Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 21:10, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.

Содержание

Кіріспе
1. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
2. Қазақтың ата-заңы
2.1. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы
2.2. Конституциялық заңның даму тарихы
2.3. Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
2.4. Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы.docx

— 38.37 Кб (Скачать документ)

2. Құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін құқықтық мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлекет мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар түгелімен бағынуға міндетті әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін шектеумен сипатталады. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің негізгі принципі құқық жоғарылығы болып табылады. Бұл ең алдымен конституция мен заңдардың жоғарылығын көрсетеді.

Құқықтық мемлекеттің мәні – оның жүйелі демократизмі, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекетті қоғамға бағындыру құқықтық мемлекет болып өзінің міндетті ерекшелік қасиетін танитын және билікті бөлу институтын, соттың тәуелсіздігін, басқарудың заңдылығын, азаматтардың құқығын мемлекеттік биліктің бұзуынан оларды құқықтық қорғауды танитын мемлекет есептеледі. Құқықтық мемлекеттің басты идеясы құқықтық мемлекетпен байланысты болуы, оның әрекеті болжау және сенімділік кепілдеуі, азаматтарды мемлекет пен оның органдары тарапынан болуы мүмкін зорлық-зомбылықтан қорғау.

3. Әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – бұл әлеуметтік саясаты адамның өмір сүруі мен оның еркін дамуына материалдық қатынастың еркін дамуына, ақталмаған әлеуметтік айырмашылықты жеңуде лайықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет.

Әлеуметтік мемлекет өзінің әр бір азаматына адамға лайықты тіршілік минимумын қамтамасыз етуге ұмытылады және осыған байланысты әр бір есейген адамның өзін және өзінің отбасын асырауға ақша табу мүмкіндігі болуы қажет. Егер әр түрлі себептерге байланысты мұндай мүмкіндік жүзеге асырылмаса және адам қажеттілігі тиісті деңгейде қанағаттандырылмаса ғана мемлекет араласады.

Әлеуметтік мемлекеттің маңызды бір мақсаттарының бірі әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік теңсіздікке қарсы тұру құралы әлеуметтік қамтамасыз ету.

4. Зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігін, олардың қызмет шеңберін шектелгендігін (сонымен қатар мектеб те шіркеуден бөлінген, бұл мемлекеттік құрылымның зайырлылық сипатымен қамтамасыз етіледі), сондай-ақ қандай да бір діннің мемлекеттік немесе міндетті болып бекітілуіне тиім салынудан көрінеді.

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде діни ұйымдардың мемлекеттен бөлінгендігімен сипатталынады. Мемлекет ісіне діни қоғамдық ұйымдардың араласуына жол берілмейді және мемлекеттік органдардың діни ұйымдардың ісіне араласуына жол берілмейді.

2.3. Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі

Мемлекеттің саяси  жүйесі Конституцияда нақты көрініс  тапқан. Саяси жүйенің негізгі  тұғыры – президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш рет заңдастырылған. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып  жарияланған. Президентке елдің  ішкі және сыртқы  саясаттарын анықтау  міндеті жүктелген. Ол мемлекеттік  биліктің барлық тармағының келісіп  жұмыс істеуін және олардың халық  алдындағы  жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент заң шығарушы, атқарушы, сот жүйелерінің бәріне бірдей  қатынаста болады. Бәрінің жұмысын  үйлестіріп, мемлекеттік биліктің  дұрыс жүргізілуіінің кепілі  болып  танылады.

Біздің президентіміздің Негізгі Заңда көрсетілген конституциялық ауқымда жемісті жұмыс істеп  отырғанына  бүкіл ел куә. Еліміздегі саяси тұрақтылық, орын алып отырған үлкен қиындықтарға қарамастан макроэкономикалық деңгейдегі  ілгерілеу, отандық өнеркәсіпті  жандандыруға шетел инвестицияларын көптеп тарту, шикізат көздерін игеріп, жер асты байлықтарын экономиканы аяққа тұрғызуға  пайдалану, алыс-жақын шетелдермен оңды қатынастар орнату, ұлттардың татулығын қамтамасыз ету, еліміздің руханиятын, қорғанысын дамытуға күш салу және басқа сан-салалы қызметтерді құптауға әбден тұрарлық.

Президент ел халқына  “Қазақстан-2003” атты Жолдауын  жариялады. Алда тұрған дамуымыздың басты бағыттарын көрсетті.

Жаңа Конституция  елімізде екі палаталы тұрақты жұмыс  істейтін Парламентті  заңдастырды. Ол республиканың заң шығарушы ең жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Парламентіміздің жаңа демократиялық  сипатта дамуына конституциялық негіз қаланды. Парламент өз жұмысын  саясаттандыруға бейімдемей, экономикалық және саяси реформаны елімізде жеделдетуге  қажетті заңдарды қабылдауды алдына негізгі мақсат етіп қойды.

Конституцияда Парламент  депутаттарының құқықтары мен міндеттері нақтылап көрсетілген. Конституциялық шеңберде әрбір депутаттың жемісті  жұмыс толық негіз бар.

Парламент Елбасының  ұсынысы бойынша Конституцияға  өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, республикалық бюджетті бекітіп, оның орындауын қолдайды, бұл туралы Есеп комитетінің есептерін бекітеді. Үкімет басшысының бағдарламасын тыңдап, оны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды. Соғыс және бітім мәселелелерін  шешеді. Республиканың халықаралық  шарттарын қадап бекітеді және олардың  күшін жояды. 

Республика Үкіметі  Конституция белгілеп берген өкілеттіліктерінің негізінде экономикалық-әлеуметтік дамудың барысына басшылық жасап, ұйымдастыруға, ең алдымен жауапты.

Парламент депутаттары  да атқарушы органға шексіз билік  берілген деген пікірден құралақан  емес. Шындығына келгенде, Үкімет те Конституцияда көрсетілген мөлшерде ғана өкілеттікке ие. Президенттің алдында есеп береді, оның үнемі  бақылау-назарында болады. Бюджет жүйесі жөнінде Парламентке тікелей  тәуелді.

Жаңа Конституцияда  биліктің үшінші тармағы – сот  жүйесіне ерекше маңыз берілген. Елімізде құқықтық реформа жүзеге асырылуда. Бұл салада жаңа Конституцияға негізделіп қайта жасалған “Азаматтық кодекс”  пен “Қылмысты істер кодексінің”  қабылдануын ерекше атап өтуге болады.

Мемлекеттің республика деңгейінде ғана емес, жергілікті жерлердегі басқаруы мен өзін-өзі басқару  тәртіптері де Конституцияда айрықша  дараланған.

Облыс пен аудандарда, қала мен селода мемлекеттік басқаруды  өкілді дегендер – мәслихаттар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

2.4. Конституциядағы  көрсетілген ҚР азаматтарының  міндеттері мен құқықтары 

Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995 жылдың 30 тамызындағы бүкілхалықтық  талқылаудан өтіп қабылданған Конституцияда  анық тұжырымдалған.

Адам тумасынан  өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын  алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

Конституцияның 19-бабында “Әркімнің өзінің қай  ұлтқа, қай партияға  және қай  дінге жататынын өзі анықтауға  және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы”  деп жазылған. Адамдардың ар-ождан  бостандығына заң жүзінде толық  кепілдік берілген.

Республика азаматтарының  заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны  мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған.

Конституцияның 39–бабында адамдардың құқықтары мен  бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.

39 баптың 3 пунктінде  азаматтардың құқықтарын, яғни азаматтық  құқығы, өмір сүру құқығы, жеке  өміріне, өзінің және жанұясының  құпиясына қол сұғылмауына,  мемлекет  органдары мен лауазым иелерінің  кінәсінен шеккен зиянды қайтарып  алуына т.б құқықтарын тіпті  ең төтенше жағдайлардың өзінде  де шектеуге рұқсат бермейтіні  айтылған.

Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқықтарға, осы құқықтардың  кепілдігіне  айтарлықтай көңіл  бөлінеді.

Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады (6 бап.). Жерді меншіктеу  құқығы бекітіледі (21,25 бап.), сонымен  қоса өзінің мүмкіндіктерін және мүліктерін кәсіпкерлік қызметте және заңмен тыйым  салынбаған экономикалық қызметте еркін пайдалануына құқықтары бар. Бұл нарықтық экономиканың тұрақты дамуы, экономикалық реформаның алға жылжуы үшін сенімді конституциялық негіз жасауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының   Конституциясының 13 бабында  әр адамның  өзінің бостандығы мен құқығын сот  арқылы қорғай алатыны көрсетілген. Әр адамның заң мамандарынан көмек  алуға, үкімді Жоғары сотқа қайта  қаратуға, жазаны жеңілдетуді сұрауға  құқығы бар.

Азаматтардың  медициналық көмек алуына, мемлекеттік  оқу орындарында  тегін орта білім  алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім  алу Конституция бойынша міндетті деп табылған.

Республика азаматтарының  құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленген  салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың  қасиетті парызы және міндеті.  Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде  бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін орындауға  келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі  кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Халық өзі дауыс  беріп қабылдаған заңын әрдайым  әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы  үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс.

Заң жақсы жұмыс  істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау  азаматтардың күнделікті дағдысына,  үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып  өтуге тырысушылық өркениетті елдің  мәдениетіне жатпайды.

Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы  заң бекерден-бекерге  шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың  дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызғ бөгет  бола бастады.

Заңды қабылдағаннан  соң оны мүлтіксіз орындау  қажет. Қалың көпшіліктің заңды  жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне  айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес.

Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.

Біздің Негізгі  Заң  дүние жүзіндегі ең жас  Конституциялардың бірі. Нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде  ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін  көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі  жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн.

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Казақстан республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.
  2. Нысанбаев Ә. “Жалпы ұлттық келісім және демократиялық даму”. Егеменді Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз.
  3. Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. “Ата-заң арналары”. Егеменді Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-тамыз.

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы