Қорлар есебінің экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 17:23, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстын мақсаты: қаржылық есеп берудің қаншалықты мөлшерде дұрыс екендігін анықтау үшін, бухгалтерлік есеп берудің жүргізілуін, дұрыс бағалануын, анықтылығын, классификациялық қорытындыларының қаншалықты мөлшерде дұрыс екендігін анықтау болып табылады. Сонымен, келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
1)қорлар есебінің мақсаты мен атқаратын рөлі;
2)қорлар есебінің міндеттері мен бағалануы;
3) іс-тәжірибеде қорлардың бухгалтерлік есепте алатын орны;

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3
I Қорлар есебінің экономикалық мәні
1.1 Қорлар есебінің маңызы мен мақсаты.................................................................5

II Қорлар есебі және оның талдауының сипаттамасы
2.1 Қорлар есебінің бағалануы мен жіктелінуі.........................................................7
2.2 Қорлар есебінің кіріске алынуының және шығыстарының есебі....................9
2.3 Қорлар есебінің бухгалтериядағы және қоймадағы есебі, оларды түгендеу......................................................................................................................12
2.4 Қорлар есебінің талдауы.....................................................................................22
Қорытынды .............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.docx

— 64.98 Кб (Скачать документ)

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер үшін тиелген тауарлар, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін ұзақ уақыт бойы ақы төлеуді кешіктірген де мұндай кешіктірудің себебі анықталады, ол түгендеу комиссиясының хаттамасында жазылады. Келіп түскен қорлардың кіріске тіркелу фактілері анықталған кезде, оларды алған адамдардың түсініктемелері талап етілуі тиіс.

Жол үстіндегі  қорлар есебін түгендеудің нәтижелері. Жол үстіндегі материалдармен тауарларды түгендеу актісімен рәсімделеді. Жол үстіндегі қорлар есебін түгендеу актісінде әрбір жеке жөнелту бойынша мынандай деректер келтіріледі: атауы (құжатқа сәйкес), саны мен құны (есепке алу деректеріне сәйкес), тиеу күні, сондай – ақ осы қорлардың тиісті шоттардың есепке алынуына негіз болған құжаттардың тізбесі мен нөмірлері. Бұл ретте белгіленген мерзімде келмеген және есепті жолдан келе жатқан материалдар мен тауарлар ретінде есепте тұрған жүктер бойынша оларды іздестіру үшін қандай шаралар жүргізіліп жатқандығын тексеру қажет.

Тиелген сатып  алушылар мерзімінде ақы төлемеген  тауарлы материалдық қорларға арналған түгендеу тізімдерінде әрбір жеке тиеу бойынша сатып алушының аты, қорлардың атауы, тиеу күні, шот – фактурасының жазылған күні, нөмір және шот – фактура бойынша сомасы жүргізіледі.

Басқа ұйымдардың қоймаларында сақталатын қорлар осы қорлардың сақтауға өткізілгендігін растайтын құжаттардың негізінде түгендеу тізімдеріне енгізіледі. Осы қорларға түгендеу тізімдерінде олардың атауы, саны, сорты, нақты құн (есепке алу деректері бойынша), жүкті сақтауға қабылданған күні, сақтау орын, құжатардың нөмірлері мен күні көрсетіледі. Жауапты сақтауында осы қорлар тұрған ұйымдардан түгендеу тізімдерінің көшірмелері алынған кезде түгендеу тізімдерінің көшірмелерін комиссия нақты бар құндылықтарды (түгендеу тізімдері көшірмелерінің деректері бойынша) құжаттары бойынша белгіленген саны мен салыстырылады.

Басқа ұйымдар да қайта өндеуге тұрған қорларға арналған деректері бойынша нақты құны, запастардың қайта өңдеуге берілген күні, құндылықтардың нөмірлері мен күні көрсетілді.

Ыдыстар тізімдемеге  түрі мақсаты сапасы бойынша енгізіледі (жаңа қолданыста болған, жөндеуді қажет  ететін және т.с.с.). Тексеру алдында  бос ыдыстар түрлері бойынша  реттелуі тиіс: ағаштан жасалған ыдыс, картон мен қағаздан жасалған ыдыс, шыны ыдыс, мата немесе материалдан  жасалған ыдыс. Жарамсыз болып қалған ыдысты түгендеу нәтижесінде жұмыс  комиссиясы бүліну себептері және ыдыс үшін жауапты адамдарды көрсете  отырып акт жасайды.

Түгендеу  нәтижелерін анықтау үшін бухгалтерия  түгендеу тізімдерінің негізінде Қорлар есебін түгендеу нәтижелерін салыстыру ведомостарын жасайды. Оларға тек ауытқушылығы бар запастар ғана енгізіледі.

Ведомостарда  қорлардың атауы мен олардың сипаттамасы, түгендеу нәтижелері (артығы мен жетіспеушілігі), есепке алуды нақтылаудың есебінен (артығы, жетіспеушілігі) түзетілуі, қайта сұрыпталуы, түпкілікті қалдықтардың кіріске тіркелуі, түпкілікті жетіспеушілікті есептен шығарылуы көрсетіледі. Тізімге бухгалтер қол қояды; материалды жауапты адамда да түгендеу нәтижелері мен келісетіндігін растау үшін қол қояды.

    Қорларды ұрлау, олардың жетіспеушілігі, қасақана жою немесе материалдары бүлдіру кезінде шеккен зиян белгіленген тәртіп бойынша айқындалады.

Түгендеу  – бұл барлық материалдардың әр қайсысын біртіндеп санап шығып, одан кейін материалдардың нақтылы  қалдығын бухгалтерлік баланстағы қалдығы  мен салыстыру. Түгендеу жұмысы материалдардың түгел сақталуын қамтамасыз етуден басты құралды болып табылады.

Әрбір ілімнің  өзіне сәйкес пәні болады. Ол сол  ілімнің басқа салалардағы ілімнен айырмашылығын, оның өздеріне тән қасиеттерін, шектелуін анықтау үшін қажет.

Тану теориясына байланысты қандай да ілім болмасын, оның пәні объективті шындыққа негізделген. Егер, экономикалық теорияның пәні өндірістік қатынасқа, экономикалық заңдарға байланысты болса, аудитте барлық экономикалық ілімдер сияқты, шаруашылық жүргізуші кәсіпорындардың өндірістік қатынастарын дамыту үрдістеріне негізделген. Бірақта, олар сол үрдістердің белгілі жұмыстарының бір бөлімін ғана қарастырады.

 

 

2.4 Қорлар есебінің талдауы.

       

 

        Талдау – ғылыми зерттеу әдісі, оның негізгі объектісі оның құрамына, бөлшегіне жекелеп мазмұнын, мағынасын анықтап, өз кезегінде тұтастай құрайтын әр бөлшек жеке талдауға жататын құрамға айналады.

         Келе жатқан кезенде тауарлық-материалдық қорларды талдаудың негізгі міндеті сәйкес қорлармен өндірістің қамтамаз ету деңгейінің айқындауы және олардың пайдалану тиімділігінің бағалауы болып табылады.

         Талдаудың бірінші кезеніңде тауарлық-материалдық қорларының, оның динамиканың қарқыны, айналым активтердің көлемінде жеке салмағы жалпы соманың көрсеткіштері қарастырылады.

         Талдаудың екінші кезеңінде негізгі топтардың және олардың түрлерінің кесіндіде қорлардың құрылымы зерттеледі, олардың мөлшерлердің маусымдық ауытқуы айқындалады.

       Талдаудың үшінші кезеңінде қорлардың және жалпы олардың көлемі топтарының және әр түрлі түрлердің тиімді пайдалануы зерттеледі.

         Талдаудың төртінші кезеңінде осы шығындардың жеке түрлерінің кесіндіде қорлардың қызмет көрсетуі бойынша ағымды шығындардың құрылымы және көлемі зерттеледі.

Аудит, экономика  ғылым саласына қосылады, оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін пайдалану үшін аудитке ғылыми әдістер тобы оның методологиясын анықтайды, олар өз кезегінде жалпы әдістеме және жеке әдістеме болып бөлінеді.

Аудиттің  жеке әдістемесі диалектика прициптері мен ғылыми теориялық зерттеу  заңдылықтарынан құралады.

Аудиттің  жеке әдістемесі барлық ғылым саласына тән әдістер тобынан құралады; олар: талдау және топтау, индукция және дедукция, бақылау, салыстыру, өлшеу. Осы айтылған әдістердің барлығы философияның гнеосология теориясы бөлімінде толық жан – жақты қарастырылған.

Аудит процесінде анализ және синтез аудит объектісіне  осы әдістер арқылы талдау жүргізу  үшін қажет. Осы әдістердің ерекшеліктеріне  сәйкес талдау жасап оның мазмұн, мағынасын анықтауға болады. Аудит барысында шаруашылық субъектілерінің қаржылық – табыстық көрсеткіштерін талдау үшін дедукция және индукция әдістері қолданылады.

