қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді топтастыру. Осыған орай төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2014 в 06:14, дипломная работа

Краткое описание

Құрылымы мен мазмұны жағынан күрделі синтаксистік категорияға жататын құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу тілтанушылар үшін оңай болмағандығы рас. Оның айқын дәлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында да сөйлемнің осы түріне қатысты күрмеуі қиын мәселелер мен табиғаты тылсымдау бір проблеманың шығып тұратындығында.

Содержание

І. К І Р І С П Е
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесі
Компонент санына қарай топтастыру
2.1. Екі құрамды құрмаластар
2.2. Көп құрамды құрмаластар
3. Компоненттерінің байланысу тәсілдеріне қарай топтастыру
3.1. Салалас құрмаластар
3.2. Сабақтас құрмаластар
4. Сабақтастарды байланыстырушы амалдарының қатысына қарай топтастыру
1. Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
2. Шартты рай формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
3. Көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚҰРМАЛАС-СӨЙЛЕМДЕРДІ-ЖІКТЕУ-МӘСЕЛЕСІ.doc

— 645.00 Кб (Скачать документ)

Сондықтан өзара семантикалық, интонациялық, құрылымдық тұтастықта келетін  құрмалас   сөйлемнің   табиғаты    туралы   қазақ   лингвистикасы ғылымында   теориялық мәселелер   әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ.  Құрмалас     сөйлемнің классификациясын жасауда оны компонент санына қарап саралап алу  дұрыс па, әлде семантикалық сипатына, не компоненттер арасындағы грамматикалық қатынас негізінде, тіпті байланыстырушы дәнекерлер сипатына қатысты ажыратқан жөн бе деген заңды сұрақ туады. Түркітануда да, қазақ тіл білімінде де құрмалас сөйлем мәселесіне қатысты басы ашылмаған көптеген мәселелердің бар екендігін жоққа шығара алмаймыз, ал оны зерттеп, зерделей түсу, нақты тілдік фактілерден теориялық тұжырымдар жасау бүгінгі күнгі негізгі бағдар-мақатымыз болып саналмақ.

Сабақтас құрмаласты анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы т.с.с. деп  топтастыру қазіргі кезде қолданыстан шығып қалса да,  грамматикадағы бағыну терминінің өзін аталған грамматикалық нысандардан бөліп алып қараудың қисынсыздығын ескергеніміз жөн. Өйткені бағына байланысатын кіші тілдік бірлік – сөз тіркестерінің сыңарларының арасындағы грамматикалық қатынасты да (анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық), өзі бағынып тұрған сөзге қатысты алғанда тұрлаусыз мүшелерді де осылай атаймыз.   Сондықтан кезінде академик Н. Сауранбаев көрсеткен бұл ұстанымның, «бұл бір күрделі ойды білдіретін құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің қызметін жеке сөйлем мүшесінің атқаратын функциясымен тең деп қарастыруға әкеп соғады» деген пікірдің үстемдік алғанына қарамастан, әр кезде синтаксистер еңбегінен қылаң беруі ойлануды қажет етеді. Ал қазақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдерді топтастырудағы мағыналық ұстанымның қолайсыздығын Қ.Есенов былай деп ашып көрсетеді; « бағыныңқы сөйлемдердің бойындағы мағыналық мазмұн әр алуан болып келеді. Осыған орай әрбір мағыналық белгіге сай, бағыныңқы сөйлемдерді жіктей берсек, олардың түрлері шектен тыс көбейе берген болар еді [17: 35].  Сонымен бірге Қ.Есенов сабақтас құрмаластың бағыныңқыларын мағыналық-тұлғалық ұстанымға сүйене отырып топтастырады. Автор сабақтас сөйлемдерді мағыналық-тұлғалық ұстаным негізінде пысықтауыштық, қатыстық бағыныңқылы және ыңғайлас сабақтас деп топтастырады.

Б. Қапалбеков сабақтас сөйлемдерді таптастыруда «ортақ бастауыш» идеясын ұстанған дұрыс па, бұрыс па деген мәселе төңірегінде төмендегідей тұжырым жасайды: «...ортақ бастауышты сөйлемдерді тек  бастауыштың санына қарап бөлу жеткіліксіз. Алдымен, бағыныңқы-басыңқы сөйлемдер арасындағы мағыналық қатынастарға қарау керек және құрмалас жасаушы бөліктер пысықтауыш дәрежесінде ме, әлде баяндауыш дәрежесінде ме – соны өлшеуіш етіп алған дұрыс. Егер көсемше, есімше тұлғалары арқылы жасалған баяндауыштарды қалыпты пысықтауыштар емес, баяндауыш деп танитын болсақ, онда есімше, көсемше тұлғалы бағыныңқылы баяндауыштары бар ортақ бастауышты сөйлемдерді сөз жоқ құрмаластар қатарына жатқызамыз» [20: 704].

Расында да тіліміздегі ортақ бастауышқа негізделген сөйлемдердің барлығын бір деңгейде қарастыру дұрыс па? Төмендегі  сөйлемдерді салыстырып көрелік:

Жырау домбырасын тастай беріп, енді қолына найзасын алды (І. Е.).

Тең-тең олжа артып, үйір-үйір жылқы айдап қайтпаса да, сұлтан бұл жорығына риза (Ә. Қ.).

Екеуі де ортақ бастауышқа, бір субъектіге (жырау) негізделген бұл сөйлемдердің алғашқысының баяндауыштары бірінен соң бірі орындалған, біртектес іс-әрекетті баяндап тұр. Ал екінші сөйлемде субъект (сұлтан) біреу болғанымен, қос компоненттің баяндауыштары әр түрлі сөз табынан жасалып, әр түрлі жай-күйді баяндап тұр. Салалас құрмаластарда да кездесетін мұндай жағдайда ортақ субъектілі біртектес іс-әрекетті бірыңғай баяндауышты күрделенген жай сөйлем деп танып, ал әр сөз табынан жасалған немесе әр шақта тұрған баяндауышты сөйлемдерді құрмалас деп тану жөн көрінгенімен, аталған мәселеде тағы да қайшылықтарға тап боламыз. Сондықтан, біздіңше, компонент (құрмалас сөйлем компоненті) ұғымының мәні айқындалғаны жөн.

Бұл жайт қазақ тiлi бағыныңқыларын саралауда “предикаттық қатынас болсын деген тұжырымның бiр жақты екендiгiн көрсетедi, сондықтан бағыныңқы сөйлем” субъект-предикаттық қатынасқа негiзделуi керек. Сабақтас құрмалас сөйлемдi айқындауда бұл басты меже болып саналады.

Сонымен, сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентiн айқындауда мынадай белгiлер негiзге аланады:

  1. Компоненттiң белгiлi шамада сөйлемдiк мағына дербестiгi болады, яғни бұл компонент тұлғалық жағынан тиянақсыз болғанымен, толық сөйлемдiк мағынаға ие болады.
  2. Баяндауыш формасы есiмше, көсемше, шартты рай тұлғаларымен бiрге шылаулардың тiркесуi арқылы жасалып, шартты рай тұлғалы баяндауыштан басқасы өз бастауыштарымен жақтаспайды.
  3. Бағыңқы компонент дербес бастауышты болады.
  4. Бағыңқы компонентке тән интонация тиянақталмаған интонация.

Сабақтас құрмалас сөйлемдегi күрделi мәселесiнiң бiрi – оның түрлерiн саралау. Қазақ тiл бiлiмiнде бiр кездерi бағыныңқы сөйлемдердi саралауда орыс тiл бiлiм-дей, алдымен, функционалды принцип үстемдiк алды, яғни бағ-қының қызметiн жай сөйл-ң тұрлаусыз мүшесiнiң қызметiмен бара-бар санады (Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев) (анықтауыш-толықтауыш, пысықтауыш бағыныңқылар).

 

4. Компоненттерді семантика-грамматикалық  сипатына қарай топтастыру

Қазақ тiлiндегi құрмалас сөйлемдердi топтастыруда мағыналық принцип те негiзге алынды. (С.Аманжолов, Т.Қордабаев). Бұл принцип бойынша бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнiң қарым-қатынасқа түсудегi екi арадағы мағыналық мазмұны басшылыққа алынды. Аманжоловтың “Қысқаша курсында” сабақтас сөйлемдердiң өзін 18 түрге жiктедi: Себеп-салдар, мезгiл, шартты, ұқсасты, мақсатты, қарсылықты, дағдылы, үлестес, аяулы, мекен, сiлтеу, үдетпелi т.б.

Бағыныңқы сөйлемдердi топтастыруда мағыналық-тұлғалық принциптер де негiзге алынды. Бұл принцип бойынша бағыныңқы сөйлемдер мен басыңқыны айқындаудағы мағыналық белгiлерi мен олардың жасалу жолдары өзара тығыз байланыста қарастырылады (түсiндiрмелi, ыңғайлас сабақтас).   (Есенов)

Қазiргi кезде салалас құрмаластың 8, сабақтас құрмаластың 8 мағыналық түрi көрсетiлiп жүр.

Сабақтастардың мағыналық түрлерін саралауда өзіндік ерекшелігі бар таптастырудың бірі - Қ. Шәукенұлының таптастыруы. Автор сабақтастарды төмендегідей мағыналық топтарға бөледі:

  1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  2. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  3. Кезектес бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  4. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  5. Мәндес бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  6. Сын-қимыл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  7. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  8. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  9. Түсіндірмелі  сабақтас құрмалас сөйлем
  10. Салыстырмалы  сабақтас құрмалас сөйлем
  11. Болжалды  сабақтас құрмалас сөйлем
  12. Көп тармақты  сабақтас құрмалас сөйлем [21: 188-229].

Автор көрсеткен кезектес бағыныңқылы, болжалды сабақтас құрмаластары қазақ тіл білімінде бұрын-соңды айтылмаған сөйлемдер екенін мойындауымыз керек.

 

  Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер

Қазақ тілінде сабақтастардың құрылуында және синтаксистік қатынастың түзілуіне есімшенің барлық түрі ат салыспайды. Бұл қызметті көбінесе әр түрлі көмекші сөздермен бірге келетін немесе қажетті  жалғаулар қосылған бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын құрайтын –ған/-ген, -қан/-кен   есімше формасы атқарады. Бұл  көмекші элементтерсіз есімшеден құралған баяндауыш пен грамматикалық бастауыш арасындағы қатынас атрибутталған байланыстың шегінен шықпайды. Түркологияда септік жалғаулы есімшелердің функционалды дәрежесі туралы әр түрлі көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар бағыныңқы сөйлем баяндауышы қызметін барлық септіктегі есімше атқара алады десе, ал басқа біреулерінің ойынша, мұндай рөлді есімшелердің кейбір септік формасы ғана атқара алады, ал үшінші бір топ СБҚС-ге есімшелі және көсемшелі оралымды сөйлемдерді жатқызбайды.

Есімшелер барыс, жатыс, шығыс, көмектес сияқты көлемдік септіктер тұлғасында келіп қана бағыныңқының баяндауышы қызметін атқара алады. Өйткені осы тұлғадағы есімшелер ғана етістік сөз табының қасиетін, шақтық қызметін, предикативтілігін, басқа мүшелерді меңгеру қабілетін сақтайды. Ал грамматикалық септіктерде ондай қасиет жоқ.

Біз К. К. Сартбаев пен М. Б. Балақаевтың баяндауыш қызметін тек кеңістіктік қатынасты білдіретін септіктегі есімшелермен байланыстыратын ойына қосыламыз. Бұл септік формаларындағы есімше-баяндауыштар басқа сөздермен қатынасқа түсіп, қимыл динамикасын жеткізеді, оның үстіне мұндай септік көрсеткішіндегі есімше өте жиі қолданылады.

Мысалдар: Ол келгенде, мен үйде жоқ едім. Жақсы жауап бергендіктен, мұғалім оған бес деген баға қойды. Қыстың басы тақау болғанмен, қар әлі түсе қойған жоқ (М. Әуезов).

Профессор Р. Әмір бір ғана -ғанда есімшелі формасының басыңқы сөйлеммен мезгілдік, қарсылықтық (Өзім ит болғанда, нәсілім адам ғой, ішіме симай барады (Ғ. Мұстафин)), шарттық (Кемпірім ашулы, оны жібергенімде, сендерді түгел түтіп жейтін еді (Қ. Мұхамеджанов))  қатынасқа түсетін бағыныңқы сөйлемді құру үшін және ауызекі тілде –ғанда құрылымды жобасы экспрессивті ой білдіру (Сен болмағанда, Төлеужан ағам бола ма болыс! (М. Әуезов)) үшін қызмет ететіндігін көрсетеді.

Есiмшелер мен көсемшелердiң жай сөйлемдi құрмаластыру жолы бiрдей емес. Бағыныңқы сөйлем баяндауышы құрамындағы көсемше ешқандай қосымша тәсiлсiз, формасыз жай сөйлемдi құрмалсатыру функциясын атқара алатын болса, есiмшелерде ондай қасиет жоқ.

Есiмшелер жай сөйлемдi құрмаластыру үшiн әр түрлi тұлғалық құбылыстарға ұшырап, тиянақсыз формада айтылады. Мұндай тиянақсыз қасиет берiп, есiмше формалы сөздi басыңқы компонентке бағындыра байланыстыратын – оларға жалғанатын түрлi қосымшалар және шылаулар.

Жай сөйлемдi бiр-бiрiмен құрмаластыру функциясында есiмшелердiң барлық түрлерi де қолданылады, бiрақ құрмалас сөйлем жасауда есiмше түрлерiнiң атқаратын қызметi, формалық құбылыстары бiркелкi емес. Мұндай қызметте ең жиi қолданылатыны -ған/-ген, -қан/-кен формалы есiмшелер. Аталған тұлғалы есiмшелер бағыныңқы компонент баяндауышы функциясында мынадай формаларда және мағыналық қатынастарда қолданылады:

  1. Жатыс септiк  жалғаулы    а) мезгiл: Жанат iшкi үйге кiрiп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды (С.М.).

ә) шарт: Егер 10 минут кешiккенде, атқа да мiнiп үлгермейдi екенбiз (Х.Е.)

  1. Көмектес септiк /қарс./ Ұлберген кедей болғанмен, киiм-кешектерiн таза ұстайтын едi. (С.М.)
  2. –ша, ше, жұрнақты формада а) мезгiл: Жасақшылар жеткенше, үй иесi дайын отырды.

ә) Салыстыру мәнi: Көп iстеп шала бiтiргенше, аз iстеп бабына келтiр.

Сондай-ақ бағыныңқы баяндауышы түбiр тұлғалық не шығыс, барыс, жалғаулы есiмшеге соң, кейiн, дейiн, берi, гөрi, шылаулары тiркесу арқылы, сондай-ақ шақта, кезде, сәтте, күнi, сағатта т.б. мезгiлдiк мәндегi сөздердiң -дық, -тан, -дiк, -тен қосымшаларының тiркесуi арқылы да әр түрлi мағыналық қатынастағы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасалады.

Есiмшенiң қалған формасының бағыныңқы баяндауышы қызметiнде жұмсалуы тiлде өте сирек кездеседi.

             Есімше формасы арқылы құрмаласатын  сабақтастардың негізгілері: мезгіл  және себеп бағыныңқылар.

Бағыныңқы комонентi басыңқы компоненттегi iс-әрекеттiң мезгiлiн бiлдiретiн сабақтасты мезгiл бағыныңқылы сабақтас деймiз.

Жасалу жолдары: жатыс септiктi есiмше формасы арқылы; есiмшеге кезде, шақта, соң, сайын сөздерiнiң тiркесуi арқылы; барыс септiктi есiмшеге дейiн, шейiн шылауларының тiркесуi арқылы; шығыс септiктi есiмшеге кейiн, берi, былай септеулiктерiнiң тiркесуi арқылы; –а,-е,(ма)+й тұлғалы көсемше; –ысымен, -iсiмен жұрнақты түрi; –п, ғалы, ғанша тұлғалы көсемше; шартты рай тұласы арқылы.

Мезгiлдiк мәннiң берiлуiне қарай олар бiр мезгiлдес және әр мезгiлдес сабақтастар болып бөлiнедi. Бiр мезгiлдес сабақтастардың компоненттерiнде айтылған ой бiр мезгiлде, бiрiнен соң бiрi орындалып жатады. Мысалы: Шай iшiлiп болған кезде, бала да оралып келiп қалды(С.Мұқанов). Әр мезгiлдес сабақтастарда компоненттерiндегi оқиғалардың орындалу мерзiмi әр түрлi дәрежеде болып (бағыныңқыда айтылған ой басыңқыдан бұрын не басыңқыда айтылған ой бағыныңқыдан бұрын ) орындалады. Бағыныңқы комонентi басыңқы компоненттегi iс-әрекеттiң себебiн бiлдiретiн сабақтасты себеп бағыныңқылы сабақтас деймiз. Жасалу жолдары: шығыс септiктi есiмше формасы арқылы; есiмше + соң,; –п, -й тұлғалы көсемше;   -ған дықтан; -қаны үшiн,  -ған соң; ашық рай +деп.

Шартты рай және басқа есім, етістік формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер

 

Шартты рай тұлғасының басты ерекшелiгi сол –ол, негiзiнен, бағыныңқы сөйлемнiң баяндауышы қызметiн (жiктiк жалғауында тұрып) атқарады. Әдетте жiктiк жалғауы өзi жалғанған сөзге тиянақтылық беретiн форма деп танылғанымен, шартты рай  тұлғасына жалғанғанда бұл қасиетi сақталмайды, сондықтан бағыныңқы жай сөйлемдi басыңқы жай сөйлеммен құрмаластыру функциясын атқара бередi. Бағыныңқы жай сөйлем құрамындағы шартты райдың өзге етiстiк тұлғасынан ерекшелiгi - оның жақтық формада айтылып, өз бастауышымен қиысуында.

 Шартты рай формасы арқылы  құрмаласатындар, негізінен, шартты  және қарсылықты бағыныңқылар.

Информация о работе қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді топтастыру. Осыған орай төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді