Тамырішілік шашыранды қан ұю синдромы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 17:59, творческая работа

Краткое описание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.А Этиологиясы
ІІ.Б Патогенезі
ІІ.В Клиникалық белгілері
ІІ.Г Диагностикасы
ІІ.Д Емі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx

— 603.81 Кб (Скачать документ)

               “АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ”  АҚ

                   Ішкі аурулар пропедевтикасы  кафедрасы

 

 

 

                                        СӨЖ

Тақырыбы: Тамырішілік шашыранды қан ұю синдромы   

 

 

 

                                                                     Орындаған: Айтбаев Ғ.Т

                                                                     Тобы: 311ЖМ

                                                                     Тексерген: Елешева Қ.К

 

 

                                            Астана, 2013

Жоспары:

 

    • І. Кіріспе
    • ІІ. Негізгі бөлім
    • ІІ.А Этиологиясы
    • ІІ.Б  Патогенезі
    • ІІ.В Клиникалық белгілері
    • ІІ.Г  Диагностикасы
    • ІІ.Д  Емі
    • ІІІ. Қорытынды
    • ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
    • І. Тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромы жиі кездесетін дерттік көріністерге жатады. Ол көптеген дерттік жағдайларда: сепсис, вирусемия кездерінде, қатерлі ісіктер мен шоктардың барлық түрлерінде, әсіресе кардиогендік шок кезінде, ауыр жарақатпен, әсіресе қансыраумен қабаттасатын хирургиялық әрекеттерде, акушерлік патологияларда, үлкен күйіктерде, үсіктерде, сүйек сынықтарында, жұмсақ тіндердің жаншылуларында, бүйрек, бауыр, ұйқы безі бүліністерінде, тез дамитын тамыр ішіндегі гемолиз бен лейкоциттердің цитолизінің барлық түрлерінде, гемобластоздарда, созылмалы миелолейкозда, жүйелі қызыл жегіде, түйінді периартеритте және басқа иммундық ауруларда, геморрагиялық васкулитте, көп мөлшерде гемотрансфузияларда т. б.жағдайларда кездеседі.

 

      ІІ.А ТШҰ синдромының ең жиі себептері: 
• Бактериялық инфекция (әсіресе грамм теріс), сепсистің барлық түрлері; менингококтық сепсисте ТШҰ синдромы науқастардың 100% дамиды, ал грамм оң инфекцияда стафилококктық сепсисте жиі кездеседі; 
• Вирустық жайылма инфекция (герпес, қызамық, шешек, вирусты гепатит, геморрагиялық қызба , цитомегаловирустық инфекция, т.б.); 
• Шоктың барлық түрлері (анафилаксиялық, жарақаттық, күйіктік , сепсистік); 
• Рикетсиоздар, микоздар (гистоплазмоз, аспергиллез), протозойлық инфекциялар (трипоносомиаз, безгек); 
• Ауыр жарақаттар (краш синдромы, күйік , электротравма, көлемді операциялар, т.б.); 
 

    • • Акушерлік патология (ұрықтың жатырішілік өлімі, жатырдан қан кету, ауыр гестоз, т.б.); 
      • Жедел тамырішілік гемолиз (үйлесімсіз қан құйылуы, гемолиздік анемияның кризі, гемолиздік улармен улану, т.б.); 
      • Бүйректің жедел және созылмалы шамасыздығы;  
      • Дәнекер тіннің жүйелі аурулары, жүйелі васкулиттер (жүйелі қызыл жегі, ревматоидтық артрит, түйінді периартрит, геморрагиялық васкулит, т.б.); 
      • Қатерлі ісіктер (асқазанның , қуықасты безінің, ұйқыбезінің, өкпенің, сүт безі рагы, саркомалар, лейкоздар, т.б.);
    • ІІ.Б ТШҚҰ-синдромының патогенезі.
    • ТШҚҰ-синдромының дамуында тіндердің, эңдотелий жасушаларының бүліністері жоне тромбоциттер мен макрофагтардың әсерленуі маңызды орын алады.
    • Бұл кезде тіндердің бүліністерінен қан ұйытқыш факторлар (III-тіндік фактор) қан айналымға түседі. Содан VII-фактордың әсерленуі болып, қан ұю жүйесінің белсенділігі артады. Эндотелий жасушаларының бүліністерінен оның астындағы коллаген ашылып, қан ұюының жанасулық ХІІ-факторы әсерленеді және тіндік фактор (ТФ) мен тромбоциттердің белсенділігін көтеретін фактор (ТБФ) бөлініп шығады. Осыдан тромбин артық құрылады. Тромбоциттер мен макрофагтардың бүліністерінен АДФ, өспелерді жоятын фактор (ӨЖФ), тромбоциттердің белсенділігін көтеретін фактор босап шығады. Осылардың нәтижелеріндс қан ұюы артып, фибринолиз жүйесі әсерленеді (24-сызбанұсқа).

 

    • Тромбин құрылуы артудан:
    • —  фибриноген мен протромбиннің мөлшері азаяды;
    • —  тромбоциттер агрегацияға ұшырап, шеткері қанда олардың саны азаяды;
    • —  V, VII, XIII қан ұю факторларының белсеңділігі көтеріліп, артынан олардың азаюы болады;
    • —  протеин С мен S әсерленіп, артынан олар азаяды;
    • —  фибринолиз әсерленеді.
    • Плазмин түзілуі артудан:
    • —  фибриннің ыдырау өнімдері көбейеді;
    • — V, VII, XII, XI, XIII қан ұю факторлары ыдыратылып, олар азаяды;
    • —  Виллебранд факторы ыдыратылады;
    • —  тромбоциттердің мембраналарында рецепторлық гликопротеидтерде өзгерістер пайда болады. Содан тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясы бұзылады.
    • Осылардың нәтижесіңде тамыр ішіңде бір мезгілде әрі қан ұюы артып, әрі фибринолиз күшейеді, тромбогеморагиялық синдром дамиды. ТШҚҰ-синдромының гиперкоагуляция сатысында көптеген ішкі ағзалардың (мидың, жүректің, бүйректің, өкпе-бауырдың) қызметтері бұзылады. Бұл кезде протеин С-дің белсенділігі көтерілуінен плазминогенснің тіндік әсерлендіргіштерінің тежегіштері түзілуі шектеледі. Содан плазминогеннің тіндік әсерлендіргіштері, бақылаудан шығып кетеді де, плазминогенді плазминге ауыстыра береді. Сол себепті фибринолиз артып, тромбоздардың дамуы мен қанағыштыққа бейімділік бір мезгілде байқалады.

 

    • ТШҚҰ-синдромы кезіндегі қан ұю жүйесінің зертханалық көрсеткіштері.
    •  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрсеткіштері

Қалыпты жағдайда

ТШҚҰ-сиңдр.

Тромбоциттердің саны

150000-400000/мкл

150000-нан аз

Протромбин уақыты

12-14 сек

15 сен-тен астам

 

Жартылай әсерленген тромбин уақыты

25-38 сек.

38 сек-тен астам

Фибриногеннің мөлшері

150-350 мг%

150 мг%-тен аз

Фибриннің ыдырау өнімдері

2—10 мкг/мл

20 мкг/мл астам

Д-димерлер

анықталмайды

анықталады


    • ТШҚҰ-синдромы келесі төрт сатыда отеді:
    • —  бірінші гиперкоагуляция сатысында қанның ұюы тым артып кетеді. Бұл саты қысқа мерзімде болуы мүмкін және ол көптеген тамырлардың ішінде қан ұйып қалуынан ішкі ағзалардың (өкпе, бүйрек, бауыр, бүйрек үсті безі, жүрек, ми т. б.) майда тамырлары бітеледі. Осыдан гиперкоагуляциялық сілейме (шок) дамып, сырқат адам кенеттен жан тапсырады. Кейбір жағдайларда гиперкоагуляция баяу түрде байқалмай өтеді. Гиперкоагуляция тым қарқынды тараған түрде болғанда қан ұю факторлары артық тұтынылып кетуінен артынан олардың жеткіліксіздігі дамиды. Бұл кезде қанда тромбоцитопения, гипофибриногенемия, қан ұюының V, VII т. б. факторларының азаюы байқалады;
    • — тұтынулық коагулопатиядан екінші гипокоагуляция сатысы дамиды. Бұл кезде қан ұюы шектеліп, фибринолизді арттыратын заттардың белсенділігі көтеріледі. Содан тоқтамайтын ауыр қан кетулер болады. Сондықтан ТШҚҰ-синдромын тромбогеморагиялық синдром деп те атайды;
    • —  үшінші сатысында мезгіл-мезгіл толық фибринолиз дамуының нәтижесінде қанда фибриноген мүлде жоғалады. Бұны фибриноген жоғалу сатысы дейді;
    • —  төртінші сауығу сатысы делінеді.

 

    • ІІ.В  Клиникалық белгілері
    • ТШҰ синдромының клиникалық көрінісі осы синдромды туғызған негізгі аурудың көрінісіне тәуелді. ТШҰ синдромы жіті дамығанда гиперкоагуляциялық фазада , негізгі аурудың фонында, науқастың жағдайы күрт нашарлайды, гемокоагуляциялық немесе аралас шокқа немесе коллапсқа түседі, артериялық және орталық веналық қысымдар төмендейді. Өкпе капилярының бітелуінен цианоз бен ентікпе пайда болады, ал аса ауыр жағдайларда өкпетекті жүректің дамуы өлімге әкеледі. Орталық нерв жүйесінің зақымдалуынан өтпелі құрысулар, ұсақ ошақты энцефалопатияның белгілері болады, кейде науқастар комаға түседі. 
      Барысына қарай ТШҰ синдромының жіті,жеделдеу, созылмалы түрлерін айырады. Жедел түрі бір тәуліктің көлемінде дамиды. Жеделдеу түрінде гемокоагуляциялық бұзылыстардың дамуы бірнеше тәулікке, аптаға созылады. Созылмалы ТШҰ синдром айлап, жылдап дамиды, мәселен гестозда , созылмалы гломерулонефриттерде. 

ІІ.Г  Диагностикасы

ТШҰ синдром  дамуы негізгі аурудың клиникасының өзгеруінен байқалады. ТШҰ синдромы жаңа басталған кезінде тромбоциттердің саны қалыпты немесе сәл төмен, бірақ олардың адгезиялық және агрегациялық қасиеттері жоғарылайды. Фибриннің деңгейі биіктейді, активтендірілген жартылай тромбопластиндік уақыт қысқарады, фибринолиздің активтігі төмендейді.  
Тромбтардың түзілуі кезінде және жұмсалу коагулопатиясы дамыған уақытта тромбоциттердің саны азаяды, фибриногеннің деңгейі төмендейді. Геморрагиялар пайда болған кезде тромбоциттердің саны өте аз және фибринолиздің активтігі жоғарылайды. 

    • ІІ.Д  Емі
    • ТШҰ синдромына әкелген негізгі аурудың емін жүргізеді (акушерлік патологияны жою, емдеу , ісікті алу, сепсистің антибактериялдық емін жасау, т.б.). Гиперкоагулялық фазада және ТШҰ синдромының созылмалы түрінде емді гепаринмен бастайды: гепаринді, тромбиндік уақытты екі есе ұзартатын дозада қолданады. Жедел, жеделдеу барысында гепаринді 10 000 Бвенаға енгізеді, содан кейін тәулік бойы тамшылатады. Антитромбин III жоқ болса, гепарин әсер етпейді. Сондықтан гепаринмен бірге құрамында антитромбині бар препаратты енгізеді жаңа тоңазытылған плазманы немесе жас нативті плазманы. 
      Шоктың ауыр түрінде преднизалонмен пульс терапияны жасайды. Шокпен күресу үшін симпатомиметиктер қолданылмауы тиіс. Микроциркуляцияны жақсарту үшін курантил, трентал, папаверинді, эуфиллинді неғұрлым ерте қолданады.  
      Гипокоагуляциялық фазада гепаринді қолданбайды немесе оны аз дозада енгізеді. Бұл кезде ең алдымен микроциркуляцияны жақсартатын дәрмектер маңызды. Криоплазманы мүмкіндігінше ерте енгізеді. Ауыр тромбоцитопенияда және қан кетуі тоқтамағанда тромбоциттік массаны құяды.

 

    • ІІІ. Қорытынды
    • Қанның тамыріші шашыраңқы ұю синдромы-қанның тамыр арнасында шашыраңқы ұюынан ұсақ тамырлардың микротромбтармен бітелуіне, кейін гипокоагуляция мен тромбоцитопенияға әкеліп соқтыратын гемостаздың бейспецификалық патологиясы. 
      ТШҰ синдромы жүре пайда болған коагулопатиялардың ең жиі себебі. Бұл синдром көптеген аурулардың барысын асқындырады. ТШҚҰ-синдромының дамуында тіндердің, эңдотелий жасушаларының бүліністері жоне тромбоциттер мен макрофагтардың әсерленуі маңызды орын алады. ТШҰ синдромының клиникалық көрінісі осы синдромды туғызған негізгі аурудың көрінісіне тәуелді.  
    • ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
    • 1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 567бет
    • 2. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004
    • 3. Тель Л.З., Серебровская И.А. Физиология человека и общие механизмы болезней. //Алматы”Казахстан”.- 1994. - Ч.1-2. – 344 б, 167б.
    • 4. Интернет желісі

 

 


Информация о работе Тамырішілік шашыранды қан ұю синдромы