Экологиялық құқық. Орман ресурстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 10:26, курсовая работа

Краткое описание

Жер планетасының ғасырлар бойы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліпшығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды

Содержание

Кіріспе
Орман шаруашылығының және елді мекендерді көгалдандырудың қазіргі жай- күйін талдау
2005-2007 жылдарға арналған орман шаруашылығының қазіргі жағдайы
Орманды молықтыру мен орман өсірудің проблемалық мәселелері
Орман осірудің 2008- 2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасының талдауы
Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру
Астана қаласының жасыл аймағын құру
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Еліміздің экологиялық проблемалары
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 203.50 Кб (Скачать документ)

Елді мекендерде көгалдандыру екпелері ретінде ағаш және бұта тұқымдарының шектеулі ассортименті отырғызылған, қолданыстағы нормативтерге сәйкес жасыл аймақтар, саябақтар, скверьлер елді мекендердің бәрінде бірдей құрылмауда.

Темір және автомобиль жолдарының бойында қорғаныштық екпелер, егістік қорғайтын, жайылымдық қорғайтын және эрозияға қарсы екпелер жеткілікті мөлшерде құрылмаған.

Орман шаруашылығы саласында қызметкерлер саны соңғы жылдары күрт қысқарып кетті, бұл қаржыландырудың азаюымен және жұмыс көлемінің төмендеуімен байланысты. Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері мен табиғат қорғау мекемелері инженер-техник қызметкерлерінің 30 % жуығының жоғары білімі жоқ. Орта техникалық білімді мамандар жетіспейді. Республикада орманшы-қорықшылар даярлайтын орта техникалық оқу орындары жоқ.

Орман шаруашылығы мамандарын оқыту кезінде қажетті оқу базасының, жабдықтардың, мамандандырылған зертханалардың, жаңа оқулықтар мен арнайы әдебиеттің болмауы, профессор-оқытушы құрамының жетіспеуі талап етілетін біліктілік деңгейіндегі мамандар даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Кеңестік өкіметтен кейінгі кезеңде ормандарды молықтыру мен орман өсіру көлемінің азайып кетуінің маңызды себептері мемлекеттің орман шаруашылығының жеткілікті мөлшерде қаржыландырылмауымен, білікті кадрлардың жетіспеуімен қатар:

- орман саласына жергілікті атқарушы органдарды, өзін өзі басқару органдарын және халықты, сондай-ақ экономиканың жеке секторын кеңінен тартпай, ормандарды иелену және пайдалану функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік институттарға ғана бағдар ұстанған ормандарды басқару жүйесінің орынсыз орталықтандырылуы;

- сапалы отырғызу материалын жедел өсіру жөніндегі инновациялық технологиялардың, ормандарды молықтырудың және тез өсетін ағаш тұқымдарының өнеркәсіптік плантацияларын құрудың тиімді тәсілдерінің жетіспеуі болып табылады [3]. 

Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағында ормандарды молықтыру және орман өсіру Қазақстанның кең-байтақ аумағын ескере отырып (272,49 миллион км2), мемлекеттің орманды жерлерін бір пайызға ғана ұлғайту үшін 2724,9 мың гектар алқапқа ағаш отырғызу және екпелер өсіру қажет. Салыстыру үшін - өткен алпыс жыл ішінде республика аумағында 1025,9 мың гектар жасанды екпелер алқабы құрылды.

Сондықтан ормандарды молықтыру мен орман өсіруге мол шығын жұмсалатынын назарға ала отырып (орташа есеппен 1 гектар 700 АҚШ долларына жуық), бірінші кезекте орман екпелері мына аумақтарда:

1 шөлейттену процесіне ұрымтал алқабы басым бұрын орман өскен жерлерде;

2 ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін қолайсыз жерлерді пайдалана отырып, елді мекендерге жақын маңда (жасыл аймақтар, әртүрлі нысаналы мақсаттағы өнеркәсіп плантациялары);

3 гидрографиялық желі, арналар мен су қоймалары бойында;

4 автомобиль және темір жолдар бойында;

5 жайсыз табиғи факторлардың әсерін азайту үшін ауыл шаруашылығы жерлерінде құрылуға тиіс.

Ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шараларды сапасы жақсартылған тұқымның және отырғызу материалының қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін селекциялық-генетикалық негізде тұрақты орман дақылдары тұқымы базасын құру жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғастырылатын болады және отырғызу материалын өсіру жөніндегі озық технологияларды қолданып, тұқымбақ шаруашылығы кеңейтіледі.

Ормандарды молықтыру орман дақылдарын себу және отырғызу, сондай-ақ ормандарды табиғи жолмен қалпына келтіру үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылатын болады. Ормандарды табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу тұқымдардың өсіп-өнуіне жағдайлар жасау және ағаш кесілетін жерлерді қоршау мақсатында кеспе ағаштарды жоспарлау, жерді ішінара өңдеу кезінде шаруашылық жағынан бағалы тұқымдардың өркендері мен жас талдарын сақтау арқылы жүргізіледі.

Ең алдымен орман дақылдарын құру өртеңдер мен ағашы кесілген жерлерде жүзеге асырылатын болады. Осындай алқаптардың басым бөлігі Ертіс өңірінің жалды ормандарында, Қазақ шағын адырлы шоқыларының қарағайлы ормандарында, сексеуіл ормандары өсетін аймақта орналасқан.

2007 жылдан бастап Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің (бұдан әрі - ХҚДБ) қарызы қаражатының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосымша қаржыландыруының және Ғаламдық Экологиялық Қор грантының есебінен ірі көлемді «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту» жобасы (бұдан әрі - Жоба) іске асырылуда, ол 7 жылға есептелген.

Жоба шеңберінде Ертіс өңірінің жалды ормандарының аумағында 9 мың гектар орман дақылдары, Арал теңізінің құрғап қалған табанында және Қызылорда облысының мемлекеттік орман қорының аумағында - 22 мың гектар сексеуіл екпелері құрылатын болады.

Облыстық атқарушы органдардың қарауындағы мемлекеттік орман қорының 120,63 мың гектар алқапта ормандарды молықтыру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде 88,62 мың гектар алқапта орман дақылдарын құру көзделуде. Жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында ормандарды молықтыру көлемі облыстар бойынша 1-кестеде келтірілген.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру жөніндегі жұмыстарды «Семей орманы» және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттары және мемлекеттік ұлттық табиғи парктер жүргізетін болады.

Көгалдандыру жұмыстарын көшет материалымен қамтамасыз ету бағыттарының бірі жеке орман тұқымбақтарын құру болып табылады.

Селекциялық орман орталықтары орман дақылы өндірісін селекциялық негізге көшіру және негізгі орман құрайтын және интродукцияланған тұқымдардың тұрақты орман тұқымы базасын құру жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады [4].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Орман осірудің  2008- 2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасының талдауы

 

 

 

2.1 Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру

 

Жасыл аймақтар - қорғаныштық және санитариялық-гигиеналық функциялар орындайтын және халықтың демалыс орны болып табылатын ормандар мен орман саябақтары орналасқан қала шегінен тыс аумақ.       Ауаны оттегімен байытумен, табиғат келбетін әдемілеп безендірумен қатар дұрыс өсірілген екпелер аумақтардың желдетілуіне, лас ауаны тұрғын үйлер мен өндірістік аймақтардан алып кетуге көмектеседі, тік ауа қабаттарының пайда болуына және ластанған ауаның атмосфераның неғұрлым жоғары қабаттарында сейіліп кетуіне жәрдемдеседі, сондай-ақ ауаны әртүрлі аэрозольдардан, шаң-тозаңнан, күйеден, майда күлден оларды жұтып қою арқылы тазартады.

Қазіргі Қазақстанның халық қоныстанған жерлерінің жүйесі 86 қаланы, 181 кент пен 7681 ауылды (селоны) қамтиды. Қазақстанда қала халқының саны 8,48 миллион адам.

17.5.3.01-78 «Қалалардың жасыл аймақтарының құрамы және мөлшері» мемлекеттік стандартының нормаларына сәйкес халықтың санын және аумақтың ормандылығын ескере отырып, жасыл аймақтардың жалпы көлемі 248,6 мың гектарды құрауға тиіс.

Қазіргі кезде мемлекеттік орман қоры аумағында 155,7 мың гектар жасыл аймақтар және 45,3 мың гектар қала ормандары мен орман саябақтары бар. Елді мекендерді көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды дамыту:

елді мекендерде белгіленген нормативтерге сәйкес жалпы жұрт пайдаланатын екпелер құруды;

өте әдемі және орнықты ағаш тұқымдары мен бұталар қалемшелерін өсіру үшін мемлекеттік және жеке орман тұқымбақтарының желісін дамытуды;

олардың аса шығымдылығын, өсіп-өнуі мен дамуын қамтамасыз ететін тамыр жүйесі жабық қалемшелерді жыл бойы отырғызу технологияларын қолдануды көздейді.

Жасыл желек құрылысы жоспарларын іске асыру облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардың басқаруымен «Жасыл ел» республикалық штабымен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

Барлық облыс орталықтарында Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің саябақтары құрылады.

Астана қаласында ботаникалық бақ отырғызу басталды.

2005-2006 жылдары оны іске асыру барысында ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі жұмыстар 67,6 мың гектар, оның ішінде ағаш отырғызу және тұқым себу әдісімен 55,3 мың гектар алқапта жүргізілді.

Орман дақылдары жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі кезде республикада 143 орман питомнигі бар, оларда жыл сайын әртүрлі дақылдардың 150-200 миллион дана стандартты екпесін өсіруге болады.

