенциялар мөлшерінің үлесі

 

 

Сурет 4 - 2013 жылы республикалық бюджеттен бөлінетін субвенциялар мөлшерінің үлесі

 

 

 

 

 

Кесте 2 – «Облыс бюджеттерінің орындалуы»

 

               Атауы 

2010ж.

есеп

2012ж.

есеп

2013ж. қантар-ақпан

Бюджеттік алып тасатулар

Ақтөбе облысының облыстық

бюджетінен

Атырау облысының облыстық

бюджетінен

Шығыс Қазақстан облысының облыстық бюджетінен

Батыс Қазақстан облысының облыстық бюджетінен

Қарағанды облысының облыстық

бюджетінен

Маңғыстау облысының облыстық

бюджетінен

Павлодар облысының облыстық

бюджетінен

Алматы облысының облыстық

бюджетінен

СУБВЕНЦИИ

Акмола облысының

Актөбе облысының

Алматы облысының

Шығыс Қазақстан облысының

Жамбыл  облысының

Батыс Қазақстан облысының

Қарағанды облысының

Қызылорда  облысының

Қостанай облысының

Павлодар облысының

Солтүстік Қазақстан облысының

Оңтүстік Қазақстан облысының

49065

569

 

19603

 

-

 

-

 

 

81

 

9000

 

1896

17915

 

59763

7192

-

10289

5190

6877

1286

-

6645

4182

-

5202

12901

57630

429

 

20115

 

-

 

497

 

 

-

 

10651

 

974

24964

 

80543

9353

-

10125

9348

10410

-

1835

8972

5191

-

6206

19072

10916

-

 

3811

 

-

 

-

 

 

-

 

1695

 

164

5410

 

20698

2447

310

2283

2286

1840

750

1051

1880

1422

248

2132

4050


 

   Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар есепті кезеңге жоспардағы 88,1 млрд.теңгенің орнына бюджетке 76,8 млрд. теңге түсті, немесе 87,2%.

Жоспар негізі азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсімдерден 10,1 млрд.теңге орындалмауынан байқалады, оның себебі екінші деңгейдегі банктерде ипотекалық қарыздардың ресімдеуінің созылуына, сонымен қатар мердігерлермен тұрғын үйлерді іске қосуда мерзімнің бұзылуына байланысты.

 

2.2 Қазақстан Республикасының бюджеттік процесін ұйымдастыру

 

Бюджеттік процесс – бұл бюджеттің орындалуы туралы есептерді жасау, қарау, бекіту, орындау, орындау мен бекітуге бақылау жасау бойынша өкімет және басқарма органдарының  заңмен белгіленетін қызметі.

Бюджеттік процестің құрамдас бөлігіне  әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы қаржылық ресурстарды ішін-ара қайта бөлетін бюджеттек реттеулер жатады.

Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс «Қазақстан республикасының бюджеттік жүйесі туралы» заңмен, республикалық бюджет туралы заңмен, республиканың өзге заңдарымен, сондай-ақ атқарушы органдардың шешімдерімен анықталады. Бюджеттерді жасау мен орындау атқарушы өкімет органдарының функциялары болады; бюджеттерді қарау мен бекіту  және оның орындалуына бақылау жасау  парламент пен жергілікті Мәслихаттардың функциялары. Республикалық және жергілікті бюджеттерді жасау мен орындау ережелерін Қаржы министрлігі белгілейді.

Бюджеттік жобаларды жасауға Президенттің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауы негізінде жасалған жоспарлар мен аумақты дамыту бағдарламасы мен мақсатты бағдарламалар негіз болады.

Өкіметтің атқарушы органдары бюджеттік шығыстарды  баптар бойынша белгілеу туралы ұсынысты өкілдік органдарға жібереді. Бір мезгілде мемлекеттік салық қызметінің органдары кірісті анықтау  бойынша есептер ұсынады. Алдағы қаржылық жылға мемлекеттік бюджеттің жобасын жасау және  жергілікті бюджеттің параметрлерін анықтау үшін мемлекеттік бюджет (республикалық және жергілікті бюджет) пен бюджеттен тыс қорларды қоса алатын мемлекеттің ұзартылған қаржылық теңгерім жобасын пайдаланады.  Онда  алдағы жылға бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржылық ресурстары көрсетіледі және  бюджеттік жүйе мен экономиканың қалған секторлары көрсеткіштерінің өз ара байланысы көрсетіледі. Бұл жұмысты Қаржы министрлігі жүргізеді,  ол  содан кейін Үкімет қабылдағын бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары және 

Бюджеттік жіктеуге сәйкес мемлекеттің ұзартылған қаржылық теңгерім жобасын  және Республикалық бюджет ткралы заң жобасын дайындайды.

Информация о работе Казақстан республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау