Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 08:31, курсовая работа

Краткое описание

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................3-6

І тарау: Валюталық қатынастардың теориялық негіздері
1.1 Ақшаның шығу тегі............................................................................7-11
1.2 Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың
механизмі...................................................................................................12-15
1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану................16-21
ІІ тарау: .
2.1 Теңгенің қалыптасу кезеңдері мен даму мәселелері......................22-31
2.3 Ақшаның түрлер................................................................................32-41
Қорытынды ....................................................................................42-43

Қолданылған әдебиеттер .................................................................44

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қ.Р.ұлтық валютаның қалыптасуы және бекіту мәселелері.doc

— 230.00 Кб (Скачать документ)

Экспорттық өнім өндірмейтін  шаруашылық жүргізуші субъектілер  және валютаға мұқтаждары оны валюта рыноктерінде ұлттық валютаны айырбастау жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық – құқықтық түрлердің шаруашылық органдары валюта қорларын көбейте алады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің валюта ресурстарын  қалыптастырудың келесі көзі – банктердің валюта кредиттері. Өнім өндірумен  немесе қызмет көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар, саланы, аймақты, жалпыұлттық шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды немесе дамудың тиісті бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшін шетел банктерінен алынған кредиттері елдің үкіметі кепілдендіре алады; Қазақстанда мұнай практика коммерциялық есеп қағидатын дамыту қажеттігімен және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану үшін жауаптылықтың оларды пайдаланушыларға ауысуымен байланысты бірте – бірте шектеліп келеді. Өндірістің осыған ұқсас бағыттарын қаржыландыру үшін валюта қаражаттары компанияларға, фирмаларға үкімет шешімімен орталықтандырылған валюта ресурстарынан бөлінуі мүмкін.

Үлестік негіздерде әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер  үшін (акционерлік, бірлескен, кооперативтік) валюта ресурстарын толықтыруға  осы шаруашылық құрылымдары қатысушыларының валютадағы қосымша салымдары есебінен жетуге болады.

Валюта қаражаттары  түсімдерінің мүмкін болатын көзі келісім  – шарттарды, арбитраж органдары  белгілеген контракттар бойынша  міндеттемелерді, басқа елдердің сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдерді орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып табылады.

Қайта бөлу ретіндегі  валюта қаражаттары басқарудың жоғарғы  буыны тарапынан төменгі шаруашылық биліктерге бөлінуі мүмкін (басқарудың бұл деңгейінде валюта қорларын жасау кезінде).

Валюта ресурстарының  аталған көздерінің қаражаттары  жиынтығында шаруашылық жүргізуші  субъектілердің валюта қорларын құрады, бұл қорлар субъектілер ұжымдарының  өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі мақсаттарына пайдаланылады. Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:

1. Дүниежүзілік рыноктерде  жұмыс істейтін компаниялардың, фирмалардың экспорттық әлуетін  ұлғайту;

2. Импортты алмастыратын  өнім өндіруді ұйымдастыру немесе  мұндай өнімнің қолданыстағы  өндірісін ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін валюталық ресурстар есебінен құрал – жабдық, саймандар, материалдар, технологиялар, лицензиялар,ноу – хау сатып алынады, негізгі құралдардың лизингі жөніндегі операциялар жүргізіледі, шетел мамандары шақырылады, кадрларды оқытады.

3. Валюталық кредиттерді  және оларды пайдланғаны үшін  пайыздар өтеу;

4. Мамандандырылған сыртқы  экономикалық ұйымдарға сыртқы  рыноктерде операциялар жасауға  жәрдемдесу жөніндегі қызметтері  үшін комиссиялық сыйақылар төлеу;

5. Капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың, фирмалардың қаржы және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсау;

6. Сыртқы экономикалық  міндеттемелер бойынша келісімдердің  шарттарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, өтемақылар төлеу;

7. Ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ұлттық валютаны сатып алу;

8. Ұйым ұжымдарының  қажеттіліктерін қанағаттандыру  үшін тұтыну және мәдени –  тұрмыстық арналымның шетелдік  тауарларын, дәрі – дәрмектерді,  медициналық жабдық пен саймандарды  сатып алу (белгіленген нормативке сәйкес).

Иегерлердің немесе құрылтайшылардың қарап шешуі бойынша қаржы  ресурстарының басқаша пайдалануы да мүмкін.

Заңды тұлғалар өздеріне қарасты валюта қорларын дамудың: өндірістік инфрақұрлымының, бірігіп пайдаланудың объектілері құрылысының, ғылыми зерттеулер жүргізудің және ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізудің, келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді, маркетингтік зерттеулерді қаржыландырудың және т.т. жалпы міндеттерін орындау үшін біріктіруге құқылы.

 

ІІ-тарау  Қазақстан  Республикасының ақша жүйесі.

2.1  Теңгенің қалыптасу кезендері мен дамыту мәселесі.

 

/Қазақстан  Республикасының Ұлттық    банкінің

төрағасы Григорий Марченкомен сұхбат/

 

- Ұлттық валюта  енгізу - әр елдің тарихында бір-ақ  рет болатын оқиға. Қазақстан  да осындай есте қаларлық қуанышты сәтті бұдан он жыл бұрын  - 1993 жылғы 15 қарашада бастан өткерді. Ұлттық валютамыз – теңгенің енгізілуімен Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының жаңа шын мәніндегі өзгерістер кезеңі басталды. Бұл соған дейінгі жүргізілген қиын да жауапты жұмыстардың нәтижесі екендігі белгілі. Осы істің басы – қасында, Григорий Александрович, сіз де болдыңыз ғой. Орайы келіп тұрғанда теңгенің енгізілуі қарсаңындағы елдің экономикалық жағдайына, Ресеймен жүргізілген келіссөздерге байланысты жайттарды қайта бір еске түсірсеңіз.

- Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік  алғанымен, нақты экономикалық  тұрғыдан алғанда, ол әлі де  болса сол кезде ыдырай бастаған  рубль аймағында қалған болатын.  Инфляцияны ауыздықтауға, ұлттық  валютаның іргесін нығайтуға, валюталық қатынастар мен бағалы металдар рыногын ырықтандыруға барлық күш – жігер жұмсалды. Мәселен, 1991 жылы ЖІӨ-нің төмендеуі 11 %  болса, инфляция деңгейі 147,1 %-ға дейін жоғарылады, халықтың нақты жалақысының индексі 13 % төмендеді.

Осындай жағдайларда  Қазақстан Үкіметі бұрынғы кеңестік аумақта ондаған жылдар бойы қалыптасқан  экономикалық және мәдени байланыстарды  ескере келе, рубль аймағын сақтап қалу тиімді деп санай отырып тиісті шаралар қабылдады. Сонымен қатар  Қазақстан ұлттық валютаны енгізу жөнінде алдын ала дайындық шараларын жүргізді.

1993 жылдың шілде –  тамыз айларында Ресейдің өз  валютасын енгізуі Қазақстан  мен Ресей арасында рубльдің  шын мәнінде бөлінуіне алып  келді. Қазақстанға Ресей рубльдерінің  жаңа үлгісін енгізу туралы Ресей басшылығымен жүргізілген жиі келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Сонымен қатар республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Осындай жағдайда Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды.

- Банкноттардың дизайнын жасау, оларда бейнеленетін тарихи тұлғаларды таңдау да жеңіл шаруа болмаған шығар, жалпы теңгенің дүниеге келу «толғағы» қалай өтті?

- Ұлттық валюта енгізілетін  күнге дейін теңгенің дизайнын  жасау бойынша ұзақ айлар бойы  тынымсыз еңбек етуге тура келді. Теңге (таньга) атауының шығу тарихы бар – ерте дәуірде  Қыпшақ аумағында айналыста болған күміс монета осылай аталған. Банкноттың дизайнын Т.Сүлейменовтың  басшылығымен суретші – дизайнерлер тобы жасады.

Қызу пікірталас нәтижесінде  банкноттардың бет жағына Қазақстанның мәдени мұрасын барынша айқын көрсететін тарихи тұлғалардың бейнелерін, ал сырт жағына табиғат көріністері мен архитектуралық ескерткіштердің кескіндерін салу жөнінде шешім қабылданды.

Алғашқы банкноттардың  бет жағына философ және ғалым әл – Фарабидің, Сүйінбай ақынның, композитор және күйші Құрманғазының, ағартушы, демоктар және тарихшы Шоқан Уәлихановтың, ақын әрі ойшыл Абай Құнанбаевтің, дипломат, әскери және мемлекет қайраткерлері Әбілқайыр мен Абылай ханның бейнелері салынды. Кейбір қайраткерлердің бейнелерін мұрағаттардан, мұражайлардан табу үшін көп еңбектенуге тура келді.

Бас дизайнер Тимур Сүлейменовтың  айтуы бойынша, шетелдіктер Қазақстанның өз банкнот фабрикасы жоқ бола отырып және банкнот шығарудың полиграфиялық  технологиясын меңгерместен өзінің ұлттық валютасының дизайнын өз бетінше әзірлеуге кіріскен алғашқы ел болғанына таң қалыпты.

Ұлыбритания шеберлері  Қазақстан суретшілерінің көркемдеу  идеяларын полиграфиялық жақтан іске асыруына жәрдемдесті. Олар тильош (портреттерді бедерлеу) дайындап, бұларға авторлық құқық алды.

Қорғау элементтерінің жиынтығы пайдаланылатын техникалық тәсілдер, орындалу күрделілігі жағынан Қазақстан  теңгесі қолданылып жүрген ең жоғарғы  әлемдік үлгілер қатарына кіреді.

Ұлттық валютаны енгізу күніне қарай өзімізде монета өндірісі болмағандықтан, алғашқы ұсақ ақша (тиындар) қағаз түрінде шығарылды. Бастапқыда тиын шығарудың бекітілген дизайны болған жоқ, Үкіметтің комиссиясы мақұлдаған жалпы тұжырымдамасы ғана болды. Дизайн мен басып шығару жөніндегі жұмыс қатар жүргізілді. Мемлекеттік маңызы бар тапсырыс барынша қысқа мерзімде және жоғарғы полиграфиялық деңгейде орындалды.

Теңгенің алғашқы бакноттарын  полиграфиялық дайындауды «Харрисон  және ұлдары» фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды (ол ең жақсы экспорттық өнім ретінде Ұлыбритания королевасынан «Алтын белгі» алды).

- Теңге енгізілгеннен  кейінгі алғашқы кезеңде оның  бағамын біршама тұрақты ұстап  тұрудың мүмкін болмауы сізде  оған дейінгі атқарылған дайындық  жұмыстарының дұрыстығына күмән  туғызбады ма?

- Иә, шынын айтсақ, ұлттық валюта енгізілгеннен кейін алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы обьективті қиындықтар (бағаларды ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына қанағаттандырылмайтын сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше, бағамның өсуіне әкеп соқты. Теңгені енгізуге қатысты есеп айырысу жүргізген кезде ұлттық валютаның тұрақтылығына ықпал ете алатын барлық негізгі факторлар есепке алынды. Алғашқы кезде теңге бағамы төмендейді деп күтілген болатын. Алайда, мысалы, 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілген кезден бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.

Бұдан кейінгі жылдары  теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9 %, 1996 жылы – 15,4 %  төмендеген болса, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5,17 %, ал 2002 жылы – 3,25 % болды.

Осы қиындықтардың бәріне қарамастан мен теңгені енгізу қажеттігіне  және дайындық жұмысын жүргізудің дұрыс  екендігіне бір сәт те күмәнданған  емеспін. Тіпті уақыттың өзі де біздің іс - әрекетіміздің дұрыстығын растады. Қазір теңге – ТМД-дағы анағұрлық тұрақты валюталардың бірі.

- Теңгенің  осы он жылдық тарихын қандай  кезеңдерге бөліп қарастыруға  болады және олардың басты  сипаты қандай?

- Мен теңгенің тарихын  мынадай кезеңдерге бөлер едім.

1 – кезең. Инфляцияның ауыздықтау, ұлттық валютаның және қаржы рыноктардың қалыптасуы (1993 – 1996 жылдар).

1995 жылдар аяғында  – 8,2 % болған ЖІӨ өсу қарқыны  төмендеуінің сақталуына қарамастан, осы кезеңнің аяғында инфляцияның  деңгейін 60,3 %-ға дейін төмендеуге қол жетті.

1993 жылғы қарашада  теңгенің енгізілу кезіне қарай  Қазақстанның банк жүйесі едәуір  дәрежеде реформаланған болатын  екі деңгейлі банк жүйесі жұмыс  істеді, барлық мамандандырылған  банктер акционерлік банктер  болып қайта құрылды, ал Ұлттық банкке орталық банктің бірқатар функциялары берілді. Бұл өз валютамызға көшуді және Қазақстанның ақша – кредит саясатын жүргізуін едәуір жеңілдетті.

Банк секторын сауықтыру  жөніндегі шараларды жүргізу  нәтижесінде 1993 – 1996 жылдар аралығындағы кезеңде екінші деңгейдегі банктердің саны 204-тен 101-ге дейін азайды.

2 – кезең. Экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізу және банк жүйесін жедел түрде реформалау (1997 – 1999 жылдар).

Экономикалық  реформаларды жалғастыру нәтижесі 1999 жылы ЖІӨ-нің 2,7 % өсуі инфляция деңгейінің 17,8 % төмендеуі және нақты жалақы индексінің 13,1 % жоғарылауы болды.

Банк секторын шоғырландыру және сауықтыру процестері екінші деңгейдегі банктердің жалпы санының 55-ке дейін  азаюына ықпал етті. Жекелеген  банктер қайта ұйымдастырылды.

1998 жылғы қаңтардан  бастап Қазақстан рыноктық қатынастар  негізінде құрылған және ұзақ  мерзімді перспективаға есептелген  үш деңгейлі зейнетақы жүйесіне  көшті.

3 – кезең. Экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және барлық қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауы (2000 жылдан бастап).

ЖІӨ-нің жиынтық өсуі соңғы 3 жылда 33 %-ға жуық болды, бұл Қазақстанның экономикалық даму қарқыны жағынан  әлемдік лидерлердің бірі болуына  мүмкіндік жасады. 2003 жылдың 9 айында экономикалық өсу 8,6 % болды.

Соңғы 3 жылда инфляцияның  орташа жылдық деңгейі 13,2 %-дан 5,9%-ға дейін  біртіндеп төмендеді. Инфляция 2003 жылдың 10 айында (2002 жылдың желтоқсаны – 2003 жылдың қазаны аралығында) 4,2 %  болды.

Инфляция қарқынының баяулауы Ұлттық банкке қайта қаржыландыру ставкасын Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері ең төменгі деңгейге  - 7 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Банк секторы қаржы  жүйесінің ең үлкен және тез дамитын  бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банк секторын халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктері ТМД елдерінің ішіндегі ең реформаланған, қаржылық тұрғыдан тұрақты және тез дамып келе жатқан банк секторы деп танып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 36 банк жұмыс істейді, оның үшеуі  мемлекеттік. Қазақстан Даму банкін, Эксимбанкті және Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін қоспағанда, барлық банктер жеке банктер болып табылады.

Банк жүйесінің тұрақтылығы  нығая түсуде. Оның валюта баламасындағы  жиынтық меншікті капиталы 1,4 млрд. астам АҚШ долларын құрайды. ТМД елдері ішінде бір банкке келетін меншік капиталының мөлшері бойынша Қазақстан жетекші орында (43 млн. АҚШ долл.).

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері