Монополияның қызметін реттеу
Реферат, 01 Декабря 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің антимонополиялық қызметінің басты міндеті:
табиғи монополия субъектінің қызметін реттеу;
монополиялық биліктің күшейіп, еркінсуіне жол бермеу, ескерту жасау;
мемлекеттік кәсіпорындар мен органдардың ақылы қызмет көрсету ретін бақылау;
сәйкес құқықтық, нормативтерді әзірлеу.
Содержание
Кіріспе............................................................................................................. 3
I. Монополияның мәнi, түсiнiгi........................................ ................................4
1.1. Монополияның түрлерi..............................................................................6
ІІ. Монополияның қызметін реттеу…….......................................................12
III. Қазақстан экономикасындағы монополиялар........................................13
Қорытынды ..................................................................................................... 16
Пайдаланған әдебиеттер ............................................................................... .17
Прикрепленные файлы: 1 файл
mikro - копия.doc
— 109.00 Кб (Скачать документ)Монополиялардың қолына орасан зор күш-қуат жинақталу арқасында, олар ішкі салалық бәсекені тежей алады және өз өніміне қойылатын баға жөнінде нарыққа белгілі бір шекке дейін өз дегенін орындаттыра алады.
Монополиялық баға дегеніміз - монополияның жеке дара немесе көбінде басқа концерндермен мәмілесіп қоятын бағасы. Әдетте, бұл бағалар тауардың нақтылы құнынан да және өндіріс бағаларынан да жоғары болып келеді, ал қоғамдық құнынан төмен болады.
Монополиялық баға екі түрде болады.
Біріншісі – монополиялық жоғары баға. Бұл жоғарғы бағамен монополиялық кәсіпорын өзі ғана өндіріп, өзі белгілеген жоғарғы бағамен сатады. Бұл тауарды басқа кәсіпорындар өндірмейді. Сондықтан тұтынушылар, оның бағасы жоғары болса да, алуға мәжбүр болады.
Екіншісі – монополиялық төменгі баға. Бұл тауарларды өндіруге қажетті материалдардың, шикізаттың, бөлшектердің бағасы. Оны сатушылар шағын кәсіпорындар, ал сатып алушылар тек бір-екі монополиялық кәсіпорындар. Олар, осы жағдайды пайдаланып, төмен бағамен өздеріне керекті материалдарды алады. Ал бұлар алмаса, сатушылардың заттары өтпей қалады. Ол өндірістің тоқтауына апарады.
Монополиялық бағалар дәрежесіне сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынастары әсер етеді. Алайда, монополистер сұраныс төмендеп кеткен жағдайдың өзінде де тауарлардың бағасын жоғары ұстай алады. Өйткені, бағаның тиісті дәрежесі келісім- шарт жасау арқылы іске асып. Баға қоюдың «Басшылық» жүйесі ең ірі компанияның қолына көшеді. Дегенмен, бұған қауіп төндіретіндер бар- олар келісімге келмеген «бөгде» фирмалар.
Монополиялардың өздері сатып алатын тауарларлың(бөлшектер, шикізат, материалдар) бағасы. әдетте, монополиялық төмен бағалар болады. Бірақ, мұның да шегі бар. Ол мұндай тауарларды сататын шағын кәсіпорындардың капиталдардың ұдайы өндірілуі қамтамасыз етіліп тұруы қажет, яғни бұдан төмен болмауы керек. Алайда монополиялық бағалар да өзгереді. Оның негізі- тауар құнының өзгеруі.
Монополдық пайда – ол монополдық жоғары бағамен тауардың құнының (болмаса тепе-тең баға) айырмасы. Мұнда сатып алушылар өзінің әдеттегі табысының бір бөлігін монополияның пайдасына жібереді. Оның негізі – жолдама жұмысшылардың еңбегімен жасалатын қосымша құн.
Монополдық жоғарғы пайданың жолдары:
- жұмысшыларға төмен жалақы төлеу, оларға қажетті тауарларды жоғарғы бағамен сату;
- монополдық кәсіпорындарда еңбек өнімділігін жоғарлату;
- монополиялардың шетке капитал шығару арқылы сол елдерде өндірілетін құн.
Монополияның әлеуметтік-экономикалық салдары.
- Көтерме пайданы моноподық кәсіпорындар, өндірілетін тауарлардың сапасын жоғарлатпай – ақ, жоғары монополдық бағамен табады. Ол үшін олар тек бағаның деңгейі туралы келіссе болғаны. Бұл техникалық және басқадай прогресске экономикалық қызықтыруды қолдауы керек еткізбейді, уақытша болса да, мұнда тоқыраулық жағдай туғызады. Бірақ та, күрделі инновация (өндірісті жақсарту) жасайтын тек ірі бизнес.
- Тауарларға сұранысты көбейту үшін монополиялар өнімінің өндіру көлемін әдейі, жасанды түрде азайтады.
- Сатылатын тауарларға монополдық жоғары баға қо- инфляция болудың және қарапайым халықтың өмір тұрмысының төмендеуінің басты себебі болып саналады.
- Монополия белгілі бір өнімді тек өзі ғана сатып алушы болуға тырысады. Кейбір уақытта ол өзі сатып алатын заттарға алуды жасанды түрде азайту арқылы сатушылардың өнім ұсынушы монополдық сұраныстан арттырады. Бұл олардың сататын өнімдеріне монополдық төмен баға қоюға мүмкіндік туғызады. Бұл бағаның деңгейі қоғамдық қажетті еңбек шығынынан төмен болады.
- Монополия сатылатын және сатып алатын тауарлардың бағаларының айырмашылығының жоғарылай беруіне ықпал жасайды. Оны «бағаның қайшысы» деп атайды. Мұның мәні- ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы өнеркәсіп өнімдерінің бағасынан төмен болуы. Бұл Қазақстанда да орын алады, шаруашылықты индустрияландыру және техникалық қайта қаруландыру кезеңінен бері.
Монополияның қызметін реттеу.
АҚШ – тың монополияға қарсы заңдары барынша жетілдірілген деп есептелінеді, оның бұрыннан келе жатқан тарихы бар. Ол «үш китке», үш негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:
- Шерман заңы (1890 жыл). Бұл заң сауданы құпия монополияландыруға, бір салада жалғыз үстемдік етуге, баға жөнінде келісімге келуге тыйым салады.
- Клейтон заңы (1914 ж) - өткізу саласындағы шектеу іс - әрекеттеріне, баға алалаушылығына ( барлық жағдайда емес, тек күнделікті бәсекенің ерекшелігіне байланысты), бірігудің кейбір түрлеріне тыйым салды.
- Робинсон – Пэтмэн заңы (1936 ж) – баға алалаушылығы «баға қайшысы» тағы басқа сауда саласындағы істерді шектеуге тыйым салады.
1950 жылы Клейтон заңына Селлер- Кефовер түзетуші қабылданды, заңсыз бірігу ұғымы пысықталды. Активистерді сатып алу арқылы бірігуге тыйым салынды. Егер Клейтон заңымен ірі фирмалардың көнбеу бірігуіне кедергі қойылса, Селлер – Кефовер түзетуді тікелей бірігуді шектейді.
Монополияға қарсы заңдарды жүзеге асрушы мемлекеттік қызметтер екі принципті басшылыққа ала алады. Біріншіден, заңды қатал сақтап отыру, екіншіден «парасаттылық принципін» ұстау. Өйткені көп жағдайларды трестерге қарсы заңдардың (мысалы Шерман заңы) ресми жалпы түрде жазылғаны сонша, АҚШ федеральдық соты осы заңның қолдану сферасына іс істемекші болған қандай да болсын келісімге келуші екі жақты жатқыза алады. Сондықтан «Парасаттылық принципі» бойынша тек жөнсіз, ақылға сыймайтын сауданы шектеулер ғана Шерман заңының қолдану сферасына жатады. Мемлекет қиратушы монополизм қаупі мен бәсекені шектеу қаупінің ( мемлекеттің қандай да болсын араласуы, тіпті бәсекені қолдау мақсатымен, әрбір бәсекелестік мүмкіндіктерді шектеуге әкеліп соғады) арасындағы жіңішке соқпақ жолда өзін тең ұстауға тиісті. Монополияға қарсы істер өндірушілердің ( тұтынушылардың) бір тобына басқа топтардың есебінен барынша жеңілдік жасаудың орнына бәсекені қолдау керек.
Монополиялану фактісін анықтау үшін монополияға қарсы реттеу математикалық құралдарды және жалпы Э. Чемберлиннің. Дж.Робинсонның, В.Паретонның тағы басқа экономистердің жетілмеген бәсеке концепциясының барлық теориялық аппаратын кеңінен пайдалануды көздейді. Өкіметтің атқарушы ұйымдары монополистік шектеулерді болдырмау үшін тек қана «жазалау» емес, оның алдын алатын жұмыстарды да жүргізеді. Мысалы, Әділет министрлігі трестерге қарсы заңдар, компаниялардың бірін-бірі жұтып қоюы, қосылуы туралы келісімдердің параметрлері бар анықтама материалдар басып шығарады. Мысалы, бір немесе бірнеше кәсіпорындардың рыноктағы басымдылығы фактісі туралы қорытындыға негіз болатын белгілер мынандай: бір кәсіпорын үшін – 33%, үшеуі үшін – 50%, бесеуі үшін – 66,6%. Айта кететін жай, трестерге қарсы заңдар «Үлкен бизнестің» ірі корпорацияларына қарсы бағытталмаған, өйткені бір компанияның мөлшері оған монополия деп қарауға негіз бола алмайды. Монополияға қарсы заңдар тиімді бәсекені бұзатын шектелген іс тәжірибеге қарсы бағытталған. Егер рыноктық экономикада уағыздалатын қосымша шығындар мен қосымша пайданы салыстыру принципі қолданылса, онда мынаны айтуға: монополияға қарсы реттеуге байланысты болатын шығындар, қанша дегенмен рыноктың экономикадағы монополистік тенденцияларды шектеуге әкелетін айырмашылықтардан төмен болады.
Қазақстан экономикасындағы монополиялар.
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикада дамығандықтан, монополиялық бәсекелестік жетілмеген экономикалық күрес кездеседі. Қазақстан нарығында ірі монополистерге АҚ «АТКЕ», АГПО «Суканалы», ГКП «Алматы горгаз», «АПК», АО «Алматы аэропорты», ААҚ «Қазақтелеком», ЖАҚ «Эйр Қаз.», «Қазақойл».
2002 жылы Антимонополиялық
2004 жылғы «Табиғи монополия және
бәсекелестікті қорғау»
Монополия бәсекелікті жоймайды, тек тәсілдерін өзгертеді. Жетілген бәсекенің барлық даусыз жақсы жатарымен қатар оның елеулі кемшіліктері бар. Рыноктық процестерді дайындықсыз жүруі шаруашылық өмірдің кейбір салаларының монополиялануына әкеліп соғады. «Өзімен өзі болған» жетілген бәсеке жетілмеген бәсекеге айналады. Монополия, жоғарыда атап өткендей, бағаға деген белгілі бір билікті білдіреді. Ал бұл билік әр түрлі алғы шарттарға негізделуі мүмкін, салалық өндірістің басым бөлігін басып алу (капитал мен өндірістің шоғырлануы мен орталануы) рынокты және баға деңгейін бөлу, жасанды тапшылықтар жасау тағы басқа құпия және ашық келісімдер жасау. Трестерге қарсы заңдар зиянды іс тәжірибені шектеп экономиканың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Қазiргi уақытта бәсеке күресi дүниежүзiлiк нарықта айрықша шиеленесуде. Мысалы, АҚШ-пен Жапония арасы. Монополизмді бәсекелiк күрестiң жаңа әдiстерi пайда болуда. Монополизмге дейiн бағалық бәсеке болды, яғни бәсекелiктiң бағасынан гөрi төмен баға қою арқылы бағаны түсiрiп, оны нарықтан ағыстыру. Бұл монополизм уақытында сирек болатын құбылыс. Ендi монополиялар тәуекелдiгiнен бағаны өзгерткеннен гөрi өндiрiстiк қуаттардың өнiм шығаруын азайтып,не көбейтiп амал қолданылады. Тiптi дағдарыстар кезiнде де бағалар бiршама тұрақты күйiнде қалады да, экономикалық өрлеулер кезеңiнде артады.
Монополия экономикалық тұрғыдан өзінің үстемдігін монополиялық бағада монополиялық пайдада жүзеге асырады.
Монополиялардың қолына орасан зор күш-қуат жинақталу арқасында, олар ішкі салалық бәсекені тежей алады және өз өніміне қойылатын баға жөнінде нарыққа белгілі бір шекке дейін өз дегенін орындаттыра алады.
Пайдаланған әдебиеттер.
- «Государство и бизнес» 3-ші кітап, 2 бөлім, Алматы, 2002 ж. Мамыров Н.К, Саханова А.Н, Ахметов Ш.С
- «Экономика Казахстана» Каз.,» 1997 ж. С. Г. Майдыров.
- «Экономическая теория» М.,» 1999 ж. А. С. Буланова.
- «Микроэкономика» 1997 ж. Н. А. Фроловой.
- «Экономика» 1999 ж. С. Фишер, Дорнбуш Шмаленди.
- Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Оқу құралы Бердалиев К.Б., Алматы: Экономика, 2001. – 45-67 беттер.
- Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы Укибаева Г.К., Карибжанова С.А., Жезказган 2003 жыл.
- Экономиканы мемлектік реттеу. Оқу құралы Маденов С.М., Жезказган 1998 жыл.
- Региональная социально-экономическая система. Алембаев А.А., Караганда 2002 год.
- Развитие региональной системы. Алембаев А.А., Алматы 2002 год.