Құқық ұғымы, белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 17:59, курсовая работа

Краткое описание

Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 52.97 Кб (Скачать документ)

4.2. Қазақстан  Республикасының Конституциясында  Ресей Федерациясы Конституциясындағыдай (4-баптың 2-бөлігі) оньің үстемдік  принципі тікелей бөлініп керсетілмеген. Алайда, Қазақстан Респубпикасы  Конституциясында мұндай принциптің  идеясы бар. Қазақстанның бүкіл  аумағында Конститу-цияның үстемдік  принципінің әртүрлі қыры бар. Ең алдымен, ол Республикада конституциялық  қүрылысты орнықтырудан, әлеуметтік  және құқықтық, мемлекет құруға  бағыт ұстаудан көрінеді. Конституцияның  үстемдігін тану мемлекеттің  Конституция идеясына бағынуын  білдіреді. Конституцияның үстемдігі  барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды  адамдардың және азаматтардың, мемлекеттік  және қоғамдық өмірдің барлық  салаларындағы қызметі оның принциптеріне, нормаларына қарап құрылуы тиістігін  білдіреді. Қазақстанда аумақтық  тұтастық, құрылымның, біртұтастық  нысаны, президенттік басқару нысаны  Конституцияның үстемдік принципіне  негізделген. Сондықтан аталған  мемлекеттік институттарға қарсы  шығу Конституцияның үстемдік  принципін бұзады.

   Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші конституциялық заңдары сияқты жәй заңдардың да, өзге де нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келмеуі тиістігін, барлық деңгейдегі мемлекеттік үкімет органдарының, лауазьімды адамдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, азаматтардың, олардың бірлестіктерінің Конституцияны сақтауға міндетті екендігін білдіреді. Консти-туцияның жоғары заңдық күші Конституцияға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген құқықтық нормаларының, ережелерінің заңдық күші жоқ деп есептелетінін және олардың күшін жоюға жататындығын білдіреді.

    Конституция нормаларын тура қолдану мемлекеттік органдардың олар реттейтін қоғамдық қатынастарға тікелей қолдануын білдіреді. Конституцияның тура қолданылуы оның құқықтық жасампаздық рөлінен де көрінеді. Конституцияда қандай заңдар қабылдау қажеттігі атап керсетілген. Осы заңдар не нақты аталады, не атаусыз нұсқалады. Демек, Конституцияда Конституциялық Кеңестің құзыреті мен қызметі конституциялық заңмен реттелетіні айтылған. Парламенттің заң шығарушыпық қьізметі: меншік режимі, салық салу, сот құрылысы, сот ісін жүргізу және басқалары туралы заңдар шығаратыны жалпылай көрсетіледі.

   Конституцияда жоғары мемпекеттік үкімет органдарының норма шығарушылық өкілеттігі белгіленген. Конституцияда көрсетілген шеңберде олар нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.

   Конституцияның нормалары: а) егер реттелуге жататын қоғамдық қатынастарды реттейтін арнайы нормалар жоқ болса; ә) егер коғамдық қатынастарды реттеу ұшін арнайы нормалар қабылдаудың қажеттігі жоқ болса; б) егер бар нормалар Конституцияның нормаларына қайшы келсе тікелей қол-данылады.

4.З.Дазақстан  Республикасы Президентінің, "Қазақстан  Рес-публикасының халықаралық шарттарын  жасасу, орындау және олардың  күшін жою туралы" 1995 жыпғы 12 желтоқсандағы  заң күші бар Жарлығы Республиканың  халықаралық шарттарына байланысты  мәселелерді реттейді.

    Қазақстан Респубпикасының халықаралық шарттары - ол Қазақстан Республикасының шет мемлекет пен (немесе мемпекеттермен) не халықаралық үйымдармен жазбаша түрде жасалған және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше қүжатта бар-жоғына қарамастан, сондай-ақ оның, нақты атауына тәуелсіз халықаралық қүқық пен

реттелетін келісім.

  Қазақстан Республикасының халықаралык, шарттары шет

мемлекеттермен:

  Қазақстан Республикасының (мемлекетаралық шарттар);

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің (үкіметаралық шарттар);

    Қазақстан Республикасының Республика Президентіне тікелей бағынатын және оның алдында есеп беретін министрліктері, мемлекеттік комитеттері және өзге де орталық органдары (ведомствоаралық шарттар) атынан жасалады.

    Халықаралық шарттардың бәрі бірдей бекітілмейді .Бекіту -ол үшін халықаралық шартты Қазақстан Республикасы Парламенті арқылы бекіту жолымен Республиканың міндеттеме алуға келісуін білдіру әдісі.

   Қазақстан Республикасынын, Парламентпен бекітілетін халықаралык, шарттарына:

1) қолданылатын заңдарға өзгерістер енгізілуін немесе жаңа заңдар қабылдануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарында көзделгеннен өзге ережелер белгілеуді талап ететін;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының өтетіні туралы шарттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық шекараласуы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық аймақтары мен қүрылықтық шельфінің шекараласуы туралы;

3) қарусыздану  немесе қарулануларға, халықаралық  бейбітшілік пен қауіпсіздікті  қамтамасыз етуге халықаралық  бақылау маселелері бойынша мемлекетаралық  қатынастардың негіздері, сондай-ақ  бейбітшілік шарттары мен үжымдық  қауіпсіздік туралы шарттар;

4) егер мұндай  шарттар оларға Қазақстан Республикасының  егемендік құқығының бір бөлігінің  жүзеге асырылуын беруді көздейтін  немесе олардың органдарының  шешімдерінің Қазақстан Республикасы  үшін заңды жауаптылығын белгілейтін  болса, Қазақстан Республикасының  мемлекетаралық одақтарға, халықаралық  ұйымдарға және өзге бірпестіктерге  қатысуы туралы;

5) мемлекеттік  займдар және Қазақстан Республикасына  экономикалық және өзгедей көмек  көрсету туралы халықаралық шарттар  жатады.

    Уағдаласушы мемлекеттер шарттар жасасу кезінде оны кейін бекітуге келіскен жағдайда Казақстан Республикасының халықаралық шарттары бекітуге жатады.

    Сөйтіп, Қазақстан Республикасының аса маңызды мемлекеттік маңызы бар және мемлекеттің егемендік кұқығына дейінгі көкейкесті мүдделерін қозғайтын халықаралық шарттары бекітуге жатады.

    Сондықтан бекітілгенге дейін халықаралық шарттардың Қазақстан Респубпикасы Конституциясына сәйкестігі қаралады. Конституциялық Кеңес Президенттің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының,  Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің жүгінуімен Қазақстан Реслубликасының халықаралық шарттарының Кон-ституцияға сәйкестігін оларды бекіткенге дейін қарайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылған халықаралық шарттар бекітілмейді және қолданысқа енгізілмейді.

    Қазақстан Республикасының Парламент бекіткен халықаралық шарттарының оның заңдарынан басымдығы болады. Егер Конституцияда жай заңдар мен конституциялык, заңдардың шектелгендігін ескерсек, оңда, әрине, Қазақстан Республикасының Парламент бекіткен халықаралық шарттарының тек жәй заң алдында ғана басым екендігі түсінікті болады. Казақстан Республикасының Парләамент бекіткен халықаралық шарттары тікелей қолданылады. Бұл құқықтық нормалары бар мұндай шарттардың тиісті қоғамдық қатынастарды реттейтін, оларға қатысушылардың құқықтарын, міндетіері мен жауап кершіліктерін тудыратынын білдіреді.

    Халықаралық шарттарда олардағы нормативтік ережелерді қолдану үшін заң шығарудың қажеттілін керсетілуі мумкін. Онда халықаралық шарттардың ережелері заң қабылдау арқылы іске асырылады.

    Сондықтан бекітілгенге дейін халықаралық шарттардың Қазақстан Респубпикасы Конституциясына сәйкестігі қаралады. Конституциялық Кеңес Президенттің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының,  Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің жүгінуімен Қазақстан Реслубликасының халықаралық шарттарының Кон-ституцияға сәйкестігін оларды бекіткенге дейін қарайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылған халықаралық шарттар бекітілмейді және қолданысқа енгізілмейді.

    Мұндай заңның ерекшелігі мынада, біріншіден, оның қайнар көзі халықаралық шарт болып табылады, екіншіден, мұндай заңмен халықаралық; шартқа өзгеріс, толықтыру енгізілмейді; және үшіншіден, оған Казакстан Республикасының заңдарын қабылдау тәртібі қолданылады.

4.4. Конституцияға  сәйкес, Республика қатысушы болып  табылатын барлық заңдар, халықаралық  шарттар жарияланады. Казақстан  Республикасының Казақстан Республикасының Парламенті қабылдаған заңдары, қаулылары және басқа актілері қазақ және орыс тілдерінде шығатын "Парламент Жаршысында", "Егемен Қ азақстан", "Казахстанская правда", "Заң", "Юридическая газета" газеттерінде жарияланады. Қазақстан Республикасының заңдары аталған газеттерде немесе олардың ресми қосымшаларында Қазақстан Республикасының Президенті қоп қойғаннан кейін жеті күндік мерзім ішінде, бірақ, олар қабылданған күннен төрт аптадан кешіктірілмей жарияланады. Қазақстан Республикасыньің Парламенті қабылдаған қаулылар мен басқа актілер аталған газеттерде олар қабылданған күннен жеті күннен кешіктірмей жарияланады. Казақстан Республикасы заңдарының "Парпамент Жаршысында", "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерінде жариялануы ресми жариялану болып табылады.

