Әбу Насыр Әл – Фарабидің еңбектері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 15:42, реферат

Краткое описание

Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алғанға ұқсайды Өйткені «көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда Мәуренаһрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету баулу оқыту олардың бес жас кезінен басталатын болған»
Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы - Месопотамия болгандықтан жас Әбу Нәсірді аға анасы таяу және орта Шығыс елдеріне сапарға дайындайды Бірақ Әбу Нәсір Бағдадқа бармас бұрын жолай Шаш пен Самарқан Бұқара шаһарларына соғып білімін молықтаған секілді Әйтсе де Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірелері ештеңе айтпайды. Кейін ол жолай Иран елінде Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді Иран халқының мәдениетімен танысады Содан соң әрі қарай Бағдадқа аттанады1.

Содержание

Кіріспе
3
1. Әбу Насыр Әл-Фарабидің сапарлары
4
2. Әл – Фараби, қылқобыз және домбыра
7
3. Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат
10
4. Әбу Насыр Әл – Фарабидің еңбектері
14
Қорытынды
17
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Абу-Насыр Фараби.doc

— 106.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе

3

1. Әбу Насыр Әл-Фарабидің сапарлары

4

2. Әл – Фараби, қылқобыз және домбыра

7

3. Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат

10

4. Әбу Насыр Әл – Фарабидің еңбектері

14

Қорытынды

17

Қолданылған әдебиеттер тізімі

18


 

 

 

Кіріспе

Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі топ жарғаны - Аристотельден кейінгі «екінші үстаз» («Әл-Мұғаллим ас-Сани»), «Шығыс-тың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл-Фараби Оның толық аты-жөні - Әбу Нәсір Мұхаммад бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби Яғни әл-Фарабидің өз аты Әбу Нәсір Мұхаммад, әкесінің ныспысы да Мұхаммад бабасының есімі Тархан арғы атасы-Ұзлағ Түрік оқымыстылары Әбу Нәсір ныспысының соңына кейде «әт-түрки» деген сөзді қосып оның түркі текті екенін шегелей түседі.

Араб парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында қайсыбір деректерде оның тікелей ықпалында болган іргелесі Уасиджде (Оқсыз) отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген Ол туған жерінің атауымен «Әл-Фараби» яғни «Фарабтық» деген атқа ие болған

Әл-Фараби алғашқы білімін  Отырар медреселерінің бірінде алғанға ұқсайды Өйткені «көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда Мәуренаһрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету баулу оқыту олардың бес жас кезінен басталатын болған»

Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы - Месопотамия болгандықтан жас Әбу Нәсірді аға анасы таяу және орта Шығыс елдеріне сапарға дайындайды Бірақ Әбу Нәсір Бағдадқа бармас бұрын жолай Шаш пен Самарқан Бұқара шаһарларына соғып білімін молықтаған секілді Әйтсе де Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірелері ештеңе айтпайды. Кейін ол жолай Иран елінде Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді Иран халқының мәдениетімен танысады Содан соң әрі қарай Бағдадқа аттанады1.

 

1. Әбу Насыр Әл-Фарабидің сапарлары

Әбу Нәсір Бағдадқа келген кезде мұнда зерделі зерттеулерімен атағы шыққан Иуханна бин Хайлан Әбу Башр Матта Әбу Бәкір бин Сираж сияқты белгілі ғалымдар ғұмыр ше жатқанды Әл-Фараби медицина ғылымы мен логиканы осы Йуханна бин Хайланнан жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін Әбу Башр Маттадан үйренеді.

Бағдадта тұрған кезінде  әл-Фараби Харран қаласына арнайы сапар шегіп, сол тұста мұсылман әлемінде даңқы асып түрған христиан дінідегі ойшыл Йуханна бен-Хайланның логикалық әдіс-тәсілдерін меңгеруді мақсат тұтады. Сол сапардан оралған соң әл-Фараби Аристотель мұрасын зерттеуге дендеп кіріседі, ұлы гректің ұсынған идеялары мен алға тартқан міндеттерінің, проблемаларының тұтас жиынтығын емін-еркін игеретін болады.

Әл Фараби логика әуез(музыка) астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған Ибн Халликан ез еңбегінің тағы бір жерінде жерлесіміз жайлы «Ол аса ірі мұсылман фәлсафашыларының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ Әбу Әли ибн Сина да (980-1037) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады» деген.

Әл-Фарабидің сан салалы ғылыми ізденістернің нәтижесі "Ғылымдардың классификациясы туралы" трактаты болды, бұл еңбегінде ол өз дәуірінің ғылым салаларын қатаң жүйеге түсіріп, тізбелеп берді, орі әрқайсысының зерттейтін нысанын айқындады. Замандастарының куәлік етуіне қарағаңда, "бұған дейін мұндай нәрсені ешкім де жазбаған, мұндай жоспарды ешкім де ұстанбаған, бұл еңбек ғылымды зерттеймін деген адамға таптырмайтын дүние".

Бағдадта тұрған кезінде әл-Фараби өзінің білім қорын әбден тыңғылықты толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп оөінің эрудициясының, ой-қуатының және мінез бітімінің ұлылығының арқасында олардың арасында ең беделді тұлғаға айналады. Алайда, қатып-семіп қалған қасаң кағидалардан айырылмайтын діндар ғалмдар әл-Фарабидің адамның о дүниедегі емес, жер бетіндегі өмірде бақытқад қол жеткізуге және танымның рационалистік жолдарын табуға бағытталған бүкіл ой жүйесіне қаскөйлікпен қарай бастайды. Ақыр аяғында әл-Фараби Бағдадты тастап шығуға мәжбүр болады. Әл-Фараби жиһанкездікті ұнатқан.

Арада біраз жылдар салып  Бағдадтан Шамға келеді бірақ мұнда ұзақ аялдамастан, Мысырға сапар шегеді.

Әбу Нәсірдің Мысырға келуі онда 935-946 жылдары арасында патшалық құрған Мұхаммад ибн Тұғұжәл Ихшидтің кезімен тұспа-тұс болады Мұхаммад ибн Тұғұж әл-Ихшид әл-Фараби сияқты түркілердің әскери отбасынан шыққан екен 935жылы ол Мысыр басқағы (әміршісі) боп тағайындалған Халиф ар-Радидан 934-940 жж. патшалық құрған ихшидатағын алады Араб шежірелерінде бұл атақтың мәні айқындалмағаң бірақ Мұхаммад ибн Тұғұждың ата-бабасы мекендеген Орта Азияда ол құрметті лауазым болған Мысырда патшалық құрған кезде ол Әл-Фарабиді жерлесі ретінде қонаққа шақырса керек бірақ бабамыздың Мысырда қанша уақьгг болғаны жайлы араб деректері ештеңе айтпайды

Әл Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын оның фәлсафасың әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халликанның айтуына қарағанда Әбу Нәсір Аристотельдің «Метафизикасын» қырық «Жан туралы» еңбегін жүз ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан сияқты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген.

Орта ғасырлық тарихшылар оның қарапайым аса қанағатшыл жұпыны ғана киініп тои думан ырдудан бойын барынша аулақ ұстаған адам болғанын тәптіштеи жазған. Күндіз ол көбінесе қаладағы бақта күзетшілік қызмет атқарып тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түні бойы кітап оқумен шұғылданған.

Әбу Нәсір Аристотельдің «Категория»  «Бірінші және екінші Ана-литика» сияқты фәлсафалық және логикалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.

Сондай ақ өзі де «Кемеңгер меруерт» «Ізп қала тұрғындарының көзқарасы» «Мәселелердің түп мазмұны» «Ғылымдардың шығуы», «Батысқа жету» сияқты т. б. көптеген трактаттар туындатқан.

Әл-Фарабидің философ ретіндегі  қызметі сан-салалы, ол энциклопедист-ғалым болған адам. Мұны "Екінші ұстаз әл-Фарабидің "интеллект" сөзінін, мағынасы туралы ой топшылаулары", "Философияны оқып-үйренуді неден бастау керектігі туралы", "Қос философ — құдайдың назары түскен Платон мен Аристотельдщ көзқарастарының ортақтығы жайында", "Қайырымды кала тұрғындарының көзқарастары туралы" және басқа да еңбектерінің аттары-ақ көрсетіп тұр. Философтың еңбектерінің жалпы саны 80 мен 130-дың арасында деп шамаланады, олардың ішінде 2-3 беттен тұратындары да бар, көп томдық еңбектері де бар.

Әл-Фараби өлемнің құрылымын жүйелі түрде тануға тырысқан. Бастауы дәстүр бойынша болып келеді, ол — Алла.

Адамның танымда алатын орнын айкындау мәселесіне әл-Фараби көп көңіл бөлген. Сезім арқылы танып-білу түйсіну мен қиялдаудың көмегімен жүзеге асады, алайда мұндай таным мәселенің мәнісіне терең бойлауға мүмкіндік бермейді, деп санайды әл-Фараби. Танымға тек ақыл-ойдың аркасында ғана қол жетуі мүмкін, дейді де, ақыл-ойды енжар, көкейкесті, қабылдампаз, әрекетшіл деп төртке бөледі. "Қайырымды қала тұрғындарынын көзқарастары туралы трактат" — әл-Фарабидің ең кемел туындыларының бірі. 948-ші жылы Египетте жазылған бұл шығарма ойшылдың Бағдад пен Дамаскіде "Азаматтық саясат" деген атпен жазылған мәтініндегі барлық ой-пікірлерінің қайта қаралып, логикалық тұрғыдан жүйеге түскен түрі.

Бақытқа кол жеткізу  үшін ең алдымен оны теориялык тұрғыдан тиянақтау шарт. Бұл жолда философияның маңызы бөлекше. "Біз сұлулықты бойымызға сіңіргенде ғана бақытқа қол жеткіземіз, ал сұлулық тек философияның арқасында ғана бойға сіңеді, яғни бұдан біз бақытқа нақ философияның көмегімен ғана ие бола аламыз деген тұжырым шығады". Философияны меңгеру үшін парасаттылық, акыл-ой қуаты да керек. Ақыл-ой қуатын логика өнері өсіреді.

Әл-Фараби өзінің қарамағындағы тұрғындарға философияның ақиқат-аныкқ қағидаларын ұғындыра білетін философ басқаратын "қайырымды қала" туралы ілімді дамыта түсті. Аристотельдің этикалық ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, әл-Фараби Платонның салған ізімен жүреді. Ол адам өмірнің мән-мақсаты — бақытты болу, ал оған көкейге қонымды танымның көмегімен ғана кол жеткізуге болады деп санайды. Ойшыл қоғамды мемлекетпен сабақтас қарастырған. Қоғамның өзі адамның ағзасы сияқгы. "Қайырымды кала" дене мүшелерінің бәрі де тіршілік иесінің өмірін сақтау, оны анағұрлым толыққанды ету үшін бір-біріне қарайласып тұратын адамның сау тәні іспетті.

Әл-Фарабидің ойынша, Бағдад халифіне ұқсас куйде көрші келген сол кайырымды кала басшысының бір басынан барша игілік табылуға: денсаулығы мықты, акыл-ойы алғыр, иманды, білімді әрі өзінің қарамағындағы адамдарға мейірімді болуға тиіс.

 

2. Әл – Фараби, қылқобыз және домбыра

 «Тамырым менің тереңде, жалырағым биікте» деп қазақтың көрнекті ақыны Жүмекен Нәжімеденов айтпақшы біздің мәдениетіміздің де тамыры өте тереңде.

Осыдан мыңдаған жыл  бұрын көптеген ғылыми сапалар тікелей  музыкаға байланыстырылып зерттелгенін, орта ғасырдағы кейбір ғұламалардың еңбектерінен білеміз. Адам дыбысты естиді, жарықты көреді. Сәби дүниеге келгенде оның алғашқы дауысы естіледі. Нағыз табиғи дауыс сәби дауысы. Жалпы дауыс пен жарықты зерттейтін ғылым ол — акустика ғылымы. Музыка, яғни саз ғылымын кек түрде зерттеу де әл Фарабиден асқан ғалым болған емес «Фарабиден бұрын да кейін де даналар болды. Бірақ олардың ішінде дәл сол ғуламадай музыка геометрия астрономия сияқты үш ғыпым саласына бірдей ұлы үлес қосқан аса ірі жаңалық ашқан ғалымдарды табу қиын. Платон, Аристотель, Птолемей сияқты ғұламалар музыканы жөнді меңгере алмағанын өздері жазып кеткен.

Әл Фарабидің математика, архитектурадағы еңбектері де ертеден мәлім болған Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерін араб тіліне аударуда, оларды талдауда, әрі қарай дамытуда әл Фараби теңдесі жоқ ұстаз болған. Платон, Аристотель, Пифагор, Евклид Птолемей еңбектерін түгелдей меңгеріп, дамытқан ғалым2.

Сайф ад-Даула сарайында Фарабидің  орындаған тамаша бір еңбегі «Китаб ал-музики ал-Кабир» («Музыканың ұлы кітабы»). Бұл өзі он екі тараудан тұратын аса күрделі еңбек. Осы еңбепн ол кісі Сайф ад-Даула әмірдің тапсырмасы бойынша жазғаны айтылады.

Аталған еңбектің он екі тарауында  музыка саласы түгел қамтылады. Алдымен онда музыканың тарихы айтылады. Онан кейін табиғи заңдылықтары сипатталады. Сол заңдарды екі-үш салаға таратады Оның бірі — жаппы дыбыстың қасиеті, табиғаты, тарау заңы, екінші, оның адамға әсер ететін үндестік заңы, үшінші, ол мелодияны шығару, реттеу заңы. Онан әрі қарай жеке дауыстардың үндестіп, көп дауыстық құрылысы.

Ғалым назарынан музыкалық аспаптарды жасау оларды талдау ережелері де тыс қалмаған. Орындаушылық шеберлік жайында да өте жақсы жазылған. Кітаптың келесі тарауында музыкалық әуен мен өлең ырғағының қосылып айтылу мақамдары, әр елдің өзіндік ерекше мақамдары туралы, музыкалық география жайыңда айтылады.

Осы мәселелерді талдай келе, еңбекті  тамаша бір энциклопедиялық деңгейге жеткізген. Тағы бір ескертетін нәрсе, ұлы ғұлама дыбыс заңы мен жарық сәуле заңын біріне бірін ұқсас деп қарайды да оны апарып, оптика зандылығына жалғастырады. Ол барып астрономияға үласады. Ал оптика зерттеуде басты әдіс — геометрия. Сонымен астрономия — музыка-геометрия — архитектура бір-бірімен астасып жатыр. Мұның бәрі адамды азаматтыққа тәрбиелейтін, үлкен ойға апаратын, ойды  кеңейтетін педагогикалық, математикалық ғылымдар тарауы деп қорытады. Әл Фараби қағидасы бойынша, «Көзге көрікті зат құлаққа да жағымды» дыбыс береді. Табиғат дүниесіндеп көріктің ғажабы аспан шырақтарында, жерден заттың дыбыс көркі музыкада. Ол өнер адамның жан дүниесіне жалғасады. Музыка мақамы ғаламның ғажайып үндестік гармониясын түсіндіреді. «Осындай дәрежеге көтерілген адамдар ғана философиямен айналысуы керек» дейді бабамыз.

Араб музыкасының жалпы тарихын жазған белгілі ғалым Г.Фармер былай дейді «Барлық ғылымдар саласында әл Фараби «Екінші ұстаз». Ал музыка саласын алатын болсақ, бір өзі ғана бас король болып табылады. Басқаша айтқанда музыка саласында әл Фарабиге ұстаз боларлық адам болмаған.

Әл Фараби жасап кеткен дыбысаралық (интервал) санатын күні бүгінге дейін халықаралық музыка мамандары колданып келеді.

Еуропа елдерін осыдан мың жылдан астам бұрын ғылыммен, өнермен  ауыздандырған ислам мәдениеті  екені белгілі.

Еуропада алғашқы университет  ашқан ағылшын ғалымдары Роберт Гроссетест (1175-1253) және Роджер Бэкон (1214-1294) әл Фарабидің көп еңбектерін еуропа тілдеріне аударып, оқулық ретінде ашық колданған. Әл Фарабидің оптика жөніндегі еңбектерін олар, өздерінің ғылыми бағыты ретінде пайдаланған, ал Бэкон өзінің «Негізгі еңбек» атты кітабында талдаған Бэконның еңбегі еуропа елдерінің XIII ғасырдағы ғылыми энциклопедиясы болып табылады.

Әл Фарабидің (ҮІІІ-ІХ ғғ) «Музыканың ұлы кітабында»,   «Ибн   Сина»   (ІХ-Х   ғғ) еңбектерінде кездесетінін айтады Біздің ойымызша, Италияның атақты саяхатшысы Марко Поло (1254-1323) сияқты ғалымдар Орталық Азияға келген сапарында қазақтың қылқобыз аспабын еуропаға алып кетуі әбден мүмкін  Еуропалық музыка аспаптарының тез арада ғылыми жолмен акустикасы зерттеліп, классикалық аспап деңгейіне дейін дамығаны бізді таңқалдырмайды. Себебі, жоғарыда    айтып    өткендей    әл Фарабидің еңбектерімен таныс болған Еуропаның белгіі ғалымдары мысалы, француз ғалымы Исаак Бикман, (1618 ж) дыбыстың жиілігі мен биіктігін есептеп шығар.  

Ішектің дыбыстық, толқындық жиілігн математикалық теориямен есептеп шығарған Исаак Ньютон ХҮІІ ғасырда ауадағы дыбыс жылдамдығын эксперимент бағытында есептеп, мылтықтан және зеңбіректен атылған оқтың жылдамдығын есептеп тапқан Пьер Гассенди.

Жоғарыда айтқандай, Еуропада музыкалық ыспалы аспаптардың пайда болуы, X ғасырдан кейін непзінен екі түрлі фиделя және ребек аспаптары деп аталған. Бұл аспаптар ХІІ-ХІІІ ғасырда халықтық аспаптан, классикалық аспап деңгейіне дейін жеткен ХІҮ ғасырда жеті ішекті виола тобы пайда болған. Одан кейін, кәдімгі біз білетін төрт ішекті скрипка аспабының тобы классикалық аспап болып дамыған.

 

3. Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат

... Жалпы айтқанда, сөздің  мағыналы, яки мағынасыз болмағы  шарт. Алғашқысының ішінде кейі  қарапайым, басқалары күрделі келмекші. Күрделі сөздің жай айтылуы да, тұспалмен жеткізілуі де мүмкін, әуелгісінің кейбірі көкейден шығады да, кейбірі олай емес. Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады. Жалған айтылғанның ішіндегі кейбірі сөз барысында тындаушының зердесінде бейнеленіп, сонымен тікелей тұспалданса, басқалары бейнеленетін затка байланысты ойда еліктеу туғызады, соңғысы жай поэтикалық қуаттың әсері. Еліктеудің кейбірі жетілген, кейбірі түбегейлі жетілген. Екеуінің жігін ажыратып зерттеу акындар мен поэзия білімпаздарының міндеті, көптеген тіл мен диалектіде бұл хақында әр түрлі шығармалар жазылған.

Информация о работе Әбу Насыр Әл – Фарабидің еңбектері