Қазақтан шыққан Стив Джобс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 21:09, реферат

Краткое описание

«Бүкіләлемдік тәжірибенің көрсетуінше, бүкіл инновациялық өндірістік циклды жеке бір елде жүзеге асыруға тырысу – велосипед ойлап шығару деген сөз. Бұл – өте қымбатқа түсетін және әрдайым нәтижелі, жемісті бола бермейтін іс. Табысқа жету үшін ғалымдардың талай буынының тәжірибесіне, тарихи қалыптасқан ғылыми мектептердің арнаулы ақпарат және білімдерінің көп терребайт көлеміне негізделген дербес ғылы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақтан шыққан Стив Джобс.docx

— 109.49 Кб (Скачать документ)

– Біз ақпараттандыру саласындағы  жаңа технологиялар, жаңа үдерістер, жаңа чиптер әрбір жарты жыл сайын  өзгеріске түсуге тиіс екендігіне көз  жет­­кізе бастадық. Ал бұл сәтте біз­дің­ негізгі бәсекелестеріміздің бәрі бұл жа­ңалықтардың барлығын өз қыз­­­мет­­­­­­­­­­теріне тым баяу енгізіп жатты. Бір есептен алғанда мұны түсінуге де болады. Өйт­кені, біздің рыногымыздың өзі сол тұс­та консервативті болатын. Ал батыс­та­ғы оның негізі ойыншылары уақыттан біршама ілгері кетіп отырды. Олар әр жыл сайын жаңа өнімдер шығара бас­тады. Біз міне, осы үдерістердің алдына түсуді ойластырдық. Өнімдеріміздің қызметтеріне жаңалықтарды жиі қосып отырдық. Яғни өнімдерді жетілдіретін жаңа мүмкіндіктерді ұдайы қарастыру үстінде болдық. Сөйтіп, көп өтпей, осы рыноктың көшбасшыларының бі­ріне айналдық, – деген жерлесіміздің алғырлы­ғына шынымен сүйсіндік.

Заман талабына сәйкес Серікбай Бисекеев басқаратын «Арман» компаниясы холдингтік корпорация ретінде құрылды. Оның штаб-пәтері Санкт-Петербург қаласында орналасса, өкілдік­тері Қазақстанда, Германияда, Үндістан мен Сингапурда ашылды. Олар мұнай-газ секторының, металлургияның, энергети­каның ірі кәсіпорындарына қызмет ете бастады. Сондай-ақ, бірқатар елдердің метро, әуежай, теңіз порттары бұл күн­дері «Арман» корпорациясының өнім­дерін тұтынады. Корпорацияның алдында ен­ді­гі кезекте Бразилия мен Араб елде­рі, Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азия­дан өз өкілдіктерін ашу міндеті тұр. Серікбай осы өңірлерде өз корпорациясын көшбасшыға, яғни №1 компанияға айналдыру мақсатын алға қойып отыр.

Міне, сөйтіп күллі әлемнің  жартысын жаулай бастаған холдингте  қанша адам жұмыс істейді екен деген ой басыңызға келер. Бар болғаны 180 адам ғана. Сонда олар өз өнімдерін қалай шығарады деп ойларсыз. Серікбайдың бұған беретін жауабы да дайын. Өндіріс түрлері әбден дамыған қазіргі заманда жаңадан велосипед ойлап табудың қажеті жоқ деп есептейді ол. Бұл өмірде бар және әбден қалыптасқан дүниелердің мүм­кіндіктерін дұрыс пайдалана білу қажет. Әйтпесе, жаңадан пайда болған бір өнеркәсіптік ұтқыр байланыс құралын одан әрі жетілдіру үшін жаңа өндіріс ашып жатудың қазіргідей мың құбылған заманда әбден артық шаруа екенін түсінуге болады. Тіпті мұндай жағдайда ақшаны былай қойғанда, алтынға бағаланатын уа­қыт­тың өзі зая кетеді. Сондықтан Серікбайдың корпорациясы өз өнімдерінің кейбіріне өзгеріс енгізу қажет болса, оны жасап шығаруға осы істі жүзеге асыруға әбден шеберленген батыстық өндірісшілердің бірін жалдайды. Яғни оларға тапсырысшы есебінде әрекет етеді. Жоба авторы ретіндегі идеяларын ешкімге бермей өздері жүзеге асырып шығады. Осылайша көп артық қаржы да, артық уақытты да шығындамастан жаңа өнімге қол жеткізеді. Оның үстіне енді біраз уақыт өткеннен кейін осы өнімнің өзіне қайтадан өзгерістер енгізуге тура келеді. Сол кезде жаңағы тәсіл қайтадан қолданылады.

Оның үстіне Серікбай құрған хол­динг­тік корпорацияның атқаратын  негіз­гі қызмет – софт. Софт дегеніміз – ең қысқаша тілмен айтатын болсақ, ақ­­па­раттық технология құралын әртүрлі салалар немесе жекелеген қызмет түрлері бойынша бағдарламалық қамту. Яғни, «Арман» корпорациясы тұтынушыға қажетті жаңа өнімді жасау ісіне қаты­сады және оны қажетті мақсатқа сәй­кес тиісті бағдарламамен қамтиды. Серікбай корпорациясының осындай өнімдерін бүгінгі күні біздің елімізде «ҚазМұнайГаз», «ҚазАтомпром» АҚ-тар және Астана әуежайы, бірқатар электр стансалары пайдаланатындығын айта кетсек артық болмас.

Серікбай өз корпорациясының  ұдайы түрде өсіп, дамып отыруын көздейді. Ол үшін ең алдымен корпорацияда қызмет ететін адамдар өз білімдерін тыңғылықты түрде жетілдіріп отыруы, жаңа идеялар бойынша жұмыс істей алуы, корпорация қызметіне ой-азық бола білулері қажет. Міне, сондықтан да корпорация қызметкерлерінің білімдерін жетілдіріп отыру, оларды әлемдегі жаңалықтармен үздіксіз таныстырып отыру үшін оқыту тренингтері жүйелі жолға қойылған. Қысқасын айтқанда, корпорацияның басты қазынасы білім болып табылады. Біздің Елбасымыздың Қазақстан халқының бәсекелестік қабілетін арттыру бағытында алға қойып отырған көкейкесті мақсаттарының бірі де нақ осы мәселе емес пе. Міне, осыған Санкт-Петербург жеріндегі қазақ жігіті жақсы қол жеткізіп отыр. Соның арқасында ол қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша бәсекелестік қуаты мол ең үздіктер қата­рындағы аса ілкімді де икемді компания­ны құра білді. Серікбайдың бұл ізденісі текке кеткен жоқ. Әңгімеміздің басында айтып кеткеніміздей, 2012 жылдың қорытындысы бойынша оған «Ресейдің үздік кәсіпкері, яғни «Жыл кәсіпкері» деген атақ берілді. Ал бұл атақ оған елдер бойынша осындай конкурс өткізудің шебері атанған әлемге танымал «Эрнест энд Янг» компаниясы мамандарының бағалауы бойынша берілгендігін есепке алатын болсақ, Серікбай Бисекеевтің кәсіпкерлік саласындағы тың табыстары халықаралық деңгейде мойындалып отырғандығына көз жеткіземіз.

Әңгіме түсінікті болу үшін «Эрнест энд Янг» компаниясы мұндай конкурс­тарды өткізуді 1986 жылдан бастап қолға алғандығын айта кетейік. Әуелгі кезекте компанияның ұйытқы болуымен бұл конкурс АҚШ елінде жүргізілген болатын. Мұнан кейін осындай жарысқа Канада, Ұлыбритания, Ирландия, Норвегия, Швеция, Дания, Франция, Германия, Италия, Испания, Бразилия, Жапония, Үндістан, Австралия, Сингапур, Малай­зия, Индонезия, Украина, Қазақстан елдері қосылды. Қазіргі күні «Эрнест энд Янг» компаниясы ұйымдастыратын конкурстардың географиялық аумағы 50-ден астам елді қамтып отыр. Соның ішінде Ресей осы үдеріске 2003 жылдан бастап қосылған болатын. «Эрнест энд Янг» компаниясының негізгі штаб-пәтері мен оның әлемнің көптеген елдерінде орналасқан өкілдіктерінде қазіргі күні 4000-нан астам маман қызмет етеді. Яғни бұл компанияның кәсіпкерлік қыз­метке қатысты берген бағалаулары бү­кіл әлем бойынша ең білікті деп есеп­теледі. Оның бизнес саласында өт­кіз­ген конкурстарының маңызы өнер сала­сындағы «Оскар» сыйлығымен теңелетіндігі де осы себептен.

Осындай биік марапатқа ие болып отырған Серікбай бауырымыз  біз онымен телефон арқылы тілдескенімізде  Қа­зақстанда жүріп жатқан қазіргі  үдерістерді үнемі назарында  ұстап, соған үлкен қуанышын да білдірді.

– Қазақстанда қазіргі  күні Ресей­ге қарағанда, көптеген өміршең  мәселе­лердің қолға алынып, жүргізіліп келе жатқандығына ерекше қуанамын. Мәсе­лен, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зарбаев елде жұмыс істейтін компа­ния­лардың алдына Қазақстанда шыға­рылатын өнімдер мен қызметтерді тұтыну көрсеткіштерін мүмкіндігінше арттыру мәселесін қойды. Бұл дегеніңіз елде жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, отандық орта және шағын бизнесті талабы қатаң тұтынушының көңілінен шығатын деңгейде жетілдіру деген ұғымды білдіреді. Былайша айтқан­да, әрі жұмыс болады, әрі компаниялар да заман талабына сай дами түседі. Ресей болса бұл іске әлі кіріскен де жоқ. Жал­пы, кәсіпкерлікті қолдау мәселесінде Қа­зақстан қазір алға шығып отыр. Ал мұ­ның нәтижесі жылдар өткен сайын барынша жарқырап көріне бермек жә­не халықтың әлеуметтік жағдайының жақ­саруына, адам ресурсының дамуына қолайлы әсерін тигізбек, – дейді Серікбай Бисекеев.

Ресей секілді алып елде жүріп, мил­лиондаған кәсіпкерлердің ортасынан жарып шығып көзге  түсіп отырған жер­лесіміз өзінің осы салада жинаған білімі мен  тәжірибесін туған Отаны Қазақстан  жастарымен бөлісуге де дайын. Еліміздегі ірі оқу орындарында жас­тар алдында тегін лекциялар оқуға әзір екендігін білдірді. «Қазіргі жас ұрпақ – алғыр әрі батыл, тек оларға дұрыс білім беріп, заман талабына бағыттау қажет. Атам қазақ айтатын «тәуекел түбі – жел қайық, өтесің де кетесің» деген сөз бар емес пе. Егер өзіңнің білімің мен білігіңе, ойлаған ісіңнің дұрыстығына сенетін болсаң тәуекелдерден, әсіресе, бизнес саласындағы тәуекелдерден қорқуға болмайды. Жалпы, бәсекелестікке толы қазіргі заманда тәуекелсіз іс бітпейді», дейді кәсіпкер бауырымыз.

Бұл сөздің дұрыстығына оның осы уақытқа дейін атқарып  келе жатқан істері жақсы дәлел бола алады.

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақтан шыққан Стив Джобс