ҚР-дағы коммерциялық банктер және олврдың функциялары мен операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2014 в 12:23, курсовая работа

Краткое описание

Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп,барлық тақырыпшаларға жеке – жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары – біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕГІЗІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.....................................5
1.2 Коммерциялық банктің басқару және функционалдық құрылымы............7
1.3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары........................12

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ, ОНЫҢ ІШІНДЕГІ «БТА БАНКІ» АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
2.1 «БТА Банкі» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау.............................18
2.2 «БТА Банкі» АҚ-ның активті және пассивті операцияларын талдау......................................................................................................................21
2.3 «БТА Банкі» АҚ-нің банктік қызметтерін бағалау.....................................28

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары....................................................31
3.2 Қаржы секторын тұрақтандыру....................................................................34
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 239.00 Кб (Скачать документ)

 

және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың активтері Ұлттық Банктің басқаруындағы мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаты отандық банктердің депозиттеріне орналастырылатын болады.

     Төртіншіден, қаржы секторында мемлекеттік реттеу жетілдірелетін болады. Қаржы қадағалау агенттігі пруденциалды реттеу шеіберінде банктердің сыртқы міндеттемелерін және тұтастай көтерме қаржыландыру деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды жалғастыратын болады. Бұл ретте банк заңнамаларының қолданыстағы және жаңадан енгізіліп жатқан талаптары банктерді қорландырудың әртараптандырылған базасын құруға, яғни белсенді операцияларды көптеген жағдайда депозиттік база, атап айтқанда жеке тқлғалар есебінен қаржыландыруға ынталандыруы тиіс.

     Таңдаулы  халықаралық практика негізінде банктердің капиталдандыру есебінің тәсілдері оңтайландыратын болады, бұл банк активтерін жанама факторлардың болуы мүмкін, оның ішінде экономика секторларында іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жағымсыз сыртқы құбылыстарға ұшырау, айырбас бағамдарының күтіліп отырған тұрақсыздығы әсерін ескере отырып банктердің қосымша резервтерді қалыптастаруын көздейді.

     Тәуекелді басқару жүйесіне және банктердегі ішкі  бақылауға талаптар күшейтілетін болады. Ең алдымен банктер өтімділікті жоғалту тәуекелі мониторингіге тәсілдерді елеулі түрде қайта өңдеуі тиіс болады, ал банктердің активтері мен пассивтерін басқару стресті ахуалдардың туындауын ескере отырып үлгіленуі тиіс. [20]

     Бесіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жаңа жағдайлардағы жұмыс істеу тетіктері пысықталатын болады. Зейнетақы қорларының салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Үкімет халықтың зейнетақы жүйесіндегі жинақтарының сақталуын, жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары үшін ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, олардың хабардар етілуін және қаржылық сауаттылығын арттырды.

     Халықтың зейнетақы қорларына барлық салымдарын мемлекет зейнетақы жинақтарын төлеу сәтіне инфляцияның деңгейінде олар бойынша кірістерді есепке ала отырып кепілдік береді. Үкімет азаматтарға зейнетақы қорларынан тұрақты төлем мониторингін жүзеге асыратын болады және жыл сайын инфляция есебі бойынша зейнетақы жарналары және зейнеткерлікке шыққан сәттегі іс жүзіндегі жинақтар арасындағы айырмашылықтың орнын толтыру үшін республикалық бюджетте жыл сайын қажетті қаражат көзделеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін әртараптандыру үшін Үкімет пен “Самұрық - Қазына”қоры зейнетақы активтерін басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тарту жөнінде шара қабылдайды, құрылған Стресті активтер қоры инвестициялық рейтінгі бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

                        

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Нарықтық экономика  ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша-несие және делдалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.

Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін  басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болды.Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты.Банктердің банк  функцияларын, ақша – несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әртүрлі қызметтер көрсетуде.

Мемлекет, экономикаға  жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша – несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы  ақша массасының көлемін реттеу жолымен  ұлттық валютаның ішкі және сырқы  тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.

    Қазақстанның банктік нарығы жетілмеген бәсеке нарығы болып табылады. Бұнда тауардың дифференциациясы маңызды орын алады, яғни сапаны жақсарту, атақты ұлғайту арқылы банктің банктік өнімінің бөлінуі.

Бұндай жағдайларда  банктер жарнаманың әр түрлі әдістері арқылы өзінің атағын күшейтуге және қоғаммен байланыс бойынша қандай да бір шаралар арқылы өзінің репутациясын жақсартуға ұмтылады.

 Олар біздің республикамызға өтіп жатқан әр түрлі маңызды шараларға демеуші ретінде қатысады, акционерлер жиналысын жүргізеді, жылдық есеп беруді құрайды, жарнамалық проспекттер мен буклеттерді шығарады, теле және родио жарнамаға айтарлықтай сомада шығын жұмсайды. Бірақ менің ойымша, клиенттерді ұлғайту үшін уақыт қажет, өйткені экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздығынан, банктердің жұмыс уақытының кішігірім аралығынан, шетел валютамен салыстырғанда ұлттық валютаның құбылуынан және басқа да сипаттамаларынан тұтынушылар өз ақшаларын сеніп тапсыру ықтималдығы төмен болады. Бұдан басқа заңнамалық база, көбінесе, өткізу нарығын шектейді.

Банктік қызметтерді  талдау оның табыстылығын банктер басшылығымен берілген шынайы әрі көп негізделген бағалармен банктердің қызмет нәтижесін білеміз, олардың күшті және әлсіз тұстарын таныймыз, туындаған мәселелрді шешу жолдарын анықтап және олардың жұмысында өтімділікті, яғни банктердің өтімділігіне және табыстылығына көмек беру, несиелік саясатқа қатысты, ұйымдастыру бәсекелестікті ұстап тұру, салымшыларға сенімді болуы. Коммерциялық банктердің қызметтердің негізін қалаушы принциптерге шынайы ресурстармен жұмыс істеу болып табылады. Банктік ресурстарының негізгі көздеріне клиенттердің салымдары жатады, яғни несиегерлерге кеплідік болып табылады. Яғни пассивтердің құрылымы банктерде актвитік операциялардың жүргізілуіне мүмкіндікті анықтайды.

     ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2011-2012 жылдарға арналған бірлескен іс - қимыл жоспары бойынша тұрақтандыру шаралары іске асырудар Қазақстан экономикасы қосымша 2 172 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау алады, олардың ішінде, мыналардын есебінен:

     Ұлттық қор қаражаты – 1 200 млрд. теңге;

     Ұлттық Банк шаралары – 350 млрд. теңге;

     Жаға салық кодексін қолдану шеңберінде салықтың жүктемені төмендету - 500 млрд. теңге;

     Стресті активтер қорын құру 122 млрд. теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы.  30.03.1995
  2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 30.03.1995
  3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Алматы: ИздатМаркет, 2004ж.
  4. Банковское дело Под ред.  О.И. Лаврушина. Москва "Финансы и статистика " 1998.
  5. Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары», Алматы,2000
  6. Н. Назарбаев Қазақстан-2030: Ел Президенттінің Қазақстан халқына  Жолдауы,  Алматы – 1998 ж..
  7. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж.
  8. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория»,  Алматы -2002 ж.
  9. Кушербаев Б.П. «Банктер және несие алушылар қарым – қатынастарын реттеу», Қарағанды, 2002 ж.
  10. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметі туралы// Банки Казахстана-2006, №3
  11. Банки Казахстана. №12, 1. -2003Банки Казахстана №1 «Отекущей ситуации на финансовом рынке» 2005ж. стр.2
  12. Банки Казахстан №8,2005ж. « Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жай-күйі туралы» 2 бет.
  13. Банки Казахстана. №1, 11. -2004
  14. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы- 2006

     15. Егемен Қазақстан. Астана: 16.05.2013.-8 бет.

     16. Егемен Қазақстан. Астана: 4.03.2010.-3 бет

     17. Егемен Қазақстан. Астана: 29.11.2011 ж.

     18. Егемен Қазақстан. Астана: 19. 11. 2012 ж.

     19. Ақша, несие, банктер: Учебник/ Под ред. Г.С. Сейткасимова. – 2-е изд.      Алматы: Экономика, 1999 ж.

     20. Финансы   Учебник/  К.К. Ильясов. В.Д. Мельников  -  Алматы 2000 г.

     21. Тимошина Т.П. Практикум «Деньги и банки»: учебно-методическое   пособие. Петропавловск: СКГУ им. М. Козыбаева, 2005 г.

22. Финансы: Учебное пособие/ под ред. проф. М.В. Романовского, проф. О.В. Врублевской, проф. Б.М. Сабанти. М.: Перспектива, Юрайт, 2000 ж.

23. Банк операцияларының  жекелеген түрлерін жүзеге асыратын  ұйымдар қызметі туралы// Банки  Казахстана-2006, №5

24.  А.Ә.Ілияс "Ақша-несие  саясаты", Алматы 2006

25. С.Б.Мақыш "Банк  ісі", Алматы 2005, 40-63 беттер.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе ҚР-дағы коммерциялық банктер және олврдың функциялары мен операциялары