үстеме шығындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 16:53, курсовая работа

Краткое описание

«Өндіріске жұмсалған шығындар» өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса «Өндіріс шығындары» сату шығындарын қоса қамтиды. Бұдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар материалдандырып актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады. Өндіріске жұмсалған шығындардың табыс әкелу қасиеті шығынның жұмсалу мақсатынан туындайды. Жұмсалған кез келген шығынның бағытына қарай белгілі бір түпкілікті мүддені көздейтіні, мақсаттың болатыны белгілі. Ал өндіріске жұмсалған шығындардың түпкілікті мақсаты ұйымға табыс әкелу. Бұл жерде дайын өнім (қызмет,

Прикрепленные файлы: 1 файл

устеме шыгындар (1).doc

— 471.50 Кб (Скачать документ)

 

 

Нақты шығындарға — кәсіпорынның пайдаланған ресурстары үшін төлейтін төлемдері жатады. Оларға шикізат, материалдар, отын, энергия, персоналдардың еңбекақысы, амортизация, көлік, сақтандыру және басқа өнім өндіру мен сату үшін жұмсалған шығындар жатады. Өнім өндірумен бірге, сатуға жұмсалған шығындар жиынтығы өнімнің толық өзіндік құнын құрайды. Сонымен бірге, өнімнің толық өзіндік құны тауарлық өнімді өндіруге кеткен шығындар динамикасы мен деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің біріне жатады.

Нақты шығындар оперативті құжаттарда, қаржы есептерінде есептелгендіктен бухгалтерлік шығындар деп те аталады.

Экономикада шығындардың  балама түрлері шығындарды жоспарлауда, болжауда қолданылады. Шығындар ең үздік баламалы түрде пайдалану тұрғысынан қарастырылса, оларды жіктелген шығындар деп атайды.

 Мұндай шығындар  балама нұсқалары бар болған  кезде пайда болады.

 Оларды есептеу  оңайға соқпайды, сондықтан экономикалық  шешімдер қабылдау кезінде есепке  алынады. Ондай шығындар өзінің  құрамына сыртқы шығындар (жабдықтаушыларға сатып алған ресурстар үшін төлем төлеу шығындары) мен ішкі шығындарды (фирмаға қарасты ресурстарды пайдалану шығындары) қамтиды. Фирмаға қатысты мұндай ішкі шығындар баламалы түрдегі ең ұтымды ресурстарды пайдалануға байланысты есептелген төлемақы шығындарына тең болады. Мұндай шығындар нақты емес немесе имплицитті  шығындар деп те аталады. Сонымен қатар, баламалы шығындар ресурстардың шектеулі кезінде пайда болатындығын атап өткен жөн. Егер де ресурстар шектеулі болмаса, жіктелген шығындар нөлге тең болады.  Балама шығындары кейде қосымша шығындар деп те аталады.

Қайтарылмайтын шығындар деп қандай жағдай болмасын қайтарылмайтын, бір рет қана жұмсалатын шығындарды айтады.

 Сондықтан олар кәсіпорынның ағымдығы операцияларымен ешқандай байланыста болмайды. Ондай шығындарға жанама шығындарды жатқызуға болады.

Шығындардың мұндай түрлері  экономикалық тұрғыдағы басқару  шешімдерін қабылдауда ескеріледі. Шығындарды бағалау тәсілдерінде экономистер  мен бухгалтерлердің атқаратын  функциялары арасындағы айырмашылық анықталады. Экономистер ресурстарды жұмсаудың бірнеше баламалы жолдарын іздестіру үшін талдау жұмыстарын жүргізеді.

 Олар бұл проблеманы  шешуді жан-жақты талқылап, содан  кейін экономикалық табыс табу  жолдарын қарастырады.

