Құқық ұғымы, белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 17:59, курсовая работа

Краткое описание

Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 52.97 Кб (Скачать документ)

Неге менің бұл жұмысымда “құқық” түсінігі төңірегінде осыншама ой қозғалды деген сұрақ туындаса, оған мен былай жауап берейін: “Құқықтық норма” ұғымы, оның мән-жайы, белгілері өздігінен туындаған жоқ. Құқықтық норманың туындауына арқау да негіз де болған – “құқық” термині. Егер мемлекет (немесе қоғам) болмаса, сол мемлекеттің қарым-қатынасын реттейтін құқық болмаса, онда заңды жауап – құқықтың жазбаша нысаны – құқықтық норманың да болмайтындығы айдан анық.

Демек, менің айтар ойым мынада: жоғарыдағы тарауларда белгілі болғандай құқықтық норма ұғымы құқық түсінігімен, құқықтың қайнар көздерімен тығыз байланыста.

Құқықтың құқықтық норма тудыратыны белгілі болды. Енді құқықтық норма мен құқықтың қайнар көздері арасындағы байланысты айқындап көрелік.

Біріншіден, құқықтың қай негізден бастау алғандығы құқықтық норманың белгісін айқындауға мүмкіндік тудырады.

Екіншіден, жылдар бұрын, тіпті ғасырлар бұрын, өзге саяси режим тұсында қабылданған құқықтық нормалардың өзі бұл кездері теориялық тұрғыда құқықтың қайнар көздері бола алады деген сөз.

Міне, осындайлық тығыз байланысты аша келе мен оқырман қауымға айтар ойымды жеткізе алдым деген сенімдемін.

1995 жылы  қабылданған Қазақстан Республикасы  Конституциясының 1 бабында біздің  Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік  мемлекет ретінде орнықтырады  деп бекітілген. Осыған орай және  елімізде түбегейлі экономикалық  және саяси қайта құрылыстар  жүргізілуде, мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік пайда болып, дамуға байланысты, шаруашылықты жүргізу мен халықтың әл-ауқатын жақсарту нарықтық қатынастарға негізделетін, мемлекет экономика мен әлеуметтік-мәдени салаларын тікелей басқарудан бас тартып, оларды негізінен құқықтық реттеумен және заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бақылаумен шектелетін болғандықтан халықтың қолданылып жүрген заңнамаларды білу құштарлықтары арта түсті.

Сондай- ақ , Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» атты жолдауына сәйкес, Қазақстан Орта Азияның Барысына айналуды көздеп отыр. Ол үшін «әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағидатты ұстана, еліміз нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, демократияландыру бағытында алға жылжып отыр. Бұл өзін - өзі ақтайды. Тек ол үшін демократияға бастау болатын алғы шарт жасау керек. Мұндай процесс мемлекетте құқықтық базаны құру мен нығайтудан туындайтынын ескеретін болсақ, аталған процесте менің «Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы» атты диплом жұмысымның тақырыбы қандайлық орын алатыны айтпаса да белгілі.

 Және  де Ел Президентінің Қазақстан  халқына биылғы жылғы долдауында  «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік  – экономикалық жаңару мен  саяси демократияландырудың жаңа  кезеңіне қадам басқалы тұрғаны»  баян етілген. Ел Президенті Қазақтан  Республикасы әлемдегі бәсекеге  барынша қабілетті 50 елдің қатарына  кіру керек деп, елімздің алдағы  жүрер жолы, негізгі стратегиялық  бағдарды айқындап берді . Бұл  жағдайдың өзі де мемлекеттегі  құқықтық жағдайдың нығая түсуін  қажет етеді. Себебі мемлекеттің  алдағы бағдарламаларын іске  асырудың кепіл ретінде мемлекеттің  құқықтық жағдайы айқындалады.

Осыған да сәйкес мемлекетіміздің елеулі қайраткер ғалымдары халық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында “мемлекет және құқық теориясы” пәні аясында белді еңбектер жаза бастады.

Бұл еңбектерде елдің өткені мен болашағының теориялық негіздері қаланды десе болады. Сол негіздер ең алдымен “құқық” пен “мемлекет” ұғымдарын түсініп білуге бағытталады.

Менің де “Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы” аталмыш курстық жұмысым өз кезегінде заң ғылымындағы белгілі бір теориялық ілімдерді дәлелдеп, дамытуға үлес қосар деген ойдамын.

          Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства  и права: учебное пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003, - 65-71стр.

2. А.С. Ибраева  Заң терминдерінің қазақша –  орысша және орысша – қазақша  қысаша түсіндірме сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж.

3. А. Жакупова  «Конституция – основа развития  государства» // Заң және заман.-2005ж. №9-17б.

4. Ә. Әділхан  «Адам құқы – ең жоғары құндылық» // Заң және заман.- 2005ж.-№25-3-5 б.

5. Б. Қонақбаев  «Азаматтарды құқықтық қорғау  және олардың құқықтары мен  бостандықтарының кепілдіктерін  нығайту» // Заң.-2005ж.-№31.-26-28б.

6. Г. Адрасулова  «Юридическое значение, функции  и эффективность применения норм  права» // Фемида.-2006ж.-№10-11-14б.

7. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық  теориясы: оқу құралы.- Алматы, «Жеті  жарға», 1998ж.,-88-89б.

8. «Қазақстан  Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж.,-26-32б.

9. «Қазақстан  Республикасының мемлекеті мен  құқығының негіздері» : оқулық.-Алматы, 2003ж.,-112-116б.

10. Қ.А. Мустафаев  «Құқықтық тәлім - тәрбие мен жалпы  оқытудың іс-шаралары» // Заң.-2005ж.-№5.-31-33б.

11. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мухтарова, А.Н. Таукелов мемлекет  және құқық теориясы: оқулық.-Алматы, ҚазМЗУ-дың баспа- полиграфия орталығы 1999ж.,-124-127б.

12. «Қазақстан  Республикасының Азаматтық Кодексі» 27.12.1994ж.

13. Н.Ә. Назарбаев  «Қазақтан өз дамуындағы жаңа  серпіліс жасау қарсаңында»: Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына  жолдауы .- Астана, 2006ж.,-9-11б.

14. Н.Ә. Назарбаев  «Қазақстан – 2030» Алматы, 1998ж.

15. Н.Дулатов, С. Амандықова, А. Турлаев Мемлекет  және құқық негіздері: Фолиант.- Астана, 2001ж.,-10-14б.

16. Н. Елікбаев, М. Нуршаев «Құқықтық сана мен  құқықтық мәдениеттің жаңа сатысы» // Заң.-2004ж.,-№13-30-34б.

17. Н.И. Матузов, А.В. Малько Теория государства  и права: курс лекции.- Юристъ, Москва,1997ж.,-313-316б.

18. «Общая  теория государства и права»: Академический курс 1-том.-Москва, Зерцало, 1998ж.,-70б.

19 «Общая  теория государства и права»: Академический курс 2-том.-Москва, Зерцало,1998ж.,-74-78б.

20. С.Д. Баққұлов  Құқық негіздері: оқулық.-Алматы, 2004ж.,-28б.

21. С.А. Дьяченко  «Сильная власть- сильное государство» // Заңгер.-2002ж.-№15-4-6б.

22. С. Ынтымақов  « Қоғамдық қор: құқықтық жағдайының  өзекті мәселелері» // Заңгер.-2005ж.-№12.-42-44б.

23. Т. Мамедсупиев  «Правовая природа нормативных  постановлений Верховного суда  Республики Казахстан» // Фемида.-2006ж.-№4.-12б.

24. Т.Мырзамбетов «Конституция еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі» // Заңгер.- 2005ж.-№19.-40-44б.

25. Т. Ағдарбеков  Мемлекет және құқық теориясы: оқулық.- Алматы, 2003ж.,-212-216б.

26. Т. Айтмухамбетов  «Қазақстанның сот өндіріснде  сот шешімдерін қайта қарау» // Заң.-2004ж.,-№21.-8б.

27. Т. Айтмухамбетов  «Қазақтардың дәстүрлі құқығы  бойынша шешімдерді қайта қарау  институты» // Заң.-2004ж.,-№21.-9б.

28. С.А.Комаров Общая теория государства и права: учебник.-Москва, 1997ж.,-191б.

 

 

Жоспар:

  1.   КІРІСПЕ
  2. Құқық ұғымы, белгілері.
  3. Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны.
  4. Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы.
  5. Қоптынды.
  6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Құқық ұғымы, белгілері