Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 00:04, курсовая работа

Краткое описание

Халықаралық бәсекелестік жағдайында елімізде өндірілген өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте тұр. Ал халықаралық нарыққа шығу үшін сапалы өнім қажет және жоғары сапалы өнім өндіретін салалар білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонда ғана белгілі нәтижелерге қол жеткізгенімізге сенім артуға болады. Елімізде жүзеге асырылып жатқан индустриялық – инновациялық даму стратегиясы да дәл осы мақсаттарды көздейді.
Статистика мәліметтеріне жүгінсек республика бойынша 700 – ге тарта кәсіпорын халықаралық сапа белгісі ИСО – 9001 – ге ие болды.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттырудың ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........................................................................................................5

1.1Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңыздылығы……………………………………………………………………...5

1.2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері………………9

2 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ...........14

2.1 Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау.....................14

2.2 “Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ..........23

3 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттыру ЖОЛДАРЫ..............27

3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда сапа және баға саясатын жетілдіру…….........................................................................................................27

3.2 Кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру – бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі...............................................................................30

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................40

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Өнімнің-бәсекеге-қабілеттілігін-көтеру-жолдары.doc

— 444.00 Кб (Скачать документ)

      Үшіншіден, жаңа техниканың сапасын көтеру тұтынушыға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге жұмсалатын шығындарды салыстырмалы түрде қысқартуға мүмкіндік береді (Этқж(т)):

                           Этқж(т)   Штқжн х (Көз        (3)

Мұндағы: Штшн   −машиналар мен құрал−жабдықтар паркінің жөндеу күрделігі бірлігі есебіндегі негізгі кезеңде техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге кеткен шығындар; Жкп − машиналар мен құрал −жабдықтар паркінің жөндеу күрделілігі бірлігінің жиынтық саны.

      Төртіншіден, өнім сапасын көтеру тұтынушыға өндірісті ұлғайтуға кеткен капитал салымын үнемдеуге мүмкіндік береді; (Экст ):

                           Ө х Ққт х Кс            (4)

Мұндағы: Ө −заттық түрдегі жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнімді тұтынушының өндіру мен өткізуін арттыру; Ққт −тұтынушының негізгі өндірістік қорларының активті бөлігінің қор қайтарылымдығы; Кс −тұтынушыдағы капитал салымы.

      Сонда, бәсекеге қабілетті өнім сапасын көтеру нәтижесіндегі тұтынушыдағы экономикалық әсердің жиынтық мөлшері мына түрде көрінеді (Эфк(т)):

                           Эфк(т) мр(т) + Этқж(т)  өқ(т)) −Рефн(т)х ( Sнқ(т) −Экс(т))   (5)

Мұндағы Sнқ(т)−негізгі кеендегі негізгі өндірістік қорлардың рентабелділігі Рефн(т) кезінде тұтынушыдағы негізгі өндірістік қорлар құнының өсуі.

      Бір қарағанда бір жолғы және ағымдық шығындардың артуына алып келетін жаңа техника сапасын жасап шығаруды арттырудан түскен барлық табыстарды тұтынушы алатын жағдай төтенше, әдеттегіден тыс әсер туғызады.

      Бірақ, тіпті нарықтық экономика жағдайында өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеру өндіруші үшін экономикалық жағдайынан тиімді.

      Жаңа техниканы өндіруші, біріншіден, бәсекеге қабілетті өнімге өте жоғары баға беру есебінен қосымша пайда алады.( П(ө)):

                           П(ө) [(Бқ шжт−Өқжт ) −( Бқ шет −Өкет) ] х Жжт    (6)

Мұндағы: Бқ шжт  және Бқ шет −жаңа және ескі техникалардың келісім −шартты нарықтық бағасы; Өқжт және Өкет − жаңа және ескі техникаларды шығарудың өзіндік құны.

      Екіншіден, өнім сапасын көтеру өнімге тұтынушылардың кінәрат−талабы және ол бойынша ықпал шараларды төмендетуге тура келеді. Сонда, өнім сапасы мен оның бәскеге қабілеттілігін көтеруден алынатын экономикалық әсер мөлшерін мына түрде  анықтауға болады (Эфк(ө)):

                           Эфк(ө) П(ө) + Псанк −Реф(ө)х Кс(ө),    (7)

Мұндағы:  Псанк −жарамсыз өнімнің құны мен ақауларын жоюға кеткен шығындар; Реф(ө)− өндірушідегі негізгі өнірістік қорлардың рентабельділігі; Кс(ө) −өндірушідегі капитал салымы.

      Бір− бірімен байланысты салалардағы әсерді (Эфкс) есептеу арқылы өндіруші мен тұтынушыдағы жиынтық экономикалық әсер халық шаруашылық әсерін (Эф(хш)) құрайды. [3]

                             Эф(хш) Эфк(т) + Эфк(ө) + Эфк(с)      (8)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері

      Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және болжау – бірнеше этаптардан тұратын күрделі жұмыс. Алғашқы этапта бәсекеге қабілеттіліктің мақсаты анықталады. Нақты шарттарға тәуелді олар келесідей болуы мүмкін:

  • бірнеше кәсіпорындар арасында өнімнің жағдайын анықтау;
  • нарықта өнімді таратудың перспективасын бағалау;
  • өнім көрсеткіштерін анықтау; Оған бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтауға қажетті қажеттіліктер;
  • өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша іс-шараларды жасау;
  • тауарға баға тағайындау;
  • нақты нарықта тауармен жұмыс істеу стратегиясын таңдау;

      Екінші этапта өнімге талаптар қарастырылады. Оған ақпарат тұтынушылардың талаптары мен сұранысы негізінде талдау жасалынады. Келесі этап - өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға қажет параметрлерді қарастыру. Барлық параметрлер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауда үш үлкен топқа бөлінеді:

  1. нормативтік
  2. техникалық
  3. экономикалық.

      Алғашқыда өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің нормативтік параметрлері анықталады. Бәрінен бұрын тауардың патенттік тазалығы бағаланады. Содан кейін стандарттар мен талаптарға тауар параметрлерінің сәйкес келуі белгіленеді. Жоқ дегенде бір нормативтік көрсеткіш (экологиялық, қауіпсіздік, құқықтық, өзара алмастырушы, санитарлы ветеринарлық) белгіленген талапқа сай келмейтін болса, бәсекеге қабілеттілікті бағалау процесі ары қарай жүргізілмейді. Бәсекеге қабілеттіліктің нормативтік параметрлерін бағалау үшін 1немесе 0 – ге тең болуы мүмкін. Егер нормативтік көрсеткіштің біреуі 0 – ге тең болса, онда жалпы көрсеткіш те    0 – ге тең болады. Бұл тауардың бәсекеге қабілетсіз екендігін көрсетеді.  

Jнп = Пqi;   (9)

мұндағы:  Jнп – нормативтік параметр бойынша жалпы топтық көрсеткіш;

                  qi − әр көрсеткіштердің туындысын көрсетеді;

      Өнімнің техникалық мінездемесін санды түрде техникалық параметр бірлігі шамасының (Теi) сондай эталон параметр шамасына, олрдың қуаттылығы, икемділігі, сыйымдылығы, өнімділігі жанар – жағармай шығындары бойынша салыстыру арқылы көрсетуге болады.

         

   (10)

мұндағы: t ні – талданып жатқан өнімнің i – ші параметр шамасы;

                 t эі – ұқсас немесе эталон өнімнің i – ші параметр шамасы;

      Техникалық параметр бойынша (Jтп) топтық көрсеткішті белгілу үшін әр параметрдің мәнділігі есебінен бірлік көрсеткішті (Li) жинақтау қажет: 

Jтп = ∑ Tei*Li;   (11)

мұндағы:  Jтп  − техникалық параметрлер бойынша жалпы топтық көрсеткіш;

                  Тei – i параметрі бойынша бірлік техникалық көрсеткіш;

                  Li – жалпы параметрі бойынша коэффициент;

                  n – бәсекге қабілеттілік бағаланатын техникалық параметр саны;

      Параметрлердің үшінші тобына экономикалық көрсеткіштер жатады. Топтық экономикалық көрсеткішті анықтау үшін, талданатып отырған өнім өнім мен эталон немесе ұқсас өнімнің тұтыну бағасын салыстыру қажет.                

    (12)

мұндағы: Jэп − экономикалық параметрлер бойынша жалпы көрсеткіш;

                   Цnі − талданып жатқан өнімнің тұтыну бағасы;

                   Цnэ – эталон немесе ұқсас өнімнің тұтыну бағасы;

       Тауардың тұтыну бағасы сату нарық бағасы мен барлық шығындар түрінде белгіленеді.

Цni = Цpi + ∑ Зэкс і;     (13)

мұндағы:          Црі – тауардың нарықтық бағасы;

                          ∑ Зэкс і – тауардың сомалық  шығыны;

      Осы формулаға сәйкес тұтыну бағасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым бәсекелестік деңгейі жоғары, яғни тұтынушы салыстыратын тауардың біреуін иеленуге мүмкіндігі болады.

      Нормативтік, техникалық, және  экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіштер негізінде талданып жатқан өнімнің кешенді көрсеткіші кешенді көрсеткіші есептелінеді.

                                                  Кk = Jнп *Jтп > 1;    (14)             

                                                               Jэп


мұндағы: Кk – талданып жатқан өнімнің кешенді көрсеткіші;

                Jнп – нормативті параметр бойынша топтық көрсеткіш

                Jтп – техникалық параметр бойынша топтық көрсеткіш

                Jэп – экономикалық параметр бойынша көрсеткіш

     Есептелген коэффциент негізінде талданып отырған өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жөнінде шешім қабылданады. Егер Кk < 1 болса, бәсекеге қабілеттілік төмен. Кk = 1 тең көрсеткішке ие болады, Кk > 1 бәсекеге қабілеттілігі салыстырмалы түрде жоғары. Егер Кк > 1 болса, онда осы өнімді өндіру және нарыққа шығару шешімі қабылданады, Кк < 1 болса, онда бәсекеге қабілеттіліктің қажетті деңгейіне жету мақсатында техникалық  және экономикалық параметрлерді көтеру үшін тиісті іс – шаралар жасау керек. [4]

      Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау жолдары келесідей жүзеге асырылады:

      І кезең: Нарықта бәсекеге қабілеттілігі жоғары тауарды таңдап алу.

      ІІ кезең: Тауардың салыстырылатын көрсеткіштері мен параметрлерін анықтау.

      ІІІ кезең: Салыстырылатын тауардың бәсекелік көрсеткіштер деңгейін анықтау.

      Тауарлардың көрсеткіштері мен параметрлерін әртүрлі белгілер бойынша топтастыруға болады:

  • экономикалық көрсеткіштері: бағасы, өзіндік құны, пайдасы.
  • техникалық көрсеткіштері: нақтылығы, жүк көрсеткіштігі.
  • қолдану көрсеткіштері: персоналды оқыту шығындары, монтаждау және т.б.

      Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау процесінде келесідей принциптерді ескеру қажет:

−нарық субъектілерінің мақсаттары мен құралдарының қарама – қарсылығы;

−нарық сегменттерінің әртүрлі ерекшеліктерін ескеру;

−зерттеу кезеңдерінің нарық конъктурасы;

−нарық субъектілерінің рационалды мінез-құлқы.

      Мақсаттар мен құралдардың принципі өнімнің бәсекеге қабілеттілігін басқаруда аталған категорияның екі аспектіде қарастыруды белгілейді.  Бәсекеге қабілеттілікті басқару және бағалау процесінде екі нарық қатынасының субъектілерінің (тұтынушы мен өндіруші) қөзқарасын ескеріп, олардың өзара байланысын қарастыру керек. Өндіруші үшін маңызды параметр шығын деңгейі болса, ал тұтыну үшін маңызды параметр болып, өнімнің тұтынушылық қасиеті табылады.

      Тұтынушы мен өндіруші қатынас арасындағы байланыс ақша, тауар, айырбас процесінде мақсаттар мен құралдар қарама – қарсы матрицасын бейнелейді.

      Өнімді сатып алуды жетілдіру мақсатында тұтынушы үшін оның сапасын иелену болып табылады. Аталған қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін факторлар құнын тұтынушы бағасы түрінде көрсетуге болады. Әрбір тұтынушы нақты өнімді таңдағанда тұтыну қасиеттерінің деңгейімен оған кеткен иелену мен қолдану шығындарының арасындағы қолайлы қатынасқа ұмтылады. Соған байланысты әрбір шығын бірлігіне жоғары тұтыну тиімділігін алады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейін өлшеу үшін Батыс Еуропа мен АҚШ мемлекеттерінде кең қолданылатын тұтынушы қажеттіліктерін қанағатттаныру индексі қолданылуы мүмкін.

      Өндіруші қөзқарасы мен өнімнің пайдалылығы екі шығын бағалы факторлармен анықталады. Кез келген өндіруші ұзақ мерзімді перспективада таратылған өнім бағасы мен оның өндіру шығындары арасында максималды айырмашылық мақсатында әрекет жасайды. Осыған байланысты өндіруші үшін алғашқы міндеттерінің бірі болып аталған өнімнің жоғарғы пайдалылық деңгейі туралы ой қалыптастыру болып табылады. Өндіріс процесінің сапалы деңгейі өндірістік – технологиялық көрсеткіштерін бейнеленіп, өнім сапасында байқалады және өндірушінің негізгі мақсаты пайда алуды қанағаттандырады.

      Соған байланысты өнім нарықтың екі субъектісі үшін де тұтынушы мен өндірушіге пайдалы қасиеттер жиынтығын бейнелейді.

      Нарықтың әртүрлі сегменттерінің ерекшеліктерін есепке алу принципі.

      Нарықтық қатынастар тәжірибесінде негізделген және тұтынушыларды бірлік қоғам ретінде бейнелейтін шарт.

      Олар бір қасиетті бір тауарға әртүрлі әсер етеді. Тұтынушы сатып алуды іске асырғанда өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тауарды сатып алуға ұмтылады.

      Әрбір сатып алушының сатып алуы кешенді фактор негізінде жүзеге асады. Тұтынушы таңдауы, талғамы біркелкі болуы мүмкін емес. Оған байланысты әрбір тұтынушы өнімнің бәсекелестік қабілетін өз деңгейінде бағалайды. Сондықтан абсолютті бәсекеге қабілетті идеясы жоқ.

      Бірақта жиынтық сұраныс белгілі бір тұтынушылар топтамасында тауардың сапасы мен бағасы шеңберінде қалыптасады. Тұтынушылар психологиялық, мінез – құлық аспектісін талдай отырып бірнеше адамның бір өнім туралы әртүрлі ой қалыптасатыны сөзсіз.

      Қолайлы сегмент ретінде 20% тұтынушы иеленетін өнімді сатуды іске асырған жөн.

      Соған байланысты өнім бәсекеге қабілеттілігі әртүрлі сегменттерде әртүрлі болады. Тұтынушылар өз сегменті бойынша өнімнің жетістіктері мен кемшілігін өздігінше бағалайды. Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін тұтынушылар сегментациясын дұрыс жүргізу керек.

Информация о работе Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру