Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 12:49, курсовая работа

Краткое описание

Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп,барлық тақырыпшаларға жеке – жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары – біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................4

Ақша қаражатты...................................................................................................7
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы...................................7
Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу.....................10
. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың
мәнi мен мақсаты.........................................................................................12

2. Ақша теориясы.....................................................................................................20
2.1. Ақша қаражаттары туралы жалпы түсінік
мәні және мазмұны......................................................................................20
2.2. Ақша қаражаттарының экономикадағы рөл..........................................23

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

kursty_1179_zh_1201_mys_3.doc

— 185.50 Кб (Скачать документ)

Ақшаның  өзінің  дамуы  барысында  екі  түрге  бөлінеді:  толық  құнды  ақшалар  және  толық  құнсыз  ақшалар [11].

    Толық  құнды  ақшалар – номиналдық  құны  оны  дайындауға  кеткен  нақты  құнымен  сәйкес  келетін  ақшалар.

Мұндай  ақшаларға  металл  ақшалар,  соның  ішінде:  мыстан,  күмістен  және  алтыннан  жасалғандары  жатады.  Металл  ақшалар  әр  түрлі  формада  болған.  Монета  түріндегі  формасы – бұл  олардың  соңғы  формасы.  Монетаның  бет  жағы – аверс  және  жаны  гурт  деп  аталады.

Толық  құнсыз  ақшалар – номиналдық  құны  нақты  құнынан,  яғни  олардың  өндірісіне  кеткен  қоғамдық  еңбектен  жоғары  болып  келетін  ақшалар.

     Оларға  мыналар  жатады:

-  құнның  металдық  белгілері – арзан  бағалы  металдардан  жасалған      ұсақ  монеталар,  мысалға  жез,  алюминий  т.б.  монеталар;        

  • құнның  қағаздан  жасалған  белгілері.

Ақшаның  қазіргі  экономикадағы  атқаратын  қызметіне  мыналар

жатады: 

1.құн  өлшемі  және  баға  масштабы;

2.айналыс  құралы;

3.төлнм  құралы;

4.қорлану  және  қор  жинау  құралы;

5.дүниежүзілік  ақша [12].

Ақшаның  құн  өлшемінің  қызметі.  Ақша  жалпыға  бірдей  балама  ретінде  барлық  тауарлардың  құнын  өлшейді.  Ақша  құн  өлшемі  ретінде:  мөлшері  жағынан  аттас  сапасы  жағынан  салыстыруға  келетін  тауарлар  құнын  бейнелеу  үшін  тауарлар  дүниесіне  материал  беру  қызметін  атқарады.  Бірақ  та  тауарларды  өзара  өлшейтін  ақша  емес,  тауарлар  өндірісіне  кеткен  қоғамдық  қажетті  еңбек  олардың  бірінің  біріне  өлшеуіне  жағдай  жасады.  Барлық  тауарлар  қоғамдық  еңбек  өнімдері  сондықтан  олардың  құнын  өзіндік  құны  нақты  ақшалар  өлшей  алады.

Тауар  құнының  ақшамен  бейнеленуі  оның  бағасы  деп  аталады.  Баға  тауарды  өндіруге  және  сатуға  қажетті  қоғамдық  еңбек  шығынымен 

анықталады.  Әрбір  елде  ақшаның  өлшемі  ретінде  қабылданған  және  тауарлар  бағасын  өлшеуге   қызмет  ететін  металдық  баға  белгілеу  процесіндегі  ақша  бірлігіне  бекітілетін  салмақты  саны  баға  масштабы  деп  аталады.

Бағалардың  негізінде  және  олардың  қозғалысында  құн  заңы  жатыр.  Ақшаның  құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді [13].

Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі: 

Ақша жалпыға  бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады сөйтіп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.

Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті қашаннан  алтынға жүктелген.

Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:

1.Кәсіпорындар мен ұйымдардың  ағымдық және жинақ депозиттік  шоттардағы сол сияқты банктегі  басқа шоттардағы ақшалай қаражат  қалдықтары түрінде қоғамдық  қорлану формасында;

2.Банктегі халық салымдарында  облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында [14]

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, бухгалтерлiк есеп бүгiнгi таңда басқару жүйесiнде маңызды орындардың бiрiн алады. Ол үндiрiстiң, айналыстың, бүлудiң және тұтынудың нақты үрдiстерiн күрсетiп, кәсiпорынның қаржылық  жағдайын сипаттап, басқарушы шешiмдерiн қабылдаудың негiзi болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп Бухгалтерлiк есеп стандарттарында және Типтiк шоттар жоспарында бекiтiлген принциптерiне сәйкес жүргiзiледi.

Әр бiр кәсiпорын үзiнiң қызметi барысында сатып алынған тауарлар, күрсетiлген қызметтер, орындалған жұмыстар үшiн  басқа шаруашылық жүргiзушi субьектiлермен, бюджеттiк мекемелермен, бюджеттен тыс қорлармен және т.б. мекемелермен есеп айырысады. Ал, есеп айырысу операцияларының тиiмдiлiгi күбiне ақша қаражаттарының бухгалтерлiк есебiнiң жағдайына байланысты. Ақша қаражаттар бойынша есеп айырысу қолма қол және қолма қолсыз нысанда жүредi. Қолма қолсыз ақшаның есебi есеп айырысу шоты, валюталық шот, банктегi арнайы шоттардағы ақша қаражаттар операцияларының есебi арқылы, ал қолма қол ақшалардың есебi касса операцияларының есебi бойынша жүзеге асады.

Барлық шаруашылық субъектiлер ақша қаражаттарын банктердiң сәйкес мекемелерiндегi шоттарда сақтайды және мiндеттемелер бойынша төлемдердi жүзеге асырады. Күп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажеттi қолма – қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң нормативтi құжаттарымен бекiтiлген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды тұлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу күрсеткiшiнен артып кеткен жағдайда, есеп айырысу  тек қолма – қолсыз түрде жүзеге асу керек.

Ақша қаражаттардың есебi мынадай алғашқы құжаттардың негiзiнде жүзеге асады:

  • төлем тапсырмасы;
  • нақты жарнаға хабарландыру;
  • төлем талап тапсырмасы;
  • кiрiс касса ордерi;
  • шығыс касса ордерi;
  • ақшалай чектер;
  • слиптер;
  • қаражатты депонирлеудiң төлем тапсырмасы;
  • банктiк күшiрмелер.

 

Жалпы айтқанда, мен қойған мақсатыма жеттiм, яғни ақша қаражаттар есебi мәселелерiн тәжiрибе принциптерiмен ұштастырып, алған бiлiмiмдi нығайта түстiм.

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Заңы. 26.12.1996ж. (үзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген)
  2. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» 20.11.1998ж. Заңы
  3. Бухгалтерлiк есептiң Типтiк жоспары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Алматы 2002ж.
  4. Бухгалтерлiк есептiң стандарттары. Алматы, 1996ж.
  5. Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары, 2001ж.
  6. Қазақстандағы  Аудиттiң халықаралық стандарттары,2001ж.
  7. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (Негiзгi бүлiм, 1996ж.)
  8. Әлжанова Н.Ш.Инвестициялық жобалау:Оқу құралы.-Алматы:қазақ университеті,2006.160б.
  9.   Мақыш С.Б.Банк ісі.Оқулық .-Алматы:ИздатМаркет,2007.471б.
  10.   Мақыш С.Б.Ақша айналысы және несие.Оқу құралы.- Алматы:ИздатМаркет,2004.248б.
  11.   Е.С.Стояновой  Финансовый менеджмент 1998.33-41бб.48-56бб.
  12.   Л.Е.Басовский Финансовый менеджмент 1996.79-85бб.
  13.   Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі.Алматы,2005ж. 56-57бб.
  14. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев  Қаржы Алматы: 2005. 471-482 бб.

 

 

 

 

 


Информация о работе Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы