Еңбекті ұйымдастыру, жалақы ұйымдастыру
Реферат, 09 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Сондықтан еңбекті ұйымдастыруға әрқашан назар аударылуы қажет. Ұйымдастыру деген ұғым тәртіпке, белгілі бір жүйеге келтіруді талап етеді. Кез келген еңбек ұжымы адамдардан құралады. Адамдардың әр тобына немесе әр қайсысына нақтылы тапсырма беріледі де, осы тапсырманы орындауға қажетті өндіріс құралдары бекітіледі және жағдай туғызылады. Олардың еңбегінің нәтижесі әркімнің өз міндетін жете біліп, оны абыроймен орындауына байланысты. Бұл үшін еңбекті дұрыс ұйымдастыра білу қажет.
Содержание
1.Еңбекті ұйымдастыру
2. Еңбекті ұйымдастырудың түрлері:
3. Жұмыс жағдайын жақсартын отыру:
4. Еңбек мотиві мен стимулы, ауыл шаруашылықтың әр алуан формаларында жүзеге асыру.
5.Экономикалық қатынастар кезіндегі жақтардың экономикалық жауапкершілігі
Прикрепленные файлы: 1 файл
эконом.docx
— 51.18 Кб (Скачать документ)
Еңбекті ұйымдастыру, жалақы ұйымдастыру.
Мазмұны
1.Еңбекті ұйымдастыру
2. Еңбекті ұйымдастырудың түрлері:
3. Жұмыс жағдайын жақсартын отыру:
4. Еңбек мотиві мен стимулы, ауыл шаруашылықтың әр алуан формаларында жүзеге асыру.
5.Экономикалық қатынастар кезіндегі жақтардың экономикалық жауапкершілігі
Қоғамның басты өндіргіш күші — адамдар. Қандай кәсіпорында болмасын, өндіргіш нәтижесі адамдардың еңбегін дұрыс ұйымдастыруға байланысты.
Сондықтан еңбекті ұйымдастыруға әрқашан назар аударылуы қажет.
Ұйымдастыру деген ұғым тәртіпке, белгілі бір жүйеге келтіруді талап етеді. Кез келген еңбек ұжымы адамдардан құралады. Адамдардың әр тобына немесе әр қайсысына нақтылы тапсырма беріледі де, осы тапсырманы орындауға қажетті өндіріс құралдары бекітіледі және жағдай туғызылады. Олардың еңбегінің нәтижесі әркімнің өз міндетін жете біліп, оны абыроймен орындауына байланысты. Бұл үшін еңбекті дұрыс ұйымдастыра білу қажет.
Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру деп әрбір ұжым мүшесінің еңбегін ғылым мен озат тәжірибе жетістіктері негізінде жетілдіріп отыруды, еңбек өнімділігінің жогары нәтижесіне жетуді айтады. Бұл ұғым өндіріс құралдарының неғұрлым ұтымды пайдалануын, озық технологияны пайдалана отырып жұмыс істеу мен демалуды өзара үйлестіріп отыруды талап етеді.
Енбек дұрыс ұйымдастырылуы үшін ол ғылыми негізде жинақты, үйлесімді, нәтижелі және мархабатты түрдегі жүйеге келтірілуі керек.
Ғылыми негіздегі жүйе деп еңбекті ұйымдастыруды жетілдіре беруге арналган шаралардың ғылыми талаптарға сәйкс болуын айтады.
Жинақты деген ұғым деген еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың жан жақты жүргізілуін, яғни өндірістің барлық бағыттарында, салаларында іске асуын талап етеді.
Үйлесімді түрде еңбек ұйымдастырудың әр осы ұжымнын нақтылы жағдайларында, әр ғылыми талаптармен озық тәжірибе үлгісіне сәйкестендірілген түрі жатады.
Нәтижелі деп еңбек ұйымднстыруды жетілдіруге байлаиысты еңбек өнімділігімен өндіріс тиімділігінің артуын айтады.
Мархабатты түрде еңбек ұйымдастырылуы еңбек адамдарына жэйлі жағдай жасалып, олардың жұмыс істеп жүрген жерлеріндегі психофизиологиялық санитарлық және эстетикалық жағдайлардын қолайлы болуын талап етеді.
Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру үш түрлі мақсатқа жету үшін қолданылады. Олар: экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік мақсаттар.
Экономикалық мақсатқа еңбек ұйымдастыруды үнемі жетілдіріп отыру арқылы адам күшін үнемдей отырып еңбектің өнімділігін, нәтижелігін қамтамасыз ету және өндіріс құралдарын ұтымды пайдалану кіреді.
Психофизиологиялық мақсатқа жұмыс орында адамдарға ең қолайлы жағдай тудыру арқылы олардын жұмысты жақсы істеумен бірге, денсаулықтарын және жұмыс қабілеттілігін сақтауды көздейді.
Әлеуметтік мақсатқа адамдарды жауапкершілікке, бірлестікке ынтымаққа және тәртіптілікке тәрбиелеу жатады.
Осы айтылған мақсаттарға жету оңай емес. Ол үшін әрбір басшы немесе маман өз ұжымында мына шараларды іске асырып отыруы қажет:
- жұмысты бөліп беру, жұмысқа жұмылдыру, еңбек ұжымдарын ұйымдастыру;
- жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырып, тәртібін бақылау;
- жұмыстың орындалуын жетілдіріп отыру, ол үшін озат тәжірибелерді пайдалану;
- кадр іріктеу, әркімге өзіне лайық жұмыс тапсыру, олардың білімін көтеруіне қамқорлық жасау;
- адамдардың жұмыс істеу, демалу ережесін ойластырып, қолайлы түрін қолдану;
- еңбекті мөлшерлеу, адамдардың еңбекке ынталы болатын жолын тауып қолдану;
- еңбек тәртібін сақтауды қамтамассыз ету.
Еңбекті ұйымдастырудың түрлері:
Өндірістің қайсы саласында болса да еңбек ұжымдары қызмет етеді. Ұжым мүшелерінің саны әр қийлы болғанымен, олардың әрқайсысына нақты жұмыс тапсырылуы тиіс. Ол үшін осы жұмыстардың түрлерін, олардың қалай және не себпті жіктелетінің жете білу керек.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында ерекшеліктеріне байланысты жұмыстар төмендегідей төрт түрге бөлінеді.
Техиологиялық жұмыстар. Бұған өсімдіктер мен малдың өсі кезеңдеріне байланысты түрлі технологиялық жер жырту, егін егу, егінді күту, ору, аналықтарды ұрықтандыру, төл алу, малды күту, бордақылау, тағы сол сияқты жұмыстар жатады.
Міндеттік жұмыстар. Өндірістік құралдарға қатысына байланысты әр адам негізгі жұүмысшы қатарына немесе оған қызмет ететін көмекшісіне жатады, сондай ақ маман немесе басшы қатарында болады.
Кәсіптік жұмыстар. Негізгі жұмысшылар өз кәсібі бойынша тракторшы, сауыншы, жылқышы тағы басқа кәсіптік қызмет атқаруға тиіс.
Мамандық дәрежесін керек ететін жұмыстар. Кейтір жұмыстар мамандықтың жоғарғы разрядын керек етеді. Мысалы, бірінші классты тракторшы немесе бірінші классты автомобиль жүргізуші, тағы басқалар.
Осы ерекшеліктері ескеріліп бөлінген жұмыс жеңіл орындалады, оның сапасы артады және оған дайындықтың керегі азаяды. Бірақ осылай болғанымен ауыл шаруашылығы жұмыстарының барлығы жеке адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан бірлесіп жұмыс істеуге тура келеді. Мұны бірлесу «кооперация» дейді. Бірлесудің екі түрі болады: жай бірлестік, күрделі бірлестік.
Жай бірлестік деп адамдардың әрқайсының істеп жатқан жұмыстары ұқсас болғаны мен түгелмен бірақ жұмысты орындауын айтады. Мысалы, сауыншылар әрқайсысы өзіне бекітілген сиырды сауған мен, олар түгелімен осы бір табан сиырды саууға біріккен.
Күрделі бірлестікке әртүрлі технологияға, міндетке және кәсіпке байланысты жұмыстарды атқаратын адамдардың бір ұжымға біріктірілуі жатады. Мысалы, сиыр фермасы ұжымы құрамында осы сауыншылардан басқа бақташылар, бұзаушылар, мал азығын дайындап, таратып беретіндер, слесарьлар бірлесіп жұмыс істейді.
Өндірістің қай саласында болса да жұмыстарды бөлу және әртүрлі жұмыстарды орындау үшін адамдарды бірлестіру, жұмылдыру арқылы еңбек ұйымдастырылуы қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылығында еңбек ұйымдастырудың негізгі түрі -өндірістік бригадалар.
Жұмыс жағдайын жақсартын отыру:
Жұмыс істейтін жер жарық, жылы, ауасы таза, ағай шудан аулатау, адамдардың қызмет істеуіне, денсаулықтарына қауыпсіз болуға тиіс.
Осының барлығы еңбек процессіне әсер етеді. Ал еңбек процессінің өзі әртүрлі операциядан, операция-тәсілдерден, тәсілдер-әрекеттерден, әрекеттер-қозғалыстардан құралады.
Осыған байланысты еңбек ұйымдастыруда сәйкестілік келісушілік, ырғақтылық, үздіксіздік деген талаптар сақталған жөн.
Сәйкестілікке жұмысшылар мен өндірістік құралдарын жұмыс кезінде орналастыруды өзара ұтымды қатынас сақталуы жатады. Мысалы, сауыншылардың саны сиырдың сүттілігіне, қолданылатын машинаның түріне, онын өнімділігіне сәйкес болуы шарт.
Ырғақтылыққа өзара байланысты жұмыстардың бірыңғай жылдамдылықта орындалуы жатады. Мысалы, қой қырқу кезінде әрбір центнер жүнді қырқу, жіктеу, есепке алу, тығыздау, буу, бір ырғақпен, яғни бір жылдамдық пен жүргізіліп отырылуы тиіс.
Осы аталған талаптардың барлығын орындау үшін әрбір ұжым мүшесіне мамандар тарапынан дер кезінде қажетті нұсқаулар беріліп отыру тиіс. Нұсқаулардың төрт түрі бар: ұйымдастырулық технологиялық, техникалық және санитарлы-гигиналық.
Ұйымдастыру тарапынан нұсқау бегенде жұмысшыға жұмыс күнін ережесі, оның ұзақтығы, демалыспен пен жалақы есептеу тағы басқа түсіндіріледі.
Технологиялық нұсқауда өндірістік технологияға байланысты қолданылатын жұмыстардың орындалу тәртібі түсіндіріледі, мысалы, сиырды неше рет және қалай азықтандыру, суғару, тазалау, сауу жөніндегі мағлұматтар беріледі.
Техиикалық нұсқау жұмыста қолданылатын әртүрлі машиналар, жабдықтар және саймандарды пайдалану, еңбек қауыпсіздігін сақтау және өрттен сақтану тәртібін түсіндіреді.
Санитпрлы-гигиеналы нұсқау жұмыс орнынын тазалығы, ұлы заттарды пайдалану және адамдарға жедел немесе дәрігерлік көмек беру тәртіптермен таныстырады.
Мал фермаларының әрқайсысында еңбек ұйымдастырудың барлық талаптарына сәйкес ішкі тәртіп ережесі қағазға жазылып көрнекті жерде ілулі тұруға тиіс.
Ішкі тәртіп ережесін ферма мамандары жұмысшыларымен келісе отырып жасайды. Онда осы фермадағы жұмыс сағат нешеде, неден басталатынын, әрі қарай қалай жалғастырылатындығы, әр жұмыстын орындалу мерзімі, үзілістер мен демалатын уақыттар, тағы басқа көрсетіледі. Бұл ереже барлық ұйымдастырулық, технологиялық және техникалық талаптарға сәйкес жасалуы керек. Ереже дұрыс жасалып, толық орындалған кезде адамдарға жұмыс жасау қолайлы болады және малға да жағдай туғызылады.