қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді топтастыру. Осыған орай төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2014 в 06:14, дипломная работа

Краткое описание

Құрылымы мен мазмұны жағынан күрделі синтаксистік категорияға жататын құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу тілтанушылар үшін оңай болмағандығы рас. Оның айқын дәлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында да сөйлемнің осы түріне қатысты күрмеуі қиын мәселелер мен табиғаты тылсымдау бір проблеманың шығып тұратындығында.

Содержание

І. К І Р І С П Е
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесі
Компонент санына қарай топтастыру
2.1. Екі құрамды құрмаластар
2.2. Көп құрамды құрмаластар
3. Компоненттерінің байланысу тәсілдеріне қарай топтастыру
3.1. Салалас құрмаластар
3.2. Сабақтас құрмаластар
4. Сабақтастарды байланыстырушы амалдарының қатысына қарай топтастыру
1. Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
2. Шартты рай формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
3. Көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚҰРМАЛАС-СӨЙЛЕМДЕРДІ-ЖІКТЕУ-МӘСЕЛЕСІ.doc

— 645.00 Кб (Скачать документ)

Ал жалғаулықты салалас құрмаласты өз ішінде ыңғайлас салалас, себептес салалас, қарсылықты салалас, талғаулы және кезектес салаластар деп жіктейді [19; 695-701].

Автордың көрсеткен іргелестері құрмалас сөйлем қалыптаса бастаған кездегі сөйлемдерден өзгеше сипатта, кейіннен пайда болған коммуникативтік талаптарды ескергендігінен туындағандығы айқын.

Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдерді топтастыруда бірнеше ұстаным негізге алынды. Дәстүрлі топтастыруда құрмаластың үш түрі көрсетіледі: салалас, сабақтас және аралас. Қазіргі тілтанымда  құрмаласты топтастырудың бірнеше түрі қолданылады. Алдымен, құрылымдық ұстаным бойынша, құрмалас сөйлемдерді құрамына (құрамындағы предикатив сыңарларының санына байланысты) қарай екі үлкен топқа бөліп қарастырамыз:

 екі (қос) құрамды құрамаластар;

 көп құрамды құрмаластар.

Екі құрамды құрмаластардың құрамындағы компоненттердің бір-бірімен грамматикалық байланысу тәсіліне қарай салалас және сабақтас деп, ал көп құрамды құрмаластарды аралас, көп компонентті салалас, көп бағыныңқылы сабақтас деп жіктеуге болады.

Сонымен, екі құрамды салалас, сабақтас сөйлемдер мағыналарына қарай төмендегiдей түрлерге бөлiнедi: Жалғаулықты мезгiлдес салалас сөйлем мен жалғаулықсыз мезгiлдес салалас сөйлем; жалғаулықты себеп-салдар салалас сөйлем мен жалғаулықсыз себеп-салдар салалас сөйлем, жалғаулықты қарсылықты салалас сөйлем мен жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлем, жалғаулықсыз шартты салалас сөйлем мен жалғаулықсыз шартты салалас сөйлем, жалғаулықты салыстырмалы салалас сөйлем мен жалғаулықсыз салыстырмалы салалас сөйлем.

Үнемi жалғаулық шылау арқылы жасалатын салалас сөйлемдер: талғаулы салалас сөйлем пен кезектес салалас сөйлем.

Жалғаулықсыз салалас сөйлемге түсiндiрмелi салалас сөйлем жатады. Көп компоненттi салалас сөйлем екi не одан да көп жай сөйлемдерден тұрады. Кейде бұл сөйлемдер сыйыса айтылады.

Құрмалас сөйлемдерді баяндауышының қай сөз табынан жасалуына қарай есімді құрмалас сөйлемдер, етістікті құрмалас сөйлемдер деп бөлуге толық негіз бар. Аталған топтастырудың қай-қайсысы болмасын, қазақ тіл білімінде бірі жеткілікті, бірі аз мөлшерде болса да талданып жүр.

Синтаксис ғылымындағы жаңа көзқарастар мен соны бағыттар жалпы құрмаластарды баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай емес, қос компоненттің арасында түзілетін мағыналық қатынасты негізге алып топтастыруды теріске шығармайды. Мағыналық ұстаным бойынша құрмаластардың төмендегідей түрлері көрсетіледі: ыңғайлас мәнді құрмаластар, шарт мәнді құрмаластар, қарсылық мәнді құрмаластар, салыстырма мәнді құрмаластар, мезгіл мәнді құрмаластар, себеп мәнді құрмаластар, амал мәнді құрмаластар, мақсат мәнді құрмаластар, түсіндірмелі мәнді құрмаластар, кезектестік және талғау мәнді құрмаластар.

Сабақтастарды байланыстырушы амалдарының қатысына қарай топтастыру дәстүрі де бар. Оның алғашқысы бойынша сабақтастар:

  1. Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер;
  2. Шартты рай формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер;

3. Көсемше формаларының қатысуымен  жасалатын сабақтас құрмалас  сөйлемдер деп жіктеледі.

 

2. Компонент санына қарай  топтастыру

Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдерді топтастыруда оны көбіне байланысу тәсілі (салалас, сабақтас) мен компоненттер арасындағы семантика-грамматикалық тәсіліне қарай (ыңғайлас, қарсылықты, себеп т.т.) жіктеуге көңіл бөлініп келді.  Сондықтан да құрмаластың аралас деген түріне қатысты әр алуан  пікірлер өрбіді. Осы мәселеге орай, ғалым Б. Шалабай құрмалас сөйлемдерді топтастыруға қатысты 1982 жылы «Қазақстан мектебі» журналында (№8) байыпты ұсыныс жасайды: «Құрмалас сөйлемнің құрылымдық типтерін анықтау жеңіл болу үшін алдымен, құрмаластарды компоненттердің санына қарай: жай құрмалас сөйлем, күрделі құрмалас сөйлем деп бөлген тиімді болады. Екі компоненттен құралған құрмаластарды жай құрмалас десек, үш не одан да артық компоненттерден құралғандарын күрделі құрмалас сөйлем қатарына жатқызамыз», - деп, одан әрі жай құрмалас сөйлемдерді салалас, сабақтас, ал күрделі құрмаластарды (үш немесе одан да көп предикативтік орталықтан құралған  құрмаластарды) көп компонентті  құрмаластар деп, оны өз ішінде көп компонентті (сыңарлы) салаластар, көп бағыныңқылы сабақтастар және аралас құрмаластар деп жіктейді. Автордың осы топтастыруы 2002 жылы жарық көрген «Қазақ грамматикасында» жалғасын табады. Автор одан әрі салалас құрмаластарды компоненттерінің байланысу тәсіліне қарай жалғаулықты, жалғаулықсыз деп жіктейді де, жалғаулықты салаластарды мағыналық қатынастарына қарай ыңғайлас (мезгілдес), себептес, қарсылықты, талғаулы, кезектес деп саралайды [20, 690-692 бб.]. Назар аударатын мәселе – автордың құрмаластарды, алдымен, предикатив сыңарларының санына қарай жіктеп алуы. Аталған топтастыру кейінгі зерттеушілер тарапынан қолдауға ие болды. Бұл пікірге біз де қосыламыз. Компонент санына қарай құрмаластың екі тобы бар:

1.Екі құрамды құрмаластар;

2.Көп құрамды құрмаластар.

