Функционалдық мүмкіндіктер мен мүмкін болатын тәуекелдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 14:42, курсовая работа

Краткое описание

Негізіне жалпы және жеке өзгеше қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс. Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар: - қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
- қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
- қаржы резервтерін жасаубюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және алалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі;
- мемлекет пен шаруашылық жүргізушісі субьектілердің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.

Содержание

Кіріспе
1бөлім «Қарағанды қаласының қаржы бөлімі» ММ
1.1 Ағымдағы жағдайды талдау
1.2 Стратегиялық бағыт
1.3 Стратегиялық бағыттар, мақсаттары мен міндеттері
1.4 Мемлекеттік қызметтің имиджі
2 бөлім Функционалдық мүмкіндіктер мен мүмкін болатын тәуекелдер
2.1 Нормативтік құқықтық актілер
2.2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
2.3 Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

отчет.docx

— 48.97 Кб (Скачать документ)

- экономикалық заңдардың  әрекеті, экономиканың жай күйі, қоғамның әлеуметтік экономикалық  дамуының перспективалары негізінде  елдегі қаржының ғылыми негізделген  тұжырымдамасын әзірлеу;

-   экономикалық саясаттың  тиісті мақсаттары мен міндеттерін  негіздей отырып , қаржы саясатының  стратегиялық және тактикалық  шараларын тұжырымдау;

- белгіленген іс әрекеттерді қаржы механизмі арқылы экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып іс жүзінде жүзеге асыру. Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың  табысын алудың ұтымды нысандарын , сондавй ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салаарасында  қаржы ресурстар бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.

Қаржы бөлімі өз қызметі  барысында мақсаттарға жетуге кедергі  болатын, қаржы басқармасы тарапынан  бақылауға жатпайтын тәуекелдер (жағдайлар) мен сыртқы факторлардың туындауымен ұшырасуы мүмкін. 

Стратегиялық жоспар мақсатының атауы

Тәуекелдің атауы

Қарсы әрекет ету тетіктері мен  шаралары

Бюджетті атқару нәтижелілігінің  индикаторына әсер ететін факторларды  талдау

1. Бюджет түсімдерінің  жоспарын орындамау және соның  салдары ретінде кредиторлық  берешектің туындауы.

 

2. Дебиторлық берешектің  туындауы

Шығыстарды оңтайландыру үшін бюджеттік жоспарлау бойынша  уәкілетті органға бюджеттік  бағдарламаны іске асырудың мониторингі  қорытындылар туралы есеп тапсыру

Дебиторлық берешектерді орындау бойынша шаралар қабылдау (соның ішінде сот органдары арқылы)

Қалалық коммуналдық меншікті басқарудың тиімділігін арттыру

1.Мемлекеттік  басқару органдарының ұйымдар  мен ведомствоаралық өзара әрекет  етудің жеткіліксіз деңгейі салдарынан  ұйымдардың қызметі туралы ақпараттың  толық тапсырылмауы

Ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша  ұсынысхаттар жіберу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ведомствоаралық өзара  әрекет етудің  жеткіліксіз деңгейін арттыру


 

2.2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

 

Мемлекеттік органдарының өздерінің  функцияларын орындаушы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы  базасы болуы тиіс.Осы мақсатпен  әр елдеаймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік аумақтық бірліктерді абаттандыруды, зан шығарушы билікті , басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады.Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым қатынастар пайда болды. Осы элменттердің барлығы бюджет жүйесін  ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары , оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары , бюджет құқықтарының  жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.

Дүниежүзінің әр түрлі  елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің  құрылысына аумақтық – әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешіліктерімен ерекшеленеді.

Бюджет құрылысында басты  орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер  бюджеттерінің , сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын  білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан  түрліше болып келеді,өйткені  олардың аумақтық құрылыс мен  аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық мемлекеттік құрылымын  анықтайды. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Унитарлық мемлекеттерде екі  буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық  бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің  түрлі дәрежесі болуы мүмкін , бірақ  әдеттегідей әлеуметтік – экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейыне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі бюджет құрылысының унитарлық  типімен анықталады, өйткені Қазақстан  федералдық емес басқарудың президенттік нысаны және  сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.Республикалық  бюджет; Облыстық бюджет, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың бюджеті; Мемлекеттік және жергілікті бюджеттер  кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің  орталық буыны болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары  құрылады, бұл қорлар олардың жалпы мыңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясаты ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік  бюджетінің басты бөлігі республикалық  бюджетте шоғырланған. Республикалық  бюджет – бұл салықтық және басқа  да түсмдер есебінен қалыптастырылатын  органдардың, оларға ведомствалық бағынышты  мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың  жалпы республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың , астананың бюджеті , аудандардың бюджеті. Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың , республикалық маңызы бар қаланың ,астананың , оларға ведомствовалық бағынышты мемлекет мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және аудандағы мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан бюджетті болып табылады.

Бюджеттің бірлігі қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық – экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидасы КСРО – ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік ауылымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілумен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді.Бюджет  жүйесінің бірлігі бірің ай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық саясинегізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс қимылына , төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға , сондай ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген. Бюджеттердің бірлігі біріңғай бюджет заңнамасын қолданумен, соның ішінде Үкімет бекіткен біріңғай бюджеттік сыныптамасын , бюджет процесін жүзеге асырудың бюджет рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етеді. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса біріңғай әлеуметтік – экономикалық саясат арқылы іске асырылады. Алайда бюджеттердің бірлігі біріңғай бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттердің дербестігі қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді және оларды жұмсаудың бағыттарын анықтайды.

Бюджеттердің жариялылығы  қағидаты бекітілген бюджеттер мен  алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заңмен өткен кезеңдегі олардың  атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану , мақсатты және аймақтық бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер  бюджеттерінің өзара іс қимылына негізделген. Мемлекеттік басқарудың функциялары мен мемлекеттік  саясатты жүзеге асыру жөніндегі  бюджеттің шығыстары бюджеттік  бағдарлама деп аталады. Оның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізу тиіс белгілі бір түпкілікті нәтиже болып табылады. 
Экономикалық нәтижелерге қарай бюджеттік бағдарламалар былай ажыратылады:

ағымдағы бюджеттік бағдарламалар , олар тұрақты сипаты бар немесе дамудың бюджеттік бағдарламаларына жатпайтын біржолға шараларды өткізуді көздейтін заңнамалық актілерге  сәйкес мемлекеттік басқарудың функциялары  мен мемлекет міндеттемелерінің  орындалуын қамтамасыз етуге бағытталады;

Бюджетаралық реттеу – теңгермелік мақсатарында жоғарғы бюджет ресурстарының  бір бөлігін төменгі бюджетке беруден тұратын және керісінше , ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі.

Бюджеттік алынымдар – заңнамалық актілермен немесе мәслихаттардың шешімін бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерге беретін ресми трансферті.

Реттеуші кіріс көздері  бекітіліп берілген және реттеуші болып  бөлінеді

Бекітіліп берілген кірістер – бл түгелдей немесе ішінара белгілі бір бюджетке берілетін бюджет қаражаттары.

Егер биліктің әрбір деңгейінде жиынтық бюджеттердегі түсімдердің  көлемі жалпы алғанда олардың  функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті болса бюджет жүйесі сатыластығы  жағынан баланстандырылған деп  есептеледі. Деңгелес теңгерімділік  – биліктің тиісті деңгейлерінің жеке аймақтары  мен аумақтарының бюджеттеріндегі кірістер  мен шығыстардың жалпы сәйкестігі.

 

2.3 Мемлекеттік бюджет  кірістерінің көлемі мен құрылымы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін  бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар бюджеттің кірістері мен  шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі  де бюджеттің өзі сияқты обьективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажет  ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды  жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге  сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері  кірістер, бюджеттік кредиттерді  өтеу , мемлекеттердің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер , сондай ақ мемлекеттік қарыздар , ал оның шығыстары  шығындар , бюджеттік кредиттер, қаржы  активтерін сатып алу , қарыздар бойынша  негізгі борышты өтеу болып табылады.

Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден  тұрады:

1) Кірістер; салықтық түсімдер;салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер; Ресми трансферттер түсімдері;

2) Шығындар

3) Операциялық сальдо

4) Таза бюджеттік кредит  беру; бюджеттік кредиттер; бюджеттік  кредиттерді өтеу;

5)Қаржы активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо; қаржы активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

6) Бюджет тапшылығы

7) Бюджет тапшылығын қаржыландыру; қарыздар түсімі; қарыздарды өтеу; бюджет қаражаты қалдықтарының  қозғалысы;

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша  жүзеге асырылады.

Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер болып  табылады. Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін міндетті, қайталылмайтын төлемдер, сондай ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін  ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскілерін меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекеттке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады.

     Бюджеттің  шығындары – қайтарылмайтын негізде  бөлінетін бюджет қаражаттары.  Шығындардың қатаң мақсатты арналымы  болады.

Бюджет шығындары мынадай  түрлерге бөлінеді:

1) мемлекеттік мекемелердің  қызметтін қамтамасыз ететін  шығындар;

2) тұрақты сипаты жоқ іс шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;

3)мемлекеттік тапсырысқа  арналған шығындар – мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өндірілетін тауарларға мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;

4) жеке тұлғаларға ақшалай  төлемдер – қызметкерлерге еңбегі  үшін  ақшалай төлемдерден басқа,  Қазақсатан Республикалық заңнамалық  актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға  ақша нысанындағы төлемдерден  байланысты шығындар;

5) Ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай ақ ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері;

    

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорытындылай келе саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың  сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік , мәдени немесе техникалық , қаржы немесе кредит, ішкі немес  сыртқы саясат туралы айтады.

Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны  өзінің функциялары мен міндеттерін  жүзеге асыру үшін, белгілі бір  мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда  қаржы саясаты маңызды рөл  атқарады.Оны жасап, жүзеге асыру  процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал  жасаудың белгілі құралы болып табылады.Қаржы  саясаты – бұл қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі , қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Материалистік диалектика жүйесінде басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі . Сондықтан, тап қаржы саясаты

Информация о работе Функционалдық мүмкіндіктер мен мүмкін болатын тәуекелдер