270 артықшылығы бар ағаштан, 45 гектар артықшылығы бар екпелерден, тұрақты орман тұқымы учаскелерінен және 850 гектардан асатын орман тұқымы плантацияларынан тұратын селекциялық негіздегі орман тұқымы базасы қалыптасып келеді. Оны одан әрі дамыту үшін екі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын - Алматы және Көкшетау орман селекциялық орталықтары жұмыс істейді.

Әртүрлі нысаналы мақсаттағы ағаш тұқымдарын плантацияда өсіруді дамыту Қазақстанның орман шаруашылығындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осы процеске жеке инвестицияларды тарту, яғни жеке орман иелену институтын дамыту басым мәселе болып табылады, оған мемлекеттік қолдау көрсетілуге тиіс [5]. 

 

2.2 Астана қаласының жасыл аймағын құру

 

Астана қаласының аймағын құру жөніндегі жұмыстар батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыттарда одан әрі өрістей түседі.

2010 жылдың аяғына дейін:

оңтүстік-шығыс және шығыс бағыттарда 45 мың гектар алқапта жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;

Астана қаласының қала шетіндегі аймағындағы орман өсіруге жарамды 15,0 мың гектар алқапта екпелер құру;

90 мың гектар алқапта екпелерге агротехникалық күтім жасау;

ағаш және бұта тұқымдарының аязға, тұзға төзімді және жылдам өсетін түрлері болатын отырғызу материалының түр-түрін өсіру;

жылдам өсетін ағаш тұқымдарын аудандастыруды одан әрі жалғастыру;

«Жасыл аймақ» РМК-ның материалдық-техникалық базасын арнайы  орман шаруашылығы техникасымен және жабдықтарымен нығайту көзделуде.

Орман қорының жай-күйі туралы ақпарат алу орман орналастыру жұмыстарын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Ормандарды түгендеудің қашықтық әдістері мен компьютерлік технологияларды қолдану бөлігінде оларды жүргізу технологиялары жетілдірілетін болады. Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын геоақпараттық жүйелік технологияларын енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу аса дәлме-дәл жоспарлау-картографиялық материалын алуға мүмкіндік береді.

Облыс орталығы әр аудан орталықтарымен жалғасатын күре жолдардың екі жақ беткейі жаз бойы өртеніп жосылған көк түтін мен қара күйеге малынып жатады. Оған тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан жоқ. Сонда облысымыздағы табиғат қорғаумен айналысатын адамдар қайда қарап отыр деген сұрақ туады. 

Ауылдық жерлерде, ауыл маңында, шабындық өлкелерде жас  ағашты ормандарда басталған өрт  екі-үш тәулік бойы жанып жатады. Оған ауыл адамдарының шамасы келмейтін  уақыттары да бар. Сондықтан олар аудан орталығынан, облыстан көмек сұрайды. Ол көмек жеткенше талай жердің шөбі, орманы «қызыл тажалдың» құрбаны болып кетеді. Одан бөлінген қаншама улы көмірқышқыл газы түгелдей атмосферадағы озон қабатының жұқаруына әсер етеді. Озон қабатының жұқаруы салдарынан әлемдегі атмосераның жылынып кету қаупі бүгінгі таңдағы ең елеулі мәселелердің бірі болып отыр.

Сөз соңында  айтарымыз, табиғат ресурстарын  тиімді пайдалануды ұйымдастыру  үшін экономикалық критерийге негізделген  кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.

Үш жыл ішінде Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстарының»аумағында 2480 гектар алқапта орман орналастыру жұмыстары жүргізіледі [6].

Орман өсіруге жарамды алаптарды және сүрек пен бұта тұқымдарының түр-түрін іріктеп алу, ормандарды молықтыру және орман өсіру кезінде орман дақылдарының шығымдылығын арттыру және отқа төзімді орман екпелерін алу мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік орман қорын өртке қарсы жарақтандыру жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде жүзеге асырылатын болады.

Ормандарды өртке қарсы жасақтау жобаларын әзірлеу жөнінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу көзделуде. Өртке қарсы жасақтаудың жобалау жұмыстарының жалпы көлемі 406,6 мың гектар болады.

Сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында орман тұқымбақтарын жобалау жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Жобаланып отырған орман тұқымбақтарының жалпы көлемі - 166 гектар.

Табиғи факторлар да, адамның қызметі де орман өрттерінің себептері болып табылады, олар өрт қаупінің көктемгі және күзгі шырқау шектерінде барынша қауіп төндіреді. Мәселен, көктемгі және күзгі кезеңдерде далада ауыл шаруашылығы жұмыстарының жүргізілуіне байланысты егістік қалдықтарын өртеуден және отқа сақ болмаудан шығатын өрттер саны да күрт көбейіп кетеді. Табиғи факторлардан найзағай жарқылдары елеулі қатер төндіреді, Ертіс өңірінің жалды ормандарында өрттердің көпшілігі солардан шығады .

Информация о работе Экологиялық құқық. Орман ресурстары