өндірісті ұйымдастыру туралы жалпы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2014 в 09:49, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, Президентіміздің 2005 жылдың 19 наурызындағы халыққа Жолдауында айтылғандай “елдің дамуын бесекеге қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек” яғни халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіпорындар құрып, өндірістің шикізаттық бағытынан өңдеуші өнеркәсіпке көшудің маңызы зор. Сол арқылы елдің өнеркәсібінде тепе-теңдік орнатуымыз қажет. Мұнайдың шикізат ретінде экспортқа жіберілуін азайтып өз елімізде өңдеу, машина жасау өнеркәсібін дамытып, елдің басты салаларына күрделі қаржы бөлу мәселесі тұр.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................3
1.1.Өндірісті ұйымдастырудың мәні және мазмұны................................5
1.2.Кәсіпорынның негізгі өндірісті ұйымдастыру құрылымы мен көрсеткіштері............................................................................................8
1.3.Өндірістік операцияларды әзірлеу әдістемесі................................12
2. Негізгі бөлім
2.1 Өндірістік операцияларды құрылымдық бөлімшелерге дейін жеткізу....................................................................................................26
2.2 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның негізгі өндірісті ұйымдастыру қалыптасуының жаңа әдістері................................................................28
Қорытынды.................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Негізгі өндірісті ұйымдастыру курс жум.doc

— 380.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі дамуы жалпы өнімнің өсуімен сипатталады. 2001 жылы экономиканың негізгі болып өндіруші саладағы өндірістік қуатты өсу қарқыны 75 % болып отыр. Бұл көрсеткіштер тек қана экономиканың өсуін ғана емес, елдің қуатты келешегін сипаттайды. Сонымен қатар президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы халыққа жолдауында елдің инновациялық-инвестициялық дамуы қарастырылып отыр, яғни оның басты мақсаты болып елде ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету біздегі инновациялық жолды таңдауды, өндірісті интенсификациялау мен технологиялық қайта жаңартуды талап етеді.

Бұл стратегияны жүзеге асыру үшін қомақты жұмыс жасауды талап етеді. Өйткені бүгінгі таңда өндірістік-техникалық фактор өндірістік күштің негізгі элементі болып саналады және ол жоғарғы деңгейде қажет болып отыр. Бұл деңгей «Экономикалық өсуге шикізат негізінде» және «Әлемдік шикізат нарықтарында оңтайлы жағдай негізінде қол жеткізілгені» де дәлелдеп отыр.

Сонымен президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Үшінші мың жылдықтың ғылымы» атты конференцияда айтқандай: «Жаңа ғасырда тұрақты дамудың стратегиясы болып, ғылым сыйымды өндіріске өтіп, бәсеке қабілетті өнімді экологиялық таза технологияларды мүмкіндігінше тереңірек енгізіп, өңдеуші өндірісті дамытуымыз қажет. Өз кезегінде кәсіпорын деңгейінде өндірістің тиімділігін мемлекеттің тұрақты экономикалық даму барысында өндірісті ұйымдастыруда жатқанын бәрі біледі, ол үшін тек қана үкімет пен басқа да кіші-гірім бірлестіктер ғана емес бүкіл Қазақстан халқы атсалысуы қажет деп білем.»    

Өнеркәсіптік өндіріс Қазақстан Республикасының экономикасының негізі болып табылады. Тәуелсіздік алғаннан бері өнеркәсіптің дамуы ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен қалыптасты, ал ол реформалар мен сала жағдайына мардымсыз әсер етті.

Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономиканың барынша жоғары қарқынына қол жеткізу міндетіміз болып табылады.

Бұған біз өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сай қол жеткіземіз. Бәсекеге қабілеттілікке мемлекеттік қолдаудың қолайлы жағдайында емес бәсекелестермен қатаң күресте қол жеткізетініне баршаға мәлім. Біз бұл жағдайда мемлекеттік қолдаудың оңтайлы рөлі, бір жағынан экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізу, екінші жағынан-инфрақұрылымды жасау және белді салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін.

Сондықтан 2007 жылы экономиканы дамытудың негізгі бағыттары мыналар болуы тиіс:

  • экономиканы әрі қарай ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюрократиясыздандыру;
  • Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
  • индустриалды-инновациялық даму стратегиясын күшейту;
  • индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
  • ауылды дамыту стратегиясын жүзеге асыру;
  • инфрақұрылымды дамыту.

Бұл басты басымдықты бағыттар ішінен машина жасау саласына байланысты индустриалды-инновациялық дамуға тоқталсақ, ол стратегияны жүзеге асыру үшін даму басымдықтарын анықтау қажет.

Үкімет әлемдік деңгейдегі сарапшыларды тартып, еліміздің артықшылықтарына талдау жасау арқылы жылдың соңына қарай нақты ұсыныстар жасауы қажет.

Біз іс-жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибеден өтуіміз қажет. Машина жасау саласына тоқталсақ, осы жылы «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы біздің ірі машина жасау зауыттарымызды жаңғырту мақсатында «Сингапур Технолоджизбен» бірлескен мекеме құрады. Біз ауыл шаруашылық және көліктік машина жасауды дамытуымыз керек. Атап айтқанда, Қазақстандағы дизель зауытының өнімділігін арттырып, «Азия-Авто» зауытынан «Шкода» автомобилін құрастыруға ауыстыру мәселесін қарастыру қажет.

Сондай-ақ «Қазақстан-КамАЗ» концерні зауытында жүк автомобильдерін құрастыруды арттыра түскен жөн.

Енді бүкіл салалар бойынша статистикалық мәліметтерді қарастырсақ: 2000 жылдан бастап 2005 жылға дейін өнеркәсіптің өндіріс көлемінің төмендеуі байқалды, ал 10 жылдық кезеңнің екінші бөлігінде өндірістің өсуі байқалды, орташа өсімі жылына 3,1 %-і құрады.

2000 жылы өткен  жылмен салыстырғанда өндіру көлемі 15,5 %-і құрады. 2001 жылы өсу қарқыны осындай жоғары болып қала берді.Өнеркәсіптің көптеген салаларында өндіру көлемі айтарлықтай өскен және ол орта республикалық өндіріс деңгейінен жоғары. Сонымен бірге соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен келесі салалар дамып келе жатыр: химиялық, мұнай химиялық өнеркәсіп, машина жасау мен металл өңдеу, құрылыс материалдарының өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіп.

2001 жылы Қазақстанның  өнеркәсіптік кәсіпорындарында 2000 млрд теңгеге өнімдер өндірді, ол 2000 жылмен салыстырғанда 113,8 %-ті құрады. Өндіру көлемінің өсуі Қазақстанның барлық аумағында байқалған.

2003 жылдың қаңтар-маусымдағы  өндіру көлемі 2002 жылдың қаңтар-маусымындағы өндіру көлемінің 8,7 %-ке жоғарлаған.

Өнеркәсіп салаларында 2002 жылы 664,5 мың адам жұмыс жасаған, ол экономика саласында жұмыс істейтіндердің ¼ құрайды. Жұмысшылар жалақысы орташа республикалық деңгейінін 1,4 есе асады да 23,8 мың теңгені құрап отыр.

 

 

 

Салалар бойынша өндірістік өнімнің табиғи көлемі, индексі:

 

Атауы

2003ж

2004ж

2005ж

Өнеркәсіп барлығы

115,5

113,8

408,7

Электр энергиясы

105,8

108,5

950

Мұнай өндіруші

115,8

115,1

112,5

Мұнай өндеуші

103,8

123,7

107,6

Газ

125,0

101,5

106,0

Көмір

128,4

105,7

81,3

Қара металлургия

110,8

100,6

105,7

Түсті металлургия

149,8

112,4

112,2

Химиялық және мұнай химиялық өнеркәсіп

122,2

154,7

117,7

Машина жасау мен металлургия 

179,9

142,1

91,6

Құрылыс материалдары

138,6

146,1

108,0

Жеңіл өнеркәсіп

122,5

137,7

150,5

Тамақ өнеркәсібі

116,1

108,2

113,8


    

