Құран – араб әдеби ескерткіші

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 17:58, реферат

Краткое описание

622 жыл – бүкіл Шығыс елдерінің өміріне үлкен бетбұрыс ұлы өзгеріс жасаған жыл болып тарихта қалды. Дәл осы жылы жоғарыда сөз болған бәдәуилер мекенінде ислам діні дүниеге келді.
Ислам діні әуелі Мекке қаласынан тарады. Мекке араб жарты аралығындағы Хиджаз тарапына орналасқан кішігірім шаһар еді. Қаланың шеткері аймақтары өсімдік атаулы өспейтін қуаң дала, анда-санда кездесіп отыратын құм төбешіктерге толы мекен-ді. Сондықтан да бұл жер ұзақ уақыт су ішпей, шөп жемей жүре беретін түйелерден басқа жануарларға өте қолайсыз болған. Сирек кездесіп отыратын құдықтардың өзі де жаз айларында көбінесе екуіп қалатын-ды. Сондықтан да Меккенің тұрғындары мал шаруашылығымен де, егін шаруашылығымен де айналыса алмады.

Прикрепленные файлы: 1 файл