Қызыл кітап

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2012 в 18:01, реферат

Краткое описание

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қызыл кітап.doc

— 90.50 Кб (Скачать документ)

Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы). 1968 жылы сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған. Қызғылт фламингоның ең солтүстік отаны Теңіз көлінда. Қорықтың жалпы ауданы – 243,7 га., акваториясы 199,2 га алып жатыр. Мұнда 42 түрлі аңның түрлері, 298 түрлі құс, 331 өсімдік түрлері тіршілік етеді. Авиафауна құрамы өте бай. Сирек кездесетіндер қатарына пеликан, фламинго, шипун-аққуы жатады.Тенгіз-Қорғалжын көлі – көктемгі ұшып келу кезеңінде суда жүзетін құстардың мыңдаған санының бірігетін орны, соның арқасында қорық дүниежүзілік атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне айрықша қорғалатын батпақты-көл ландшафт есебінде кірді.

Алматы (Алматы облысы) 1961 жылы құрылды.  – Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 ж. құрылған мемлекеттік қорық. Аудаңы 73,34 мың га (1997). Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400 — 5017 м биіктікте орналаскан Талғар тау жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала белдеуінде (1300 — 2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұ-рын, үшқат өседі. Жабайы жеміс ағашты орман Тянь-Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақгы орманға (1400 - 2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (2600 — 3000 м) жартастар мен құлама шөгінділерден жөне шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жатыр. Қорыққа өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар. Алматы қорығы жануарлар дүниесіне де бай. Онда сүтқоректілердің 40 (барыс, қоңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін, т.б.), құстардың 200-дей түрі (самырсын құсы, шырша торғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қара жөне сары шымшық, құр, ұлар, қозықұмай, сушыл торғай, арша ементұмсығы, т.б.) бар. Бауырымен жорғалаушылардан: алай кесірткесі, қалкан тұмсықты жылан; қосмекенділерден: көлбақа мен жасыл кұрбақа кездеседі. Қорықта ғылыми жұмыстар жолға қойылған. Ғалымдар орманның қалыптасу зандылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар экологиясын және олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Қорықта көп жылдан бері "Табиғат шежіресі" атты күнделік жүргізіліп, онда жинақталған ғьлыми мәліметтер Алматы қорығы туралы 9 томдық кітапта баяндалған.

 Марқакөл (Шығыс-Қазақстан облысы). 1976 жылы Оңтүстік Алтайдың табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған. Жалпы ауданы 75 мың га. Қорықта 721 өсімдік түрлері, 59 аң түрлері мен 254 құстың түрлері бар. Негізгі түрлері – марал, аю.

Тектоникалық текті  Марқакөл таулы көлі ерекше қызығушылық  танытады: теңіз деңгейінен 1485 м  биіктікте орналасқан, ауданы 544 шаршы метр, тереңдігі 27 м. Онда сирек кездесетін сиг-ускуч балығы тіршілік етеді. Шығыс Қазақстанда Қазақстанның тамаша жерлерінің қатарына жататын Марқакөл Ұлттық Қорығы бар. Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Сарқырамада орналасқан ол оңтүстігінде Күшім тауымен, солтүстігінде Азутау тауымен шектеледі. Көлдің ұзындығы 38 км, ені 19 км және тереңдігі 27м. Оған 27 өзен құяды, тек Қалжыр өзені ғана көлден ағып шығады.  
Марқакөл суы мұнтаздай таза және жұмсақ болғанымен,  оның басты байлығы арқан балық тобына жататын балықтары бар. Марқакөл көлі Қазақстандағы осы балық түрлерінің отаны деуге әбден болады.Жартасты тауларда негізінен жапырақты және шыршалы ағаштар өседі. Көркем жартасты таулардың көп бөлігі май қарағай орманына толы.Биік таулардың баурайы медициналық дәрулік қасиеті бар шөпке бай (алтын және марал түбірі, бергиния, т.б.). Қорықтың  суреттеме әлемі әртүрлі және бай.  
Ормандарда  қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді, сұрғылт шағалаларды және басқаларын көруге болады. 

Үстірт қорығы (Маңғыстау облысы). 1984 жылы құрылған. Аумағы - 223 га. Үстірт шоқысының батыс бөлігін алып жатыр. Тұрақты ағынсуы жоқ. Ағынсыз ойыстар бар, олардың ең ірісі – Барсакелмес, өлшемі 70x30 км. Қорықта 261 өсімдік түрлері, 27 түрлі аңдар, 111 түрлі құс және бауырымен жорғалаушылардың -27 түрі тіршілік етеді. Сұр кесіртке Қызыл кітапқа енгізілген. Сирек кездесетіндер қатарына үстірт муфлоны, ұзынаяқты кірпі, жайран, қарақал, бүркіт, улы жылан, құзғын, балобан жатады.

Батыс-Алтай (Шығыс-Қазақстан облысы).  
1992 жылы құрылған. Жалпы ауданы 56 мың га. Қорықта 564 өсімдік түрлері, 30 түрлі жануарлар түрлері, 120 құстың түрлері бар. Ондағы жарыққылқанды (сібір балқарағайы) және қараңғықылқанды (шырша және пихта) тайга табиғи кешені ерекше назар аударады.

Барса-Келмес (Қызылорда облысы). 1939 жылы құрылған. Арал теңізінің біратаулы аралында орналасқан. Аумағы – 30 мың га. Флорада 250 түрлі өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері – құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі бар.

Сонымен қатар, 1997 жылы Баян-ауыл табиғи бағы ұйымдастырылды. Оның аумағы – 45 мың га жуық. Оны «жазық дала араындағы таулы-орманды оазис» деп аталады. Гранитті, желді, қарағай мен қайың орманымен көмкерілген Баянауыл таулары Қазақ ұсаққұмды жартылайқуаң жазықтармен биіктейді, олардың арасында Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері жатыр.  
Бұдан басқа, Қазақстанда табиғат ресурстарының бөліктерін шектеулі шаруашылыққа пайдалану қарастырылған режимдегі жалпы ауданы 4600 га 83 кіші қорықтар бар. Аң аулау орындары, геологиялық, ботаникалық, зоологиялық, көлді, батпақты, ландшафты кіші қорықтар да бар.

 

 

 

 

 

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

  1. Кызыл кітап және оның міндеті
  2. Қазақстан қорықтары:
    1. Ақсу-Жабағлы
    1. Наурызым
    2. Қорғалжын қорығы
    3. Алматы
    4. Марқакөл
    5. Батыс-Алтай
    6. Барсакелмес
    7. Үстірт
    8. Алтын Еміл

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Бейсенова, Шілдебаев, Сауытбаева «Экология» - Алматы ғылым, 2001ж.
  2. Кенесариев «Экология және халық денсаулығы»
  3. Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева «Экология» - Алматы экономика, 2002ж.
  4. З.М. Молдахметов, А.М. Ғазалиев, С.Т. Фазылов «Экология негіздері» - Қарағанды, 2002ж.
  5. А.Б. Баешов, Ж.Е. Дәрібаев, Б.С. Шакиров «Эколоогия негіздері»  Түркістан, 2000ж.
  6. «Оқушы анықтамасы» - «Арман-ПВ» баспасы, 2007ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

     Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне  әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл  құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.

Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды,  сондықтан  да оның жойылуы- орны қайта толмайтын  нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Қорытынды.

 

Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі  үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды,  сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Астана Медицина Университеті» АҚ

 

Кафедра:№1 Гигиена

 

 

 

   СӨЖ

 

Тақырыбы:Қорықтық территориялар-табиғатты қорғаудың бір формасы ретінде.Қызыл кітап мақсаты мен міндеттері.

 

 

                           

 

 

                          Орындаған:Нұржігіт Г.Н. 121-жм

                            Тексерген:Мыржанова А.А.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана-2011ж


Информация о работе Қызыл кітап