Өткен 10 жылдың ішінде өндірістің салалық құрылымы біршама өзгерістерге тап болды. Қазіргі кезде өнеркәсіптің өндірісте өндіруші өнеркәсіптің үлесі-46,9 %, тауар өндірісі-44,3%, электр қуатын, газ және суды өндірумен бөлу үлесі-8,8%. Егер 2001 жылы өнеркәсіптің өндірісте басты орынды машина жасау, жеңіл және тамақ өндірістері алса, 2000 жылдың ортасына таман отын өнеркәсібі (23,4%) және металл өндеуші (25,1%), ал 2004 жылы бұл салаларға республика өндірісінің 60% жатады.Өткен 10 жылдың ішінде металлургиялық өндіріс пен мұнай өндіру салаларының үлесі жоғарлады.

  Өнеркәсіптің  салалық құрылымының өзгеруіне  салаға салынған инвестиция көлеміне  байланысты. 10 жылдың ішінде өнеркәсіпке  инвестицияның құйылуы бір қалыпты. Оның ішінде ең жоғарғы инвестиция  соңғы 3 жылда байқалды. Ең капиталы сыйымды салалар болып, мұнай және газ өнеркәсібі, электрэнергиялық және түсті металлургия болып саналады. Шетел инвестициясының үлкен өнімі өңдеуші өнеркәсібіне бағытталған.

2005 жылғы экономикалық  салалардағы іс-әрекеттер бойынша  өнеркәсіп өндірісі құрылымы. 

 

 

2001-2005 жылдар арлығында  Қазақстанның барлық салаларында  өндірудің төмендеуі байқалды, бірақ 10 жылдықтың екінші бөлігінде (2002-2006) өндіріс кеңейтіле түсті, ол орташа  есеппен 5,8 % құрады.

2001 жылы өңдеуші өнеркәсіпте өсудің алғашқы белгілері байқала бастады. Өсу қарқыны 17,4 % жетті, тамақ және жеңіл өнеркәсіпте өсу байқалды, ал машина жасау саласында импорт алмастыру бағдарламасының негізінде өсу қарқыны 79,9 % құрады. 2002 жылы машина жасау саласында өсу жалғасын тапты, бұл саладағы өсу қарқыны 2001 жылмен салыстырғанда 142,2 % құрады. Көлік құрамдарын өндіру 2,1 есе, машиналар мен құрал-жабдықтардың, электр және электрондық құрылғылар 1,2 есе өсті. Сонымен бірге аралық тұтыну тауарларының өсуі байқалды. өнеркәсіптегі 2002 жылы сала бойынша алатын үлестері келесі суретте кескінделген.

2002 жылы өңдеуші  салада 937,2 млрд. Тг. өнімдер өндіріліп, жалпы өнеркәсіп өндірісінің 47 % құрап отыр. Бұл салада 397,5 мың  адам жұмыс жасайды, олардың жалақысы 2002 жылы 19,8 млн. тг. құрап отыр.

Машина жасау саласындағы соңғы үш жыл ішінде өсу байқалды.

2000 жылы – 13,6 % ,2001 жылы – 1,8 есе, 2002 жылы – 1,4 есе. Өткен жылмен салыстырғанда 11кесте

 

 

 

 

2005-2006 жылдары  сала бойынша өндірістің қуаттар орташа есеппен 10 %-ке төмен жүктелген болатын, оның себебі құрал-жабдықтардың табиғи және моральды ескіруі болып табылады. Соңғы жылдары сала қарқынды өсіп келе жатыр, сала кәсіпорындарының дамуын жеделдететін, бағдарлама жасалды.

2002 жылы 2001 жылмен  салыстырғанда подшибниктерді өндіру 12,4 % эксковаторларды шығару 1,3 есе, видео көшіру мен видео көрсету 1,5 есе, мұнай-газ өңдеуші құралдарын 4,4 есеге өсті.

Тәуелсіздік жылдары ішінде республикада видеомагнитафондарды, тоңазытқыштарды, шаңсорғыштарды шығаруды игерді. Тракторларды өндіру жанданды «Қазақстантрактор» АҚ Т-95,4 класты жаңа түрін шығаруды бастады.

Оңтүстік Қазақстан облысында (электроаппарат АҚ) күн көзінен жылынатын су жылытқыштары жасалды және жоғарғы вольтты құрылғыларының жетілдіріле түсуі т.б.

Қазэнергокабель зауыты ТМД бойынша қуатты қорғалған өткізгіштерді Еуропалық мамандану бойынша өндіреді, яғни ол халықаралық ISO стандарттарына сай өнім өндіреді деген сөз. Қазір бұл кәсіпорын шеттен кіретін өнімдердің 25 % алмастырады.

Қазақстанның машина жасау саласындағы басты мәліметтер жоғарыда көрсетілген. Ол бойынша соңғы үш жылдың ішінде машина жасау саласы тұрақты дамығанын көреміз. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың бәсекеге қабілетті экономика құру жөнінде 2004 жылғы жолдауында: «Қазақстан алдағы дамуын өңдеуші салаларды дамыта отырып бағытталуы қажет» деген. Осыған орай импорталмастыру саясатына сүйеніп, яғни халықаралық стандарттарға сай, бәсеке қабілетті тауар шығврып, ең алдымен ішкі нарықты қанағаттандырып, содан соң сыртқы нарықта да өз орынын табуға бағытталуы қажет. Ол үшін елдегі барлық өңдеуші кәсіпорындардағы техника мен технологияны жаңартып, жұмысшылардың мамандану деңгейін көтеріп, оларды шет елдерге оқытып, кадрларды ретке келтіру. Мемлекет тарапынан көмектер көрсетіліп, салық саясатының ретке келтіріп, кәсіпорындардың қаржыларын легализациялау қажет, өйткені қазір көптеген кәсіпорындар өз қаражаттарын салықтан құтылу үшін көлеңкелі жағдайда ұстап отыр.

Өңдеуші кәсіпорындарды дамыту үшін заңдылықты түпкілікті жөндеп, қаржы тексеру органдарының қызметтерін бақылап, қажетті уақытында жәрдемдесуге бағыттауы керек, өйткені қазіргі оны тексеру бөлімінің инспекторлары тексеру кезінде кемшіліктерді жоюға емес, оларды көбейтіп өз қалталарына қаражат түсіруге тырысатыны ешкімге құпия емес.

Қазіргі еліміздің ұлан-ғайыр жері мен табиғи байлықтарын ескере келе біздің халқымыз ең дамыған елдердің санатында болуымыз қажет, оған жету үшін біздегі әрбір азамат оған өз үлесін қосуы қажеттігін жете түсінуі керек. Мысал үшін Жапонияны алатын болсақ, ол елде қазба байлықтардың ешбір түрі жоққа таяу болғанымен, ондағы халық елінің экономикасын дамыту үшін өздерінің кейбір қажеттіліктерінен бас тартуға дайын. Оның өзі бұл елдің халқының сана-сезімінің жоғарғы дәрежеде екенін дәлелдейді. Сонымен бірге бұл ел шикізаттардың шектеулі жағдайында бірнеше он жылдықтар бұрын өндірістің қай саласын дамыту қажеттігін дәл анықтап, сол салалар бойынша үлкен зерттеушілік жұмыстар жүргізіп, қазіргі таңда осындай дәрежеге жетіп отыр. Жапония дүниежүзінің басқа елдермен салыстырғанда ҒТП мен ҒТР-дің және жаңа техника мен технологияның ең дамыған ел болып табылады. Осындай шет мемлекеттердің даму бағытын ескеріп, Қазақстан өз бағытын анықтауы қажет.

Информация о работе өндірісті ұйымдастыру туралы жалпы ұғым