Экологияның қолданбалы міндеттерін зерделеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 20:10, доклад

Краткое описание

Қазіргі әдістемелік нұсқаулар барлық оқу түрлері мамандықтарының студенттеріне арналған «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша практикалық жұмыстарды орындауға арналған.
Практикалық жұмыстарды орындау теориялық бөлімді зерделеуден, талқылауға қатысудан, бақылау сұрақтарына жауаптар жазудан және СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаудан тұрады.
Бақылау сұрақтарымен және СӨЖ жұмыс істегенде ұсынылатын әдебиеттерді пайдалану керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ekologia (1).doc

— 423.50 Кб (Скачать документ)

Бұл баяндамада өндірістің экспоненциалдық  өсуінің барлық  резервтерді жасауға әкелетіні көрсетіледі. Баяндаманы талдаудан шығатыны: шикізат пен  энергияны өндіруге көбірек капитал салу керек, белгілі шекарадан кейін де бұл индустриялық жүйенің бұзылу қаупін тудырады. Бұл ауыл шаруашылығының бұзылуына, халық саны ұлғайғанда, азық-түлік өндірісінің қысқаруына әкеледі.

РК екінші баяндамасының авторлары (1974 ж., М. Мисарович, Э. Пастель) мынадай  тұжырымға келді:

  • әлемді гомогенді тұтас ретінде емес, өзара байланысқан бөліктерден тұратын ретінде қарастыру керек;
  • тұтас бөлік өлімінің орнына әр түрлі облыстарда және әр түрлі себептер бойынша жергілікті апаттар болуы мүмкін;
  • әлемдік жүйедегі апаттарды жаһандық масштабта шаралар қабылдаумен тоқтатуға болады;
  • проблемаларды жаһандық шешуді теңестірілген дифференциацияланған өсу арқылы жүзеге асыруға болады;
  • экологиялық дағдарыс проблемаларын шешудің әлемдік стратегиясын іске асыруды кейінге қалдыру тек қауіпті және қымбат қана емес, сонымен бірге өлімге әкеледі.

РК үшінші баяндамасында (1975 ж., Я. Тинбеган) әлемдік экономикалық жүйені сындарлы талдау бар және қазіргі заманғы адамзаттың басты  проблемасы ерекшеленеді: күш-қуат пен байлықтың тең үлестірілмеуі, байлар мен кедейлер арасындағы шыңырау. Автор одан құтылудың амалын халықаралық ынтымақтастықты іске асырудан көреді: индустриялық елдер ұлттық табыстың 2...4%-ын Африка мен Азия өз адамдарының қажеттіліктерін қанағаттандырмағанша, осы өңірлерге беруі тиіс.

Осы уақытқа дейін  әлемдік қауымдастықта экология проблемаларын шешу және экологиялық  дағдарысты жеңу жолында екі соңғы көзқарас болған.

Бірінші көзқарас – бұл экологиялық оптимистердің  көзқарастары (консерваторлар немесе технократтар). Олар әрі қарай экономикалық өсу және ҒТП экологиялық дағдарысты жеңуге әкеледі. Экономикалық және техникалық прогресс өндірістік ресурстар молшылығын тудырады, олар тұтынушылар тарапынан сұраныс өзгеруі нәтижесінде табиғи ортаны қалпына келтіру міндеттерін шешуге ауысатын болады. Қоғамды экологиялық дағдарыс қаупінен құтқаруға қабілетті шара ретінде, консерваторлар экологиялық салық салуды мемлекеттік кәсіпорындар қызметіне жанама араласуы ретінде анықтауды ұсынады.

Екінші көзқарас – бұл экологиялық пессимистер көзқарастары (алармистер немесе радикалдар). Олар диаметрлік қарама-қарсы амалды алға қояды – табиғат техникалық та, экономикалық та жаңғыртылмайды.  Қоршаған ортаның құлдырауы және табиғи ресурстардың таусылуы экономикалық өсудің және халық саны өсуінің салдары болып табылады. Қалыптасқан жағдайдан шығатын жалғыз амал – не экономикалық өсуді тоқтату, халық санын және материалдық игіліктерді жай ғана өсіру, не болмаса мемлекеттің заңдар мен заңды актілердің көмегімен кәсіпорындар қызметін қатаң реттеуі және жоспарлауы.

Қоғамдық пікірдің осы екі тобының  арасында аралық топтар: либералдар, бірқалыпты технократтар және басқалар болады.

Қазіргі уақытта Тұрақты даму тұжырымдамасы танымал және әлемдік қауымдастықта қабылданған болып табылады (№ 3 жұмысты қараңыз). Тұрақты даму ұғымы осындай дамудың екі негізгі – антропоцентрлік және биосфероцентрлік белгісі арқылы анықталуы тиіс. Антропоцентрлік белгі деп адамзаттың (елдің) тірі қалуы және қазіргі ұрпақпен салыстырғанда біздің ұрпағымыздың мүмкіндіктері аз болмауы үшін, оның әрі қарай тоқтамай (тұрақты), үздіксіз ұзақ даму, өз қажеттіліктерін табиғи жағдайларда және Жер мен ғарыштың экологиялық жағдайларында қанағаттандыру (өз қажеттіліктерін қанағаттандыру тұрғысында ұрпақтар мүмкіндіктерінің теңдігі принципі) қабілеті (мүмкіндігі) түсіндіріледі.

Ұғымның биосфероцентрлік (жалпы жағдайда – экологиялық) белгісі  адамзаттың әрі қарай дамуы экофобиялық түрде болмайтындай, оның тұрақтылығы мен табиғи эволюция үшін қажетті шарт ретінде, Жердегі бүкіл тіршіліктің табиғи негізі ретінде биосфераның сақталуымен байланысты. «Біздің ортақ болашағымыз» кітабында «тұрақты даму стратегиясы адамдар және қоғам мен табиғат  арасындағы үйлесімге қол жеткізуге бағытталған» деп айтылған. Бұл принципті табиғат пен қоғам коэволюциясының принципі ретінде сипаттауға болады.

Жоғарыда айтылған тұрақты  дамуды социотабиғи даму стратегиясы  ретінде анықтауға мүмкіндік  береді, ол қоғамның аман қалуын және үздіксіз ілгерілеуін қамтамасыз етеді және қоршаған табиғи ортаны, әсіресе   биосфераны бұзбайды.

Тұрақты дамуға ауысу табиғи экожүйелердің  қоршаған ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін және ол кезде адамдардың болашақ  ұрпағының тіршілік етуінің, олардың өмірлік маңызды қажеттіліктері мен мүдделерінің нақты мүмкіндігі пайда болатын деңгейге дейін кезеңмен қалпына келуін жорамалдайды.

3 Сабақты өткізу әдістемесі

Бірінші топ студенттерінің міндеті  – өз дәлелдерін консерваторлар көзқарасын қолдап баяндау.

Екінші топ студенттерінің міндеті  – өз дәлелдерін радикалдар көзқарасын қолдап баяндау.

Талқылауға дайындалған кезде  келесі мәселелерді назарға алу  керек:

    1. Экология проблемалары қолданыстағы әлеуметтік-экономикалық институт-тар мен қатынастар шеңберінде шешіледі ме, не болмаса осы институттар мен қатынастардың өздері маңызды қайта құруды талап етеді ме?
    2. Экология мәселелерін шешу саласында кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік реттеу және жоспарлау өлшемдері, сипаты мен тәсілдері қандай болуы тиіс?

Бақылау сұрақтары

  1. Рим клубы баяндамаларының негізгі идеялары мен тұжырымдары қандай?
  2. Қоғамда экология проблемаларын шешуге қандай көзқарастар орын алды?
  3. Экология проблемаларын шешу жолдарына өз көзқарасыңызды баяндаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Маркович Д.Ж. Социальная экология. – Москва: Просвещение, 1991. – 176с.
  2. Гирусов Э.В. и др. Экология и экономика природопользования. – Москва: Закон и право, ЮНИТИ, 1998. – 455с.

СӨЖ арналған тапсырмалар

  1. № 7 дәрістік тақырып материалына сүйеніп, «табиғатты қорғау және тұрақты даму» тақырыбына эссе жазу.
  2. «Тұрақты даму тұжырымдамасы» тақырыбына тезаурус құрастыру (25 глостан кем емес).

 

 

№ 5 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілгендігі проблемасы

МАҚСАТЫ: Экологиялық ресурсология принциптерін зерделеу

1 Экологиялық ресурсология принциптері

1.1 Таусылмайтын ресурстар болмайды. Жер бетінде адамзат қызметіне қатысты барлық табиғи ресурстардың таусылмау заңы әрекет етеді. Тіпті ғарыш энергиясы көздері – күн сәулесінің шығуы және гравитациялық (құйылмалы) энергия – антропогенді әрекеттер әсерінен олардың Жердегі қолайлылығының өзгеруінен уақытта шектелген болып шығуы мүмкін.

1.2 Табиғи ресурстардың таусылуы олардың жаңару деңгейіне байланысты. Ресурстардың табиғи жаңартылу көлемінен артық болатын оларды алу көлемі ресурстарды жаңартылмайтын ресурстар категориясына ауыстырады. Алудың жаңартудан артық болуы ресурстар қорларының қысқаруымен ғана емес, сонымен бірге үнемі жаңарту механизмдерінің бұзылуымен де қауіпті.

1.3 Ешқандай ізденіс  немесе шаруашылық қызметі ресурстарды  жаңарту ретінде жіктеле алмайды.  Тәртіп бойынша, ресурстарды пайдалану шебін кеңейту туралы ғана сөз болып отыр.

1.4 Адам үшін қажетті жаңартылмайтын ресурстарды, әсіресе энергия тасымалдаушылар қазбалары мен рудаларын масштабты пайдалану, биосфера заңдары көзқарасынан табиғи емес. Биосфера эволюциясы масштабтарында берілген жағдай жаһандық экологиялық дағдарыспен шектелген, біршама аз уақытта ғана сақталуы мүмкін.

1.5 Тегін табиғи ресурстар  болмайды. Олардың әрқайсысы тіршілікті және биосфера өнімін қолдауға, ал осыдан, адамдардың амандығына қосылған үлеспен анықталатын абсолют құнды иеленеді. Бұл мағынада барлық табиғи ресурстар тең және ақылылық жүйесіне қосылуы тиіс.

1.6 Табиғат заңдары  биосфера ресурстарына меншік құқығын жоққа шығарады. Ресурстар жеке адамдарға тиесілі болмауы тиіс. Олар адамдардың болашақ ұрпағын қосқанда, жалпы алғанда бүкіл адамзатқа тиесілі болады. Сондықтан адам заңдарымен анықталатын табиғи ресурстарға меншік ылғи да салыстырмалы болады және ешқашан да толық болмайды. Табиғатқа және ол арқылы адамға зиян әкелетін табиғи ресурстарға меншік құқығы жоққа шығарылуы тиіс.

1.7 Адам пайдаланатын  кез келген жаңартылатын ресурс  сандық та, сапалық та қатынаста  жаңғыртылуы, қалпына келтірілуі тиіс. Көптеген жағдайларда биосфера функцияларына қысым көрсету жағдайларында табиғи жаңаруға есептеулер расталмайды. Сондықтан адамзаттың табиғи ресурстарды жаңартумен байланысты үлкен және жылдам өсетін парызы, - этикалық абстракция емес, нақты құндылық өрнектелген және өте жоғары пайыздық мөлшерлемесі бар шындық.

1.8 Ресурстық капиталды өзгерту принципі: жаңартылмайтын ресурстарға салынған капитал, оларды игергенде және пайдаланғанда мемлекетке тиесілі және жаңартылатын табиғи ресурстарды жаңғыртуға бағытталған тең қаржылық немесе басқа капиталға өзгертілуі тиіс. Бұл, өз кезегінде, әлемдік табиғи ресурстар рыногын құруды талап етеді.

Осы принциптерді іске асыру ресурстарға жоғары биосфералық экологиялық салықты қолдануды білдіреді, бұл экономиканың бүкіл ресурстық базасының қымбаттауына әкеледі және осыдан:

  • ресурстарды алудың жалпы сандық шектелуі;
  • кен орнын аса терең қазу және шикізаттан пайдалы компоненттерді аса толық алу қажеттілігі;
  • өндіру және тұтыну процесінде  барлық ресурстарды үнемдеу құралдарына себепші болу;
  • пайдаланылатын ресурстарды айырбастау және жаңа, аса экологиялы ресурстарды іздестіру қажеттілігі;
  • экономиканың ресурстық базасын жаңартылмайтын ресурстан жаңартылатын ресурсқа барынша мүмкін ауыстыру.

2 экология проблемаларын шешудегі мемлекеттің

және нарықтық қатынастардың  ролі

экология-экономикалық саясатты іске асырудың екі айқын көрінген механизмі бар: мемлекетті тікелей реттеу және экономикалық ынталандыру (нарықтық механизм).

Тікелей реттеу мемлекеттің пайда  болуымен байланысты: нормативтік-құқықтық, әкімшілік-бақылау шаралары, тікелей регламенттеу және т.с.с. Мемлекеттік араласудың кемшіліктеріне қарамастан, қазір мемлекеттің табиғатты қорғаудағы ролі үлкен және әрі қарай артатын болады.  Мемлекет жанама және тікелей реттеу негізінде өндірісті нарықтық оңтайлы басқарудың өнімді шығарудың әлеуметтік-экологиялық оңтайлы деңгейіне ығысуына қол жеткізуі тиіс. Мемлекет табиғи ортаны қорғау саласындағы әр түрлі  нормативтерді, стандарттарды анықтайды, экология проблемаларын шешудің балама нұсқаларын, нарық жағдайларында экономиканы құрылымдық қайта құруды жүзеге асырады. Мемлекеттік макрореттеу мәнін толық бағаламау жағымсыз экологиялық салдарларға әкелуі мүмкін.

Экономикалық жағдай жасау нарықтық механизмдердің дамуымен байланысты. Рыноктың маңызды сапасы олардың тапшылығы туралы бағалық  сигналдардың арқасында әр түрлі ресурстардың аса жақсы пайдаланылуын қамтамасыз ету мүмкіндігінен тұрады. Нарықтық механизмдер табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында пайда болатын өзгерістер мен тенденцияларға аса икемді жауап қайтаруға қабілетті.

3 Сабақты өткізу әдістемесі

Бірінші топ студенттерінің міндеті  – өз дәлелдерін «Экология проблемаларын  шешуде мемлекеттік реттеу басым  болуы тиіс» көзқарасын қолдап баяндау.

Екінші топ студенттерінің міндеті – өз дәлелдерін «Экология проблемаларын шешуде нарықтық механизмдер басым болуы тиіс» көзқарасын қолдап баяндау.

Талқылауға дайындалған кезде  келесі мәселелерді назарға алу  керек:

  1. Экология проблемаларын шешудегі берілген механизмдердің кемшіліктері мен жетістіктері. Мысалдар келтіру.
  2. Меншік құқықтары және табиғат.
  3. Монополизм, оның экологиялық аспектілері
  4. Макроэкономикалық саясаттың және нарықтық қатынастардың экологиялық өзара әрекеттесуі.

Бақылау сұрақтары

  1. Табиғи ресурстар деп нені атайды және олар қалай жіктеледі?
  2. Сіз экологиялық ресурсологияның сегіз принципінің қайсысын аса маңызды деп санайсыз?
  3. Атмосфера газдарын, Жердің су ресурстарын жаңартылмайтын деп атауға болады ма және неліктен?

 

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Гирусов Э.В. и др. Экология и экономика природопользования. – Москва: Закон и право, ЮНИТИ, 1998. – 455с.
  2. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. – Москва: ФАИР-ПРЕСС, 2003. – 560с.
  3. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-экономика-биота-среда. – Москва: ЮНИТИ, 2007. – 495с.
  4. Оралова А.Т., Цой Н.К. Промышленная экология. – Караганда: КарГТУ, 2003. – 140с.

 

СӨЖ арналған тапсырмалар

    1. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының экологиялық проблемалары мәселелеріне қатысты тақырыпқа «Экология и устойчивое развитие» журналынан кез келген мақалаға пікір жазу (пікір жазылатын мақаланың көлемі кем дегенде 2 баспа табағы болуы тиіс).
    2. Пікір жазылатын мақалаға глоссарий құрастыру (10 глостан кем емес).

Информация о работе Экологияның қолданбалы міндеттерін зерделеу