өндірісті ұйымдастыру туралы жалпы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2014 в 09:49, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, Президентіміздің 2005 жылдың 19 наурызындағы халыққа Жолдауында айтылғандай “елдің дамуын бесекеге қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек” яғни халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіпорындар құрып, өндірістің шикізаттық бағытынан өңдеуші өнеркәсіпке көшудің маңызы зор. Сол арқылы елдің өнеркәсібінде тепе-теңдік орнатуымыз қажет. Мұнайдың шикізат ретінде экспортқа жіберілуін азайтып өз елімізде өңдеу, машина жасау өнеркәсібін дамытып, елдің басты салаларына күрделі қаржы бөлу мәселесі тұр.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................3
1.1.Өндірісті ұйымдастырудың мәні және мазмұны................................5
1.2.Кәсіпорынның негізгі өндірісті ұйымдастыру құрылымы мен көрсеткіштері............................................................................................8
1.3.Өндірістік операцияларды әзірлеу әдістемесі................................12
2. Негізгі бөлім
2.1 Өндірістік операцияларды құрылымдық бөлімшелерге дейін жеткізу....................................................................................................26
2.2 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның негізгі өндірісті ұйымдастыру қалыптасуының жаңа әдістері................................................................28
Қорытынды.................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Негізгі өндірісті ұйымдастыру курс жум.doc

— 380.50 Кб (Скачать документ)

Жоспарлы кезеңдегі өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті (Кмп) келесі формуламен есептелінеді:

 

Кмп = Кмо* j                (12)

 

Мұндағы: Кмо – жоспарлы жылы өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті; j – жоспарлы кезеңде қуатты пайдалану коэффициентінің өсу индексі.

5.Жұмыс істеп тұрған өндіріс қуатына негізделіп мүмкін болатын өнім көлемі анықталады. Бұл мәселені шешудің екі тәсілі бар. Өндірістік опрерациялардың қалыптасу шағында қазіргі бар өндіріс қуаты мен өнім өндіру көлемі олардың көлемінің орта жылдық қуатты қолдануды жоспарлы коэффициентіне көбейту арқылы анықталады.

  1. Өндірістік бағдарлама жоспары өндіріс қуатымен салыстырылып, оның бір жылғы өнім көлемін өндіре алатыны тексеріледі. Өндірістік қуаттың толық пайдалануын есептеу натуралды және құндық түрде көрсетіледі. Егер өндірістік бағдарлама өндіріс қуатын толық жаппаса оны жабудың жолдарын іздестіру керек. Ал егер тапсырыс көлемі өндіріс қуатынан артық болса, тұтынушыларды басқа зауытпен байланыстыру немесе өндірісті кеңейту керек. Өндірістік бағдарлама мен өндіріс қуатын сәйкестендіру үшін өндіріс қуатына баланс жасалады. Онда кіруші және шығушы орташа жылдық өндірістік қуат көрсетіледі. Өндірістік қуат балансы өнімнің әр түріне қарай жоспарлы жылдың соңына қарай жылдың басындағы қуаттарды соммалау арқылы табылады.
  2. Өндірістік бағдарлама мен өндіріс қуатының арасында тепе – теңдік орнағаннан кейін өндіріс жоспары жобасына экономикалық бағалау жасалады. Өнімді өткізу көлемі мен өндіру көлемі өзгергенде кәсіпорынның жиынтық шығыны төмендейді. Өндіріс көлемі өскен сайын өндіріс шығындары мен одан түскен табыс көлемі арта беріп олардың айырмасы кәсіпорын түсімін құрайды. Өнімге кеткен шығын мен одан түскен табыс теңескенде тепе – теңдік орнайды, бұл нүкте экономикалық әдебиеттерде шығындардың нүктесі деп аталады. Өндірістік опрерацияларды қарастыруда жоспарланып отырған өнім көлемі шығынсыздық нүктесінде бар ма, жоқ па анықтауымыз қажет.

Таңдалып отырған жоспардың тиімділігі тағы келесі көрсеткіштерді талдау арқылы анықтауға болады, олар: қор қайтарымдылық, қор сыйымдылық, рентабелділік, өнімнің бір теңге өсіміне капитал салымдары, сонымен бірге негізгі қорларды салыстырмалы үнемдеу (Эоф) есептеледі.

 

±Эоф =  ОПФпл – ОПФо * Jпт           (13)

 

 

мұндағы:ОПФпл, ОПФо – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны жоспарлы және есепті жылдары; Jпт – жоспарлы жылы тауарлық өнімнің көлемін есептеу индексі.

Қор қайтарым деңгейінің өзгеруіне бірнеше факторлар әсер етеді, олар: негізгі өндіріс қорлар бөлігінің қор қайтарымдылығының өзгеруі, қорлардың негізгі бөлігі үлесінің жалпы соммадағы өзгерісі. Өндірістік опрерациялардың тиімділігі: өнім рентабелділігін, капитал рентабелділігін және өткізу рентабелділігін сипаттайды. Өнім рентабелділігі (Ри) жалпы (Пв) немесе таза табысты (Пч) өткізілген немесе тауарлық өнім шығындар соммасына қатынасымен анықталады.

 

Ри  = Пв/С немесе Пч/С                (14)

 

Өткізу рентабелділігі - өнімді өткізуден түскен табысты алынған түсімге бөлу арқылы есептелінеді.(Вр).

Рп =  Пв/Вр немесе Пч/Вр             (15)

Капитал рентабелділігі – таза табыстың негізгі және айналым капиталының орта жылдық құнына бөлу арқылы есептелінеді. Өндірістік іс әрекетті рентабелділік деңгейі 3 факторға байланысты:

  • өндірістік бағдарлама құрылымының жоспарлы жылы есептімен салыстырғандағы өзгерісі;
  • өзіндік құны өзгерісі;
  • өткізу бағасының өзгерісі.

Талдау барысында аталған факторлардың рентабелділік деңгейіне әсерін байқау қажет. Өндірістік бағдарлама жан – жақты зерттелгеннен кейін жоба бекітіліп құрылымдық бөлімшелерге жеткізіледі. Олар өндірістік бағдарлама негізінде басқа өндірістік бөлімшелер жоспарын жасап, өндірістік опрерацияларды  орындауға дайындалады. Өндірістік опрерациялардың орындалу жобасының пәні болып дайындау әдісі мен өндіріс түрі табылады. Бұл кезеңнің басты міндеті болып өндірістік опрерацияларды барлық құрылымдық бірліктерге жеткізіп, оның орындалуын ұйымдастыру. Бұл кәсіпорынның тактикалық жоспарының бір бөлігі болып табылатын жедел – күнтізбелік жоспардың құрамдарымен жасалады.

Негізгі жоспарлау кезеңдерін мазмұнын қарастырайық:

1.Өндірістік опрерацияларды жоспарлы кезеңдер бойынша бөлу.

Ағымдағы жоспарлауда өндірістік бағдарлама әдетте бір жылға құрылады. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы аумағының динамика жағдайында өндірістік опрерацияларды ұзағырақ мерзімге жоспарлау мүмкіндігі төмен. Сондықтан да жылдық өндірістік опрерацияларды жүзеге асыруға дайындық, оны кварталдар мен айларға бөлуден басталады. Өндірістің ырғақтылығы тиімділіктің жоғарылауына үлкен әсері болса жылдық шығару көлемі мен өткізу көлемін нақтылап кварталдар мен айларға бөлу қажет. Жылдық міндеттерді кварталдарға бөлу келесі факторларды ескере отырып жасауы қажет: Өндірістік опрерациялардың орындалуының жоспары келесі алгоритм бойынша жүзеге асады.

 

 

 

 

 

 

 


Өндірістік операцияларды жоспарлы кезеңдер бойынша бөлу




 

                                               

               


 

 

  Өндірістік     операцияларды құрылымдық бөлімшелерге жеткізу







 

 

 


 

Операцияларды жасау әдісін таңдау




 


 


 

Құрал –жабдықтардың жіктелу есебі




 


 

 

 

 Өндірістік операциялардың орындалуының технологиялық схемасы

  • тұтынушыларға келісім шартта көрсетілген мерзімде өнімді жеткізу;
  • өндірісті кеңейту, өндіріс қуатын пайдалануды жақсарту, сонымен бірге инновациялық іс – шаралар;
  • жаңа құрал – саймандар мен қуаттарды іске қосу мерзімдері;
  • барлық өндірістік бөлімшелерді бірдей жүктелуін қамтамасыз ету;
  • өндірістің сериялылығын жоғарылату;
  • әрбір кварталдағы жұмыс күндер саны;
  • жұмыстың мезгілділігі мен ауыспалдылығы;
  • өнім өткізілуінің мезгілділігі;
  • кейбір құралдардың істен шығуын және басқа себептермен тұрып қалу мүмкіндігі;
  • өндірістен ескірген және сұранысы жоқ өнімдер түрін алып тастап,орнына жаңа тауарлар енгізу.

Жаппай және ірі сериялық өндірісте, яғни өнімнің өтуі мезгілге байланысты емес болғанда өндірістік опрерацияларды бөлу пропорционалды түрде жұмыс күніне бөлінеді. Қалған жағдайларда бөлу тұтынушыларға өнімді жеткізу кезеңдеріне байланысты жасалады.

2.1 Өндірістік опрерацияларды құрылымдық бөлімшелерге дейін жеткізу.

Кәсіпорынның ішкі құрылымы мен мамандануына байланысты өнім өндіру бағдарламасы кәсіпорынның ішкі бөлімшелеріне жеткізіледі. Сонымен бірге өндірістік өнімді шығару жоспарына кәсіпорын өзі өндіретін дайын өнімдер мен жартылай фабрикаттар кіреді. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне  міндеттер келесідей бөлінеді: шығарушы бөлімшелер, өңдеуші бөлімшелер, дайындаушы бөлімшелер. Өндірістік міндеттердің құрылымы мен көрсеткіштері кәсіпорында жұмыс жасап отырған жедел күнтізбелік жоспарлауға байланысты. Жоспарлаудың теориясы мен тәжірибесі жедел күнтізбелік жоспарлаудың бірнеше түрлерін жасап шығарды. Оған келесі жүйелер кіреді:

  • тапсырыстық;
  • машина – комплектілі;
  • комплектілі – тораптық;
  • деталдық.

Өндірістік  опрерацияларды цехтарға дейін жеткізген соң өнімді жасау әдісі таңдалады. Әрине бұл үрдіс өндірістік опрерацияларды жасағанда әрбір рет жаңадан жасалмайды.

3. Өндірістік опрерацияларды ұйымдастырудың әдісін таңдау.

Өндіру әдісін жоспарлау, өндірістік үрдіс қалай ұйымдастырылатынын анықтайтын бірлік. Өнімді өндірудің ағымдық, партиялық және бірлік түрлері болады.

“Мақта зауыты”ЖШС – ы өнімдерін өндіргенде бірлік әдісті көп қолданады. Бірлік өндірісте көбінесе универсалды құрал – жабдықтар қолданылады, оның өнімділігі басқалармен салыстырғанда аз болады. Олар көбінесе арнайы жұмыстарды атқарады, сондықтан құрал – жабдықтардың жүктелуі біркелкі болмайды.

Өндірістік опрерацияларды дайындаудың әдісі таңдалғаннан кейін келесілер есептелінеді:

  • өндірістік циклдың ұзақтығы;
  • партиялар көлемі;
  • оларды өндіріске енгізу уақыты.

Өндірістік циклдың ұзақтығы жедел күнтізбелік жоспардың негізі болып табылады. Олардың көлеміне қарай айналым қорларының көлемі анықталады. Өндірістік циклдың ұзақтығы деталдар партиясы көлемімен тығыз байланысты.

4. Құрал – жабдықтардың  жіктелуін есептеу.

Цехтағы өндіріс жоспары анықталғаннан кейін, өндірістік бағдарлама құрал – жабдықтардың жүктелуін анықтау қажет. Оны есептегенде әрбір жұмыс орнының өндірістік бағдарламасына, өндірістік қуатына сәйкестігін табу керек. Сондықтан да жүктелу әрбір станокқа жеке жасалады. Құрал – жабдықтың жоспарлы жүктелу коэффициентін анықтағанда жылдық өндіріс көлемі өндіріс қуатына және өндірістік бағдарламаға сәйкес келуі қажет.

Нарықтық экономикаға көшу қарсаңында әрбір кәсіпорын өз жұмысын жүргізу барысында тыңғылықты есептеулердің жасалуын талап етеді.Ол үшін кәсіпорын экономикалық көрсеткіштерін нақты және дәл талдап, маркетингтік зерттеулерге сүйенуі қажет. Нақты талдауларды келесі тараулардан қарастыратын боламыз.

15 жылдық стратегиясын  жасай алатындығына көзіміз жетіп  отыр. Бұл стратегия бойынша Қазақстан 2015 жыл ішінде жоғары технологиялар  қолдана отырып елдегі өндіруші саладан өңдеушіге өтуге әрекеттер жасап, ғылым сиымды салаларға көп көңіл бөлді. Бірақ бұл аралықта Қазақстан жоғары тиімді және жоғары бәсеке қабілетті экономика құра алмайды, ол тек қана сол бағытта сәл ғана жылжи алады және мұнда өндіруші сала әлде болса да ең басты орында болады.