    Аталған барлық акілер, сондай-ақ өзге де баспасөз органдарында жариялануы, теледидар, радио арқылы хабарлануы, телеграф арқылы берілуі, тиісті органдар мен ұйымдарға жіберілуі мүмкін.

    Қазақстән Республикасының Заңдары, Парламенттің нормативтік сипаттағы басқа да актілері "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде немесе олардьің ресми қосымшаларында жарияланған күннен кейін он күн өткен соң Республиканың бүкіл аумағында бір мезгілде күшіне енеді. Заңның күшіне енуінің көрсетілген мерзімі Республика Парламенті актіні қабылдаған кезде оны қолдануға енгізудің басқа мерзімін белгілеген жағдайда қолданылмайды.

    Бұл  жағдайда әңгіме Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының барлық түрлерінің жариялануы жөнінде болып отыр.Казақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және олардың күшін жою тәртібі туралы" заң күші бар Жарлығында оларды жариялау тәртібі көзделген. Парламент бекіткен, Қазәқстан Республикасы үшін күшіне енген мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар Парламенттің ресми басылымдарында жарияланады.

    Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген, бекітуге жатпайтын мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қосылуы, Президенттің келтірілген жарлығы белгілеген тәртіпте жүзеге асырылған үкіметаралық шарттар "Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жинағында" жарияланады. Ведомствоаралык,, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қосылуы Президент жарлығымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылған шарттарды қоса алғанда, Казақстан Республи-касы үшін күшіне енгізілген халықаралық шарттар "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, келісімдерінің және жекелеген заң актілерінің Бюллетенінде" жарияланады) Қазақстан Республикасының шетел тілінде мәтіні бірдей жасалған халықаралық шарттары осы тілдердің бірінен қазақ және орыс тілдеріне ресми түрдегі аудармасымен жарияланады.

    Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік қүқықтық актілер де ресми, яғни оларды қабылдаған мемлекеттік органдардың атынан ресми түрде жариялануы тиіс. Тек осындай реттерде ғана оларды нақты жағдайларға қолдануға болады.Осы ретте әңгіме Президенттің нормативтік жарлықтары, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың қаулылары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік актілері жөнінде болып отыр.

    Қазақстанның ежелгі дәстүрлі құқық нормаларын жан-жақты зерттеп алмайынша, Қазақстан Республикасындағы апеллияциялық өндіріс жайлы толыққанды әңгіме айту тіпті де мүмкін емес. Өкінішке орай, отандық қылмыстық процесс жүйесінде соттың үкімдері мен шешімдерін апелляциялық қайта қарау институты соңғы уақыттарда ғана пайда болғандықтан, Қазан төңкерілісіне дейінгі қазақ құқықнамасынан бұл тақырыпты дөп басып тауып алудың қиын екені де рас.

    Дәстүрлі құқық туралы сөз қозғау үшін, біріншіден, оның құрамы жағынан біркелкі болғанын атап өткеніміз жөн. Ол сипаты жағынан әр түрлі нормалар мен институттардың басын біріктірді. Әйтсе де, бұлар өмірде бір-бірінен тым алшақ емес,қайта іштей өзара астасып, біте қайнасып жатқандай еді.Түп тамыры сонау тереңде жатқан кейбір нормалар мен институттардың күні кешегі он тоғызыншы ғасырға дейін сақталып келгеніне тарих куә. Бәлкім,сондықтан да болар, қазақтың дәстүрлі құқығындағы қайсыбір нормалардың қашан пайда болғанын тап басып айту оңай емес.

       Қазан төңкерілісіне дейін қазақтардың  дәстүрлі құқығында қылмыстық  және азаматтық құқық бұзушылық  ұғымдарының арасындағы шектеулер  білінер-білінбес қана болды. Қазақтардың  пікірінің дамуы жөнінде он  тоғызыншы ғасырдағы әйгілі қазақ  ғалымы, Шығыстың ғаламат зерттеушісі Ш. Уәлиханов былай дейді: “Қылмыспен тәртіпсіздік жөнінде жан дүниесі бөлек тұрмыс-салты басқаша дамыған қырғыздардан (қазақтардан) орыстармен немесе басқа еуропалықтармен бірдей көзқарасты талап ету дұрыс емес”

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, “Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы”, атты дипломдық жұмысымды қорытындылай келе айтарым:

Қандай да болмасын ғылымның алғашқы ірге тасын сол ғылымға қатысты негізгі ұғым қалайтын болса, заң ғылымының алғашқы баспалдағын құқық түсінігі, оның мән-мағынасын қалыптастыратыны бізге жоғарыдағы тараулардан белгілі болды.

Информация о работе Құқық ұғымы, белгілері