Қаржының мақсатты жұмсалуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 06:33, курсовая работа

Краткое описание

Осы курстық жұмыста аталған екі ұғым қарастырылады. Оларға толық әрі нақты анықтамалар беріліп, баяндалады. Курстық жұмыс негізінен кіріспе бөлімнен, үш негізгі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде жалпы мағлұмат беріліп, жұмыс сипаттамасы көрсетіледі. Негізгі бөлімнің бірінші тарауында қаржылық жүйенің ұғымы, оның мазмұны, жасалуы көрсетіледі. Екінші тарауда сыртқы экономика, оның қажеттілігі мен маңызы, сондай-ақ негізгі тараулары баяндалады. Үшінші тарауда аталған сұрақтардың Қазақстандағы дамуы мен олардың рөлі көрсетіледі. Қорытынды бөлімде осы жұмыстың қорытынды тұжырымдамалары шығарылады, соңғы ой айтылады.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................3

І. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі................................................5
1.1. Қаржылық бақылаудың мәні, ұйымдастыру маңызы
1.2. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржы мазмұны және оны ұйымдастыру ......................................................................................................8
1.3. Мемлекеттік кірістердің мәні мен сыныптамасы ....................................12

ІІ. Қаржының мақсатты жұмсалуы ..................................................................19
2.1. Әлеуметтік мәдени шараларға және халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар ......................................................................................19
2.2. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру ......................................22
2.3. Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы ........................................................................................................23

Қорытынды .........................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ....................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРС каржы жуйе.doc

— 202.50 Кб (Скачать документ)

      Сондай-ақ  жоғарыда аталған қызмет түрлерін  жүзеге асыратын республикалық  бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін, олардың аумақтық бөлімшілерін және мемлекеттік ұстауға арналған шығыстар да республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін ұстауға арналған шығыстар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілген шат саны лимиті мен Үкіметтің актілерімен бекітілген мемлекеттік органдардың топтары бойынша бір қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығыстардың нормативтерін негізгі алына отырып белгіленеді және оларды республикалық бюджеттен басқа, өзге де қаржыландыру көздері есебінен ұстауға жол берілмейді. Республикалық бюджеттен шығыстар мен кредиттердің жекелеген бағыттары бойынша немесе жекелеген республикалық бюжеттік бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңдағыдан басқа, өзге де нормативтік құқықтық актілерде шығыстар мен несиелендірудің ең аз, шекті немесе тіркелген мөлшерлерін белгілеуге жол берілмейді.

 

 

 

ІІ. Қаржының мақсатты жұмсалуы

2.1. Әлеуметтік мәдени шараларға және халықты әлеуметтік

қорғауға жұмсалатын шығыстар

            

Мемлекеттік шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға – оқу ағартуға, ақпараттық қызметтер көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарту және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, дене шынықтыруға мен спортқа, мемлекетік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындары қаржыландыру болып табылады. Аталған шығыстар қоғамдық тауарларға, игіліктерге, қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығыстардың бір бөлігі болып табылады. Оларды мемлекеттік ақшалай трансферт түрінде, сондай-ақ ақысыз материалдық игіліктер мен қызметтер көрсету түрінде қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке тұтынуына бағыттайды. Шығыстардың бұл тобын қалыптастырудың негізгі көзі – мемлекеттік бюджет пен арнаулы бюджеттен тыс қорлар. Қалған бөлігін орталықтандырылмаған тәртіппен шаруашылық жүргізуші субъектілер өздерінің табыстары есебінен жасайды. Соңғы уақытта нарыққа көшу жағдайында елімізде әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландырудың жаңа қағидаттары енгізілді: әлеуметтік сфераның мекемелері ішінара қаржыландырудың шаруашылық есеп негіздерінде, сақтандырудың қағидаттарына көшуде.

