Қазақстандағы шағын қалалардың қазіргі жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2015 в 18:40, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық даму орталықтары арасында орналасқан, көліктік байланысты қамтамасыз ететін аумақтар жүк ағындарын көбейту, инновацияларды тарату, инфрақұрылымдарды дамыту арқасында қосымша серпін алады. Сондықтан олар «өсу полюстерімен» бірге тұтастай өңірдің немесе елдің экономикалық дамуының кеңістіктегі қаңқасын анықтайтын даму осьтеріне (дәлізге) айналады.

Содержание

КІРІСПЕ
I ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Шағын қалалардың мәселелері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1.2 Қалалардың типтері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1.3 Қалаларды дамытудың теориялық аспектілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
2 .1 Қазақстандағы шағын қалалардың қазіргі жағдайы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2 Моно қалалардың даму ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
III Шағын қалалардың дамуы Хромтау қаласының мысалында
3 Келешегі кемел кеншілер қаласы –Хромтау шағын қалалардың бірі. . . . . .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.docx

— 81.40 Кб (Скачать документ)

Соңғы жылдардағы мемлекеттегі экономикалық өсу мен әлеуметтік көрсеткіштердің тұрақталуы көптеген қалаларға ағымдағы мәселелерді шешуден аумақтарды стратегиялық жоспарлауға көшуге мүмкіндік беріп отыр. Қалалар экономикасын жаңартудың негізгі мәселесі — кикілжіңді жағдайға байланысты қолданылатын басқарушылық әрекеттердің көбісінің тиімсіздігі. 1990 жылдардағы жете ойластырылмаған реформаларды жүргізудің ақырында әлеуметтік қарама-қайшылықтар шиеленісіп, экономикалық өмір тәртібі бұзылды, көлеңкелі бизнес белең алды. Күйзелу тенденцияларын жеңу мен экономикалық дамуға өту қазіргі заманғы қазақстандық экономиканың қызмет етуінің заңдылықтары мен әлеуметтік механизмдері туралы шынайы түсінікті қалыптастыруды талап етеді.

 

 

 

2.3 Моноқалалардың даму  ерекшеліктері

 

Шағын  қаланы  моноқалаларға  жатқызудың  нақты анықталған және айқын параметрлері жоқ, бірақ келесі сандық  критерилерді пайдалану  туралы  ресейлік зерттеушілердің  ұсынысымен  келісуге  болады: қаланың  барлық  өнімдерінің  50%-дан  астам  көлемінің артықшылықты  саланың  кәсіпорындарында  шығуы, немесе осы қаланың экономикалық белсенді халқының 25%-дан астамы осы кәсіпорындарда жұмыс істеуі.

Қарағандының  айналасындағы  бір  кәсіпорынға бағытталған  –  Сарань,  Шахтинск  қалалары  жатады, олардың  жартысында  халық  тұрмайды,  бірақ  тіптен болашағы жоқ қалалар да бар. Оларды жұмыспен қамту бағдарламаларының және басқа да бағдарламалардың аясында  оңтайландыру  қажет.  Шағын  қалалардың келесі типтерін бөліп қарастыруға болады:

-  өндіруші  өнеркәсіп  арқылы  артықшылықпен дамитын  қалалар (15 қала келесідегідей маманданған:

көмір өндіруге – Екібастұз, Абай, Шахтинск; мұнай мен газды шығаруға – Жаңаөзен, Құлсары, Ақсай;

-металл рудаларын  шығаруға  –  Рудный,  Зыряновск,  Қаражал, Лисаковск,  Арқалық,  Хромтау;

-шикізат  ресурстарының басқа  да  түрлерін  шығаруға  маманданған  қалалар  – Жаңатас, Қаратау, Жетіқара);

-  өңдеуші  өнеркәсіп  арқылы  артықшылықпен дамушы  қалалар (9 қала келесідегідей маманданған:

химия  өнеркәсібіне  –  Сарань,  Алға,  Степногорск;

металлургия  өнеркәсібіне  –  Ақсу;  машина  жасау,

құрылыс, тоқыма және тамақ өнеркәсібіне – Макинск, Ерейментау, Қапшағай, Леңгір, Арал);

-  электр  энергиясын  өндіру  жөніндегі  сала арқылы  артықшылықпен дамушы қалалар  – Шардара, Серебрянск.

Нарықтық  қатынастарға  өту  аймақтардың, облыстардың,  сонымен  бірге  муниципалдық құрылымдардың айқындаушы  экономикалық  және әлеуметтік  сипаттамаларын  айтарлықтай  өзгертті. Бұл өзгерістер  әлеуметтік-экономикалық  үдерістерді басқарудың орталықтандырылмауы  едәуір  дәрежеде ауыр салдар туғызған шағын және орташа деңгейдегі қала-ларға  әсер  тигізді.   Осыған  байланысты  шағын және  орташа  деңгейдегі  қалалардың  әлеуметтік-экономикалық  даму  мәселелері  мен  осы  дамуды стратегиялық  басқару  ерекше  маңыздылыққа  ие болады. Қазақстанның жалғыз ғана қала түзуші кәсіпорынның айналасында қалыптасқан шағын қалалардың жағдайы барынша  қиын  дәрежеде  қалып  отыр  (мысалы, Кентау,  Текелі,  Жаңаөзен,  Шу,  Степногорск,  Арқалық, Лисаковск, Приозерск, Қазалы және т.б.).

Қайта құру мен нарықтық  қайта  реформалау  жылдары  көптеген  қала түзуші кәсіпорындар бәсекелестікке төтеп бере алмай, өздерінің мәнін жоғалта бастады, нәтижесінде шағын қалалардың  халқы  күрт  азайып  кетті.  Мысалы,  1989 жылдан бастап 1999 жылға дейін Державинск қаласы тұрғын-дарының  50%-нан  айырылды,  Курчатов  және Жаңатас қалалары – 43%, Қаратау - 35%, Қарқаралы - 33%, Степняк, Арқалық және Сергеевка қалалары - 27%, Абай қаласы - 25% халқынан айырылды.

Шағын  қалалардың көбі  қала  құру  кәсіпорындар өндірісінің  тоқ-тауының  немесе  қысқаруының салдарынан  өздерінің  бұрынғы  өнеркәсіп-тік  және өнеркәсіптік  емес  атқарымдарын  жоғалтқан.  Кер кетуші деп атала бастаған шағын қалалардың көпшілігі осындай  қиын  жағдайда  қалды.  Халқының  саны бойынша  бүгінде  қала  мәртебесіне  сай  келмейтін  13 шағын қала бар – бұл Державинск, Ерментау, Степняк, Жем, Темір,Курчатов, Шар, Карқаралы, Қазалы, Форт-Шевченко, Булаев, Мамлютка, Сергеевка.

Қостанай  облысы  Лисаковск  қаласының  жағдайы басқаша,  онда  қала  құрушы  Соколов-Сарыбай  тау-кен байыту комбинатының тоқтап қалуына қарамастан экономикалық  өсу  байқалады.  Бұл  Лисаковск  еркін экономикалық аймағының қысқа уақыт қызмет етуінің, қала экономикасын әртараптандыру мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың арқасында мүмкін болып отыр.

Соңғы  жылдары  елімізде  негізгі  күш  пен инвестициялар ірі  қалалар  мен  облыс  орталықтарын дамытуға  бағытталды.  Қазіргі  уақытта  әрекет  ететін Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі аумақтық  даму  Стратегиясы  негізінен  экономикалық өсу  орталықтарын  қалыптастыруға  бағытталған.  Бұл орталықтар  өзімен  бірге,  басқа  аймақтарды  да  алып шығатын  қуатты   экономикалық  өрлеу  аймақтарына айналады  деп  жоспарланды.  Алайда,  іс  жүзінде  бұл орындалмағанын көрсетті.Керісінше, өсу орталықтары өздеріне  барлық  қажетті  ресурстарды  (қаржы-шаруашы-лық,  еңбек,  материалдық  және  т.б.)  көптеп тарта  бастады,  әдетте,  бұл  ол  ресурстардың  басқа аймақтарде азаюына алып келеді. Шағын және орташа

қалалардың мүдделері дұрыс қорғалмады, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар орын алған жағдайда ғана ауық-ауық ескеріліп отырды. Яғни, Батыс Қазақстанда  2011  ж.,  Оңтүстік  Қазақстанда  –  2012ж. су  тасқыны  кезінде,  Алматы  облысындағы  бөгеттің бұзылуы және т.б. Көбінесе оларды мегаполис табыс алу  үшін  қосымша  алаңдар  ретінде  ғана  қолданады. Егер  ондай  ресурстар  табылмаса,  қалаға  тиісінше дәрежеде назар аударылмайды.

Қазақстан  экономикасының  кеңістіктік  дамуы көбінесе  сараланумен   сипатталатыны  белгілі.  Бұл табиғи-шикізаттық,  өндірістік,  кадрлық  әлеуеттердің үлкен  айырмашылығына  ғана  емес,  сонымен  бірге аймақтардың  қалыптасқан  қызмет  бағытының деңгейіне, олардың нарықтық қатынастарға бейімделудеңгейіне,ішкі  және  сыртқы  нарықтардағы  бәсекеге қабілеттілік шарттарына да байланысты. Басқа сөзбен айтқанда,  республиканың  әрбір  шағын  қаласының мәселелерінің  сөзсіз  өзіндік  ерекшеліктері  бар,  бірақ олар ортақ алғышарттармен де сипатталады.

Жоғарыда  айтылғандарды  жан-жақты  талдай келе, Қазақстанның барлық шағын қалаларына ортақ экономикалық  дамудың  негізгі  мәселелерін  бөліп қарауға болады:

-  өнеркәсіптің  бір  түрі  басым  келетін  қалалық  қоныстардың  болуы,  бұл  қоныстардың  қала  түзуші кәсіпорынға толық  тәуелділігін білдіреді;

-  экономикалық  базаның  шектелуі  және  білікті кадрлар  мен  инвестициялар  тартудағы  тиімсіз бәсекелік жағдайлар;

-көпшілік  өнеркәсіптік  кәсіпорындардың технологиялық  артта  қалушылығы,  негізгі  қорлардың  жоғары деңгейде тозуы, еңбекті  қолдану орындарының жетіспеушілігі  мен жұмыссыздықтың артуы;

-  қолайсыз  демографиялық  ахуал –жастардың ірілеу  қалаларға  көшуі,  халықтың  табиғи  кемуі, денсаулық сақтаудың төменгі даму деңгейі;

-  әлеуметтік-мәдени  саланың  жеткілікті  деңгейде дамымауы  және  инженерлік-инфрақұрылымдық  объектілердің төменгі даму деңгейі.

Осылайша,  еліміздегі  шағын  қалалардың  даму мәселелері өте өзекті болып отыр. Сондықтан, аталған елді  мекендердің  қайта  жаңғыруына  бағытталған бағдарламаны  әзірлеу,  қазіргі  заман  талабына барынша  сай  келеді. Ел  Президенті  алға  қойған  шағын  қалаларды дамытудың  арнайы  бағдарламасын  әзірлеу  міндеті Қазақстанның  экономикасын  кешенді  кеңістіктік дамыту тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықты жұмыспен қамту мәселелері тұрғысынан және жалпы қазақстандық  қоғамның  әлеуметтік  тұрақтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда да өте маңызды болып табылады.

Қазіргі кезде шағын  және  орташа  қалаларды  дамытудың стратегиялық бағыттары мыналар болуы мүмкін:

- қалыптасқан  маманданым  жаңа  нарықтық жағдайларда тиімсіз  болған жағдайларда ғана бейінін  өзгерту;

-  көлік  тораптары,  өнеркәсіптік  кәсіпорындардың, рекреациялық  және  басқа  да  қызмет  көрсетуші  орталықтардың  орналасқан  орны  ретінде  олардың рөлін күшейту;

-  қаланың  қалыптасқан  әлеуетіне,  әсіресе  білікті кадрларға  сүйенетін жаңа функцияларды  дамыту;

-  туристік  орталықтарды,  ең  алдымен  осы мақсаттар  үшін  қолайлы  табиғи  шарттары  мен  тарих және мәдениет ескерткіштері  бар қалаларды дамыту.

Монобейіндік сипаттағы шағын қалаларды дамыту мәселелерін  шешу  жолдары,  біздің  пікірімізше, келесілер болуы мүмкін:

-  қайта  өңдеуші  өндірістерді  құру  есебінен пайдалы  кен  орындарын  шығаратын  аймақтаріндегі  мономамандану саласын жеңілдету;

-  қала  түзуші  кәсіпорынды  әртараптандыру  және қайта  құрылымдау,  қуатты  арттыру,  шығарылатын  өнімнің номенклатурасын кеңейту;

- толық жете және технологиялық  маманданудың жоғары  деңгейіндегі  шағын  кәсіпорындарды  дамыту (тораптар  мен бөлшектер, жергілікті шикізаттан  құрылыс материалдарын, халық тұтынатын  тауарларды өндіру);

-  экономиканың  жаңа  секторларында  жаңа инновациялық  өндірістерді  құру,  ақпараттық  саланы қалыптастыру  және  қаланың  атқарымдық  мамандану бағытын  кеңейту;

-  моноқалаларда  кадрларды  қайта  оқыту,  оқыту және қайта  даярлау арқылы халықты жұмыспен  қамту стратегиясын іске асыру;

- уақытша жұмыс орындарын  ашу және қоғамдық жұмыстарды  ұйымдастыру арқылы халықты жұмыспен  қамтуды уақытша қолдау;

- шағын  және  орта  кәсіпкерліктің  дамуына  көмек  көрсету,  гранттар,  субсидиялар  беру,  жеңілдікті қаржыландыру,  несиелер  бойынша  мемлекеттік  кепілдіктер беру, өндірістік алаңдарға  жеңілдікпен қол жеткізу,  өндірістік  алаңдарды  жеңілдікпен  жалға  беру және т.б.;

-  әрекет  етуші  кәсіпорындардың,  инфрақұрылымдық объектілердің  негізгі қорларын жаңарту;

-әлеуметтік  және  тұрғын  үй-коммуналдық инфрақұрылым объектілерін  дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III Шағын қалалардың дамуы Хромтау қаласының мысалында

  1. Келешегі кемел кеншілер қаласы –Хромтау шағын қалалардың бірі

 

Хромтау қаласының негізгі тұрғындары – кеншілер. Мұндағы әр отбасынан кемінде бір адам өңірдегі ірі кәсіпорын – Дөң тау-кен комбинатында, оның бөлімшелерінде жұмыс істегені немесе істеп жатқаны сөзсіз. Мұны шағын шаһарда тұратын 25 мың тұрғынның 7800-і осы іргелі кәсіпорында еңбек ететінінен де айқын аңғаруға болады. Кеншілер қаласының барлық тыныс-тіршілігі осы кәсіпорындағы жұмыстармен тамырлас өріледі. Сондықтан да Хромтау Үкіметтің моноқалаларды дамыту бағдарламасына енген өңірдегі бірден-бір қала болып отыр.

Осыған байланысты еліміздегі моноқалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен биылғы жылдың өзінде осы шаһардағы әлеуметтік нысандарды жөндеуге, инфрақұрылымды жақсартуға, көшелерді жарықтандыруға, аулаларда балалардың ойын алаңдарын салуға және басқа да көптеген шаруаларды атқаруға 96 миллион теңге бөлінген. Бір білім мекемесіне шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, үш мектеп жергілікті бюджет қаржысы есебінен жөнделген, екі мектептің инженерлік жүйесі мен жылу құбыры жаңартылған.

Облыс әкімдігі мен «ENRС Kazakhstan» компаниясы арасындағы жасалған меморандумға сәйкес кәсіпорын бөлген 236,68 миллион теңгеге 20 көше жолдары күрделі жөндеуден өткізілген. Жолдарды жөндеумен айналысқан мердігер кәсіпорын – «КТП» ЖШС отыз жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген қала көшелеріне қатты жамылғы төсеп, жол жиектерін алмастырды. Жиырма көшенің ішінде жаңадан асфальт төселгендері де бар. Көшелер жарықтандырылып, жүргіншілер жолдары ретке келтірілді. Қалалық паркті көріктендіру мен көгалдандыруға 25 миллион теңге бөлінген, бұл жұмыстар толық орындалды. Сондай-ақ, қала үстімен өтетін «Самара-Шымкент» тас жолының 3,3 шақырымын жарықтандыруға 15 миллион теңге қаралған. Таяудағы екі жылда денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға 194,6 миллион теңге жұмсау жоспарланып отыр.

Тұрғын үйлер аулаларындағы балалардың ойын алаңдары да шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жалпы құны 36 миллионнан астам теңгені құрайтын жиырмадан астам балалардың ойын алаңдары салынып, пайдалануға берілген. «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасының екінші тетігі бойынша ауданға республикалық бюджеттен бөлінген 76,5 миллион теңге қаржыға бес көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіліпті. Бұл бағытта тұрғын үйлердің ауыз су, жылу құбырлары мен электр желілері ішінара жаңартылған. Қазір жоспарланған жұмыс көлемі толық аяқталған.

Қалада 111 көп қабатты тұрғын үй бар. Бұл үйлердің барлығы да ескірген, жаңғырту жұмыстары алдағы жылы да жалғасын табады деп күтілуде. Мамандар қаланың сыйымдылығын арттыру үшін екі қабатты үйлердің орнына жаңа көп қабатты тұрғын үйлер салыну мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Қазір қаланың бас жоспары жасалуда. Болашақта бой көтеретін шағын ауданда үш көп қабатты, 753 жеке тұрғын үй салынбақ. Шағын ауданға электр желісі тартылған. Бұл ауданның инфрақұрылымын жүргізу де шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асатын болады. Газ және су құбырларын жүргізуге осы бағдарлама бойынша 667 миллион теңге қаралған. Қалада балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, сондай-ақ, мәдениет үйі, аудандық әкімдік ғимараты, өрт сөндіру депосы, қатты қалдықтар полигоны және басқа маңызды нысандар салынады. Биыл 280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Осындай балабақша құрылысын 2015 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Мектептер мен балабақшаларды күрделі жөндеу жалғасады.

Жыл сайын «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен сегіз тұрғын үй пайдалануға берілуде. Болашақта шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында тұрғын үй салу арта түспек. Алдағы жылы Дөң тау-кен байыту комбинаты өз жұмысшылары үшін 60 пәтерлі бір тұрғын үй құрылысын бастайды. Соның өзінде қалада 3 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегіне тұрған көрінеді. Шаһардың инженерлік құрылымдары осындағы бірден-бір қала құрылымдаушы кәсіпорын – Дөң тау-кен байыту комбинатының еншісінде. Кейін бұл құбырлар күрделі жөндеуден өткен соң Хромтау қаласының коммуналдық қызметіне өткізіледі. Оларды күрделі жөндеуге 6 миллиард теңге қажет. Жаңадан жүргізілген инфрақұрылымдар ғана қалаға қарайды. Алайда, оның үлес салмағы аз. Қала қысқа тиянақты әзірлікпен түсті. Алты бу қазандығы ағымдағы жөндеуден өткен, сақадай-сай әзір етілген. Алайда, жылу құбырының 70 пайызы, су құбырының 67 пайызы, канализация құбырының 86 пайызы тозған. Оларды жаңғырту шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша алдағы жылдары қолға алынады деп күтілуде.

Информация о работе Қазақстандағы шағын қалалардың қазіргі жағдайы