Оңтүстік Қазақстан облысының жер кадастры
Курсовая работа, 23 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін.
Содержание
Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық ресурстары
Жер бедері
Климаты
Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстары
Ауыл-шаруашылығы мақсатындағы жер
Елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатынаарналмаған жер
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер
Орман қорының жері
Су қорының жері
Босалқы жер
ОҚО Жер ресурстарын бағалау (топырақ бонитировкасы, жердің экономикалық құнын есептеу)
Ауыл-шаруашылығы мақсатындағы жер
Елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жер
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер
Орман қорының жері
Су қорының жері
Босалқы жер
Жер учаскесінің бал бонитетін бағалау
Оңтүстік Қазақстан облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау
Қорытынды
Прикрепленные файлы: 1 файл
Оңтүстік Қазақстан облысының жер кадастры.docx
— 219.39 Кб (Скачать документ)
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде қабылданған 2010-2014 жылдарға арналған өнеркәсіптің салалық даму бағдарламаларында, қазақстандық қамтуды дамыту бағдарламасында мақсатты индикаторлар белгіленген. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында келесідей индикаторлар жоспарланған:
2011 жылы облыстың ЖӨӨ өнеркәсіптің үлесі – кемінде 23,5% (2009 жылы – 19,2%);
өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 1,1 есеге арттыру;
2011 жылы облыстың ЖӨӨ шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі – 25% (2009 жылы – 24%);
Өнеркәсібі
Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші және металлургия кәсіпорындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентaу қалаларында жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: “ПетроКазахстанОйл Продактс” ААҚ (мұнай өңдеу) және “ИнтеркомШина” ААҚ (шина шығару). Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын “Южполиметалл” ЖАҚ (қорғасын, мырыш, т.б. өнімдер); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: “Карданвал” ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктерін шығаратын), “Южмаш-К” ЖАҚ (ұстаханалық-престеу машиналары мен қосалқы бөлшектерін шығару), “Экскаватор” ААҚ, “Кентау трансформатор зауыты” ААҚ, “Түркістан-насос” ААҚ; құрылыс өнеркәсібінен “Шымкентцемент” ААҚ; химия өнеркәсібінен – “Химфарм” ААҚ (дәрі-дәрмек өнімдерін шығару); жеңіл өнеркәсіптен “Восход” ААҚ, “Эластик” ААҚ, “Адал” ЖШС, т.б. жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындарды “Шымкент-май”, “Қайнар”, “Шымкент сыра”, “Бахус-Деронсек” АҚ-дары, “Арай”, “Амангелді” ЖШС-тері, т.б. құрайды. Сарыағаштың минералды суын шығарумен “Әсем-ай”, “Алекс” ЖШС-тері айналысады. Темекі өнімдерін JTL “Central Asіa” ЖАҚ-ы шығарады.
Көлігі
Облыс экономикасының тұрақты дамуында темір жол тасымалының үлесі басым. Маңызды темір жол тармақтары: Орынбор – Ташкент,Түркістан – Сібір темір жол Темір жолдың жалпы ұзындығы 443 км-ден асады, қызмет ету шектері Шеңгелді – Арыс және Түркістан – Арыс – Түлкібас станцияларының аралықтары. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 5200 км, оның 800 км-ден астамы республикалық, 4470 км жергілікті маңызы бар жолдар. Облыс жеріндегі ірі автомагистралдар: Алматы – Ташкент, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Жуантөбе. Әуе көлігі жүйесінде “Шымкент әуежайы” ААҚ халықаралық тікелей және транзиттік авиарейстерді жүзеге асыруға қолайлы. Облыс жерінен Бұхара – Шымкент – Алматы газ құбыры, Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді.
Геологиясы мен кен байлықтары
Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран[ плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40- 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер
Р/с |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың атауы |
Алаңы, гектар |
Орналасқан |
Кiмнiң қарауында | |
103 |
Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы |
81236 |
Оңтүстiк Қазақстан
облысының Түлкiбас, Төлеби және Бәйдiбек
аудандары, Жамбыл облысының Жуалы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
104 |
Қаратау мемлекеттік
табиғи |
34300 |
Түркiстан ауданы және |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
104-1 |
Сайрам-Өгем мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi |
149053 |
Қазығұрт, |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті | |
105 |
Ақдала мемлекеттiк табиғи қаумалы (ботаникалық) |
3000 |
Арыс ауданы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
106 |
(Алынып тасталды - 2006.01.26. N 52 Қаулысымен) | ||||
107 |
Жамбыл мемлекеттік |
8600 |
Бәйдiбек ауданы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
108 |
Задария мемлекеттік |
8400 |
Арыс ауданы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
109 |
Боралдай мемлекеттiк
табиғи |
52500 |
Түлкiбас |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
110 |
Темiр мемлекеттiк табиғи |
4000 |
Отырар |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
111 |
(Алынып тасталды - 2006.01.26. N 52 Қаулысымен) | ||||
112 |
Арыс және Қарақтау |
404000 |
Арыс, |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
113 |
Оңтүстік Қазақстан |
6258000 |
Жамбыл облысының Сарысу |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №52 қаулысы бойынша бұрынғы Өгем, Төлеби және Түлкібас орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерді қосу жолымен құрылды. Яғни паркке қарасты аумақ облысымыздың Түлкібас, Төлеби және Қазығұрт аудандарында орналасқан. Толығырақ...
Ақсу – жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы
1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып жатыр. Қорык төрт биіктік белдеуді камтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар ла, 1500-2000 метр - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша (биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, карақұйрык, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты және т.б. жануарлар кездеседі.
2000-2300 метр биіктікте субальпілі
шалғыны жатыр. Бұл белдеуде төселіп
өсетін түркістан аршасынан басқа
ағаш өсімдіктері жок. Онда таутеке, ілбіс, суыр, шақылдақтар, ал құстардан ұлар, кезеген торғай, шауқарға, қозықұмайлар мекендейді. Қорыктың аумағында өсімдіктердін 1404 түрі
бар, оның 47 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Құстардың 239 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі
және сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар екені
есепке алынды. Сүтқоректілерден қорғауға
алынған аса бағалысы арқар, сібірдің таутекесі, бұғы, елік, жыртқыштардан ілбіс, ала мысық, борсық. Ең жоғарғы белдеу - биік таулы қарлы және мұзды
шыңдар. Бұлардан аңғарларға құлап
ағатын көбікті сарқырамалы тау өзендері
басталады. Қорықтың Қаратау жотасы беткейлерінде палеонтологиялық
филиалы бар. Бұл өңір 120 млн жыл бұрын теңіз түбі
болған. Қазір оның орнында әр түрлі
сирек кездесетін балықтар мен былқылдақ
денелілердің, юра дәуіріндегі өсімдіктердің таңбалары сакталған.
Қорықтың бұл бөлігінің органикалық дүние
эволюциясын зерттеу үшін ғылыми маңызы
бар.
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы-республика
қорықтарының ішіндегі ең жасы.Ол 2004 жылғы
1 наурыздағы №240 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің арнайы Қаулысында бекітілген.
Оның құрылу тарихы өте ұзақ және қиын
болды,30 жылға созылды.Қаратаудың ерекше
эндемикті флорасын сақтаудың қажеттілігі
туралы өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан
бастап көптеген қазақстандық ботаниктер-М.С.Бәйтенов,В.П.Голоскоков,Н.Х.Кармышева
және басқалар жазған болатын.1975 жылы
«Қазақстандағы қорықтық істердің ғылыми
негіздері» коммисиясының төрағасы академик
Б.А.Быков Қаратау қорығын құру туралы
ұсынысты алға қойды.
Оңтүстік Қазақстан – ежелгі цивилизацияның жері. Ежелгі дәуірден бастап қазақ жерінің тұрғындары тұрмыстық мәдениетті құраған болатын.
Ұлы жібек жолы жерінің қиылысында Оңтүстік Қазақстан облысының жері қазақ мемлекетінің бесігі болып есептеледі. Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи ескерткіштерімен әйгілі – қорғандар, бекіністер, ежелгі қалалық кесенелер, тұрғындардың қоныс қалдықтары жетерлік. Оңтүстік Қазақстан облысының 802 тарихи және мәдени ескерткіштердің ішінен 528 археология ескерткіштері, 42 тарихи ескерткіштері, 226 архитектулық ескерткіштер.
Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларының ішінде Түркістан қаласы ерекше орын ерекше орын алады. XVI-XIX ғасырдағы Ұлы Жібек жолында орналасқан Түркістан қаласы Қазақ хандығының астанасы және түрік тілді халықты адамдардың орталығы.
Бұл жерде Қазақстанның архитектураның монументалды ескерткіштердің, қасиетті орны болып есептеледі.
Түркістан қаласы діни орталықтардың бірі, екінші Мекке ретінде маңызды болып есептеледі.
Түркістан (қаз. تركستان) — Қазақстандағы қала.[2] Түркі
1991 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің негізі қаланып, қазіргі кезде еліміздегі жетекші білім беру ордасына айналды.
ЮНЕСКО шешімімен Түркістан каласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді (2000).
Абай «Жиырма жеті жасында...» деген өлеңінде сүйікті ұлы Әбдірахманның ғылым іздеп, білімін жетілдіру барысында Түркістан өлкесімен таныс болғандығы жөнінде айтады.[3][4]