Сонымен аудитте  қолданылатын жалпы ғылыми саласында  жалпы ғылыми зерттеу әдісінен басқа  жеке – жеке әр ғылым саласының  мазмұнына, пәніне сәйкес ғылыми әдістері болады. Мысалы, бухгалтерлік есептің  нақты өзіне тән құжаттау, түгендеу және бағалау, калькуляциялау, есептеу, екі жақты жазу, баланс деген ғылыми әдістері бар.

Сол сияқты аудиттіңде жеке ғылым саласы ретінде  өзінің пәні мен ерекшеліктеріне  сәйкес арнайы ғылым тану туралы жұмыс  жүргізу процесін қамтамасыз ететін ғылыми әдістері бар.

Ол әдістер  аудиттің мақсаты мен атқаратын  функцияларына сәйкес жалпы ғылыми әдістер мен үйлестіктен құралған. Олар әсіресе жақын ғылымдар саласының методикалық әдістермен тығыз байланысты. Аудиттің жұмысының барысында сол жоғарыда аталған ғылым салаларының әдістері аудитте тікелей қолданылады және де олар аудит әдістерінің құрамына тікелей әсерін тигізеді. Мысалы, аудит, тексеру бірдей әдістермен жұмыс істейді. Олар: түгелдей салыстыту құжаттарды тексеру, бақылау әдістері, бухгалтерлік есептерді тіркеуді тексеру, аналитикалық және синтетикалық есеп кестелерін тексеру.

Қорыта келгенде, аудиттің әдістері үш топқа бөлінеді:

    1. Аналитикалық анықтау.
    2. Құжаттау.
    3. Қорытындылау.

Аналитикалық  анықтау – есептеу әдісі –  ол негізінде экономикалық талдау (топтау, салыстыру т.б.), аналитикалық тексеру  және статистикалық, экономика –  материалдық әдістер. Осы орайда аудиттің көп тармағын әдістемелік әдісі – ол, шаруашылық субъектілерінің қаржылық ақпараттарының құрылымының аналитикалық есебін тексеру. Мысалы, өндіріс шығының, оны сатудан түскен төлем сомасының салыстыру, онда анықталған өзгеру мөлшерінің қандай себептен болғанның, факторлардың әсерін есептеу.

Аналитикалық  тексеру әдісі аудиттің барлық кезеңінде  қолданады. Жоспарлаудан бастап күнделікті тексеруде, қаржылық ақпаратын жасауда, онда кездескен ескертулерді анықтауда және кәсіпорын шаруашылығының даму жолын бағдарлау барысында аналитикалық тексеру үздіксіз жүргізіліп отырады.

Әдістемелік құжаттау әдісі – өз кезегінде үш топқа бөлінеді: 1) мәліметтік модельдеу; 2) нормативтік құқылық жолын анықтау; 3) есеп құжаттарын зерттеп тексеру. Мәліметтік модельдеу дегеніміз – аудит объектісінің мәлімет тасушыға бір жүйеге келтіріліп тіркелген мәліметтерін айтамыз. (Ол алғашқы құжаттар, магнит барабандары, дискалары, перфокарта, магнит таспасы, есеп кестелері, ақпараттар).  

Мәліметтік  модельдеу мақсатты тексеру объектісінің нормативтік құқылық, ақпараттық бухгалтерлік мәліметтерін бір жүйеге келтіріп аудит  жүргізуге ыңғайластыру. Мысалы, аудит  жүргізу үшін өндіріс процесінің модельлін алатын болсақ онда шығыны жоспарланған өлшемде оның цехтар арасындағы құбылыс қозғалыс, оның бухгалтерлік құжаттарға тіркеуі, жауапкершіліктігі  есебі тағы басқа көптеген мәліметтер бір жүйеге келтіріліп, мәлімет моделін құрайды.

Нормативтік – құқылық жолын анықтау әдісінде заң түрғысынан, ереже нұсқаудың, нормативтік құжаттар талабының  ішкі ереже тәртібінің орындауын  анықтайды. Мысалы, түгелдеу ішкі ереже  тәртібінің орындалуын анықтайды. Мысалы, түгендеу тәртібінің заңды жүргізілуін бақылау үшін түгендеу жүргізуден ереже нұсқауының дұрыс қолданылуы бақылау қажет. Нақты, мүлік түгендеу, қаржы қорларын тексеру, ақша қаржысын тексеру ережелерінің дұрыс қолданылуы.