Экономикалық пайда дегеніміз түсім мен барлық жіктелген шығындардың арасындағы айырманы көрсетеді. Бухгалтерлер нақты жұмсалған шығындарды есептеумен қатар, нақты (бухгалтерлік)

 шығындарды және  бухгалтерлік табыс көлемін бағалайды.  Бухгалтерлік табысқа түсім мен нақты шығындардың арасындағы айырма жатады.

Кәсіпорынның оперативті қызметі бухгалтерлік шығындар мен  бухгалтерлік табысты есептеу  және бағалаумен тікелей байланысты болса, ал экономикалық табыс бизнес-жоспар, инвестициялық жобалар жасауда  есептеледі. Кәсіпорын жұмысының уақыт мерзіміне және де өнім көлемінің өзгеру және өзгермеуіне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.

Тұрақты шығындарға өнім өндіру көлемінің өзгеруіне қарамастан тұрақты болып қала беретін қысқа  мерзімде өзгермейтін шығындар жатады.  Оларға әкімшілік персоналдық еңбек ақысы, үй-ғимараттың жал ақысы,

 құрал-жабдықтың амортизациясы  сияқты шығын түрлері жатады.

 Өндіріс көлемінің  артуынан бір өнімге келетін  тұрақты шығындар азаяды. Сондықтан  кәсіпорын үшін тұрақты шығындарды есептеу қажеттілігі пайда болады.

Өз кезегінде тұрақты  шығындар қалдық және старттық шығындар  болып екі топқа бөлінеді. Қалдық шығындарға өнім өндіру мен сату жұмыстары толық тоқтатылса да, кәсіпорында әрі қарай орын алатын тұрақты шығындардың бір бөлігін атайды. Старттық шығындарға өнім өндіру мен сатуда қалпына келтіруге болатын тұрақты шығындардың бөлігі саналады.

Айнымалы (өзгермелі) шығындарға қысқа мерзімде өнім өндіру көлемінің  артуы немесе азаюына қарай өзгеріп  отыратын шығындардың түрлері жатады. Мысалы, оларға шикізат пен материалдар, энергия, негізгі және қосымша жұмысшылардың еңбекақысы шығын түрлерін жатқызуға болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты кейбір кезде шығындар әрі тұрақты, әрі өзгермелі болып келуі де мүмкін.

Тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығы жалпы шығындарды құрайды.

Кейбір жағдайда шығындар аралас шығындар болып келеді.

 Олардың құрамында  тұрақты және өзгермелі шығындар  компоненттері орын алуы мүмкін. Барлық тікелей шығындар өзгермелі  шығындар болуы мүмкін, ал жалпы өндірістік, жалпы шаруашылық және коммерциялық шығындардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындардың құрамдас бөліктері болады. Мысалы, телефонға төлейтін айлық төлемде абоненттік төлем тұрақты бөлігін құраса, ал өзгермелі бөлігіне қалааралық және халықаралық телефон сөйлесулерінің саны мен ұзақығына қарай төленетін ақыны жатқызуға болады. Сондықан шығындарды есептеуде тұрақты және өзгермелі шығындардың арасындағы айырмашылықты нақты көрсету қажет болады.

Қабылданатын басқару  шешімдерінің ерекшелігіне байланысты шығындар релевантты және релевантты емес болып бөлінеді.

 Релевантты шығындарға басқару шешімін қабылдауда маңызды рөл атқаратын шығындар кіреді. Жеке алғанда, өткен мерзім шығындары релевантты бола алмайды, себебі оларға әсер ету мүмкін емес. Сонымен қатар, жіктелген шығындар (мәселен, жоғалтылған пайда) басқару шешімдерін қабылдау үшін релевантты болады. Қабылданатын шешімдердің нәтижелеріне ерекше әсер етуіне байланысты шығындар тиімді және тиімсіз болып бөлінеді.

Тиімді шығындарға өнімділігі жоғары шығындарды жатқызуға болады, басқаша айтқанда шығындарды жұмсау нәтижесінде жоғары табыстылыққа қол жеткізілсе, ондай шығындар тиімді де шығындар қатарына жатады.

Тиімсіз шығындар өнімсіз  шығындар сипатына ие болады, оларды жұмсау нәтижесінде табыс алынбайды, сондықтан өнім өндірілмейді.

 Көп жағдайда, тиімсіз шығындарға өндірістегі жоғатулар жатады.

 Оларға өндірістегі  ақаулардан, тоқтаулар мен тауарлық-материалдық  құндылықтардың жетіспеушілігі  мен бұзылуынан болған

 жоғалтуларды жатқызуға  болады. Тиімсіз шығындарды бөліп көрсету жоспарлау мен мөлшерлеуде жоғалтуларды болдырмау үшін қажет болады.

Қабылданған басқару  шешімдері жоспарлау үрдісімен  тікелей байланысты болуы тиіс. Өндірістік және коммерциялық қызметті орындауға  байланысты болжанатын шығындар жоспарлау үрдісімен тікелей байланысты болады.

Жоспарланатын шығындарға кәсіпорынның шаруашылық қызметіне  туындайтын және өндіріс шығындарының сметасында қарастырылған кәсіпорынның тиімділігі  жоғары шығындары жатады. Олар нормалар, нормативтер, лимиттер және сметаларға сәйкес есептеліп, өнімнің жоспарлы толық өзіндік құнының құрамына кіреді.

Жоспарланбайтын шығындарға тиімсіз шығындардың түрлері  жатады. Олар кәсіпорынның қолайсыз шаруашылық жағдайынан пайда болады немесе олардың  болмауы да мүмкін. Мұндай шығындар тікелей жоғалтулар болғандықтан өндіріс шығындарының сметасына кірмейді. Олар тек тауарлық өнімнің нақты толық өзіндік құнында және бухгалтерлік есептің сәйкес есепшоттарында бейнеленеді. Оларға ақаулар мен өндірісте әртүрлі себептерге байланысты болатын тоқтаулардан болған жоғалтулар кіреді. Оларды жеке есептеу алдын-алу шараларын жүргізу үшін қажет болады.

Шығындарды басқаруда  кәсіпорында қолданылатын нормалар, нормативтер, лимиттер және сметаларға қатысты шығындарды топтау басты  мәнге ие болады. Осы мәнге байланысты өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық өндірістік үрдісте пайда болған нормалар байынша ағымдық жылдың басында бекітілген шығындар топталады. Нормативтік есептің негізінде шығындарды бұлай бөлу өндіріс шығындарының деңгейін ағымдық оперативтік деп бөлудің басты құралы болып табылады.

Жоғарыда келтірілген  жіктемеде кәсіпорын қызметінің функциясы мен сферасына байланысты шығындары топтастырылған. Осы белгі бойынша шығындар жабдықтау-дайындау  технологиялық, коммерциялық-өткізу және ұйымдастыру-басқару болып бөлінеді.

Мұндай жіктеме функционалдық  есепті ұйымдастыруға мүмкіндік  береді. Соның әсеріне шығындар кәсіпорын  қызметінің функциялары және сфера  шеңберінде, содан кейін калькуляция  объектісі бойынша жинақталады.  Шығындардың функционалдық есебі ішкі шаруашылық есепті күшейтуге және шығындар орталықтары арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуекелділікті күшейтуге және жұмсалған шығындар жөнінде ақпараттарды нақты және дәл беруді қамтамасыз етеді. Бұл менеджерлерге өнім өткізу жолдары, бағасы, құрамы және түрлері жөнінде басқару шешімдерін қабылдауға және кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық қызметінің тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді. [1]

 

    1. Үстеме шығындардың мәні, түрлері, оларды тарату тәсілдері

 

 

    Үстеме  шығыстар - бұл өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығыстар, олар кешендік сипатқа ие болады, олардың  кұрамында экономикалық элементтердің  барлық шығындары көрініс табады.    

Бұл шығындар ай бойында белгіленген  номенклатуралық шығыс баптары бойынша 8410 " Үстеме шығыстары" шотында көрініс табады. Әрбір цехтың өзінде дайындалған өнімге үстеме шығыстар қосылады.    

Үстеме  шығыстар ай соңында белгіленген  әдістеме. Негізгі өндіріс шығындарының құрамына кіретін үстеме шығыстарын таратқан кезде 8114 шоты дебеттеліп және 8314 шоты кредиттеледі.    

Шаруашылық  жүргізуші субъекттер өзінің есептік саясатында өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып шығын баптарының номенклатурасына өзгерістер енгізуі мүмкін.    

Мысалға, үстеме шығысының құрамында "Өндірісті дайындау және игеру шығыстары" деген бабы жеке бөлінуі мүмкін. Өндірістің жұмыс істеу ұзақтығына және басқа да жағдайларына байланысты тәртібін ескере отырып, оған қажетті шығын деңгейін сметаның көмегімен анықтайды. Сметаны жасау кезінде сыннан өткізілген өнімнің құнын ескеру керек, өйткені ол жұмысқа қосудың жалпы сомасына қосылмайды. Жұмысқа қосу шығысының сметасын бекіткен кезде өндіріске енгізілетін объектінің өндірістік қуаттылығын және оның нормативтік мерзімін ескере отырып, оларды өнімнің өзіндік құнына жатқызу мерзімі мен нақты тәртібіне байланысты етіп анықтайды.    

Өндірісті дайындау және игеру шығыстары алғашқыда шығыстың жалпы сомасынан алынған өнім бірлігіне белгіленген норма бойынша өтеледі.    

Егер  де кәсіпорында бірнеше өнім түрі өндірілетін болса, онда жаңа өндірісті  игеру шығындары олардың арасына  таратылады, ал тарату процесі, әдетте, негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысының сомасына және құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстарына пара-пар (пропорционалды) етіп жасалады. Жекелеген тапсырыстарды орындаған кезде өндірісті дайындаудың нақты шығындары сол бұйымдардың өзіндік құнына толығымен жатқызылады.    

Өндірістегі барлық шығындар цехтардың  ведомостары бойынша топтастырылады, онда әрбір цех үшін жеке парақтар ашылады.    

8110- "Негізгі өндіріс" шотының  дебеті мен кредиті бойынша  шоттар корреспонденциясын қарастыру  үшін жоғарыда келтірілген мысалға  қайтып ораламыз.     

Кәсіпорынның  жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін онда көмекші өндірістер құрылған: жөндеу-механикалық; бу қазандық; автотранспорттық; олардың шығыны дайын өнімнің өзіндік құнына келесі тәртіпте енгізіледі: жөндеу-механикалық цехының шығыны — жөндеу жұмысының түрлері бойынша; бу қазаны мен автотранспорт цехтарының шығындары—тұтынылған қызмет көлеміне сәйкес пропорционалды жолмен таратылады.    

Кәсіпорынның  есептік саясатында үстеме шығыстар құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау  шығыстарына қатысты (осы шығындардың деңгейінен алынған құрал-жабдықтың бір сағаттағы жұмысынан есептелген) бөлігіне және тиесілі өнім бірлігін әзірлеу кезіндегі жұмыстың ұзақтылығына қарап таратылуы мүмкін. Жалпы үстеме шығысын  тарату негізгі  өндіріс жұмысшыларының жалақысының деңгейіне қарап  жасалынады.     

Үстеме  шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың  жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары  жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды. Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:    

— кешендік сипаты — шығыстар құрамында  барлық экономикалық элементтер шығындары  көрініс табады;    

— екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.     

Үстеме  шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына  тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес көрініс табады:    

— өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына  пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;     

—тікелей  материал шығыстарына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;    

Информация о работе үстеме шығындар