Украинаның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 07:47, реферат

Краткое описание

Украина халкының жалпы саны 2004 жылдың соңына қарай шамамен 47,3 млн адам болды. Елде халық санының табиғи өсуі сонғы онжылдықтарда күрт қысқарды, ал 2000 жылы ол тіпті — 0,6%-ды құрады. Туу коэффиценті (1000 адамға шаққанда) — 8‰, өлім коэффиценті - 14‰. Адамның өмір жасының орташа ұзақтығы — 68 жыл. 1990 жылдардың орта шенінен бастап, Украинадан басқа елдерге қоныс аударатындар саны көшіп келетіндер санынан асып түсетін болды. Қоныс аударғандардың басым көпшілігін өздерінің байырғы отандарына (Германия, Израиль) оралғандар құрады. Ел халкының ұлттық құрамы күрделі болғанымен, басты ұлттар: украиндар (73%) мен орыстар (22%). Украиндар саны жөнінен славян халықтары арасында орыстардан кейін 2-орын алады. Олар, негізінен, батыс, орталык және солтүсік аудандарда тұрады. Украиндардың үлесі оңтүстікке қарай азая береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл