Шпаргалка по дисциплине "Экономика предприятия"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 19:57, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Экономика предприятия".

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ekonomika_predpriatii (1).docx

— 243.24 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысының өзіндік мәні және көрінісінің сыртқы формалары бар жәнеолар саналуан. Олардыңберіктілігі біркелкі емес. Қаржының сыртқы формалары жиі өзгертілуде. Мысалы, кәсіпорындардың мемлкеттік бюджетпен  қарым–қатынас формасы жиі өзгертіліп, жетілдірілуде: көп арналы төлемдерден пайда салығына көшіріледі: қаржының бюджеттен шаруашылық  мұқтаждықтарын қаржыландырудыңкері қозғалысы өзін–өзі қаржыландырумен  ауыстырылды; кәсіпорындардың ішкі қаржы қозғалысының формалары өзгереді; бұл қатынастарнормативтіксипат алып шаруашылық коммерциялықнегіз алуда. Қаржы ресурстарының құрылымы, әдістері, жұмсалу бағыттары да өзгеруде. Қаржының мәні де өзгеруде, ол өндірістік  қатынастары, олардың даму барысы, мемлекеттің шаруашылық мәдени, әлеуметтікөмірлегі роліне байланысты. Қаржы қатынастары, еңалдымен бөлістік қатынастар. Олардың бөліс жүйесінің өзгерістерге ұшырап, өндірістің тиімділігін ынталандыруға роліартуда. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу әдістері менформаларының өзгеруі кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен және несиежүйесімен нарыққа алу процесінде қаржы қатынастарын өзгертіп, олардың ғылыми–техникалық прогресті  жеделдету  өндірістің өнімділігін артырудаынталандырушы ролінбаса көрсетуде.

Кәсіпорындар қаржысының мәні жөнінде әзірге ортақ пікір  жоқ. Бір қатар ғалымдар тауарлардысатып алу, сату кезінде және еңбекақы кезінде пайда болатын  ақша қатынастарын қаржы қатынастары деп қарауға болмайды, өйткені олар бұл қатынастардың элементтері емес деседі. Алайда өндірістік қағиданың жақтаушылар керісінше пікірде. өйткені өндірістегі қаржы қатынастары ұдайы өндіріс  кезеңдерін көрсететін экономикалық категория. Мысалы айырбас кезіндеөнімді өткізуден түскен түсімнен өнім беруші кәсіпорын тұтыну және қорлануқорларын құрайды. Оның барысында өнім беру шартының талаптары орындалмаса, екі жақ бір-біріне  қарыздар болса, тиісті қаржы айыптары қолданылады. Еңбекақы, сыйлықтар төлеу барысында туындаған ақша қатынастары арнайы қорлар  (тұтыну, еңбекақы, айналым  қаражаттарын) құрып, жұмсау арқылы жүргізіледі. өндіріс қағидасын жақтаушылар  қаржы қатынастары өндіріс процесінің барлық кезеңін қамтиды деп санайды.

Осыған байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы бөлу, бақылау және ұдайы өндіріс қызметін орындайды деп тұжыруға болады. Ұдайы өндіріс қызметінің мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық және қаржы қозғалыстары айналымын қамтамасыз ету. Бұл үшін кәсіпорын өндіріс жоспарлары, болжамдары негізінде өнімдерді өткізу, нақты мерзімдерге сай белгіленген экономикалық нормативтері, кірістер мен шығыстар көлемін белгілейді, шығындардың меншікті қаржы есебінен, уақытша алынған басқа кәсіпорындар мен өз қызметкерлерінің қаржысы банк несиелері, айрықша жағдайда бюджет есебінен ақталуын анықтайды.

Кәсіпорындар қаржысының бөлу қызметінің ерекшелігі–жиынтық қоғамдық өнімнің құны айналым қаржысыпроцесінде белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінуі. Мұныңөзі ұдайы өндіріс процесінде құнның бөліске және қайта  бөліске түсуіне қаржының қатысуынанықтайды. Ақшалай бюджеттер мен қорлардың экономикалық негізінде бөлінуі қаржының ұдайы өндірістегі қызметінің басты шарты.

Кәсіпорын экономикасында  қаржының бақылау қызметі маңызды рол атқарады. Есеп пен бақылаусыз шаруашылықты жүргізуге болмайды. Кәсіпорындардың қаржысы басқа да экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы жоспарлы басқару, өндірісті ұлғайту, еңбек, материалдық табиғи, қаржы ресурстарының ұтымды пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етуде маңызды рол атқарады. Үнем менұқыптылық режимін өмірде дәйектілікпен жүргізу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Кәсіпорынның ішінде ғана емес, оның басқа кәсіпорындар, ұйымдар, қаржы–несие мекемелерімен өзара қарым-қатынасында теңге бақылауы пайдаланады. Кәсіпорын ішінде  еңбектің саны менсапасы, негізгі, айналым және ынталандыру қорларының құралуы, пайдалануы  бақылауға айналады. Кәсіпорындардың өзара қарым–қатынастарында берілетін тауарлар, көрсетілген қызметтер орындалған жұмыстар, шарттардың орындалуы бақыланады. Қаржы және несие органдарымен іс- қимылбарысында бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы, банк несиелерінің алынуы, қайтарылуы кезінде бақылау жүзеге асырылады.

Кейбір  экономистер  кәсіпорындар қаржысына үш қызмет жіктейді:

1)    ақшалай ресурстармен айналым қаражаттарына қызмет көрсету;

2)    ақшалай табыстарды  бөлу;

3)    кәсіпорындардың өндірістік–шаруашылық қызметіне бақылау жасау.

Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының  негізгі белгілері:

1) қаржы қатынастарының көп қырлылығы, олардың формалары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;

2)  өндірістік қорлардың міндеттіболуы, олардың құралуы, тұрақты толықтырылуы, көбеюі, бөлінуіне байланысты қатынастар   туындауы.  Өндірістік қорлар - өндірістің серпінді элементі. Олар, өндірістің өзісияқты, ұдайы қозғалыста болады; оның үстіне құн формалары үнемі өзгереді. Кәсіпорынның өндірістік қорлары оның қызметі кезінде материалдық–заттық және ақша формасы қалады;

3) жоғары белсенділік, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық қырларындаықпал жасау мүмкіндігі.

Сөйтіп, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы–халық шаруашылығындағы ақшалай табыстарды, жинақтарды және  қорларды жасауға, бөлуге және пайдалануға байланысты туындайтын экономикалық қатынастар.

89. Қаржы механизмі: құрамдық элементтері, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету

Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар — қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары мен  әдістері – экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория  ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалынған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процесте қол данылатын  механизм — бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары  көрінісінің түрлері, нысандары  мен әдістері.

 

«Механизм» термині экономикалық ұғымда бір нәрсені іс-қимылға  келтіретін, белгілі бір қызметке түрткі болатын құралды білдіреді. Бұл мағынада термин басқаруда қолданылады  және оның мәні экономикалық, соның  ішінде қаржы саясатының да міндет терімен анықталатын басқарушы  субъектінің басқарылатын объектіге  ықпалының мазмүнымен байланысты.Қаржы  шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен  және оның жоспарлау, болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару  сияқты құрамды бөліктерімен өте  байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін (динами касын) анықтаушы неғүрлым жалпы  ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің  ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара  іс-әрекет етеді.Қаржы механизмі  — экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау  максатында қоғам қолданатын қаржы  қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қаты настарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын  қамтиды.Қоғамдық шаруашылықтың жеке белімдерінің ерекшеліктеріне қарай  және қаржы қатынастарының сфералары  мен буындары бөлінуінің негізінде  қаржы механизмі шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Өз кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет каржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сөйкес республиканың, биліктің жергілікті оргаңдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.Жалпы шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі құрылымы бар және ол айтарлықтай күрделі. Оған қаржы қатынастарының әр алуандылығына сәйкес келетін түрлі элементтер кіреді. Қаржы механизмі экономикалық жүйе шеңберінде қаржы қатынастарының ұйымдық нысандарының жиынтығын, орталықтандырылған және орталыктандырылмаған ақша қорларын, қаржыны жоспарлаудың (болжаудың) әдістерін, қаржыны және қаржы жүйесін баскарудың нысандарын, қаржы заңын қамтиды. Қаржылық өзара байланыстардың тап осындай көптігі оларды (элементтерді) ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін қолдануды алдын ала анықтайды.

90. Кәсіпорындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері

Нарықтық экономика жағдайларында  кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы  ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып  табылады

Қаржы ресурстары дегеніміз, жалпы  алғанда, – бұл кәсіпорынның қарамағындағы  және оның қаржылық міндеттемелерін  орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға бағытталады.

Кәсіпорын қызметін қаржы ресурстарымен  қамтамасыз ету – бұл өндіріс  барысын қаржыландыру нысандарының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы болып табылады. Бір сөзбен айтқанда кәсіпорынның қаржы ресурстарының  көздерін қалыптастыру деп кәсіпорын  капиталының қалыптасу процесін айтады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын  тартуының ішкі және сыртқы көздері  болады.

 

Ішкі қаржыландыру көздері дегеніміз  – бұл кәсіпорын қызметі барысында  қалыптасатын меншікті қаражаттардан  қалыптасады. Бұлардың қатарына кәсіпкерліктен алынған табыс, амортизациялық аударымдар, кәсіпорынның активтерін сатудан немесе қажетсіз мүлікті, қосалқы бөлшектерді  сатудан түскен қаражаттарды жатқызуға  болады.

Ішкі қаржыландыру көздерімен қатар  кәсіпорындар сыртқы қаражат көздерін тартуға да мүмкіндіктері бар. Сыртқы қаржыландыру көздері дегеніміз  өндіріске қажетті қаржы ресурстарының  сыртқы инвесторлар мен кредиторлар  салымдары есебінен қалыптасуын  білдіреді. Сыртқы қаражат көздерін тартудың негізгі нысандары –  құнды қағаздар эмиссиясы, банктік  несиелер тарту, коммерциялық несиелер тарту, лизингтік және факторингтік операциялар, қайтарымсыз және демеушілік қаржылық көмектер алу және басқалар болып табылады.

Ішкі қаржыландыру көздерінің құрамында  табыстың маңызы ерекше. Табыс –  меншікті капитал өсімінің бірден-бір  көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында  акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын  табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына  сәйкес дивидендтік және инвестициялық  саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды. Нарықтық экономикада табыс —  өндірістік активтердің және өндірілетін  өнімнің қозғаушы күші болып табылады.

Қаржы ресурстарының сыртқы көздеріне  тоқталатын болсақ, кәсіпорындар үшін қаражаттар тартудың алуан түрін  таңдауға мүмкіндіктері бар. Сыртқы қаражат көздерінің құрылымында  құнды қағаздар эмиссиясы кеңінен  қолданылады. Құнды қағаздар эмиссиясының мақсаты – қажетті қаражаттарды барынша аз уақыт ішінде тарту  болып табылады. Құнды қағаздардың  бастапқы және қосымша эмиссиялары  болады. Бастапқы эмиссия кәсіпорын  құрылар кезде орын алады. Қосымша  эмиссия қаржылық қиындықтарға душар болып, қосымша қаражаттарға мұқтаж болған жағдайда жүзеге асырылады.

Кәсіпорындар өз қызметін қаржыландыру үшін құнды қағаздардың көптеген түрлерін шығара алады (облигациялар, акциялар, опциондар, фьючерстер, варранттар), алайда солардың ішіндегі ең кеңінен  қолданылатыны – бұл акциялар мен облигациялар.

Акция – бұл оның иегеріне (акционерге) дивиденд түрінде кәсіпорын табысына және жойылар кезінде кәсіпорын  мүлкіне құқық беретін құнды  қағаз. Акциялар кәсіпорын құрылар  кезде шығарылады, сондай-ақ меншікті капиталды ұлғайту туралы шешім  қабылданған жағдайда қосымша акциялар шығарылуы мүмкін.

Облигация – бұл қарыздық құнды  қағаз болып табылады. Қосымша  қаражаттар қажет болған жағдайда кәсіпорындар облигациялар шығару арқылы белгілі  бір мерзімге және пайыздық төлемдер төлеу негізінде несие беруші тұлғалардың қаражаттарын тарта  алады.

Кәсіпорындардың ақша қаражаттарына  мұқтаждығы банктік несиелер арқылы да қанағаттандырыла алады. Несиелеу кәсіпкерлікті  қаржы ресурстарымен қамтамасыз етудің негізгі нысандарының бірі болып  табылады. Банктік несие дегеніміз  – бұл кәсіпорындарға белгілі  бір мерзімге арнайы пайыздық мөлшерлемелер  бойынша мақсатты қолдануға банктердің берген қаражаттары болып табылады. Әдетте несиені кепілдендіру нысаны оның құнын анықтайды – несиені  кепілдендіруге берілген мүлік неғұрлым сенімді (өтімді) болса, соғұрлым несиенің құны да төмен болады, демек кәсіпорын  несие бойынша төмендетілген  пайыздық мөлшерлемелерге үміт арта алады.

Кәсіпорынның қаржы ресурстарының  қалыптастырудың тағы да бір нысаны – коммерциялық несиелер тарту. Коммерциялық несиелеу деп, жалпы алғанда, кәсіпорындардың  бір-бірін өзара несиелеуін айтуға болады. Тауарды сатып алу барысында  сатып алушы кәсіпорын өндіруші кәсіпорынмен есеп айырысу мерзімін белгілі бір уақытқа кейін  қалдырады, өз кезегінде сатушы кәсіпорын  көрсеткен қызметі үшін мәмілеге пайыздық үстеме ақы қосуға құқығы бар. Демек, коммерциялық несие –  тауар нысанындағы несие болып  табылады.

Коммерциялық несиені қолданудың бірқатар артықшылықтары бар: тауардың сатылуын жылдамдатады; айналым қаражаттарының айналымдылығын арттыруға септігін тигізеді; банктік несиелермен салыстырғанда  қарыз алушы кәсіпорын үшін арзан  қаражат көзі болып табылады; кәсіпорындарға бір-біріне қаржылық жәрдем көрсетуге  септігін тигізеді. Көптеген шағын  кәсіпорындар үшін коммерциялық несиелер қаржыландырудың бірден-бір көзі болып табылады.

Қазіргі таңда кең етек жайып  келе жатқан қаржыландырудың тиімді көзі – лизингтік несиелер. Лизинг дегеніміз – бұл мүлікті сатып  алумен және оны белгілі бір мерзімге ақылы негізде жалға берумен  және лизинг алушы тұлғаның мүлікті  толық өтеу мүмкіндігімен байланысты инвестициялық қызмет түрі болып  табылады. Лизинг өндірістік құралдарға инвестициялар салуды ұзақ мерзімді қаржыландырудың тиімді нысаны болып  табылады. Лизинг кәсіпорынға өзінің ақша айналымында өзге бір кәсіпорынның қаражаттарын ұзақ мерзім ішінде қолдануға  мүмкіндік береді. Лизинг кәсіпорынды  техникалық қайта құру әрекеттерінде  ерекше роль атқарады.

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Экономика предприятия"