Есеп құжаттарын зерттеп, тексеру әдісінде сол құжаттарда көрсетілген шаруашылық әрекеттерінің  операцияларының заңдылығы, қажеттілігі  және экономикалық тиімділігі шындықты көрсетуін анықтау қажет. Осы  әдісті іске асыру үшін әртүрлі құжаттарды тексеру түрлері нақты бағалау  әдісі, әр түрлі есептеу, инспекция өткізу тағы басқа қатыстырулар қолданады.

Осы орайда құжаттарды тесерудің бірнеше түрлерін, әдістерін қарастыруға болады: формалдық, арифметикалық, заңдылық, логикалық  тексеру. Немесе жаппай қарама – қарсы  екі жазу жолымен, есепті қалпына  келтіру әдісі мен тағы басқалай қарастырулармен.

Формалдық әдісте құжаттың барлық реквизиттерінің дұрыс  толтырылғандарын, түзетудің болмауы, арифметикалық есебі, жауапкершіліктегі жұмысшылардың қол қоя қатыстырылады.

Арифметикалық тексеруде санау, көбейту процестерінің  мақсаты, тіркелгендігін анықтау. Құжаттың заңдылығын тексерудегі мақсат сондағы тіркелген операциялардың заңдылығын және экономикалық тиімділігін анықтау.

Қарама –  қарсы тексеру әдісі бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеруде өте  жиі қолданылады. Себебі бір құжат  бухгалтерлік есепте қайтара кездеседі. Мысалы кәсіпорынға жабдықтаушыдан материалдар келіп түссе, материалдардың құжатының бір данасы қойманың есебінде болса, екіншісі банк көшірмесінің тіркеуінде болады. Соларды салыстыру арқылы қарама – қарсы тексеру жүргізіледі, немесе дүкенші тауар сатудан түскен ақшаны кассаға өткізеді. Яғни касса ордерінің түрі касса есебінде болады да оның түбіртегі дүкеншінің есебіне тіркеледі. Олардың арасындағы құжат көрсеткіштерінің дұрыстығы қарама – қарсы тексеру арқылы анықталады. Осы қарама – қарсы тексеру әдісін қолдану арқылы ұрлық немесе әдейі қиянат жасаушылық қылмыстары анықталады.

Есепті қалпына келтіру әдісі – ол негізінде аудит процесінде бухгалтерлік есепте жіберілген қатені түзеу процесінің бірнеше түрі бар.

    1. Корректура әдісі.
    2. Бухгалтерлік есептегі қатені қосымша екі жақты жасау арқылы түзеу.
    3. Үшінші қате түзеу әдісі – қызыл жазу.

Нақты бағалау  әдісі бухгалтерлік есепті және аудит  барысында ерекше орын алатын бақылау  тексеру әдісі. Оның негізгі мақсаты кәсіпорын мүлкінің нақты есебін алып түгендеу. Бухгалтерлік есептің күдіксіз дұрысы екенінің тек қана нақты тексеру арқылы сенімді түрде анықтауға болады. Ол кезегінде шаруашылық субъектілерінің қорытынды ақпарат көрсеткіштерін нақты тексеруге негіз болады. Нақты тексеру методологиясы сенімді, түрде анықтауға болады. Ол кезегінде шаруашылық субъектілерінің қорытынды ақпарат көрсеткіштерін нақты тексеруге нағыз болады. Нақты тексеру методологиясы сенімді күдіксіз әдіс, сол осы арқылы әр шындықты анықтауға болады. Өз кезінде нақты тексеру үш түрге бөлінеді: түгелдеу, сараптап анықтау, бақылау арқылы анықтау.

Түгендеу  – инвентаризация. Бухгалтерлік есепте және аудитте түгендеу әдісі ол, кәсіпорын мүлкінің, негізгі құралдың, тауардың, материалдардың, ақша қаржысының, құнды қағазының есеп айыру әрекеттернің нақты бір кезеңде түгендеу барысында  бухгалтерлік есеп көрсеткіштеріне  сайма – сай дұрыс екендігін  анықтайды. Түгендеу процесінің қорытындысы  бухгалтерлік есеп көрсеткіші мен нақты  тексеру құжаты «инвентарлық тізімде» анықталған сомамен салыстыру арқылы анықталады. Яғни, бухгалтерлік есеп көрсеткіші тізімі корытындысынан артық болса, оның айырмасы жетпеген соманы көрсетеді. Қандай көрсеткіш анықталған жағдайда да аудит барысында оның себебін  анықтау, оған анықтама жасау, түсініктеме беру аудиттің міндеті.

Информация о работе Қорлар есебінің экономикалық мәні