Қаржылық менеджменттің мәні және ол басқару жүйесі ретінде
Реферат, 12 Сентября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Менеджмент дегеніміз – белгілі жетістіктерге жету үшін обьектіге мақсатты түрде әсер ету әдістерінің жиынтығы.
Қаржылық менеджменттің ұғымы – тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағынын, оның бүкіл қаражаттарының қозғалыс механизмін басқару жүйесі болып табылады. Жалпы қаржы ресурстары ұғымы экономикалық теорияда да, практикада да кең қолданылады. Кәсіпорын капиталы – бұл пайда түсіретін кәсіпорын мүлкінің қаржылары. Капитал – кәсіпорынды құру және дамытудың басты экономикалық базасы.