Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері
Курсовая работа, 18 Октября 2012, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.
Содержание
Кіріспе .....................................................................................................3-6
І тарау: Валюталық қатынастардың теориялық негіздері
1.1 Ақшаның шығу тегі............................................................................7-11
1.2 Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың
механизмі...................................................................................................12-15
1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану................16-21
ІІ тарау: .
2.1 Теңгенің қалыптасу кезеңдері мен даму мәселелері......................22-31
2.3 Ақшаның түрлер................................................................................32-41
Қорытынды ....................................................................................42-43
Қолданылған әдебиеттер .................................................................44
Прикрепленные файлы: 1 файл
Қ.Р.ұлтық валютаның қалыптасуы және бекіту мәселелері.doc
— 230.00 Кб (Скачать документ)Соңғы 3 жылда банк жүйесіндегі депозиттер 5,1 млрд. астам АҚШ долларына дейін 3 есе, ал халықтың салымдары (резидент еместерді есептегенде) – 2,1 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті.
Банктердің ресурстық базасының қарқын алуы оларға экономиканы кредиттеу қызметін едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік берді. Соңғы 3 жылда банктердің экономикаға кредиттері 5,9 млрд. АҚШ долл. дейін 4 есе өсті (ЖІӨ-нің 22 %-ы). Қазіргі кезде банк активтерінің 57 %-ға жуығы кредиттер түрінде экономиканың нақты секторына орналастырылды.
- Ұлттық банктің
міндеті ұлттық валютамыз –
теңгенің ішкі және сыртқы
тұрақтылығын сақтау болып
- Ұлттық валютаның
ішкі тұрақтылығы инфляция
Экономикада ақша ұсынысының сұраныстан едәуір артуы бағалардың өсуіне, яғни инфляцияны тездетуге әсер етеді. Сондықтан Ұлттық банк ақша – кредит саясатының құралдарын пайдалана отырып, экономикаға ақшаның түсуін реттейді. Мысалы, ақша шамадан тыс көп түскен кезеңдерде Ұлттық банк портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып, ақша ұсынысын азайтады. Ақша жеткіліксіз көлемде түскен кезеңдерде қайталама рынокта айналыста жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып алып, ақша ұсынысын ұлғайтады.
Ақша – кредит саясатының негізгі құралдары ашық рынок операциялары – бағалы қағаздарды сату және сатып алу болып табылады. Олар ең алдымен қысқа мерзімді ноттар шығару және өтеу арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, Ұлттық банк вексельдерді қайта есептеу арқылы банктердің ресми ставкаларын реттеуді және қайта қаржыландыруды, банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін банктерге қысқа мерзімді кредиттер (күндізгі және овернайт) беруді жүзеге асырады. Соңғы уақытта банк секторының нығаюына байланысты, екінші деңгейдегі банктерге кредиттер сирек берілетін болды. Қайта қаржыландыру ставкасы негізінен индикативтік сипатта болады және Ұлттық банктің қысқа мерзімді инфляциялық күтулерін көрсетеді.
Банк жүйесінде өтімділікті реттеудің қосымша құралы тікелей және кері РЕПО операцияларын жүргізу болып табылады. Болашақта бұл операциялар банк жүйесінің өтімділігіне ықпал ететін негізгі құралдар болатыны күтілуде.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген және 1 қаңтардан бастап күшіне енетін соңғы өзгерістерге сәйкес, Ұлттық банктің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан алдағы уақытта ???????? инфляция бойынша бағдарларды ????????? болып табылады. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға араласпайды.
- Қазақстанда
банк саласын реформалау
- Ұлттық валютаның
қалыптасуына ықпал ету
Бүгінгі күні біздегі банк жүйесі ТМД-дағы ең жедел дамыған болып табылады. Банктердің жиынтық меншікті капиталының баламасы шамамен 1,4 млрд. АҚШ долларына, жиынтық активтері – 10,5 млрд. АҚШ долларына жетті. Банктер активтерінің 60%-на жуығы экономикаға кредиттер түрінде орналастырылады. Қазақстанның банк жүйесі банк қызметінің негізгі халықаралық стандарттарына сай келеді. 2003 жылдан бастап біздегі барлық банктер қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді.
Жуырда қабылданған
Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасында
екінші деңгейдегі банктерді шоғырландыруды
қадағалауды халықаралық
- Ұлттық валютамыз жөніндегі әңгімеге қайта оралайықшы. 1, 3, 5, 10, 20, 50 теңгелік банкноттардың айналымнан алынып тасталуына байланысты оларда бейнеленген тарихи тұлғалар да (әл – Фарабиден басқалары) көзден ғайып болды. Болашақта олардың бейнесі металл теңгелерге түсіруге болмас па екен?
- Шындығында, номиналы 100 теңгеге дейінгі ақша белгілерін монета түрінде шығаруға байланысты Құрманғазы, Сүйінбай, Шоқан Уәлиханов, Абылай хан және Әбілхайыр хан бейнелері бар номиналы 100 теңгеге дейінгі банкноттарды шығару тоқтатылды. Алайда, бірқатар аса көрнекті тарихи тұлғалар мерейтой күндеріне орай Қазақстан тәуелсіздігі кезеңінде шығарылған мерейтойлық және ескерткіш монета беттеріне бейнеленді және мұндай бейнелену жалғастырылуда.
Қазір түрлі номиналдардың тарихи тұлғалар бейнеленген бірқатар мерейтойлық және ескерткіш монеталары айналыста жүр. Мәселен, ақын әрі ойшыл Абай Құнанбаевтің, ақын Жамбыл Жабаевтің туғанына 150 жыл, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтің, жазушы Мұхтар Әйезовтың, қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың, жазушылар Ғабиден Мұстафиннің, Ғабит Мүсіреповтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық және ескерткіш монеталар шығарылды.
Ұлттық банк банкноттар
мен монеталардың дизайнын оның барлық
өлшемдерін әлемдік валюта деңгейінің
өлшемдеріне сәйкестендіруді
- Теңгенің
айырбас бағамының өзгеру
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес Ұлттық банктің негізгі мақсаты – 2004 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болады. Сондықтан Ұлттық банк бағдарды инфляция бойынша ғана белгілейтін болады.
Ұлттық банк сыртқы рынокта қазақстандық тауарлардың баға бәсекелестігі қабілетін қолдау үшін теңгенің өзгермелі айырбас бағамының режимін сақтау ниетінде, ол ақшаға сұраныс пен ұсыныстарға байланысты бағамның өзгеруіне негіз болады. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға араласпайды.
2.2. Ақшаның түрлері.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Мералл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – авверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады.
“Монета” сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнон-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. “Монета” сөзі латынша “moneo” – “кеңес беремін, көңілінен шығамын” дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар VII ғ. б. э. б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы ІХ-Х ғғ. Жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де ХІХ ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мыныдай объективті қажеттіліктері болған:
- алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алиады;
- жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алиады;
- алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.
Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.
Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мынылар жатады:
- құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
- құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екігі бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналлыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуы себептері мынандай:
- металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
- металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендету барысында бүлінуі;
- бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
- эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық қүны мен олардың наұты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
- бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.э. ХІІ ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазірігі кезде қағаз ақшалар
қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ ,Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 ж. болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет фрмасында соңғы реет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жж. және Қазақстандағы 1993 ж. ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауысиырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз ақшалар тек
қана айналыс құралы және төлем құралы
қызметін атқарады. Олардың айналыста
ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілі
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операциялармен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.
“Вексель” сөзі ағылшынша bill note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Векселдің екі түрі бар: жай және аудармалы.
Векселдің түрлеріне «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикпсының заңында мынадай түсініктемелер берілген:
- Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға векселде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
- Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген срманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеутуралы үшінші бір тұлға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмнген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.