Білім беру сферасында –  бұл кепілдендірілген бюджеттік  нормаларға қосымша білім және кәсібимашық  үшін ақылы оқуды қолдану, денсаулық сақтауда – ақылы медициналық қызмет көрсетуді дамыту, әлеуметтік қорғауда – жинақтаушы зейнетақы қорларына сақтық аударымдар жасау. Блім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім беретін мектептер, мектептен тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктерін шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарында, орта кәсіптік білім беру оқу орындарында, жоғары кәсіптік білім беру орындарында, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау оқу орындарында бөлінеді. Аталған барлық шығыстар мемлекет кепілдендіретін деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады. Білім беру мекемелерін қаржыландыру бұл мекемелердің түрлері мен тұрпаты бойынша әр оқушыға анықталатын мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады. Қызметкерлер мен өндірістегі басқа кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстар өнімінің өзіндік құнына кіріктіріледі. Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңына сәйкес гранттар және кредиттер негізінде жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа механизмі қолданылады: бірінші жағдайда қаражаттар қажетті профильдің мамандарын даярлау үшін мемлекеттік бюджет есебінен өтеусіз бөлінеді, екіншісінде оқитындарға келісімшарт негізінде коммерциялық банк құрылымдары тарапынан ұзақ мерзімді кредит беріледі.

Мәдениет пен  шығармашылықты қаржыландыру кітапханалары , клубтары, мәдениет үйлерін, мұражайлар мен көрмелерді, театрларды, филармонияларды, сазгерлік ұйымдарды, ансамблдерді, киностудияларды ұстауды қамтиды : олар бюджеттен, сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Мәдениет пен шығармашылықтың бірқатар мекемелері шаруашылық есепте тұрады және олар бойынша меншікті табыстарымен жабылмайтын шығыстардың мөлшерінде бюджеттен демеу қаржының сомасы белгіленеді. Көпшілік ақпарат құралдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекет құрылтайшысы болып келетін мемлекеттік радио хабарын таратуды, теледидарды , баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруға бағытталады. Халыққа арналған бірқатар медициналық қызметтер бұрынан ақылы жүйеде көрсетіліп жүргендігі белгілі.

Қазақстан Республикасының  Үкіметінің 2000 жылғы қаңтардың 27-сіндегі  № 135 қаулысына орай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі белгіленген. Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттік – Республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен көрсетілетін медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады. Азаматтарға республикалық бюджеттің есебінен орындалатын тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі :

1) денсаулық сақтау  ұйымдарының жолдамасы бойынша  ересектер мен балаларға оңалту  көмегін қоса алғанда: хирургиялық,  нейрохирургиялық, уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық және радиологиялық, тері-венерологиялық, офтальмалогиялық, кардиологиялық, акушерлік-гинекологиялық және зиянды әрі қауіпті өндірістік факторларға байланысты аурулар, туберкулез, лепра кезінде мамандандырылған медициналық көмек  көрсетуге.      

2) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған  аурулар медициналық көмек көрсетуге;

3) шұғыл, төтенше жағдайларда  пайда болған аурулар кезінде  медициналық көмек көрсетуге;

4) сот-медициналық сараптамаға  бағытталады.

Алғашқы медициналық  көмек көрсету мамандарының жолдамасы бойынша мамандандырылған амбулаториялық емханалық ұйымдар жүзеге аыратын консультациялық-диагностикалық көмекті; ортодонтикалық көмектен басқа 18 жасқа дейінгі балаларға жүкті әйелдерге және тісі қатты науқастарға стамотологиялық көмекті; 18 жасқа дейінгі балаларға физиотерапевтік көмекті; жедел және шұғыл жәрдем көрсетуді; шұғыл көмек көрсетуді; алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы бойынша аурулардың барлық түрлері, соның ішінде: онкологиялық, психоневрологиялық, инфекциялық, офтальмологиялық, терапевтік, травмотологиялық, тері-венерологиялық, жүкті әйелдер мен аурулардың гинекологиялық ауруларына, алкоголизммен және нашақорлықпен, туберкулезбен, қант диабетімен, тыныс жолы-өкпе ауруларымен ауыратындар бойынша жоспарлы көмек көрсетуді қоса алғанда, жергілікті деңгейде ересектер мен балаларға стационерлік медициналық, соның ішінде оңалтушылық көмек көрсетуді;

Мемлекеттің денсаулық  сақтауды қаржыландырудың көздері  мыналар болып табылады :

  • ұзақ мерзімді экономикалық нормативтер бойынша бөлінетін республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары;
  • шарушылық жүргізуші субьектілердің кірістерінен аударылатын аударымдар, министірліктің, ведомствалардың және басқарудың басқа органдарының мақсатты субсидиялары;
  • арнаулы бағдарламалар бойынша халықаралық валюта қорларының бөлінетін валюталық қаржы;
  • жұмыс берушілерге нормативтерден тыс медицианлық және басқа қызметтер көрсетуді орындағаны үшін және ақылы қызметтер мен шарушылықтың қызметтің басқа түрлерін көрсеткені үшін алынған медициналық мекемелердің қаражаттыр;
  • ұйымдар мен азаматтардың, соның ішінде басқа мемлекеттердің қайырымдылық салымдары.   

       Денешынықтыру  менспортқа жұмсалатын шығыстар  мемлекеттік бюджеттің қаражаттары,  кәсіподақ ұйымдарының қаражаттары,  шаруашылық жүргізуші субьектілердің кірістері, спорт қоғамдарының меншікті қаражаттары есебінен қаржыландырылады.

Әлеуметтік  қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге ааналған басымдылықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін атайды. Бұл деңгей қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, жалпы ішкі өнімнің мөлшерлеріне қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады.

Әлеуметтік  қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектірін қамтиды. Әлеуметтік қамсыздандырудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен жіктеріне «әлеуметтік көмек» деп аталатындар бола алады.

 Әлеуметтік  сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты жағынан адамның еңбек қызметімен және бұл қызметтің нәтижесіне байланысты болып келетін тиісті төлемақыларға арналған қорларды қалыптастырумен байланыстырылады. Яғни әлеуметтік сақтандыру жөніндегі қаражаттар айтарлықтай дәрежеде, өзін-өзі қаржыландыру қағидасы бойынша, пайдаланушының оларды алуына қарай көп немесе аз уақыт аралығымен жасалынады. Тұрмысы төменгілерге әлеуметтік көмек негізінен кедейлік шегінен арғы халықтың көптеген санаттарына таралады және мемлекет немесе қайырымдылық-қоғамдық, мақсатты, жеке меншіктегі қорлардың есебінен болатын «қайыр көрсету» сипаты болады және мақсатты кедейлерге қамқор болу. Сөйтіп, әлеуметтік мұқтаждары қаржыландыруға арналған қаражаттарды қалыптастырудың үш әдісін бөліп көрсетуге болады, сақтық, бюджеттік, қайырымдылық жарналары әдістері болып табылады.

 

2.2. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру

 Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау кезеңдерге және тиісінше, ғылыми-техникалық зерттеулерге байланысты, соның ішінде : іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, жобалау-конструкторлық зерттемелер, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың әдістерін енгізу. ҒТП-ны қаржымен қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары қаржыландыру көздерінің көптілігі және олардың мақсатты бағыттылығы болуы тиіс.

Ғылыми жалпы нарықтық қатынастарға бағдарлама алмайтын қызмет сферасына жатады: мәселен, іргелі ғылым түгелдей коммерциялық критерийлерге түсіп кетпейді, сондықтан экономиканың маңызды секторларындағы технологияны революцияландыра алатын іргелі зерттеулер мен келешектегі зерттемелерді қаржыландырудың міндетін мемлекет өзіне алады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық, инвестициялық, экологиялық, ізгіліктілік және өзге де бағдарламалар саласында келісілген саясат жүргізу қажет. Айтылған бағдарламалар мен жобалардың бағдарламаларын қаржыландыру орталықтандырылған қаражаттар есебінен жүргізілуі мүмкін. Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың басымдығы жалпымемлекеттік маңызы бар аса маңызды іргелі зерттеулерге, салааралық проблемалар бойынша жұмыстарға, мемлекеттік және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тапсырмаларына беріледі.

ҒТП-ның қолданбалы және енгізбелік шаралары шаруашылық есеп қорларына (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған) және банк кредиттері есебінен қаржыландырылуы тиіс. Бұл шаралар өндіріс тиімділігінің тікелей ықпал жасайтындықтан, оның түпкілікті нәтижелеріне әсер ететіндіктен шарушылық жүргізуші субъектілердің кірістерін ҒТП сферасындағы олардың қызметінің түпкілікті нәтижелерімен тығыз байланысын қамтамасыз ететін икемді салық саясаты жүргізілуі тиіс.

ҒТП-ны жеделдетуді ынталандырудың маңызды бағыты ҒТП-ның басым бағыттарын жүзеге асыратын субъектілер үшін мақсатты субсидиялар мен жеңілдікті кредиттер беру, жаңа техника мен технологияларды игеру жөнінде арнайы құрылатын көтеріңкі шығындарының инвестициялық қорлары есебінен өтемақы төлеу, жаңа қымбат тұратын өнімді тұтынушыларға оны игеру жылдарында мақсатты жәрдемақылар енгізу, негізгі құрал-жабдықтардың жеделдететін амортизациясын қолдану болып табылуы мүмкін.

ҒТП-ны қаржымен қамтамасыз етудің көзі қаржылық қолдауды көрсетуге арналған инновациялық қорлардың ресурстары бола алады, бұл қорлар салаларда немесе аймақтарда ғылыми-техникалық өнімді әзірлеушілер мен тұтынушылардың, банктердің, басқа мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ биліктің жергілікті органдарының бюджет қаражаттары есебінен құрылуы мүмкін. Соңғы уақытта алдын ала ескерілген шарттарда нақтылы ғылыми зерттеулер жүргізуге азаматтар мен заңды ұйымдардың, соның ішінде шетелдік, халықаралық ұйымдардың да өтеусіз және қайтарусыз беретін гранттар – арнаулы ақша және басқадай қаражаттарды беру жолымен қаржыландырудың демеушілік сияқты көзі айқын дамып келеді. Негізінен бұл нысан мақсатты қолданбалы зерттеулер мен енгізбелік жұмыстарды қолдау үшін қолданылады. Кейін, жекеше бизнестің дамуына қарай, бұл көз іргелі зерттеулерді қаржыландыруда көрнекті рөл атқарады. Шаруашылықтың басқару органдары ғылыми зерттеу, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарының және ғылымда қажетсінетін өнімдердің жаңа түрлерін игерудің арнаулы салалық және салааралық бюджеттен тыс қорларын құра алады.

Ғылыми зерттеулер қалыпты  қамтамасыз ету ғылыми орталықтарда күштерді біріктіруді, осы мақсат үшін қаржы ресурстарын орталықтандыруды қажет етеді. Ірі ресурстар не шаруашылық субьектілердің, аймақтардың, егеменді мемлекеттердің аударымдары жолымен шоғырландырылуы, немесе жеткілікті ірі бюджеттен мақсатты арналым түрінде бөлінуі мүмкін. Жекелеген өндірістерде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қаржыландырған кезде қаражаттардың бөліп-бөліп жіберілуі мүмкін. Нарық жағдайында ғылыми өнім тауар болуы және сұраным мен ұсынымның бағасы бойынша сатып алынуы тиіс. Мұндай жағдайда ғылыми өнімді сатып алушы шығарған шығындардың орнын толтыру үшін ғылым нәтижесін тез және тиімді пайдалануға мәжбүр болады. Бұл жағдайда ғылыми өнім үшін есеп айырысуды кредиттің ролі артады, ол ғылыми-техникалық зерттемелерді өндіруден алынатын ұтыстардың есебінен өтеледі.

 

 

2.3. Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму

бағытының сипаттамасы

 

Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікке дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.

Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралыө қаржы-кредит институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысумен байланысты қатынастардың кең шеңберңн қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл – валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттерінің бейрезиденттерімен, елдің экономикалық агенттерінің «басқа дүниемен» (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рол атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды (интеграциялауды) жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмін Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.

Іс-әрекет етудің айрықша  нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті субьектілер шетел мемлекеті, халықаралық ұйым, фирма және басқалары арқылы шетелдік әрптестер болып табылады. Қаржы қатынастыры ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсінуі жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады. Халықаралық байланыстардың дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді :

Информация о работе Қаржының мақсатты жұмсалуы