Қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 20:09, реферат

Краткое описание

Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.

Содержание

Қаржы жүйесіне анықтама
Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айдана Экон.Қаржы жүйесі.docx

— 45.21 Кб (Скачать документ)

Несиенің бірнеше түрлері  бар: а) банктік, ә) чектік, б)коммерциялық, в) тұтыну, г)халықаралық.  Банктік несиеде клиент векселі дисконттанып, оған есеп-шот ашылады. Есеп-шотқа диконталған вексельдің құны санылады. Чектік несиеде банк қарыз сомасын ұсынады. Коммерциялық несие төлемдерді төлеуді созу үшін ұсынылады. Тұтыну несиесі-тұтынушыға тауар мен қызмет төлемдерін соза орындау орындау үшін қажет. Халықаралық несие сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет жасайды.

Несие өзінің қызметін банк арқылы жүргізеді. Экономикалық көзқарас тұрғысынан, банктер-несие-қаржы мекемесі.Банктың негізгі қызметі тұрғындар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың еркін ақша қорларын тартып, қорландыруды жүзеге асыру.

Банк жүйесіне әлемдік тәжірибе көрсеткендей ұлттық банк, басқада банк ұйымдарының түрлері және арнайы осы сала мекемелері де жатады. Коммерциялық банктер кәсіпорын мен компаниялар тұрғындардың бір бөлігін ақшалай қорларын шоғырландырып, банктің коммерциялық қысқа, орташа несие беруін жүзеге асырады. Біздің елімізде банк жүйесіне:

а) ұлттық банк те енеді. Оның мекемелері-бөлім, конторлары барлық облыста, аймақ пен қалалар да бар.

ә) Комменциялық банктер  жеке және заңды тұлғаларға түрлі қызмет жасай отырып, келісім негізінде несие-есепті де жүзеге асырады.

Коммерциялық банктер  әртүрлі меншік негізінде құрылады. Олар-акционерлік, коорперативтік, шетел банк капиталының қосылуымен жеке банк де болуы мүмкін. Коммерциялық банктің классикалық қызметі вексельдік айналымғм негізделген. ТМД елдерінде бұл қызмет 30-шы жылдары жойылып, Қазақстан Республикасында 1997-ші жылы 28-ші сәуірден бастап «Вексельдік айналым туралы» заңын қабылдаумен енгізілді. Берілген қарыз бойынша алынған пайыз жиынтығы, басқада жүргізген рперациялар табысымен бірге және осыдан банк шығынын алып тастағандағы қалдық банк пайдасы болады. Банк пайдасының аты маржа деп аталады.

Банкке табыс әкелетін операцияны-активті(қарқынды); ал ақша капиталын қосу арқылы жасалған операцияны-пассивті деп айтамыз.

Аталуы

Активті операция

Пассивті операция

Эмиссиялық банктер  

Мемлекет пен коммерциялық банктерге берілген қарыздар. Мемлекеттік  бағалы қарыздарды сатып алу.

Банкноттарды шығару, мемлекеттік  бағалы қағаздарды сату.

Коммерциялық  банктер

Қысқа жіне орта мерзімге қарыздарды беру. Мемлекет облигациясын сатып алу. Басқаның мүлкін басқару.

Тұрғындар мен кәсіпорынның ақшалай салымдары.

Инвестициялық банктер

Облигация мен акцияны  орналастыру. Қаржы операциясындағы  делдалдық.

Банк несиелері.

Сақтандыру қоғамдары

Ұзақ мерзімге қарыздарды беру. Жеке облигацияларды сатып алу. Акцияларды сатып алу.

Жеке адамдар мен кәсіпорыннан сақтандыру сыйлығы.

Жинақ банкі

Ұзақ мерзімге қарыздарды беру.

Тұрғындардың ақшалай салымы.

Инвестициялық компаниялар

Басқаның облигациясы  мен акциясын сатып алу.

Тұрғындарға өз акциясын сату.

Зейнеткерлік  қорлар

Қарыздар. Облигация мен  кацияларды сатып алу

Жұмысшылар мен қызметкерлердің жарнамасы.


 

 

 

 

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

Гуманитарлық  факультет

 

 

 

 

ОСӨЖ№14

Тақырыбы: Қаржы жүйесі

 

 

 

                                                                  Орындаған: Борамбаева А.Г Г-215 В                                                                                                                                                                                                                                        

                                                                     Тексерген: Казезова М.К

 

 

 

 

 

Семей 2013 жыл

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

    • Осипова Г.М «Экономикалық теория негіздері» Алматы 2002 жыл
    • Сағындықова О.Қ, Жүнісова Б.А «Жалпы экономикалық теориялар» Ақтөбе 2004 жыл

 

 

 

 

Жоспар:

    • Қаржы жүйесіне анықтама
    • Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары.

 

 

 


Информация о работе Қаржы жүйесі