Экологиялық саясат: түсінігі және мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 16:52, дипломная работа

Краткое описание

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған «Экологиялық қауiпсiздiк Тұжырымдамасына» енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................3-11


І-Тарау. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ

1.1 Экологиялық саясат: түсінігі және мәні...................................................12-14
1.2 Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және бағыттары..........................................................................................................14-17


ІІ-Тарау. НЕВАДА-СЕМЕЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ

2.1 Невада – Семей антиядролық қозғалысының пайда болу тарихы .......18-34
2.2. Антиядролық қозғалыстардың қазіргі замандағы маңызы және болашағы..........................................................................................................34-54


ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------55-63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ--------------------------------64-65

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом-1.doc

— 2.47 Мб (Скачать документ)

Семейде   сол   кездегі   ең   жаңа жабдықтармен жарақтанған аурухана салынды. Ол «Бруцеллезға карсы № 4 диспансер» деп аталды. Бұл жерде адамдарды емдеген жоқ, жануарларға жәрдем жасаған жоқ, бұл жерде ғылым және келешек ұрпақ үшін қажет деген желеумен радиацияның тірі организмге әсерін зерттеді. Адамдар сәуле ауруынан қалай баяу өлетінін диспансер клиникасында дәрігерлер Б. Гусевтің басшылығымен бақылап, сонан соң Семей полигоны мен Орталықтың арнайы қызметтері үшін құпия есептер жазып отырды. Қазір бұл «диспансер» жұмыс істеп жатыр, ол Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты деп аталады. 1990 жылы диспансердің архив материалдарынан құпиялылық алынды, бірақ адамдардың денсаулығы мен полигон төңірегіндегі радиологиялық ахуалға қатысты құжаттардың бір бөлігі Мәскеуге әкетілген еді. 1957 жылы Алматы медиктері алғаш рет полигонмен шектес тұрып жатқан халықты ішінара зерттеуді жүргізді. Иондалатын сәулеленудің организмге әсерімен байланысты өзгерістер белгілерінің арнайы кешені, соның нәтижесінде организмдегі биохимиялық үрдістер мен зат алмасу процесінің қалыпты барысы бұзылатыны анықталды. Екі жылдан кейін Семей облысының Абай, Жанасемей және Бесқарағай аудандарында КСРО Денсаулық сақтау министрлігі Биофизика институтының кешенді экспедициясы жұмыс істеді. Ғалымдар ядролық полигон төңірегінде тұрып жатқан адамдарда бұрын анықталған жаңа өзгеше белгілердің бар екенін қуаттады. Олардың кешені бүкіл өмірлік маңызды органдардың — тері аймақтарының бүлінуімен, шаштық түсуімен, жүрек-тамыр жүйесінің елеулі өзгерістерімен, қорғаныш жүйелері қызметінің әлсіреуімен сипатталды.

Радиация әсері организмнің  ерте қартаюы, онкоаурулардың, өзіне-өзі  қол салу жағдайларының көбеюі үрдісін  туғызатыны атап көрсетілді. Бұл жаңа ауруды кейін осы науқас тұңғыш анықталған ауылдың атымен «Қайнар қасіреті» деп атады. Қайнар ауылы Семей ядролык полигонымен жапсарлас қырат бөктеріне орналасқан. Онда 5000-нан астам адам тұрады. Ауылдық аурухананың бас дәрігері, осында көп жыл жұмыс істеген А. Шахантаев осында сынақ өткізілген жылдар ішінде онкологиялық аурулардан 396 адам өлгенін айтып берді. Онкологиялық ауруларда, осында, бейдауаның әдеттегі түрлерінен басқа, тіл, көз, өт, құлақ, тері бейдауалары сияқты сирек кездесетін түрлері байқалған. Ауылда әлдекімі онкологиядан қайтыс болмаған отбасы жоқ, ал балалар өлімі үш есе көбейген. 1992—1993 жылдары зерттелген 1029 адамның 90%-і қорғаныш тапшылығымен ауырған.

Осы жерде туған балалардың көпшілігінің ақылы кеміс және түрлі  тән кемшіліктері бар. Ауданда тұратын 14 жасқа дейінгі 3200 баланың 144-і кеміс болып және орталық жүйке жүйесі ауруға шалдығып туған. Есеп-қисап деректеріне қарағанда Семей облысында 1980 жылы 100000 тұрғынға 157.9 онкоауру болса, 1990 жылы бұл цифр 1/3-ке артты. Өлім өкпе бейдауасынан үш есе, асқазан бейдауасынан 8 есе артты, ал бүкіл бақылаудағы топтан онкоауру 39 процент көп болды. 1950 жылдан. яғни атом жарылыстары басталғаннан кейін бір жылдан соң бұл жерде балалар өлімі 5—10 есе өсті /26/.

Омірдің орташа ұзақтығы 3—4 жылга қысқарды. Полигон төңірегіндегі кенттерде кеміс балалар туа бастады. Егер осылай жалғаса беретін болса, біздің қалаларымыз бен кенттеріміз көшелерін кемістер жайлап алатын кез қашық емес. Семей облысы, Абай ауданындағы Саржал кентінде жастар арасында өзіне-өзі қол салу оқиғасы көбейіп кетті. Жігіттер әскерге барып, туған ауылына қайтып оралған соң, біршама уақыттан кейін өз өмірлерін қиып жатты. Оның себебі — көбінесе белсіздік дерті. Әскерилер тек өмір сүріп жатқан халыққа ғана емес, келешек, әлі дүниеге келмеген ұрпаққа да орны толмас залал-тигізді деп есептейді ғалымдар.

Ядролық бағдарламаларға  ғалымдардан басқа сынақтарға тікелей  қатысқан, тіпті сынаққа «көжектер» ретінде қатысқан кәдімгі әскери қызметшілер де жанасты болды. Олардың  көпшілігі ерте кетті, басқалары  тіпті дәрі-дәрмек алуға жетпейтін болмашы зейнетақы алып бейшара өмір кешіп жатыр. Есеп-қисапқа қарағанда, 40 жыл Семей адамдарды емдеген жақ, жануарларға жәрдем жасаған жоқ, бұл жерде ғылым және келешек ұрпақ үшін қажет деген желеумен радиацияның тірі организмге әсерін зерттеді. Адамдар сәуле ауруынан қалай баяу өлетінін диспансер клиникасында дәрігерлер Б. Гусевтің басшылығымен бақылап. сонан соң Семей полигоны мен Орталықтың арнайы қызметтері үшін құпия есептер жазып отырды. Қазір бұл «диспансер» жұмыс істеп жатыр, ол Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты деп аталады. 1990 жылы диспансердің архив материалдарынан құпиялылық алынды, бірақ адамдардың денсаулығы мен полигон төңірегіндегі радиологиялық ахуалға қатысты құжаттардың бір бөлігі Мәскеуге әкетілген еді. 1957 жылы Алматы медиктері алғаш рет полигонмен шектес тұрып жатқан халықты ішінара зерттеуді жүргізді. Иондалатын сәулеленудің организмге әсерімен байланысты өзгерістер белгілерінің арнайы кешені, соның нәтижесінде организмдегі биохимиялық үрдістер мен зат алмасу процесінің қалыпты барысы бұзылатыны анықталды. Екі жылдан кейін Семей облысының Абай, Жаңасемей және Бесқарағай аудандарында КСРО Денсаулық сақтау министрлігі Биофизика институтының кешенді экспедициясы жұмыс істеді

Ғалымдар ядролык полигон төңірегінде тұрып жатқан адамдарда бұрын анықталған жаңа өзгеше белгілердің бар екенін қуаттады. Олардың кешені бүкіл өмірлік маңызды органдардың — тері аймақтарының бүлінуімен, шаштың түсуімен, жүрек-тамыр жүйесінің елеулі өзгерістерімен, қорғаныш жүйелері қызметінің әлсіреуімен сипатталды. Радиация әсері организмнің ерте қартаюы, онкоаурулардың, өзіне-өзі қол салу жағдайларының көбеюі үрдісін туғызатыны атап көрсетілді. Бұл жаңа ауруды кейін осы науқас тұңғыш анықталған ауылдың атымен «Қайнар қасіреті» деп атады. Қайнар ауылы Семей ядролық полигонымен жапсарлас қырат бөктеріне орналасқан. Онда 5000-нан астам адам тұрады. Ауылдык аурухананың бас дәрігері, осында көп жыл жұмыс істеген А. Шахантаев осында сынақ өткізілген жылдар ішінде онкологиялық аурулардан 396 адам өлгенін айтып берді.

Онкологиялық ауруларда, осында, бейдауаның әдеттегі түрлерінен басқа, тіл, көз, өт, құлақ тері бейдауалары  сияқты сирек кездесетін түрлері  байқалған. Ауылда әлдекімі онкологиядан қайтыс болмаған отбасы жоқ, ал балалар өлімі үш есе көбейген. 1992—1993 жылдары зерттелген 1029 адамның 90%-і қорғаныш тапшылығымен ауырған. Осы жерде туған балалардың көпшілігінің ақылы кеміс және түрлі тән кемшіліктері бар. Ауданда тұратын 14 жасқа дейінгі 3200 баланың 144-і кеміс болып және орталық жүйке жүйесі ауруға шалдығып туған.

Есеп-қисап деректеріне  қарағанда Семей облысында 1980 жылы 100000 тұрғынға 157,9 онкоауру болса, 1990 жылы бұл цифр 1/3-ке артты. Өлім өкпе бейдауасынан үш есе. асқазан бейдауасынан 8 есе  артты, ал бүкіл бақылаудағы топтан онкоауру 39 процент көп болды. 1950 жылдан, яғни атом жарылыстары басталғаннан кейін бір жылдан соң бұл жерде балалар өлімі 5—10 есе өсті. Өмірдің орташа ұзақтыгы 3 — 4 жылға қысқарды. Полигон төңірегіндегі кенттерде кеміс балалар туа бастады. Егер осылай жалғаса беретін болса, біздің қалаларымыз бен кенттеріміз көшелерін кемістер жайлап алатын кез қашық емес. Семей облысы. Абай ауданындағы Саржал кентінде жастар арасында өзіне-өзі қол салу оқиғасы көбейіп кетті. Жігіттер әскерге барып, туған ауылына қайтып оралған соң, біршама уақыттан кейін өз өмірлерін қиып жатты. Оның себебі — көбінесе белсіздік дерті. Әскерилер тек өмір сүріп жатқан халыққа ғана емес, келешек, әлі дүниеге келмеген ұрпаққа да орны толмас залал-тигізді деп есептейді ғалымдар.

Ядролық бағдарламаларға  ғалымдардан басқа сынақтарға тікелей  қатысқан, тіпті сынаққа «көжектер» ретінде қатысқан кәдімгі әскери қызметшілер де жанасты болды. Олардың  көпшілігі ерте кетті, басқалары  тіпті дәрі-дәрмек алуға жетпейтін  болмашы зейнетақы алып бейшара өмір кешіп жатыр. Есеп-кисапқа қарағанда, 40 жыл Семейполигонында болған сынақ кезінде 500000-нан астам адам иондалаушы сәулеленудің түрлі мөлшеріне шалдыққан. Ғалымдар Семей, Қарағанды және Павлодар облыстары аумағында, соған жапсарлас аумақтарда тұратын 1,5 миллион адам 1 бәрдан астам мөлшерде сәуле алғанын және олар сәулелену кезінде бұзылған өз хромосомдарын келешек ұрпақтарға беретінін анықтады. Бүгінгі күні полигон төңірегінде залал шеккен мыңдаған адам мемлекет колдауынсыз қалып отыр.

«Ядролық сынақтардан  зардап шеккен халықты сауықтыру  туралы» заң қабылданғанымен, республикадағы ауыр экономикалық жағдайға байланысты ол толық жұмыс істемей отыр. Адамдардың денсаулығына, табиғатқа келтірілген  залалды Қазақстанның бір өзі  орнына келтіре алмайды. КСРО-ның заңды ізбасары ретінде Ресей жоәне әлемдік қоғамдастық ядролық сынақтардан зардап шеккендерге және бірінші кезекте балаларға көмек пен қолдау корсете ме деген жалғыз үміт бар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. Астана,  «Елорда»-2001, 15-16-бб.

2. Абдулпаттаев С. Қырып –жоятын қару – жарақ қаупі// Ақиқат- 2002, N 11- 3-224 бб.

4. Әбішев М., Райхан Н. «Ядролық қару – ғаламдық проблема»// Ақиқат – 2005, N 8- 39-42 бб.

5. Куйдин Ю. Қазақстанның ядролық қасіреті//Алматы – 1997, 14-25 бб.

6. Құттықов М. Арал тағдыры, адам тағдыры. Алматы-1998.

7. Тоқаев Қ.Т. Беласу.

8. Сонда., 

9. Ақиқат 2002. №3, 62-67-бб.

10.  Бозтаев К. Семей полигоны: «Қайнар қасіреті». Алматы «Қазақстан» 1997 ж, 76—б.

11. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. Астана, «Елорда»-2001,

12. Қазақстан – Полигонстан. Азия – 1989, шілде №6.

13. Қожахметовұлы Қ. Ядролық қарусыз аймақ болу. Егемен Қазақстан, 21 маусым, 1996

14. Ө. Өмірдің өзі тудырған бастама. Азия – 1990, қыркүйек

15. Қуанышбаев Қ. Полигондардың самалы// Атырау- 1992, маусым

16. Қойшыбаев С. Соңғы жарылыс, Қазақ әдебиеті – 1989, N 45

17. Известия, N 274, 3 қазан, 1990 ж.

18. Наука и жизнь, N 12, 1995, 79-бет. . Известия, N 274, 3 қазан, 1990 ж.

19. Қожахметов К,, Кржахметов М. Үлкен канжар. Егемен Казақстан, 8 ақпан, 1992 ж.

20. Бозтаев К. Семипалатинский полигон. Алматы, 1992 ж. . Ваше право, №14, 10 апреля 1998 г.

21. Өмірбеков Ө. Өмірдің өзі тудырған бастама. Азия, 1990 жыл, қыркүйек.

22. Ғаббасов Э. Атом аждаһасының оты. Егемен Казақстан, 1996 ж.

23. Қуанышбаев Қ. Полигондардың тентек самалы. Атырау, N 86, 2 маусым, 1992 ж.

24. Бақытов Ж. Тайсойғавдағы тажал. Егемен Кдзақстан, 13 наурыз, 1993 ж.

25. Жақанов Б. Таскара жарылысы және бір үзік шындық. Ақгөбе, N 158, 7 қазан, 1993 ж.

26. Есенғарин К. Касіретпен күрес — қастерлі парыз. Ақикдт, N 7, 57-бет, 1994 ж.

27. Башоев К. Ертеңің қалай, Дегелең? Лениншіл жас, 26 қазан, 1990 ж.

28.  Н. Ә. Назарбаев, Бейбітшілік кіндігі. Алматы 2001

29. Саятов С. Қазақстандағы экологиялық мәселелер- журнал «Дүние»- 9

30.Асанов Ж. Экологиялық проблема – ғаламдық проблема//журнал Астана, N 4 2003 ж.

31. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1999 ж. -14 6.

32. Информационный      экологический   бюллетень,   2000. С.50.

33. Бюллетень Международного  конгресса   "Избиратели мира    против

   ядерного    оружия". Алма-Ата,   14-26 мая, 1995г.

34.  Бейсенова Ә. «Экология – ел тағдыры». Дүние № 5, 2004

35.  Сарпеков Р. « Экологиялық қауіпсіздік ғаламдық  проблема».

     Дүние №  2, 2005

36 Мейірбеков А.Қ. Кәсіпорын экономикасы // Алматы – 2003

37. Экономикалық саясат/ Алматы – 2001

38.  Ихданов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері/Алматы – 2002

39.  Табиғатты қорғаудың мәселелері// Дүние – 2003

40. Экологиялық қауіпсіздік мәселелері// Табиғат- 2003

41.  Экономикалық теория негіздері// 2001

42. ҚР-ң Экология туралы Заңы,

43 . www. Rambler. ru / poisk / diplom / 17q.doc

44. www. Aport. ru / do / diploms / nauka. Doc

45. www. yandex. ru.

46. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың биылғы 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты  Қазақстан халқына Жолдауы// Егемен Қазақстан- 2006, 2 наурыз

47. Н.Назарбаев «менің досым Олжас туралы сөз»// О.Сүлейменовтың 70-жылдығына байланысты кеште сөйлеген сөзі

48. Антиядролық қозғалыс// Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы , Алматы - 2003




Информация о работе Экологиялық саясат: түсінігі және мәні