1.2. Екі құрамды құрмаластар

Құрмалас сөйлемдер кемінде екі жай сөйлемнен құралады десек, екі құрамды құрмаластарда оның саны екеу ғана болады, дәлірек айтсақ, екі предикативтілік орталыққа негізделеді. Предикативтілікке қатысты пікірлерді жинақтай айтсақ:

  1. Бастауыш пен баяндауыштың тіркесі ғана ойды білдіретін сөйлем құрай алады (Ф.И. Буслаев, А.А. Потебня, Д.Н. Овсянико-Куликовский,     А.А. Шахматов);
  2. Барлық сөйлем ойды білдіреді, олай болса, әрбір сөйлемде предикативтілік бар (А.М. Пешковский);
  3. Сөйлем мазмұны – шынайы өмір құбылысы, олай болса, оның шындық өмірге қатысы бар, осы қатынас предикативтілік деп аталады                                (В.В. Виноградов).

Сонымен предикативтiлiк – сөйлемнiң негiзгi қасиетiн айқындайтын синтаксистiк категория. Бiрдей ұғымды бiлдiретiн синтаксистiк құрылымдардың, мысалы: «болған той», «тойдың болуы», «той болды»,  соңғысы ғана айрықша функционалды сапаға – предикативтiлiкке ие. Предикативтiлiк сөйлемде жақ, шақ тұлғалары арқылы жүзеге асады. «Жалпы сөйлем бiр бас мүшелi, екi бас мүшелi немесе мүшеленбейтiн сөйлемдерден құралса, предикативтiлiктiң ең жоғары түрi екi бас мүшелi сөйлемдерде нақты, ал бiр бас мүшелi сөйлемдерде жартылай, ал мүшеленбейтiн сөйлемдерде болмайды да. Мiне, бұған қарағанда, предикативтiлiк тек бастауыш пен баяндауыш арасындағы таза грамматикалық құбылыс», - деп түсiндiредi Т. Сайрамбаев [104, 6б.]. Предикативтiлiктi бiлдiруде тiлiмiзде ең көп жұмсалатындар – бастауыш – баяндауыш құрылымындағы сөйлемдер. Сөйлемдi құрау үшiн ең аз болғанда екi мүше қатысуы керек – ойдың кiм, не туралы екенiн бiлдiретiн мүше, яғни бастауыш; сондай-ақ ол туралы не айтатынын бiлдiретiн мүше, яғни баяндауыш мүше қатысады. Осы екi мүшенiң грамматикалық қатынасы сөйлем құрауға негiз болады. Өйткенi сөйлем пiкiрдi, яғни болмыстағы, заттардың өзара қатынасын бiлдiру үшiн жұмсалады.

Бастауыш пен баяндауыштың қатынасы предикативтiк қатынас деп аталады. Тiлде осы предикативтiк қатынасқа iлесiп жүретiн грамматикалық формалар ретінде баяндауыш құрамынан орын алатын шақ, жақ және рай формалары танылады.

Шақтық форма сөйлемде айтылған пiкiрдiң болмысқа шақ, мезгiл жағынан, қандай қатынаста тұрғанын бiлдiру үшiн қызмет етед. (Жаңбыр жауды – Жаңбыр жауып тұр – Жаңбыр жауады).

Жақтық форма iс-қимыл не сапаның және оның субъектiсiнiң сөйлеушiге қатынасын бiлдiредi. Ол субъект ретінде сөйлеушiнiң өзi не соның тобы (мен, бiз), тыңдаушы не сөздiң адресаты (сен, сендер), сырттағы кiсi, яғни пiкiр алысу процесiнен сырттағы субъектi (ол, олар) қатынасқа түседі.

Шақ, рай, жақ формалары – сөйлем арқылы айтылған пiкiрдiң болмысқа байланысын, қатысын бiлдiретiн формалар. Баяндауыш мүше осы формаларды бойына жиып предикативтi бiлдiретiн мүше сапасына көтерiледi. Предикативтiлік (І) дегенiмiз – пiкiрдiң болмысқа қатысын бiлдiру. Сөйлемде бұл мағына баяндауыш мүше арқылы көрiнетiн болғандықтан, баяндауышты предикат мүше деп атайды. Ал бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық байланысы предикаттық қатынас  (ІІ) деп аталатыны белгілі. Құрмалас сөйлем компоненттерінің саны бірнешеу болғандықтан, жалпы сөйлемге тән предикативтілікте көбінесе соңғы сөйлемнің грамматикалық белгілері доминанттық сипатқа ие болады.

