Өндірісті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 12:16, курс лекций

Краткое описание

«Өндірісті ғылыми-техникалық дайындауды ұйымдастыру» пәні «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірушілерге фундаментал база ролін атқарады. Өйткені әрбір өндіріс, мекеме, оқу орны, т.б. жұмыс орындарының жұмысы ең алғашқы жоспарлаудан басталады. Сонымен қатар сол жұмыс орнының құрылымы жайлы әрбір жұмысшыда нақты түсінік болу керек. Қарапайым жұмысшыдан бастап жұмыс орнының басшысына дейін атқаратын жұмыстары, оларға құрылатын жоспарлар алдын ала белгіленуі керек. Сондықтан осы пәнде көрсетілген мәселелердің бәрі толықтай қамтамасыз етілуі керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

УМК Орг.пр..doc

— 552.00 Кб (Скачать документ)

Үңғыларға күтім  жасау – оларды жұмысқа жарамды күйде ұстаудың маңызды амалы, пайдаланылатын жабдықтың жұмыс бөлшектерінің тозуын азайту, жөндеу аралық кезеңді ұлғайту, ұңғының қызмет мерзімін ұлғайту тәсілі. Ол – жұмыстағы ақаулықты анықтау үшін жабдықтарды жөндеу аралығында ұдайы қарап тұру дегеннен тұрады. Сол бойда тұзетуге келетін ақаулықтарды қарау кезінде түзетеді, басқаларын кезекті жөндеу кезінде түзетеді.

Ұңғыға күтім  жасайтындар – негізгі профиль жұмысшылары – белгілі маршрутпен және сәйкесті кестемен келуші мұнай өңдеу операторлары, орындалуы тиіс күнделікті операциялары кестеде көрсетіледі.

Ұңғыны жоспармен  жөндеу – жер үсті және жер асты жабдығын жөндеуден тұрады. Ұңғының жер ұсті жабдығын жөндеу – жер үсті жабдықтарына кіші (күнделікті), орташа және күрделі жөндеу жасаудан тұрады. Бұл кезде барлық жабдық түрлерін жөндеу мен жаңартуды, әдетте, бірлестіктің барлық кәсіпорындарына (мұнай – газ өндіруші, бұрғылау) қызмет көрсететін орталық прокат жөндеу базалары орындайды.

Негізгі өндіріске тікелей қызмет көрсетуді кәсіпорынның өзіндегі өндірістік қызмет көрсету базалары атқарады, олар осы мақсат үшін пайдаланылатын жабдықтардың прокат цехын, электр жабдықтары мен электрмен жабдықтаудың прокат цехын ұстайды. Өндірістк қызмет көрсету базасы өзіне бекітілген механикалық және энергетикалық мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын, инструменттерді прокатқа береді және жұмысқа жарамды қалыпта ұстайды; механизм мен жабдықтардың күйі үшін жауап береді, олардың жоспарлы және шұғыл жөндеуін қамтамасыз етеді; түйіндері мен жекелеген бөлшектерін жаңартады; іске қосылатын нысандарды механикалық және энергетикалық жабдықтарды және автоматтандыру құралдарын жүргізіп жаттықтырады; мұнай кәсіпшілігінің нысандарын қажетті қосалқы бөлшектермен және түйіндермен қамтамасыз етеді; жаңа техникалық құралдарды сынаққа дайындайды; қондырылған жабдықтарды сақтау; инструменттердің қолда барына қозғалысына және техникалық күйіне есеп жүргізеді; ескірген және тозған жабдықтарды, инструменттерді шығынға жазу туралы ұсыныстар енгізу; жабдықтарды; ұңғыларды, механизмдерді жөндеуге керек қосалқы бөлшек, детальдар, түйіндер, инструмент, материалдарға қажеттілікті анықтайды; жабдықтарды жөндеу жоспарын (жылдық, тоқсандық, айлық) жасайды; кәсіпорын басқармасына негізгі өндіріс нысандарындағы жұмыстың орындалуы туралы мезгілінде ақпарат береді.

Ұңғының жерасты  жабдықтарын жөндеу – ұңғыны күнделікті және күрделі жөндеуден тұрады. Күнделікті (ағымдағы) ұңғы жөндеу – мұнай өндіру жоспарының орындалуын қамтамасыз ететін жерасыт жабдықтарды жұмысқа жарамды күйде ұстау жөнінен кешенді шаралардан тұрады. Әдетте, ағымдағы жерасты жөндеуді – жоспарлы алдын – ала өңдеу тәртібімен жүргізеді. Біраз іс жүзіндеұңғыны пайдалануда болатын іртүрлі ақаулықтарды жою үшін немесе жоспарлы – профилактикалық жөндеу мерзімі өтіп кеткендіктен қалпына келтіріп жөндеу жұмыстары да жүргізіледі. Мұндай ақаулықтар дебит азаюына немесе мұнай берудің толық тоқтауына әкеледі.

Күнделікті (ағымдағы) жерасты  жөндеуге жататындар: насостарды не оның жекелеген бөлшектерін алмастыру, насостық штангалардың үзілуін не ағытылып кетуін жою, насостық – компрессорлық тұрбаны не штангаларды т.б. алмастыру.

Жерасты жөндеудің алдында  дайындық жұмыстары жасалады. Мысалы, ұңғыға құбырларды, штангаларды, көтеру блогын, вертлюганы, арқанды жеткізу, мұнараны не мачтаны ортаға келтіру, олардың керілуін тексеру т.б.

Жиі жөндеуді талап ететін ұңғыларда және жоғары дебитті ұңғыларда  жүк көтергіш талидің тұрақты  жабдығын, көтергіш тали, кері тартатын роликтер болуы тиіс.

Ұңғыларды жерасты күрделі жөндеудің өніздік ерекшеліктері бар: ұңғылар пайдалану жабдығы – жер қабаты деген жүйе деп саналады. Сондықтан ұңғыларды жерасты күрделі жөндеу – пайдаланылушы жер қыртысының жұмыс қабілеті күйін қалпына келтіру жұмыстарымен және пайдаланылушы жабдықтың жерасты бөлігінің жұмыс қабілеті күйін қалпына келтірумен және жер қойнауын қорғау жөніндегі шараларды орындаумен байланыста болады. Күрделі жөндеу бойынша жұмыс құрамына кіретін шаралар: пайдаланылушы колоннадағы болатын ақаулықтарды (изоляциялық жөндеу жұмыстары), жоғары жатқан қыртыстарға қайтару, ұңғыларды тереңдету, ұңғыларды жою жөніндегі жұмыстар.

Ұңғыларды күрделі  жөндеу -   қолданыстағы ұңғы қорларын жұмысқа жарамды күйде ұстауға, сондай – қолданбайтын ұңғыларды қалпына келтіруге (яғни қолданыстағы ұңғы қорларын арттыруға) бағытталған.

Тұрып қалған ұңғылардың қорын пайдалануға берудің халық  шаруашылығы үшін маңызы зор. Әрбір  қалпына келтірілген ұңғы МГӨК экономикалық көрсеткіштерін жақсартады.

Ұңғыларды күрделі жқндеу алты дәрежеге бөлінетін ең күрделі жұмыстардан тұрады:

    1. нысанды су енуден оқшаулау:
    2. нысанды табан асты және төменгі сулар енуінен оқшаулау;
    3. жоғарғы жер қыртысына қайтару не төменгі қыртысқы тереңдету;
    4. ұңғыларды жою;
    5. аппараттарды жою;
    6. басқа да жөндеу – түзету жұмыстары.

Аталған дәрежелердің әрқайсысы жұмыс технологиясына қарай типтерге (барлығы 53) бөлінеді.

Күрделі жөндеу кезіндегі  негізгі жұмыс ұңғыларды ценменттеу, бұл оқшаулау жұмысы кезінде (1 және 2 жәреже), қайтару не тереңдету (3 дәреже) және ұңғыны жою (4 дәреже) кезінде орындалады. Апатты жою (5 дәреже) негізінен ұстап алу жұмыстары болып табылады (ұңғыдан топыраөпен не цементпен қысылған насос – компрессорлық тұрбаны, насос штангасын, ұңғы насосын, газ якорлерін, сүзгіні, болат арқандарды суырып алу, ұңғыны бөтен заттарды тазарту). Басқа жөндеу – түзету жұмыстары (6 дәреже) негізінен жағалатпа құбырлардың зақымдалуын (майлау, сыну, сүзгіні түзету) жоюға, ұңғы конструкциясын өзгертуге (қосымша колонна түсіру не екінші оқпан бұрғылау), тығындалумен күреске, колоннаны қиюға не кесіндіні түзетуге т.б. бағытталған.

Ұңғыларды күрделі жөндеу жұмысы құрамына кіретін:

    1. дайындық жұмыстары;
    2. мұнараны және мұнара жанындағы құрылғыларды жөндеу (не монтаждау), бөлшекке

Информация о работе Өндірісті ұйымдастыру