Cалық салу механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 15:55, реферат

Краткое описание

Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады.
Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады.

Содержание

1.ДСҰ-ның пайда болу тарихы
1.1. СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы
1.2. Токиолық раунд-сауда жүйесін реформалауға алғаш әрекет жасап көру
1.3. СТЖК табысқа жетті ме?
1.4. Уругвай раунды-жаңа жүйені жасау
2. Әлемдік сауда жүйесінің негіздері
2.1. Дүниежүзілік сауда ұйымы дегеніміз не?
2.2. Сауда жүйесінің принциптері
2.3. ДСҰ СТЖК-нен қалай ерекшеленеді
2.4. ДСҰ құрылымы
2.5. ДСҰ секретариаты және бюджеті
2.6. ДСҰ-на мүше болудан түсетін артықшылықтар
2.7. Соңғы жылдары ДСҰ-на кіретін елднр тәжірибесі
3. Қазақстанның ДСҰ-на кіруі
3.1. Қазақстанның ДСҰ-на кіру нәтижелерінің жағымсыз жақтарына қарағанда артықшылықтары көп болады
3.2. Ауылшаруашылығы-Қазақстанның көмекті қажет ететін жалғыз саласы
3.3. ҚР ДСҰ-на кіруі жайындағы келісім сөз үрдісі

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖОСПАР.docx жулдыз.docx

— 50.47 Кб (Скачать документ)

2.6. ДСҰ- на мүше болудан  түсетін артықшылықтар

ДСҰ-на мүше болудың артықшылықтары: 
- ДСҰ-ның мүшелерімен сауда қатынастарын дамуының болжалдануы мен нақтылығы; 
- ДСҰ мүшелерінің кұқықтарын пайдалану; 
- Сауда саясатының ашықтығы мен сауда қатынастарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сауда серіктестерінің тәжірибесі; 
- Сауда серіктестерімен құқықтар бұзылған жағдайда оларды ДСҰ шеңберінде шешу механизмін қолдану; 
— ДСҰ көпжақты сауда келісімдерінде тиімді қатысудың нәтижесінде өзінің сауда және экономикалық мүдделерін қозғауда ДСҰ кұрал ретінде қолдану; 
ДСҰ келісімдері сыртқы сауданы, оның ішінде экспортты арттыруға мүмкіндік береді және қатаң көпжақты ережелер нәтижесінде кауіпсіз және болжанатын саудаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысал ретінде ДСҰ келесі келісімдерін келтіруге болады: 
Текетиль мен киім жөніндегі келісім — мүше емес елдер бұл келісімде көзделген сауданы либеризациялаудан түсетін артықшылықтарды қолдана алмайды. Бұл текетиль мен киімге импорттық квоталарды біртіндеп азайту мен өтпелі кезеңдегі он жыл ішінде тауарларға квоталарды арттыруға да катысты. Сонымен қатар мүше емес елдердің текетиль және киім экспорты жөнінде жаңа шектеулерді енгізілуі мүмкін. 
Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісім — бұл келісімде көзделген нарыққа енуде мүше емес елдер артықшылықтарға ие бола алмайды. Олардың ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортына ДСҰ жүргізген тарификацияның нәтижесінде кеден баждарының жоғары қойылымдары салынады. Ауыл шаруашылық келісімі ДСҰ- ның мүшелерінің ауыл шаруашылық өнімдеріне сандық импорттық шектеулерді салуға рұқсат етпесе де, Уругвай раундының нәтижесінде кейбір ірі мүше елдердің заңнамасы өзгертілді де, олар, мүше емес елдердін ауыл шаруашылық импортына сандық шектеулер салуларына мүмкіндіктері бар. 
Антидемпинг, субсидиялар жәие компенсациялық шаралар жөніндегі келісім-бұл келісімге сәйкес ДСҰ- ның барлық мүшелері антидемпингтік және компенсациялық тексерулер жүргізудің нәтижесінде салынған шығын фактісін тексеру мүмкіндігіне ие болады. Бірақ Уругвай раундында қабылданған заңнама бойынша мүше емес елдерден импортталатын өнімдерге салынған шығын жөніндегі тексерулер жүргізілмейді. Сонымен қатар бұл ДСҰ- ның ережелерін бұзып, дискриминациялық шара болса да, мүше емес елдер импортына андемпинг шараларының шеңберінде сандық шектеулер салынуы мүмкін. 
Қорғау шаралары жөніндегі келісім- бұл келісімде көзделген шаралар (минималды дискриминациялық ауытқулар негізінде қоргаушы шаралар қолдану; экспортты өз еркімен шектеу келісімдерін жою; кеңес берулер мен алдын-ала айтулар сияқты қорғау шараларын енгізу процедураларын қатаң орындау) қосылушы мемлекеттерге қолданып, олардың халықаралық саудадағы дискриминациясын арттырады. 
Қызыметтер саудасы жөніидегі жалпы келісім- мүше елдердің шет елдік жабдықтаушылардың өз нарықтарына енуді лнберализациялау сияқты «бастапқы міндеттемелер» мүше емсс елдерге бағытталмайды, яғни олар ДСҰ мүше елдерінің нарықтарында қызметтер экспортын арттыру мүмкіндігінен айрылады. 
Интеллектуалды мүлік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім (ТРИПС)- интеллектуалды мүлікті қорғау стандарттары мен оларды қолдану шараларын орнатады. Әр мүше ел интеллектуалды мүлік кұкықтары жөніндегі келісімдер мен ТРИПС ережелерін қатаң сақтау керек жәже кері жағдайда әр мүше елге интеллектуалды мүлік құқықтарын қорғауға мәжбүрлеу саясаты қолданылады. ТРИПС ДСҰ- ның негізгі үш құқықтық құ-ралдарының бірі. Келісім 7 бөлімнен тұрады, бірінші бөлімде жалпы қағидалар қарастырылады. Екінші бөлімде интеллектуалды мүліктің әр түрлі түрлерін қорғау стандарттары қарастырылған: авторлық кұкық, сауда белгілері, географиялық нұсқаулар, өндірістік көрсеткіште, патенттер, интегралды микросхемалар топологиясы, коммерциялық кұпия. Үшінші бөлім интеллектуалды мүлік құкықтарын орындауға мәжбүрлеу шараларын қарастырады. Төртінші бөлім бұл құқықтарды алу және дәлелдеу процедураларына сипаттама береді. ТРИПС ДСҰ мүшелерінен Өндірістік мүлікті қорғаудың Париж конвенциясының міндеттемелерін (1967 ж.), Шығармашылық туындыларды қоргаудың Берн конвенциясын (1971 ж.). 1961 ж. Рим конвенциясы мен 1989 ж. Вашингтон келесімін орындауды талап етеді.

2.7. Соңғы жылдары ДСҰ-  на кірген елдер тәжірибесі

ДСҰ 1995 ж. СТЖК-ның негізінде  құрылған және оның мүше елдері 1995 ж. 1 қаңтарынаң автоматты түрде ДСҰ-на қабылданған. 
Біз үшін социалистік болған елдердің ДСҰ- на кіру тәжірибесі маңызды болып келеді. Оларға: 1996 ж. кірген Болгария. 1997 ж. енген Монголия. 1998 ж. Қырғызстан, 1999 ж. Латвия, 2000 ж. кірген Эстония. Грузия, Албания жэне 2001 ж. кірген Молдова, Литва.ҚҰР жатады.(3,45) 
Бүл елдердің барлығына (ҚҰР қоспағанда) келесілер тән болып келеді: 
- халықтың аздығы, ішкі нарыктың тарлығы; 
- ірі табиғи ресурстардың аздығы; 
- әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы және кіру кезінде төмен деңгейі, әсіресе, Қырғызстан, Болгария, Монголия, Грузия, Молдовада; 
- елдер топтары ішінде саяси тұрақсыздық; 
Осы сипаттамаларға қарап, бұл елдер ДСҰ-ның мүше елдері үшін үлкен экономикалық қызығушылық тугызған жоқтығы айқын. Ал көбісіне ДСҰ-на кіру кезінде жоғары талаптар қою әділетсіз болып табылды. Мысалы, Болгария, Монголия, Латвия, Эстония үшін ауыл шаруашылық өнімдер бойынша жоғары тарифтік төмендетулер берген. Болгарияға өтпелі кезеңді 15 жыл, Албания мен Латвияға- 9 жыл орнатты. Қалғандарының өтпелі кезеңдері 4-7 жыл аралығында сақталды,ал Монголия тіпті өтпелі кезеңсіз кірді. 
Дегенмен, 1996 ж. кейін кірген елдердің барлығына тарифтер жөнінде қатаң талаптар қойылды, ал ауыл шаруашылығындағы экспорттық субсидияларға (Болгариядан басқа) ешкім рұқсат алған жоқ. ДСҰ-ның 146 мүшесімін отызы ғана экспорттық субсидияларға ие, бұл ДСҰ-на онын құрылу кезеңінен мүше болған елдері. 
Жалпы, крастырылған елдердің оларға дейін енген мемлекеттерге қарағанда кіру шарттары нашар болды. Тек Болгария ғана басқалардан бұрын еніп (1996ж.). жағдайы жақсы болды. Қазакстан ДСҰ-на кіргенде, басқаларға қарағанда қатаңырақ шарттармен енеді. Аталған елдердің екіжақты келісімдер үрдісі өте қиын өткен. Қазақстан үшін бұл үрдіс одан да киын бола түседі, өйткені ол халық саны жағынан бұл елдерден асып түседі, мұнай, металл, ауыл шаруашылығымен және ғылыми-техникалық мүмкіндіктерімен негізделетін күшті потенциал көмегімен Қазақстан өңдеуші өндірістің жоғары бәсекелес салаларын жасай алады. Бұл ҚҰР- ның ДСҰ- на енуі тәжірибесімен расталады. СТЖК-ге ену туралы кұжатты 1986 ж. беріп, Қытай ДСҰ- на кіруге 2001 ж., яғни 15 жылдан кейін ғана мүмкіндік алды. Оның ДСҰ- на кіруінің негізгі шектеулері талап етілген жоғары талаптар болды. 
Ол 214 стандартты емес шарттарды қабылдады, мысалы, Қытайға антидемпингтік тексерулер кезінде нарықтық экономикалы ел статусын беру туралы мәселені 15 жыл бойы қозғамау, мемлекеттік сатып алымдар, азаматтық авиатехника саудасы, интеллектуалды мүлікті қорғау туралы. инвестициялық шаралардың сауда аспектілері жайында келісімдерге қол қоюға мәжбүр етті. 
Қытай қысқа мерзім ішінде импорттық тарифтерді ірі төмендетулерге көнді. Қойылымдарды төмендету 6223 тауарлық позициялардың ішінен 5685 қолданылады, ал бұл 91,4 % құрайды. Кіргізу баждарын 70% төмендету 9 позиция бойынша, 30-70% 88 позиция бойынша жүргізіледі. Қойылымдарды төмендету қысқа мерзімдер ішінде жүзеге асырылады. Жалпы тауарлық позициялардың көбісі бойынша кіргізу баждарының ставкалары 0- 30% ауытқыды. 
Бірақ ҚҰР ауыл шаруашылығы саласында ең үлкен төмендетулерді енгізді, ол кіргізу баждарын орташа 21,2 % 17% дейін азайтты. Импортқа квоталарды алып тастады және жеке компаниялар арасында ауыл шаруашылық өнімдерімен саудаға рұқсат берді, ауыл шаруашылық өнімдердің экспортын субсидиялаудан толығымен бас тартты. Эксперттердің ойынша, Қытай мұндай төмендетулерге экспорт бойынша артықшылыққа ие болу үшін және сыртқы саудадағы он сальдоға қол жеткізу үшін барды. Шындығында өндірілетін текстиль өнімдері мен киімге салынатын квоталар алып тасталды, өзінің ойыншықтар, электроника, химия жэне фармацевтика өнімдерінің әлемдік нарыққа ену жағдайларын жеңілдетті. 
Қазақстанның ДСҰ- на кіруіне қарсы болушылар Қырғызстан, Грузия және Молдавия үшін жағымсыз жақтарды себеп ретінде келтіреді. Қырғызстан, Грузия жэне Молдоваға шет елдік инвестициялардың ағымы артқан жоқ, экономикалық өсім 1998 ж. қарағанда едәуір төмендеді. Бірак кез- келген ел экономикасы бір емес, бірнеше факторлар есебінен қалыптасады. 1999 ж. ТМД елдерінің экономикасы Ресейде болған экономикалық кризис есебінен дамыған, ал 2000 жылдан қазірге дейін мұнайдын әлемдік бағаларының өсуі және өнімдерінің бағасы артуына байланысты бағалық бәсекелестіктің төмендеуі есебінен дамып келеді. 
Оларға ешкім инвестициялық дүмпу болады деген жоқ, Стратегиялық шикізат түрлері жоқ, ішкі нарығы тар, теңізге шығатын жолдары жоқ елдерге шет ел инвестициялары әрине ағылып келмейді. Алайда бұл елдердің экономикалық өсімі жағдайлары өте нашар емес. (сур. 1 )

мемлекеттер 2000 ж. 2001 ж.

ЖІӨ өнеркәсіп өндірістің көлемі А/ш ендіріс көлемі ЖІӨ  өнеркәсіп өндірістің келемі А/ш  ендіріс көлемі 
Грузия 19 10,8 85 4,5 98,9 6 
Қырғызстан 5 6 5 5,4 7 
Молдова 2.1 7,7 97 4 14,2 4 
Латвия 6,6 7 
Эстония 6.9 5 
Литва 3.9 4,5

Сур.1. 1998- 2001 ж.ж. ДСҰ-на кіретін  кейбір елдер өндірісінің өсім темптері.

Латвияның экспорты 2000 ж. ДСҰ-на кірудің есебінен алдыңғы жылға  қарағанда 12%, ал инвестициялар көлемі 14% артты. Бәсекенің күшеюі, отандық  өндірушілерге әлемдік өндірушілер  жағынан қысым жасауын олар мемлекеттің  экономикалық жағдайын жақсартушы фактор ретінде қарастырады. «Отандық өндірушілер  екеуінің біреуін таңдау қажет еді: не олар бәсекелестік қабілеті жоғары өнімді өндіреді, не оларды нарықтан ығыстырып  тастайды. Осының әсерінен отандық  өндірушілер сапаны жақсартты да, қазір латвиялық тауарлар шет  елдікілерден сапасы жағынан асып түседі.»- дейді Латвия өкілетті органдары. 
Ал Қытай жайында айтатын болсақ. 2002 ж. шет елдік тікелей инвестициялар ағымы 22%, яғни 29 млрд.долл. өсті де, нәтижесінде Қытайда экономикалық өсу орын алды.(4,2) 
Нақты нәтижелерді Қытай ДСҰ- на кірмей тұрып көрді. Қытай өндірушілері ДСҰ-на кіруден әлемдік өндірушілер өнімдерімен бәсекені күтудің нәтижесінде өздерінің экономикалық жағдайын жақсарта түсті. Нәтижесінде 90 жылдары Қытай нарығында жапониялық телевизорлар мен тоңазытқыштарды өндіруші компаниялар басты орын алатын болса, қазір отандық өнім оларды нарықтан ығыстыруда. Сонымен қатар олар шет елде де өндірісті қамтамасыз етті. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды тәжірибелердің бірі. 
Алайда елдер тәжірибесінде жағымсыз әсерлерді де айтпай кетуге болмайды. Көптегеп отандық өндірушілер, тіпті салалар нарықтан ығыстырылады, нәтижесінде ішкі өндіріс көлемдері азайып, енбекке жарамды халықтың көбісі жұмыстан айрылады. Бұл шынында болады. Алайда ДСҰ- на кіруге қарсы келушілер мұндай жағдайды отандық өндірушілер бәсекелестік қабілеті аз өнімдерді шығарумен байланыстырады, яғни протекционистік шараларды қолданбағанда. нарық шет елдік өніммен шектен тыс қанағаттанады деген ойды білдіреді. Алайда қалайша экономика осындай ынталандырушы шаралармен бәсекелестігі төмен салаларға көмек көрсетуі мүмкін? Нәтижесінде әрине экономикалық өсімге қол жеткізу мүмкін емес. Бәсекелестігі төмен салаларда жұмыссыздықтың өсуімен қатар, экспортты секторда керісінше өндіріс өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Эксперттердің айтуынша 7 жыл ішінде Қытайдың ауыл шаруашылығындағы жұмыс орындарының саны 9.7 млн. төмендейді, алайда машина жасауда- 600 мыңға, ал автомобиль жасауда 450 мыңға артады. Сонымен қатар азық- түлік өндірісінде 150 мың адам, инфрақұрылымдық салаларда- 38 мың, құрылыста-910 мың адам, қызметкөрсету саласында 2.7 мын адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі пайда болады. 
Қорытындылай келе, бәсекелестік жағдайы төмен өндірістерді жабу- бұл ДСҰ- на кірудің кемшіліктері емес, қайта оның жағымды жағы болып табылады. Өйткені экономикаға керексіз кәсіпкерліктер жабылып, жалпы экономика тиімділігі артады да, ұлттык экономика дамудың жаңа сатысына көтеріледі. 
ДСҰ- на елдердің кіру тәжірибеләрін қарастыра келе, мүше елдер кіруші елдерге оларлын масштабы мен потенциалына карап, талаптарды қояды деген қорытынды жасауға болады. 
Қазақстан кіші елдер қатарына кіреді. Оның үлкен экономикалық потенциалы болғанымен, онын барлығы шикізат саласында жинақталған. Шикізат экспорты оларға керек, сондықтан мүше елдер. Қазақстанға көп қатаң талаптарды қоймайды. Қазақстан жағынан болатын өкілетті тұлғалар елге ұзақ мерзімде қажетті шарттарды қою керек. 
Сонымен қатар Қазақстан Ресеймен бірге ДСҰ- на кіруі керек, есесіне олар Қырғызстан, Тәжікстан және Белоруссиямен «ЕврАзЭС» кедендік одағына кіреді, ал оның көптеген ережелері, нормалары мен механизмдері ДСҰ басқаша болып келеді. Сондықтан Қазақстан мен Ресейдің әртүрлі уақытта кіруі салдарынан не ДСҰ, немесе ЕврАзЭС -тің мүшелігінен шығу қауіпі төнуі мүмкін.

3. Қазақстанның ДСҰ-на  кіруі 
3.1. Қазақстанның ДСҰ-на кіру нәтижелерінің жағымсыз жақтарына қарағанда, артықшылықтары көп болалы. 
ДСҰ-на кіруші елдермен келісім сөздер кезінде ең үлкен дау импортталатын тауарларға қатысты баж қойылымдарын төмендету маңайында туындайды. Қазақстан ДСҰ-на кіру барысында импорттық баждарды орта салмақтанған деңгейге дейін төмендетуі керек. Ал ДСҰ- дағы импорттың орта салмақтанған қойылымы- 4 %. 
Қазақстанның ДСҰ-на кіруіне қарсы келушілер мұндай сыртқы сауда режимін либеризациялау экономиканы толығымен шет елдік тауарларға ашып береді, нәтижесінде кептеген отандық өндірушілер жабылып, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтірілуі мүмкін деген. Алайда ДСҰ- дағы импорттық тарифтің, орта салмақтанған қойылымы 4% көлемінде, ал салалар бойынша 7-15 % ауытқитын болса, бұл Қазақстан үшін тиімді қойылым болады, өйткені біздің импорттық тарифтің орта салмақтанған қойылымы 8-9 % көлемінде, аутқып тұрады, ал бұл ДСҰ- ның қойылымынан көп үлкен емес. 
Сонымен қатар Қазақстан өз тарифтерін әрдайым төмендетіп келеді. Тауарлы позициялардың ең көп саны 0-15%, оның ішінде 75% тауарлы позициялар үшін тариф 1-10%, ал 94.3 % — 0-15% көлемінде тарифтер қойылымдары салынады. (Сур.2) 
2006 ж. Салынған баж қойылымдарына байланысты импорт құрылымы Сур.2. Шығу тегі-ҚР статистика агентінің мәліметтері

2000-2005ж.ж. ҚР импорт  және импорттық баждар 
Сур. 3. Шығу тегі- ҚР статистика агенттігінің мәліметтері 
Қазақстан баждары қорғаныс мақсаттарына қарағанда, фискалды қызмет атқарады. 2001 ж. Барлық импортты төлемдердің үлесі мемлекеттік бюджетте 2,4% үлес алды. Сондықтан ДСҰ-на кіру Қазақстан үшін қызығушылық білдіруші тауарлар үшін импорттық баждарды айтарлықтай өзгертпейді. 
Шет елдік компаниялар Қазақстан нарығын өз тауарларымен қамтамасыз еткісі келсе, қазіргі әрекет етуші төмен тариф қойылымдары олар үшін шектеу болмас еді. Бұған келесідей себептер бар: 
1.Қазақстан нарығы шет елдік өңдеуші фирмалар үшін тым тар болып келеді, олар айтарлықтай табыс ала алмайды. 
2.елдер тәжірибесіне негізделе отырып, кіші елдерге үлкен мемлекеттерге қарағанда талаптар өте қатаң болмайды. Себебі мүше елдерді үлкен елдердің сыйымды нарықтары қызықтырады да, оларға бәсекелес ретінде қатаң талаптар қояды. 
3. теңгенің нақты курсы жоғарыламай, төмендемейтін болса, импорт экспортқа қарағанда көлемі және өсу темптері жөнінен асып түседі. Жағдайға Қазақстанның ДСҰ- на кіруі айтарлықтай әсерін тигізе алмайды. 
Осылайша Қазақстанның ДСҰ-на кіруден пайда болатын жағымсыз жақтар едәуір болмайды. 
Егер Қазақстанның кейбір тауар турлері бойынша тарифтер ДСҰ-на қарағанда айтарлыктай жоғары болса, бұл оған кіруден бас тартуға себеп бола алмайды. Бәсекелестігі төмен өнімді шығару, адамдарды өнімділік дәрежесі төмен тауарды ендіруде ұстау оның нәтижесінде қызмет ете алмайтын жүйе ретінде құлауына әкелетін еді. 
Қазіргі кездегі Қазақстан нарығындағы бәсекені импортталатын тауарлар құрайды, сондықтан ДСҰ-на енгеннен кейінгі шет ел бәсекелестерінің әрекеттері ішкі бәсекелес ортаны жандандырып, отандық өндірушілерді, өндірісті жаңартуға, бағаны төмендетуге, өнім сапасын жақсартуға және тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттанрыруға мүмкіндік береді. 
Қазақстандағы импорт бәсекеден басқа келесілерді қамтамасыз етеді: 
- арзан, сапасы жақсы, табысы аз тауарлармен қамтамасыз ету; 
- кәсіпорындарды техника мен технологияларды жаңартуға, өндіріс шығындарын төмендетуге, қазіргі заманғы бәсекелес өнім шығаруға мүмкіндік беретін инвестициялық тауарлармен қамтамасыз ету; 
- инвесторларға тауарлар түрлеріне сұраныстың артуы жайында мәлімет береді және өз уақытылы жаңа өндірістерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді; 
- кәсіпкерлерді не өндірісін дамытуға, не жабуға мәжбүрлейді; 
Әрине, Қазақстан ДСҰ-на енудің нәтижесінде бәсеке артады, бір салалар дамып, ұтады да, екішілері ұтылып, өндіріс шығындарын азайту мен еңбек өнімділігін арттыруға әдістер таппаса, жабылады. 
ҚР ЖІӨ мен импортының өсу динамикасы 
Сур. 4. Шығу тегі- Ұлттық банк мәліметтері 
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның материалды өндіріс салалары болуы міндетті емес. Өндіріс тиімділігі артық өнеркәсіп түрлері дамиды да, қалғандары жойылады. Қазақстандағы ең тиімсіз өндіріс салаларына келесілер жатады: химия өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс материалдары өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп. Алайда бұл салалардың ДСҰ-на енуден кейін дамуы үшін мүмкіндік пайда болуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, еңбек сыйымды өндіріс салалары ұтыста қалады. 
Кіргізу баждарын арттыру, отандық өндірушілерге көмек көрсету сияқты, іс-әрекеттер ҚР кейбір заңдарын бұзады. 
«Адал емес бәсеке туралы» ҚР заңының 4 бабында келесідей айтылған: «мемлекеттік және жергілікті басқару органдарына нарықтық қатынастарының бөлек субъектілеріне жағымды немесе дискриминациялық жағдайлар жасауға, бәсекені шектеу немесе жоюға, тұтынушылар құқықтары мен мудделерін бұзуға тыйым салынады.» 
Бәсекелес және тиімді отандық өндірістің дамуына импорт кері әсерін тигізбейді, керісінше кедендік жәнс салық саясатының тиімсіздігі, бір сала кәсіпорындарына бірдей емес жағдайларды жасау, жоғары пайыздық қойылым дамуын тежейді. 
Теңгенің нақты курсының азайтылуы импортты тауарларға тарифті және бейтарифті шараларға қарағанда үлкенірек шектеу болады. Импортерлер елге шет ел тауарларын әкелу ешбір табыс әкелмейді. Нарықты қорғаудың тағы бір механизмі- ұлттық стандарттарды қолдану. Бұл механизм әсіресе АҚШ- та кең түрде қолданылады. 
Қазақстанға нарықтық экономика статусы оңай берілген жоқ. Бірақ осыған байланысты артықшылықтар мемлекет ДСҰ-ның толқ мүшесі болмаса, айрылуы мүмкін, өйткені экономиканың нарықтығы статусы елді энергоқорларға салынатын антидемпингтік бағалардан қорғай алмайды. Уран жайында АҚШ- пен 4 жылдық соттағы даудың нәтижесіндегі ұтыс кездейсоқ болған жағдай.