Бірақ субъект-предикаттық қатынас пен бастауыш-баяндауыштық қатынастың арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Бір ғана предикативтілік ұғымына сыйғызуға болатын бұл ұғымдар – зерттеудің әр түрлі қырының нысаны болып саналады. Сөйтіп, предикативтілік дегеніміз логикалық аспект тұрғысынан – субъект-предикаттық қатынас, грамматикалық аспектіден қарасақ – бастауыш-баяндауыштық қатынас, коммуникативтік аспектіден қарасақ – тема-ремалық қатынас болып шығады. Бұл ұғымдардың бір сөйлем бойында сәйкес келетін жағдайлары да, сәйкеспейтін жағдайлары да бар. Мысалы:

  1. Ашу – дұшпан, ақыл – дос. Предикативтілік қай аспектіден қарасақ та, сәйкес келіп тұр: ашу, ақыл - әрі субъект, сонымен бірге бастауыш, әрі тема болып саналса, дұшпан, дос - әрі предикат, әрі рема, әрі грамматикалық баяндауыштар.
  2. Уәде бергіш адамға сене беруге болмайды. Субъект-предикаттық қатынас пен тема-ремалық қатынас арасында белгілі бір дәрежеде сәйкестік болғанымен, грамматикалық бастауышы жоқ сөйлем. Тілдік деректерден аталған мәселені нақтылай түсетін көптеген мысал табуға болады.

Сөйлем синтаксисiн, әдетте, жай сөйлем және құрмалас сөйлем синтаксисi деп екi топқа бөлсек, олардың әрқайсысының өзіне тән белгілері болады. Алдымен, олар құрылымдық жағынан ерекшеленеді. Екі құрамды құрмаластарды жасауда  жай сөйлемнің барлық түрі қатыса алады.

 

1.2. Көп құрамды құрмаластар

 Көп құрамды құрмаластардың құрамында, аты айтып тұрғандай, кемінде үш жай сөйлем болады.

Көп бағыныңқылы сабақтас . Құрамында екi не одан да көп бағыныңқысы, бiр басыңқысы бар сабақтастың түрi көп бағыныңқылы сабақтас деймiз.

Көп бағыныңқылы сабақтастың мағынасы дара бағыныңқылы сабақтастың мағанасынан күрделi болады. Көп бағыныңқылы сабақтас бiр басыңқы, кемiнде екi я онан да көп бағыныңқы компоненттерден жасалады.

Бағыныңқылардың басыңқымен байланысына қарап, көп бағыныңқылы сабақтастар жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас, сатылы көп бағыныңқылы сабақтас болып екiге бөлiнедi.

Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастардың құрамындағы әр бағыныңқы сөйлем басыңқымен тікелей байланысады. Бағыныңқыларының мағыналарына қарай, бiрыңғай жарыспалы бағыныңқы, әр алуан жарыспалы бағыныңқы болып өз ара екiге бөлiнедi. Бiрыңғай жарыспалы сабақтасқа мысал: Ертеңiне тұрсақ, жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған бiр күн басталыпты (С.М.). Әр алуан жарыспалы бағыныңқыға мысал: Жиын есiне түскенде, бетiнен оты шықса да, мұғалiмнiң сөзiне көнбесiне Бектайдың шарасы болмады (М.И).

Сатылы көп бағыныңқылы сабақтастардың құрамындағы әр бағыныңқы сөйлем басыңқымен тікелей байланыса алмайды, бірінші бағыныңқы екіншімен, екінші үшіншімен т.т байланысып барып, басыңқы сыңармен байланысады.

 

Аралас құрмаластар

 

Компоненттерi салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмаластың түрi аралас құрмаластар деп аталады. Жасалу жолы жағынан келгенде, аралас құрмалас сөйлем құрмаластың ерекше түрi болып саналмайды. Өйткенi мұнда оның өзiне тән арнайы амал-тәсiлдерi болмайды, тек бұрыннан белгiлi салаласа және сабақтаса байланысу амалдарының қабаттаса келуi арқылы жасалады. Құрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады.

Ерекшелігі:

  1. құрамындағы компоненттер санының екіден көп болуы;
  2. компоненттерінің салаласа да, сабақтаса да байланысуы.

Жабай шығып кетпегенде, Игiлiк жiгiттердi сөзге айналдырып бөгей тұрмақ едi, бiрақ оның ретi болмай қалды (Ғ. Мүсiрепов).

 

  1. Компоненттердің байланысу тәсілдеріне қарай топтастыру

Құрмалас сөйлемдерді салалас, сабақтас деп бөлу тұлғалық принципке негізделеді. Бірақ бұл тұжырым бірден қалыптаса қойған жоқ. Ғалымдар арасында салалас, сабақтасқа қандай сөйлемдер жатады деген сұрақ төңірегінде біраз пікірталастар болды. Алғашқы ұстанымды негізге алғандар ( С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев,  Ғ. Бегалиев,                          Қ. Жұбанов) көсемшенің –ып, -іп, -п тұлғасымен келген сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдер қатарына жатқызды. Н. Сауранбаев “іргелес сабақтас”, С. Аманжолов “үлестес сабақтас” деп атаған мұндай сөйлемдерді  Қ. Есенов “ерекше құбылыстағы сөйлемдер” деп атайды да, тұлғалық тиянақсыздықты басты ұстаным ретінде ұстап, мұндай сөйлемдердің қазіргі қазақ тілінде сабақтастардың қатарында қарастырылатынын айтады.

Профессор А.Ысқақовтың “Құрмалас сөйлем мәселелері” атты мақаласында көңіл аударатын жай – сабақтас пен салалас құрмаластарды өзара ажыратуда негізгі ұстаным етіп екі жай сөйлемді байланыстырушы баяндауыш сөзінің  тұлғасын басшылыққа алады. Осыдан келіп, Омар кітап оқып, Жамал хат жазып отыр тәріздес сөйлемдерді кейбіреулердің салалас деп ұғынуына қарсы мұндайларды сабақтас құрмалас деп дұрыс түсіндіреді. Мұндағы дәлелі - бағыныңқы сөйлем баяндауышының тиянақсыз тұлғада тұруы [13].

Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты профессор Ә.Хасеновтың “Салалас құрмалас сөйлемге және олардың тыныс белгілері жөнінде” деген мақаласында іліктес салалас деп айтылып жүрген сөйлемдерді түсіндірмелі салалас деп атауды ұйғарады. Мысалы: Маған жаңа арман пайда болды: ол – наградты ақтау жолындағы арман еді [14].

М. Томановтың пікірінше, “өзара тең дәрежеде байланысқан сөйлемдер тобын салалас құрмалас дейміз” деген анықтаманың өзі дұрыс емес. Оған дәлел ретінде Іші пысып жүрген кезде жолықтым ба немесе білген кеңестерін білдіргісі келмеді ме, Жәкең үлкен әңгімелер қозғады сөйлемінің жоғарыдағы анықтама бойынша салалас құрмалас бола алмайтынын айтып, салаластардың   “тұрақты принцип негізінде анықталмай жүргендігін” көрсетеді [12; 45]. Өзара тең байланысқан, бірақ интонация арқылы ұласқан сөйлемдерді салалас деп танитын болсақ, оған баяндауыш құрамында сұраулық шылауы бар немесе көсемше тұлғалы (-ып, -іп, -п) сөйлемдерді жатқызуға болмайтынын, өйткені мұндай сөйлемдердің құрамындағы алғашқы сөйлем соңғы сөйлемге бағынышты болатындығын айтады.

Информация о работе қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді топтастыру. Осыған орай төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді