Қазақстанның экономикалық жүйесі: ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2014 в 12:20, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………3

І. Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері

1.1. Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері............................3
1.2. Кәсіпкерліктің экономикадағы орны...........................................9
1.3. Кәсіпкерлік қызмет түрлері..........................................................11

ІІ. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.

2.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.............14
2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты…………………………………………………………………...17
2.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оны дамыту перспективалары……………………………………20
Қорытынды……………………………………………………………....23
Әдебиеттер тізімі………………………………………………………...24

Прикрепленные файлы: 1 файл

эконм теор.doc

— 203.50 Кб (Скачать документ)

А) Ұзақ мерзімді кәсіпкерлік шешімдерді анықтау;

Б) Өндірісті орналастыру үшін орын таңдау.

Кәсіпкерлік мақсат – бұл белгілі уақыт ішінде жету, қажет қалайтын жағдай.

Мақсатты қалыптастыру кезінде келесі үш элементті дәл анықтау қажет:

А) мақсаттың мазмұны, қандай жағдайға жету қажет және мақсатқа жету деңгейін анықтау, белгілеу.

Б) қалаған мақсат көлемі, мақсат шексіз немесе шекті қалыптаса ма?

В) мақсаттың уақыт факторы. Әрбір мақсат үшін сұрақ анықтау қажет, қойылған мақсат қандай кезеңге дейін немесе қандай уақыт ішінде жету керек.

Өндірісті орналастыру орнын таңдау туралы шешімді, тек жаңа ұйымдастырылатын кәсіпорын үшін емес, жекелеген өндірісті кеңейту кезінде қабылдау қажет. өндірісті орналастыру орнын таңдау кәсіпорынды құру кезіндегі негізгі шешімдерге жатады. Орынды дұрыс таңдамаса болашаќта орынды ауыстырып жөндеу де қиын, шаруасы көп және үлкен шығындармен байланысты. Орналастыру орынын таңдау кезінде кәсіпорын басшылығы өндірісті орналастыруға болатын әртүрлі орындардағы шығындар мен пайданы салыстыру кезіндегі рентабельдіктің жалпы принципы шешуші болып табылады.

Кәсіпкерліктің маңызды белгілері.

  • Шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келген сұраќ бойынша құқықтық норма шегінде шешім қабылдауда еркін.
  • Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу.
  • Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дәл есептеулерінде де тәуекелді анықтау мүмкін емес.

Кәсіпкердің көрсетілген маңызды белгілері өзара байланысты және бір уақытта әрекет етеді. Кәсіпкерлік үнемі жаңалықтармен байланысты. Экономикалық қызметтің бұл жағына И. Шумпетер және А. Маршал назар аударды. Егер И. Шумпетер кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың теңдігін көрсетті, ал А. Маршал қоғамдағы кәсіпкердің нақты ролі, олар өздерінің жаңалықтарымен тек жаңа тәртіп құрып қана қоймайды. Қоғамдағы конструкциялық жетілген процестерді жылдамдатуын да, - деді.

Шумпетер кәсіпкерге берген бағасы дұрысырақ деп саналады. Кәсіпкер - өндірістің және қоғамның өмірін ұйымдастырудың бұрыңғы нысандарын табанды түрде бұзады. Экономикадағы революционер әлеуметтік және саяси революцияның бастаушысы. Кәсіпкер қоғамның экономикалық дамуындағы басты тұлға бола отырып, үнемі “бүлінгенді қалпына келтіруді” жүзеге асырады. Қоғамда кәсіпкерлік пен жаңашылдық өзара бір тұтасты құрайды деп қорытынды жасауға болады.

Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағадайлар қажет:

  • Экономикалық;
  • Құқықтық;
  • Әлеуметтік және басқа.

Экономикалық жағдай ең алдымен тұтынушылар сатып ала алатын тауар түрлері, тауарды ұсыну және оларға сұраным, ақша қаржыларының көлемі, жұмыс орындарының көп болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы күші, қызметкерлердің еңбек ақы деңгейі.

Кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен тығыз қосылады. Алдымен тұтынушылардың белгілі талғам мен сәнге сәйкес тауарларды алуға ұмтылуы. Әртүрлі кезеңдерде бұл қажеттіліктер өзгеруі мүмкін.

Әлеуметтік-мәдени ортаға тәуелді адамгершілік және діни нормалар біршама роль атқарады.

Әлеуметтік жағдайлар жеке тұлғаның жұмысқа қатынасына әсер етеді. Ол өз кезегінде оның бизнестің ұсынѓан еңбек ақы шамасына, еңбек жағдайларына қатынасына әсер етеді.

Кез келген кәсіпкерлік қызмет сәйкес құқықтық орта шеңберінде қызмет атқарады. Сондықтан қажетті құқықтық жағдайды жасаудың маңызы зор. Бірінші орында кәсіпкерлік ќызметті реттейтін, кєсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы жағдай жасайтын заңдардың болуы:

  • Кәсіпорынды ашу және тіркеудің қарпайымдылығы мен жылдамдығы;
  • Кәсіпкерлікті мемлекеттік бюрократизмнен қорғау;
  • Өндірістік кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бағытында салықтық заңдылыќтарды жетілдіру;
  • Қазақстан кәсіпкерлерінің шет елдермен бірлескен қызметінің дамуы.

 

  

 

1.2       Кәсіпкерліктің экономикадағы орны. 

 

Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа болашақты ашты.

Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы:

  • Ол нарықтық экономикаға икемділік береді;
  • Халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді;
  • Монополияға қарсы әлеуеті бар;
  • Ғылыми – техниалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды;
  • Нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік мәселерін шешеді.

Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономиканың даму негізі.

Бұл міндетті шешуде біршама қиыншылықтар мен психологиялық бөгеулерді жеңу оңайға түспейді.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғы шарттары жасалған, соның ішінде меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс жүзеге асты. Сол арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін мықты экономикалық негіз жасалды.

Қазақстанда меншік иесіне өз мүлкін иелену, пайдалану және басқару құқығын берілген, заңмен бекітілген (ҚР азаматтық кодексі).

Меншіктің үш құқығы бар. 

Бірінші құқық мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыру мүмкіндігін заңдақ қамтамасыз ету.

Екінші құқық пайдалы қасиеттерді алу, сонымен қатар одан пайда алу мүмкіндігін береді.

Үшінші құқық мүліктің заңдық тағдырын анықтау мүмкіндігін заңмен қамтамасыз етеді.

Меншік құқығы мен экономикалық тиімділік арасында нақты байланыс бар. Экономикалық ғалымдар төрт маңызды тиімді бөліп көрсетеді:

  • Ынталандырушы;
  • Капиталды жинау;
  • Икемділік;
  • Мақтаныш.

Заңдар жүйесі меншікті ең жоғары өнімді пайдалану үшін ынтамен қамтамасыз ету қажет. Меншікті жеткілікті қорғау кезінде, табыстың қандай-да бір бөлігі міндетті түрде жинау мақсатына арналады. Меншік иелеріне ресурстарды қолданудағы икемділік әрбір жекелеген жағдайда олардың қызығушылықтарына максималды сәйкес ресурстарды алуға мүмкіндік береді.

Меншікті иелену және басқару меншік иесінің өз жетістіктеріне, өзінің кәсіпкерлік қызметінің тиімділігіне мақтаныш тудырады.

Өзіндік жеке меншік меншіктік немесе (жалға алынған) өндіріс құралдарын қолданып, жеке (жанұялық) еңбекпен жасалған материалдық және рухани құндылықтар болып табылады.

Жеке меншік өркениетті қызметтің басты факторы. Ол өзінің осы тарихи миссиясын орындауы қажет. Жеке меншік біздің экономикалық процестерге ең қолайлы ықпалын көрсетеді.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің заңдық негіздері 90 жылдарда жасала бастады. Осы бизнес түрінің дамуы және қалыптасу сұрақтарын реттеуге бағытталған заңдар, заңдық және басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданған және қызмет етуде.

Олар кәсіпкерлікті дамытудың көптеген сұрақтарын қамтиды:

  • Шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдану;
  • Шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті шаруа (фермер) шаруашылығын әлеуметтік экономикалық зоналарды дамыту;
  • Заңды тұлғаларды лицензиялау, мемлекеттік тіркеу;
  • Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтардың және заңды тұлғалардың құқығын қорғау және басқа.

Нарық кәсіпкерліктің өмір сүру ортасы болып табылады. Қазақстан Республикасында әртүрлі нысандағы нарықтар қалыптасуды. Бұл ұзақ мерзімді міндет болып табылады. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында көрстеілген “әлсіз және дамымаған нарықтарда, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйе қалдықтарымен тиелген жерлерде мемлекет нарықты дамытуға және осы кеңістікті тазартуға араласуы тиіс”.

Нарықтық инфрақұрылымы – биржалар, банктер, сақтандыру компаниялары, аудиторлық, консалтингтік фирмалар және басқалар дамуда.

Республикада кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті, мемлекеттік қолдауда кең масштабты шаралар қолданылады.

ҚР Президентінің “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік күшейту және дамытуды белсендіру шаралары туралы” Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың маңызды сферасы деп саналады.

Отандық кәсіпкерлікті дамыту жолындағы барлық бөгеттер толық жойылды деп санауға болмайды. Қазір кәсіпкерлік сфераны жылдам дамытуға және оның қызметінің тиімділігін арттыруға әсер ететін, механизмдер белсенді жасалуда.

Кәсіпкерлік экономикада ерекше орын алады, кез келген кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі тірегі, ал кәсіпкер экономиканың осы күрделі процесінде басты роль атқарады.

Экономикалық процесті адамдар ұйымдастырады. Адамдар осындай поцестің негізгі субъектісі ретінде шығады.

Экономикалық поцесс – адамдардың өзара қатынастарының процесі. Экономикалық поцесс - өмірдің негізі: онысыз қоғамның қалыпты қызмет етуі мүмкін емес. Қоғамның барлық қалған жақтарының қызмет етуі ұйымдасқан экономикалық процеске байланысты. Өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам экономикалық процеске қатысуы қажет.

Адамның экономикалық белсендігі оның қызметінің мақсаты болуы, істеген әрекетіне келесі жеке пайдалануы үшін ақысына жеке табыс алу. Адамның экономикалық белсенділігінің түрі күтілетін, жүктелетін орындалатын экономикалық процестегі жүзеге асуы тиіс қызметтер,  міндеттер. 

Адамның экономикалық белсенділігінің екі негізгі түрі бар:

  • Жалдамалы қызметкер ретінде;
  • Өндірісті ұйымдастырушы, яғни кәсіпкер ретінде.

Осы әрбір мүмкін түрінің әр қайсының өздеріне тән ерекшеліктері бар. Экономикалық процеске жалдамалы қызметкер ретінде қатысу, жұмыс беруші немесе оның өкілінің белгілейтін әрекеттерді орындауға қызметкердің келісуіне байланысты. Кәсіпкердің жолдамал қызметкерден айырмашылығы өзі жасаған өндірістік құрылымдағы (өндірістік процеске тартылған жалдамалы қызметкерге жауапкершілікпен бірге) болып жатқандарға толық жауапкершілік алады.  

 

1.3.    Кәсіпкерлік қызмет түрлері. 

 

Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтік фазаларына байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін бөліп көрсетеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік.

Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде кәсіпкерліктің жеке түрі ретінде кеңестік (консалтинг) кәсіпкерлік бөліп көрсетілуде.

Көрсетілген кәсіпкерліктің түрлерінің ішінде әр қайсы бірнеше түрлерге бөлінген. Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге асады, белгілі бір рухани құндылықтар жасалады.

Бірақ осы қызмет сферасы нарықтық экономикаға көшу кезінде көп, жағымсыз өзгерістерге ыдырады:

  • Шаруашылық байланыстар ыдырады;
  • Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бұзылды;
  • Өнімді өткізу күрт төмендеді;
  • Кәсіпорындардың қаржы жағдайы нашарлады.

Кәсіпкер алдымен өндірістік қызмет түрін таңдайды, басқа сөзбен айтқанда, қандай тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндіретінін ойлайды.

Одан кейін ол тауарды сатып алатын әлеуетті тұтынушылармен қатынас жасайды. Басқаша айтқанда кәсіпкерлікке маркетингтік қызмет кіреді. Келісімнің бұл фазасы заңдық жасалуы мүмкін.

Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын қолданады: жұмысшы, өндірістік қорлар, материалдар, ақпараттар. Бас кезінде өндіріс факторларының біразы кәсіпкердікі болуы мүмкін, ал жетіспейтіні ол бастамас бұрын немесе кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асу процесінде алуға мәжбүр болады.

Кәсіпкер өз күшімен орындай алмайтын қызметтер мен жұмыстар қажет болса, онда ол басқа ұйымдар мен адамдарды тартады.

Жұмыстар мен қызметтер ақша төлеуді талап етеді. Егер кәсіпкерде бастапқы капитал болмаса, ал ақшасы барлардан қарыз алуға мәжбүр болады.

Өндірістік кәсіпкерліктің нәтижесі өндірілген тауардың белгілі көлемін тұтынушыға сатып, оларға ақша түсімін алу.

Венчурлық бизнес. Инновациялық кәсіпкерлік туралы айта отырып, соңғы жылдары кең дамыған венчурлық бизнесті еске салуға болады.

Венчурлық бизнес, әдетте тәуекелді бизнес ретінде түсіндіріледі. Бұл технологиялық жаңалық еңгізудің бір түрі.

Вечурлық бизнес ғылыми зерттеулердің нәтижесі ғылымды көп қажет ететін, жоғары технологиялық облысты коммерцияландыруға тән, тиімді алу кепілдігі жоқ және тәуекел үлесі жоғары. Венчурлық фирма дегеніміз, әдетте, алдын ала анықталмаған табыспен, яғни капиталды тәуекел салыммен, жаңа технологияны және өнімді жасаумен енгізумен айналысатын коммерциялық ғылыми-техникалық фирма.

Коммерциялық кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлікте негізгі рольді тауар-ақша, сауда-айырбас операциялары атқарады. Бұл сатып алу - сату бойынша келісімдер.

Информация о работе Қазақстанның экономикалық жүйесі: ерекшеліктері