Сонымен нақты 2015 жылдағы стратегиялық мақсаттар болып:

  • Қазақстанның мемлекеттік біртұтастығын және ұлттық қауіпсіздігін нығайту;
  • өңдеуші салаға негізделген экономика құруға тырысу;
  • ел экономикасын әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті ету және интеграциялау;
  • экономикалық даму мен халықтың әл ауқатын орта дамыған мемлекеттер қатарына жеткізу, бұл экономикалық өсудің орта жылдық деңгейін ЖҰӨ 5 – 6% жеткізу болып табылады;
  • демократиялық азаматтық қоғам мен тиімді әрі мықты құқылық мемлекет құру.

Аталған 15 жылдық стратегияның жүзеге асуын үш кезеңге бөледі:

1 кезең (2003 - 2005) –  бұл кезеңде өндіріс жанданып, экономиканың біршама дамуы болады. Өндірістің дамуы тұрақсыз, әр  салада әр түрлі дамиды. Әртүрлі  салаларда реформалар үдей түседі, ЖҰӨ орташа жылдық өсу деңгейі 3 – 4%

2 кезең (2006 - 2010) –  сапалы өзгерістердің бастамасы. Ең бастысы бұл кезеңде өндірістік  аппараттың жаңаруы болады, жаңа  салалардың қалыптасуы болып  инвестицияның өсу қарқыны ЖҰӨ  өсуінен жоғары болады.

3 кезең(2011 - 2015) –  бұл жылдық өсімі 8,8 – 9,2% -ті құрайтын  жеделдетілген экономикалық өсу  кезеңі. Мұнда эконогмикалық өсу  өңдеуші саланың басымдылығымен  өндіріске жаңа техникамен жоғарғы  технологияны енгізуге есептелген. Бірақ бұл процесс 2015 жылы аяқтаомайды. Ол одан ары қарай өсіп жетіле түседі, яғни халық табысы өседі, ұлттық өнімдердің бәсеке қабілеттілігі артады, экспорт көлемі жоғарлайды.

2.2 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның негізгі өндірісті ұйымдастыру қалыптасуының жаңа әдістері.

Қазақстан экономикасында көрініс тапқан ұзақ уақыттық трансформация кезеңінен кейін, ол өз кезегінде өндірістің төмендеуімен, халықтың көп бөлігінің тұрмыстық жағдайының нашарлауымен қатар жүрді. Ел экономикасына жан жақты жақсартатын күрделі стратегия қажеттілігі туды. Өткен жылдар ішінде ел экономикасының шарықтап дамуына кедергі болатын бірнеше әлеуметтік – экономикалық мәселелер жиналды, олардың бастысы өндіріс аппаратының табиғи және моралды ескіруі құрал – жабдықтарының орташа жасы 20 жыл. Ал өнеркәсіпте оның тозу уақытысы 45 – 55 жылға жоспарланған. Осыған орай елде ескірген құрал – жабдықтардың жаппай істен шығу процессі күтіп тұр деген сөз. Ал ол жаңартылуы үшін үлкен көлемде күрделі қаржыны талап етеді. Қазақстанға Кеңес Үкіметі жүйесінен мұраға артта қалған экономиканың үлгісін қалдырған, яғни тек қана өндіруге бағытталған экономика. Ол әрине толық қанды дамыған елдің жоғары деңгейлі өмірін қамтамасыз ете алмайды.

Кеңестік дәуірдегі ел кен орындарын талан таражға салып өндіру барысында, сонымен бірге елдегі 60 кіші – гірім қалалардағы қиын жағдай Қазақстан экономикасының шапшаң дамуына үлкен кедергі келтіріп отыр.

Осындай кедергілерді толық зерттей келе Қазақстан өзінің дамуын

Сонымен бұл 2015 жылға дейінгі стратегия күткен көлемде орындалған жағдайда елде өңдеуші кәсіпорындар көтеріліп, елдегі және сыртқы нарықтардың өзінің бәсекеге қабілетті өнімдерімен қамтамассыз етуі анық. Әрине тұрақтанған, қалыптасқан экономика кезінде кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын болжау әлде қайта оңай болуы бәріне түсінікті. Бәсекеге қабілетті өнім өндіру тек қана ел аумағында ғана емес халықаралық нарықтар да өз орнын табуы қажет, сонда елдегі импорт алмастыру саясаты тиімді жұмыс жасайды. Тағы бір жайт Қазақстан Ресеймен бірлескен кәсіпорындар ашып әлемдік нарықта бірігіп шығулары қажет.

Информация о работе өндірісті ұйымдастыру туралы жалпы ұғым