Журналист этикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 19:32, реферат

Краткое описание

«Қалай, братан, нормально ма?» деп үш сөздің екеуін орысшалап айтатын қазақсыз ғой, тақырыпты «слишком категорично» қойыпты деп тағы да орысшаласаңыз өзіңіз біліңіз. Бірақ бүгінгі Қазақстандағы азын-аулақ қазақшасы бар телеарналар қазақ тілін орысшаның тіп-тіке аудармасына айналдырып, әбден берекесін кетіргені рас. Қазақ телеарналарындағы қазіргі қазақ тілі өзінің Құдай берген бүкіл райы мен шырайынан, қаһарланса қара тасты қақ айырған өткірлігінен, жадыраса жаныңды бақыттың балмағаз буына балқытатын әсем әуезінен жұрдай болды.