Экологиялық саясат: түсінігі және мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 16:52, дипломная работа

Краткое описание

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған «Экологиялық қауiпсiздiк Тұжырымдамасына» енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................3-11


І-Тарау. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ

1.1 Экологиялық саясат: түсінігі және мәні...................................................12-14
1.2 Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және бағыттары..........................................................................................................14-17


ІІ-Тарау. НЕВАДА-СЕМЕЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ

2.1 Невада – Семей антиядролық қозғалысының пайда болу тарихы .......18-34
2.2. Антиядролық қозғалыстардың қазіргі замандағы маңызы және болашағы..........................................................................................................34-54


ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------55-63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ--------------------------------64-65

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом-1.doc

— 2.47 Мб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарды пайдалану және оны қорғау министрлігінің, сондай-ақ оның жергілікті органдарының атқаратын қызметтеріне мына төмендегілер  жатады:

•     қоршаған  табиғи  ортаны  қорғау  мен  табиғатты  пайдалануды     басқарудың    экономикалық    тетігін    іске асыру;

•     қоршаған  табиғи  ортаны  қорғау   саласында  біртұтас мемлекеттік  ғылыми-техникалық саясат  жүргізу;

•     мемлекеттік   экологиялық   сараптаманы   ұйымдастыру  және  жүргізу;

•     қоршаған   табиғи   ортаны   пайдалану   мен   қорғауға және  табиғи  ресурстар  кадастрын  дұрыс  жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру т.б.

 

 

 

 

 

 

ІІ. НЕВАДА –  СЕМЕЙ  ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ 

1.1. Невада – Семей антиядролық қозғалысының пайда болу тарихы

Антиядролық қозғалыс - әлем халықтарының ядролық соғыс қаруын жасауға, сынауға, қолдануға қарсы күресі. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ әскери әкімшілігі 1945 ж. 6 тамызда Жапонияның Хиросима қаласына тастап, қаланың 140 мың адамын қырғынға ұшыратты, кемтар етті, қала толық қиратылды. Үш күннен кйеін Нагасаки қаласына тасталған атом бомбасынан 75 мыңға тарта адам қазаға ұшырап, өмірлік арылмайтын зардап шекті. 1949 ж. тамызда КСРО-да алғашқы ядролық соғыс қаруы Семей сынақ алаңында жарылды. Содан бергі 46 жыл ішінде мұнда 459 жарылыс (оның 113-і атомосферада) жасалып, сынақ алаңымен іргелес аймақ тұрғындарының денсаулығына, айналадағы ортаға орасан зор зиян келтірілді. Мұндай ғаламат опат пен халықтар басына түскен қасірет ядролық жарылыстарды тоқтату қажеттігін тудырды. 1963 ж. тамызда атмосферада, ғарышта және суда атом қаруын сынуды тоқтату туралы шартқа қол қойылды. Бірақ бұл шарт талаптары ұзақ уақыт орындалмады. 70-жылдары КСРО басшылары Кеңес Одағындағы атом сынағы бейбітшілікке бағытталған, халыққа, тадиғи ортаға зияны жоқ деген екіжүзді саясат ұстанды. Ұзақ уақыт жер астындағы сынақтардың қауіпсіздігі туралы жалған түсінік наяихатталды. 1989 ж. ақпанда Қазақстанда ядролық жарылысқа қарсы халықтар. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы дүниеге келді. Ол дүние жүзінің көптеген елдеріндегі халықтар тарапынан қызу қолдау тапты. 1991 ж. мамырда қазақстандық «Аттан» штабы құрылды. Сол жылғы шілде айында Семей сынақ полигонының қызметін тоқтатуға бағытталған жалпыхалықтық шеру ұйымдастыру мақсат еткен. «Аттан» үндеу-газеті шықты. 1991 ж. 29 тамызда Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Мұндағы ең соңғы жарылыс 1995 ж. 30 мамырда жасалды. Сөйтіп халықтар «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы алға қойған мақсатының алғашқы сатысы – Семей ядролық сынақ алаңын жабу жүзеге асырылды. Антиядролық қозғалыстың түгінгі алға ұстаған ұраны – ядролық қаруға жаппай тыйым салу келісіміне қол жеткізу.

Бейбіт өмірді тілеген  елдер үшін ядролық қозғалыстардың болуы заңды құбылыс, сондықтан  ядролық қозғалыстар – саяси  институт ретінде қарастырылады.

Полигон бұл - ғалымдар мен мамандарды, олардың болашақ үшін маңызды тәжірибелер өткізуге болатын полигонға деген ынтасын жоғалтпауға тиіс.

Полигонның  тағы бір маңызды жері бар: онда радиациялық техниканың жаңа үлгілерін жасауға барлық мүмкіндіктер жасалған, оның көмегімен өндірісті дамытуға, өнімдерді арттыруға, ауылшаруашылық өнімдерін сақтауды жақсартуға, ауруларды емдеуге, технологиялық процестерді жеделдетуге болады.

Тағы бір  маңызды жері, Семей полигоны халықты атомнан қорқатын, ядро мәселесінен ат-тонын ала қашатын қорқақ етіп тәрбиеледі. Ал болашақтағы адамның аумақты мәселелері нақ осы атоммен және оның сарқылмас мүмкіндіктерімен байланысты.

Сондықтан атомнан  безу- біздің өз мәселелерімізді шешу мүмкіндіктерінен безу болып табылады.

Невада  – Семей антиядролық қозғалысының пайда болу тарихы: О.Сүлейменовтің Семей полигонында ядролық сынақтарды тоқтату үшін «Невада-Семей» антиядролық халықаралық қозғалысы ұйымдастырылды.  «Невада-Семей» қозғалысының көш басшысы О.Сүлейменов аса қайраттылықпен еңбек сіңірді. Осы қозғалыстың нақты жетістіктерінің бірі — ол өте қысқа мерзім ішінде халықтың бас көтеруі арқасында Семей полигонындағы ядролық жарылыстың санын азайтуға көмектесті: кейін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы жарлығымен полигонның мәңгілік жабылуы қазақ халқын мойнындағы қасірет қарғы-бауынан айырды.

Семей полигоны Қазақстан  жеріне, халқына материалдық, әлеуметтік-экономикалық қанша зиян келтіргені әлі күнге  дейін есептелген жоқ.

Семейдегі қырық жылдық ядролық сынақ қоршаған орта мен ондағы тұрғылықты халықтың денсаулығына орны толмас зиянын тигізді. Аурулардың, өлім-жітімнің (әсіресе, балалар, әйелдер, ересек адамдар арасында) деңгейі бұл елкеде басқа аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Семей аймағы тұрғындарының денсаулығына және қоршаған орта объектілеріне ықпал ету дәрежесі, радиациялық бөліктерге бөлінген шектер мына кестеде көрсетілген:

1-ші  сызба: 

Семей  полигоны: қырық жылға созылған қасірет

 

Аймақтарды бөлу

Тұрғындарға әсер

Облыс, аудан елді

 

ету дозасы

мекендері

Төтенше

100

Семей облысы:

радиациялық ықпал

 

Абай, Бесқарағай,

ету аймағы

 

Жаңасемей

   

аудандары.

Радиациялық ықпал

30-100

Бесқарағай, Жаңасемей

   

аудандары, Абай және

   

Абыралы аудандарының

   

бір бөлігі.

Радиациялық ықпалы

7-35

Семей, Курчатов

жоғары аймақ

 

қалалары, Шұбартау,

   

Жаңа Шульба,

   

Бородулиха, Шар,

   

Жарма, Аягөз аудандары




 

Радиоактивті тозаң  жер қыртысын, топырақты, өсімдіктерді, су көздерін ластады. Жер асты сулары, өсімдік дүниесі жоғалуда. Сынақтар өткізілген кезеннің зиянды әсері адамдардын екінші және үшінші ұрпақтарына ауыр зардабын тигізуде.

Облыстық онкологиялық диспансерден алынған мәліметтерге қарасақ, «Семей облысы бойынша 1975 жылдан 1990 жылға дейінгі мерзімде жас балалардын ауруға шалдығуы алты есе, ал елімі төрт есе дерлік артқан. Әсіресе, жана туған және бір жас шамасындағы сәбилер өлімі өте жоғары, 36 пайыз құрайды».

Семей полигонының адам денсаулығына зияндылығы туралы Семей  медициналық институтының ғалымдары  Н.Сағымбаева, Ғ.Ысқақовтар жасаған  тқжырымдарда ең басты факті, қатерлі  ісік ауруларының Семей аймағында  басқа өңірлермен салыстырғанда 30 пайыздан асып кеткендігі, ол адам қазасының 1,4 есе артқандығы айтылады. Соған қарамастан 40 жыл бойына мемлекет полигонға жақын жатқан бірқатар аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға ешқандай қаржы бөлмей келген.

Полигон жабылып, ядролық  сынақтар жасау тоқтатылғанымен жергілікті халықтық азап шегуі одан әрі жалғасуда. Республикадағы қазіргі экономикалық қиыншылықтарға байланысты зардап шеккен жұртшылыққа қамқорлық көрсету мәселесі практикалык тұрғыдан шешімін таппай отыр.

Қатерлі ісіктердің қатарына ақ қан (лейкоз) ауруы да жататыны белгілі. Осының салдарынан қан азаю ауруы, әсіресе, балалардыа 65-70 пайызында кездеседі.

Ең алдымен бұл арада  Семей ядролық полигонындағы  сынақтар кезінде радиоактивті тозаңдармен  және сәулелермен шарпылған аймақтарда тұратын азаматтардың аса жоғары радиациялық қатерге ұшырағаныны және олардың денсаулығына үлкен зиян келгенін мемлекет пен қоғам шын мойындауы қажет. Олар білікті тексеруден өтуге, емге мұқтаж және денсаулығын қалпына келтіруді күтіп отыр. Осылай істеу үшін ғылыми және емдеу орындары құрылуы қажет.

Одан әрі айтсақ – 1945 жылғы атомдық бомбалардан  зардап шеккендер денсаулығын қалпына  келтірудің жапондық тәжірибесін пайдалану  күн тәртібінен түспеуі тиіс. Жарты  ғасыр ішінде жапондықтар жүзеге асырғанның бәрін зерттеп, Қазақстан мен Жапония арасындағы үкіметаралық келісімдер негізінде мемлекеттік деңгейде қолданған дұрыс.

Семей өңіріндегі тұрғындарының қатерлі ісікпен  ауырғандары мен 

өлгендерінің 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіші төмендегідей:

2-ші  сызба:

Семей полигоны зардаптары

Ауру түрлері

Ауырғандардың көрсеткіштері

Өлгендердің көрсеткіштері

 

1990, 1989, 1988

1990, 1989, 1988

Қатерлі ісікпен

ауырғандардың саны, соның  ішінде әртүрлі рак ауруларымен  ауырғандар және өлгендер

203,9   196,4   191,4

112,8 149,8 109,8

а) тыныс жүйесінің  рагі

34,9     34,8     31,8

24,1    39,7    20,4

ә)асказан рагі б) кылтамақрагі

28,8    24,1    25,6 20,6    20,4    21,4

18,0       20,7   20,0 14,6    20,9   15,9


 

Семей полигонының ықпалы мен себеп-салдары облыс, қала тұрғындары арасындағы көші-қон мәселесіне де қатты әсер етті. 1990 жылғы статистикалық  мәлімет бойынша (кеңестік әскер  қатарынан, түрмеден келгендерді және т.б. қоса есептегенде) 32,4 мың адам Семей облысына келген екен, сонымен бірге, 37,8 мың адам тұрғылықты жерін ауыстырған. Басқа елге көшіп кетушілердің басым көпшілігі тұрғылықты емес халықтан тұрады. Тек 1990 жылы облыстан 18,9 мың адам қоныс аударса, 12,8 мың адам көшіп келді. Семей облысынан басқа республикаларға 8,5 мың адам (оның 5,1 мыны — орыстар, 0,6 мыны — украиндықтар, 0,5 мыңы— қазақтар, 0,2 мыңы — татарлар, 1,3 мыңы — немістер) көшті. Облыс аумағына шет елден және басқа облыстардан 5,3 мың адам (онын 3,4 — орыс, 0,6 — қазақ, 0,3 — украиндықтар, 0,2 — татар, 0,3 — неміс халқы) көшіп келген.

Көшіп-қонушылардың басым  көпшілігі еңбек жасындағыларды құрайды. Қалалық жерге келгендердің 80 пайызы енбек жасындағылар, ауылдық  жерге көшіп келген адамдардың 75 пайызы — еңбек жасындағылар.

Қаладан көшіп кеткендердің 73 пайызы, ауылдан кеткендердің 75 пайызы еңбек жасындағылар. Олардың ішіндегі 16-29 жастағылары қаладан кеткендердің — 59 пайызын және ауылдан кеткендердің — 58 пайызын құрайды.

Ауылдық жердегі әлеуметтік-тұрмыстық, экономикалық жағдайдың төмен болуы, жұмыссыздық, мектепке дейінгі балаларға арналған орындардың жабылуына және т.б. мекен-жайлардың жойылуына байланысты ауыл адамдары талай жыл мекендеген орындарын тастап, қалаға бет алған. Әсіресе, осындай келенсіз жағдай жастар арасында басым.

1990 жылдардағы көші-қон дәрежесінің осыншалык, сандық сипат алуы кейінгі жылдардағы қала экономикасының тұралап қалуына себепкер болды. Жаңа экономикалық саясатқа енуде мұндай дағдарыстың республиканың барлық жеріне тән екендігі белгілі, алайда оның Семей қаласындағы сипаты барынша күрделі жағдайда екендігі өкінішті-ақ.

Қазақстан мен полигон  кешенінің байланыс тарихы сан алуан, бірақ қазір рухына сай қағидаларға  негізделген, дамудың ұзақ уақытқа  есептелген сенімді болашағын қамтамасыз ететін, өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі үшін тиімді жағдайлар туып отыр. Бір сөзбен айтқанда, полигон бейбіт атомды адам қызметінің сан түрлі салаларына енгізетін бірегей орталыққа айналуға тиіс.

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы басты проблема - әлемде қауіпсіздікті сақтау болып табылады. 2002 жылғы маусым айында Азияда өткен өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің бірінші саммитінде қабылданған Алматы Актісінде былай деп көрсетілді: "Ядролық қару-жарақтың, нақ сондай, химиялық және биологиялық қару-жарақтың сақталып отырған көлемі және оның барлық жағынан таралуы күллі адамзатқа елеулі қатер төндіреді. Мүше мемлекеттер жаппай қырып-жоятын қару-жаракты (ЖҚҚ) толығымен жоюға бағытталған күш-жігерді қолдауға уәде береді".

КСРО ыдырағаннан кейін  Қазақстан Республикасы аумағында қалып қойған ядролық, химиялық және биологиялық қарулардың инфрақұрылымын жою, оны азаматтық мақсаттарға қайта бағдарлау, экспорттық бақылау жүйесін жетідліру жөніндегі шаралар кешені жүргізілуде.

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет болуы үшін үш шартты орындауды ұсынды, олар:

-Бірінші  Шарт- ядролық қаруы бар мемлекеттер тарапынан Қазақстанға болашақта ядролық қарумен шабуыл жасамау туралы кепілдіктің берілуі. Бұл талап орындалды: 1994 жылғы 2 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, 1995 жылғы 8 акпанда Қытай, сол жылғы мамырда Франция тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер туралы меморандумға қол қойылды.

-Екінші Шарт — ракеталардағы уран құнының Қазақстанға қайтарылуы. 1992 жылғы мамырда ядролық ракеталық қаруды біртіндеп бұзып, Ресейге көшіріп әкету, олардың окшантайларына салынған уранның құнын Қазақстанға ақшалай қайыру жөніндегі Лиссабон протоколына қол койылды. АҚШ-қа аса жоғары    байытылған 600 килограмм уран сату"Сапфир" операциясы арқылы жүзеге асырылды.

-Үшінші шарт — Қазақстан экономикасына қаржы жұмсау жөніндегі келісімнің болуы /4/.

1995 жылғы сәуір айында Қазақстан аумағынан континентаралық баллистикалық ракеталардың 1200 ядролық оқтұмсықтарының Ресейге әкетілуі аяқталып, сол жылы 25 мамырда Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды. Елімізде баллистикалық ракеталардың ұшыру қоңдырғылары жойылды. Степногордағы биологиялық қару-жарак өндірісіне арналған инфрақұрылымды бұзу 1996 жылдан бері жүргізілуде, Павлодар химия зауытындағы бұрынғы химия қаруын жасау тоқтатылды.

Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан дүниежүзіндегі бірінші мемлекет.

1991 жылғы 29 тамыздан  бастап Семей полигоны жабылды. Бұдан кейін әлемдегі ірі төрт полигонда: АҚШ-тағы — Невада, Ресейдегі — Новая Земля, Франциядағы — Муруроа, Кытайдағы — Лобнорда мораторий жарияланды.

2002 жылғы шілде айында «Үлкен сегіздік» басшыларынын бас қосуында Ресейге және басқа елдерге өзінің жаппай қырып-жоятын қарулары арсеналын жоюға көмек үшін 20 миллиард доллар қаржы беру туралы қарар қабылдады. Ресейде 200-дей сүңгуір қайықты, 40 мың тоннадай қарулық материалды, 40 мың тонна химиялық қаруды және одан басқа биологиялық қаруды жою қажеттігі атап көрсетілді.

1972 жылғы 26 мамырдағы  АҚШ пен КСРО арасындағы ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы шарт әлемдегі стратегиялық тұрақтылықтың негізі болып келді. Ал АҚШ 2001 жылғы 33 желтоқсанда бұл шарттан шығу жөніндегі мәлімдемесін жариялады. «2002 жылғы 13 маусымда аталған шарт күшін жойды» - деп жарияланды. БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Аннан АҚШ-тың ұлттық зымыранға қарсы қалқанды жаңғырту ниетін ядролық қарусыздану саясатына қарсы қадам деп бағалады. Дональд Рамсфельд Пентагон басшылығына келген кезден бастап американ әскери стратегиясы концепциясына «шектелген ядролық соғыс»  жоспарын енгізіп отыр.

Информация о работе Экологиялық саясат: түсінігі және мәні