3.2. Ауылшарушылығы- Қазақстанның  қорғау мен көмекті қажет ететін  жалғьз саласы

Қазақстанда көмекті қажет  ететін жалғыз сала- ауыл шаруашылығы. Тек бұл сала бойынша ДСҰ шеңберінде дотациялар мен субсидиялар көзделген. Алайда қосылушы елдердін ең киын келісім  сөздер кезеңі осы сала бойынша жүргізіледі. Қазақстан үшін бұл экономико-құраушы  салалардың бірі. Оның ЖІӨ- де алатын үлесі 1990 ж. 34% қазіргі кезде 8.5- 9% дейін  төмендеді. Ауылшаруашылығы дамуның  болашағымен Қазақстан халқының 44% тағдыры тығыз байланысқан. Ауылда ұлттық генеқор жинақталады, ауыл тұрғындары ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлерді, рухани құндылықтарды өз бойларында сақтайды және таралады. Сондықтан  ауылдың дамуы Қазақстан үкіметінің ұзақ мерзімге бағытталған әлеуметтік- экономикалық мақсаттарының бірі. Азық-түлік  қауіпсіздігі сыртқы орта жағдайларын  сақтай отыра, қол жеткізімді бағамен, сапасы жақсы, жеткілікті көлемде өзін-өзі  азық-түлікпен қамтамасыз ету. 90 жылдары  ДСҰ- да 15 елдермен аул шаруашылығының көпжақтылық концепциясы қабылданған, ол бұл салаға көмек көрсетуге  мүмкіндік береді. ДСҰ- да бұл концепцияны  Жапония, Корея, Швейцария, Норвегия, ЕК қолданылады. 
Жапония Үкіметі ауылшаруашылығына көмек көрсетуді келесі факторлармен байланыстырады: 
- әлемдік нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету тұрақсыз. Ауыл- 
шаруашылығы жалпы тұрақсыз сала, онын өнімдерін тек бірнеше елдер ғана экспорттайды; 
- азық- түлік жетіспеген жылдары ауқатты мемлекеттер оның барлық қорларын сатып алуы мүмкін, ал бұл әлемдік нарыққа кері әсерін тигізуі мүмкін; 
- өнімдерді сақтау кезінде тез бұзылатынына байланысты резервтерді тек қысқамерзімге жасау мүмкіндігі. 
Қазақстан үшін бул саланың маңызы ерекше. Оның дамуы мемлекетке мультипликациялық әсерін тигізеді. Бір жағынан ол өзі өндіріс салаларын шикізатпен қамтамасыз ететін болса, екінші жағынан өзі ауылшаруашылық техника, құрылыс, көлік салаларының өнімдерін тұтынады. Осылайша сала басқа салалардағы жұмысбастылық деңгейін сақтай отыра, олардың өнімдеріне сұранысты қамтамасыз етеді. 
Қазақстанның кейбір ерекше жағдайларын ескергеніміз жөн. Астық шаруашылығының көп бөлігі тәуекелі жоғары жер өңдеу зонасында орналасқан: 2-3 жыл жағымды климат жағдайлары 1-2 жыл жағымсыз климат жағдайларымен алмасады. Малшаруашылығы да үлкен тәуекелмен дамиды. АҚШ және Европа елдеріне қарағанда, әр өндіріс үлкен территория өңдеуге, техника және адам ресурстарын тартуға мәжбүр болады. 
Ауылшаруашылығына көмек көрсетуден бас тартуға болмайды, өйткені ол ел үшін көптеген тәуекелді жағдайларды тудыруы мүмкін, өнеркәсіп өндірісінде бәсекенің әсері оларды жаңартуға көмектессе, ауыл шаруашылығы импортталатын тауарлармен бәсекеге түсе алмайды да, нәтижесінде құлдырауға ұшырайды, 6 млн. адам қалалар мен көршілес мемлекеттерге миграциялауға мәжбүр болады. Онда қалаларда жұмыссыздар саны шектен тыс асып түсіп, мемлекетте кедейлік, қылмыстық өсе түседі де, тұрақсыз саяси жағдай туындайды. 
Осыған байланысты көптеген дамыған мемлекеттер ауыл- шаруашылығын қорғау шараларын қолданады. 
ДСҰ-да ауылшаруашылығын қорғау мен көмек көрсету үш бағыт бойынша жүзеге асырылды: 
- Ауылшаруашылық экспортты субсидиялау; 
- Ауылшаруашылық және азық-түлік өнімдеріне тарифтер; 
- Ауылшаруашылығын ішкі субсидиялау; 
Ауылшаруашылығына ең үлкен көмекті АҚШ, Жапония; ЕО сияқты дамыған мемлекеттер көрсетеді. 
Қазақстан ет пен астықты стратегиялық маңызды өнім ретінде ДСҰ- ның келісімдерінен алып тастауды талап етіуі керек (Жапония күріш жайында істеген сияқты). Алайда бірден ауыл шаруашылық экспортты субсидиялаудан бас тарту керек. Бұны барлық мүше елдер талап етеді және соңғы жылдары ДСҰ- ның құрамына енген елдердің барлығы оны алып тастады. Сонымен қатар Қазақстанда субсидияларды ауылшаруашылық өнімдерді өндірушілер емес, делделдық астық компаниялары алады. Яғни олардан бас тарту фермерлерге өзінің кері әсерін тигізбейді. Ауылшаруашылық өнімдер импортына тарифтер басқа мүше елдердің тарифтеріне қарағанда едәуір төмен — 16.3%, бұл тариф дамушы елдерде- 18.76%, өтпелі елдерде – 13.36%, ал дамыған елдерде — 43,41 %. Мүше елдер импортты тарифті 6% деңгейіне дейін төмендетуді талап етуі мүмкін, ал 6 жыл ішіндегі орташа салмақтанған кедендік баждардың біртіндеп төмендетілуі тауар өндірушілерге шығарылатын өнім сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Тарифтік қойылымды арттыруға байланысты нарықтық қауіпсіздік деңгейі артпайды, өйткені оның әсері кедендік әкімшіліктің әсерінен жоққа шығады. Бүгінгі таңда бұл саланы қорғалған деп атай алмаймыз, алайда ол тарифтерсіз дамып келе жатыр. 
Ауылшаруашылығын ішкі субсидиялау мәселелерін шешу қиынға түседі. ДСҰ- ның ережелері бойынша ең үлкен деңгей дамығаи мемлекеттер үшін -6 жыл ішінде 20%, ал дамушы елдер үшін 10 жыл ішінде 13% төмендетілуі керек. 
2001 ж. тікелей және жанама көмек көрсету соммасы 80,9 млрд. теңге немесе 551,5 млн. долл., яғни ауылшаруащылық жалпы өнімнің 27,8% және мемлекеттік бюджеттің 11,3% құрады. 
Егер ауылшаруашылығын мемлекеттік субсидиялаудың ең үлкен деңгейін Ресей үшін 1 млрд. долл. көлемінде орнатса, Қазақстан үшін 90 млн. долл мөлшерінде орнатуы мүмкін. Бұл көлемді 550 млн. АҚШ долл. көлемінде орнатуға болады, алайда мемлекеттік бюджет мүмкіндіктерімен тиімсіз субсидиялау керексіз болуы мүмкіндігін қарастырған жөн.

Информация о работе Cалық салу механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау