Нысаналы индикаторлар
- Халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының
2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай
70 жасқа дейін ұлғаюы;
- ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға
шаққанда 2013 жылға қара 28,1-ге дейін, 2015
жылға қарай 24,5-ке
дейін төмендеуі;
- нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға
шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015
жылға қарай 12,3-ке дейін төмендеуі;
- жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін,
2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі;
- туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100
мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге
дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеуі;
- 15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ
инфекциясының таралушылығын 0,2 - 0,6 шегінде
ұстау
Бағдарламаны іске асыру
кезеңдері
- Бірінші кезеңде (2011 - 2013 жылдар) мына
міндеттерді шешу көзделеді:
- қоғамдық денсаулық қорғау мәселелері
бойынша сектораралық және ведомствоаралық
өзара іс-қимылдың бірыңғай ұлттық стратегиясын
әзірлеу;
- халықтың нысаналы топтарына арналған
ұлттық скринингтік бағдарламалар кешенін
әзірлеу және енгізу;
- Іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде
жүргізілетін бағалаудың нысаналы индикаторлар
жүйесін әзірлеу;
- денсаулық сақтау жүйесінің нормативтік
құқықтық базасын жетілдіру, оның ішінде
кеден одағы мен ДСҰ-ның талаптарына сәйкес
оны үйлестіру;
- мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру;
- денсаулық сақтау жүйесіне әлеуметтік
қызметкерлер институтын енгізу әдістемесін
әзірлеу;
- медициналық көмектің сапасын басқару
жүйесін әзірлеу;
- БҰДЖ-ды одан әрі жетілдіру;
- денсаулық сақтау саласына инвестициялар
тарту тетіктерін әзірлеу;
- медицина ғылымын басқару мен қаржыландырудың
жаңа қағидаттарын енгізу;
- Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы
бұйымдардың бірыңғай дистрибуциясын
жетілдіру;
- дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың және медициналық техниканың
айналысы саласындағы сапаны бақылау
жүйесін жетілдіру.
Екінші кезеңде (2014 - 2015
жылдар) мына міндеттерді шешу көзделеді:
- Бағдарламаның бірінші кезеңінде әзірленген
стратегиялар мен әдістемелерді енгізу;
- негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды
және жарақаттарды диагностикалау мен
емдеудің халықаралық стандарттарын,
хаттамаларын және әдістемелерін енгізу;
- өмір мен денсаулық үшін қауіп-қатер
факторларын төмендету жөніндегі мемлекеттік
органдардың, қоғамның, жұмыс берушілердің
және азаматтардың ведомствоаралық және
сектораралық тиімді өзара іс-қимылын
іске асыру;
- жеке және қоғамдық денсаулықты
нығайтуға және сақтауға мемлекеттің,
жұмыс берушілер мен азаматтардың ынтымақтасқан
жауапкершілігін енгізу;
- мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау тиімділігін арттыру және стандарттарды
қазіргі заманғы халықаралық талаптарға
(санитариялық ережелер, гигиеналық нормативтер,
техникалық регламенттер) сәйкес келтіру;
- ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен
ұсынылатын медициналық қызметтердің
тізбесін кеңейту;
- БМСК-ның әлеуметтік бағдарланған моделін
құру;
- денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландырудың
медициналық қызметтің сапасына бағдарланған
жүйесін енгізу;
- денсаулық сақтау кадрларын даярлау
жүйесін басқару мен қаржыландырудың
жаңа қағидаттарын енгізу;
- медицина ғылымының инфрақұрылымын жаңғырту;
- медицина қызметкерлерінің әлеуметтік
мәртебесі мен уәждемесін көтеру;
- дәрілік заттардың сапасы мен қолжетімділігін
арттыру;
- денсаулық сақтау ұйымдарын озық медициналық
техникамен жарақтандыру және оларға
сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру;
- халықаралық стандарттарға сәйкес келетін
жаңа өндірістер құру арқылы отандық дәрілік
заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар
және медициналық техника өндірісін дамыту.
Қажетті ресурстар
Бағдарламаны іске асыруға
2011 — 2015 жылдары республикалық және жергілікті
бюджеттерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасымен тыйым салынбаған басқа
да қаражат жұмсалады.
Бағдарламаны іске асыруға
мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар
359 358,9 млн. теңгені, оның ішінде республикалық
бюджет қаражаты есебінен (жергілікті
бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттерді
қоса алғанда) 356 596,8 млн. теңгені, жергілікті
бюджет қаражатынан 2 762,1 млн. теңгені құрайды.
2011 - 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті
қаржы жылдарына арналған республикалық
және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде
нақтыланатын болады.
Қорытынды
Әрбір адамның денсаулығы
оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес,
сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің
әлеуетін анықтайтын факторға айналып
отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі
өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық,
мәдени және индустриялық даму шамасын
айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің
қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы
мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет
ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған
жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы
халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты
өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы
негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.
Сілтемелер
- http://www.akorda.kz
- http://bigox.kz
- http://www.minplan.gov.kz
Назарларыңызға рахмет!!!