Қазақстандағы уран өндіріс орындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2015 в 22:11, реферат

Краткое описание

Қазақстанда нарықтық экономиканы дамыту өндірісті дамытудың жаңа басымдықтарын анықтады: Қазақстанда өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; өндіруші өнеркәсіптен қайта өңдеуші кәсіпорынға көшуді жүзеге асыру; халықтың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру; тұтынылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қазақстандағы уран өндіріс орындары
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом кәсіпорны
Уран өндірудің әдістері
Кәсіпорынның экологияға көзқарасы
Кәсіпорынның қазіргі жағдайға жеткен жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

986_jb5.doc

— 169.50 Кб (Скачать документ)

                                   Жоспар

 

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

 

  1.     Қазақстандағы уран өндіріс орындары
  2.     «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом кәсіпорны
    1. Уран өндірудің әдістері
    2. Кәсіпорынның  экологияға көзқарасы
    3. Кәсіпорынның қазіргі жағдайға жеткен жолдары

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Кіріспе

 

 

   Қазақстанда нарықтық экономиканы дамыту өндірісті дамытудың жаңа басымдықтарын анықтады: Қазақстанда өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; өндіруші өнеркәсіптен қайта өңдеуші кәсіпорынға көшуді жүзеге асыру; халықтың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру; тұтынылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру.

Осыған байланысты жоғарыда аталған міндеттерді шешуге жаңа тәсілді пайдалану қажеттілігі туындап отыр. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, отандық өнімнің қауіпсіздігін, қазақстандық өнімнің шетел нарыққа шығаруды кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі проблемаларды шешу өнім сапасын жоғары деңгейге жеткізуге, қазіргі заманғы менеджмент жүйелерін енгізуге шоғырландырды.

 

    Нарық шаруашылығының  негізгі элементі менеджмент  болып табылады.Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.

         Өндірістік  менеджмент – өндірісті басқару,меңгеру және ұйымдастыру,өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы максимилизациялау мақсатында әзірленіп,қолданылатын,басқарылатын принциптерінің,әдістерінің,құралының және нысандарының жиынтығы.

 

         Өндіріс  – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдық өнімдерді шығаратын үрдіс.Қазіргі заманда өндіріс ҒТП-тің нәтижелерін қолдану,соның ішінде автоматизациялау арқылы дамиды.

 

 

                   

                      1.Қазақстандағы уран өндіріс орындары

 

Энергетика бүгінде әлемдік өркениеттің маңызды қозғаушы күшіне айналып отыр. Адамзаттың XXI ғасырдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде және энергетикалық сұраныстарын қанағаттандыруда ядролық энергетика айтарлықтай үлес қосуға тиіс. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, Қазақстанда ядролық энергетиканы қолданбастан жақын және алыс болашақта энергетикалық кілтипандарды шешуге болмайтын сияқты. Қазақстан энергетикасы ерте ме, кеш пе, әйтеуір осы жолды таңдары анық. Бұл ретте көмірсутегімен салыстырғанда атом энергетикасының үлкен экономикалық тартымдылығы шешуші рөл ойнауы тиіс. Алып қорлары барына қарамастан уақыт өте келе көмірсутегі энергия тасымалдағыштарының сарқыла бастайтыны, сондай-ақ парникті шығындыларды шектеу мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық стандарттарды сақтауға байланысты экологиялық құрамдас бөліктері де соған итермелейді.

Қазақстан Республикасының жер қойнауында әлемдегі барланған уран қорының 19% шоғырланған – бұл шамамен 1,5 млн. тоннаға тең.

 Уран  - Д.И.Менделеевтің химиялық элементтерінің топтық жүйесіндегі табиғатта кездесетін 92 – ші, радиоактивті элемент.Әрі орасан қуат көзі. Уран табиғатта сирек кездесетін және шашыранды элементтер қатарына жатады. Бірақ жер қыртысындағы шашыраңқы орналасқан уранның үлесі алтыннан 1000 есе, күмістен 30 есе көп. Табиғаттағы үлес салмағы мырыш пен қорғасынмен бірдей болса да негізгі массасы тау жыныстарында, топырақтарда, табиғи суларда шашырап таралғасын оны өндіру іс жүзінде тиімсіз, әрі мүмкін де емес. Табиғатта оның аз бөлігі ғана кен орындарында шоғырланған. Ал мұндай кен орындары көптеген елдерде мүлдем жоқ.

Ел аумағындағы анықталған ондаған уран кен орындарының әрқайсысы қалыптасу және практикалық маңызы жөнінен әрқалай. Геологиялық ұстанымы, генетикалық белгілері және аумақтық ерекшеліктерінің ортақтығы оларды мынадай алты уран кеніші ауданы құрамында алып қарауға мүмкіндік береді: Шу-Сарысу, Сырдария, Солтүстік Қазақстан (Көкшетау), Маңғышлақ (Каспий маңы), Кіндіктас-Шиелі-Бетпақдала (Балқаш маңы) және Іле.

  1. Шу-Сарысу уран кеніші ауданы.Уранның түзілуі қабаттың тотығуы зонасындағы аймақтық майданға байланысты. Жалпы қорлар мен ресурстар бүкіл Қазақстан қоры мен ресурстарының 54 % құрайды. Қазіргі таңда Уанас, Мыңқұдық, Қанжуған және Мойынқұм кен орындарында уран өндіру жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен жүргізілуде.
  2. Сырдария уран кеніші ауданы.Уранның түзілуі қабаттың тотығуы зонасындағы аймақтық майданға байланысты. Аудандағы уран қоры бүкіл Қазақстан қорының 20 % құрайды. Уран өндірісі жерасты шаймалау әдісімен. Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын кен орындарында жүргізілуде.
  3. Солтүстік Қазақстан уран кеніші ауданы.Ауданның уран кен орындары протерозой және палезой қатпарлы кешендерінде желілі-штокверлі түзілу түрінде көрініс тапқан. Мұндағы уранның жиынтық қоры бүкіл отандық қордың 17 %-на тең. Қазіргі таңда Шығыс кен орнында уран шахталық әдіспен алынуда.
  4. Маңғыстау ауданындағы уранның түзілуі.Каспий маңы ауданы фосфариттенген балықтар сүйегінің жинақталуынан түзілген бірегей кен орындарын құрайды. Уран қоры Қазақстан қорының 2 %-на тең. Қазір мұнда уран өндірілмейді.
  5. Кіндіктас-Шиелі-Бетпақдала немесе Балқаш маңы ауданы.Уран кен орындарының негізгі типі – континентальды жанартау кешендеріндегі эндогенді желілі-штокверлі кен орындары. Басты кен орындары толық игерілген. Қалған уран қоры республика қорының 0,5 % құрайды. Уран өндірісі тоқтатылған.
  6. Іле уран кеніші ауданы.Негізгі қорлар қоңыр көмір қатпарларының жоғарғы қабаты тотығуынан түзілген уран-көмір кен орындарымен байланысты. Мұнда Қазақстан қорының 6,5 % шоғырланған. Қазіргі таңда уран өндірілмейді.

 

 

 

 

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      2.«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом кәсіпорны

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылғы 14 шілдеде         «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы құрылды. Қазатомөнеркәсіп     құрамына «Волковгеология» геологиялық барлау компаниясы, үш кен басқармалары (Степное, Центральное, №6) және Үлбі металлургия зауыты енгізілді.

«Қазатомөнеркәсіп» мақсаткерлігі:

  • Мемлекеттің ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті индустриалды кешенін қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік-технологиялық саясатын жүргізу.
  • Әлемдік атом энергетикасы нарығында маңызды шептерді иелейтін тігінен интеграцияланған трансұлттық компанияға айналу.
  • Атом станцияларын жобалауға қатысу.
  • Сирек кездесетін металлдар негізінде ғылымды қажетсінетін технологияларды дамыту.

       Стратегиясы - клиентке өнім мен қызмет түрлерін таңдауда барынша мол мүмкіндіктер ұсыну.Бұл үшін өндірістің жоғары мәдениеті дәстүрлерін қарқынды дамытуға және ғылым, техника және басқарудың соңғы жетістіктерін қолдануға ұмтыламыз.

Бүгінгі таңда «Қазатомөнеркәсіп» нарыққа мынадай өнімдер мен қызметтерді ұсынады:

  • Уран тотығы-шала тотығы (U3O8);
  • Отын таблеткалары;
  • Уран диоксиды ұнтақтары;
  • Уранқұрамдас скраптарды, қалдықтарды, сапасына жетпеген өнеркәсіптік өнімдерді қайта өңдеу.

Сонымен қатар, әлеуметтік сала, уран өндіруші аймақтарды дамыту - Қазатомөнеркәсіптің басым бағыттарының бірі.Сол мақсатта 2004 жылы мамандандырылған «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» әлеуметтік компаниясы құрылды.

Басты міндеттері – әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру және өркендету, мамандар дайындау, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнесті, мәдениет пен спортты дамыту және қолдау көрсету, сондай-ақ көркейту және көгалдандыру.

Қазатомөнеркәсіптің шетелдік әріптестермен, атап айтқанда, Франция, Жапония, Ресей және басқа да елдердің компаниялары қатысуымен құрған Жарғылық қор аталмыш әлеуметтік компанияның басты қаржы көзі болып табылады. Жарғылық қорға бөлінетін қаржы жер қойнауынан пайдалану келісімшартында көрсетілген міндетті әлеуметтік төлемдер басқа ерікті жарналар.

Өзінің төрт жылдық қысқа тарихында «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының 11 елді мекенінде жалпы сомасы 9,9 млрд. теңгеден асатын жобаларды жүзеге асырды: үлкен автомобиль көпірі, 500 шақырымдық автомобиль жолы салынып, 40 шақырымдық темір жол төселді; елді мекендердің жолдары қалпына келтірілді; бірнеше дәрігерлік-санитарлық бөлімдер мен фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды; арнайы дизайн-жобалар жасау жолымен жалпы саны бес балабақша жаңадан салынып, кейбірі қайта жаңартылды. Нақтырақ айтқанда, балдырғандар үшін бассейндер, қазіргі заманғы ойын бөлмелері қарастырылып, олардың әрқайсысы жас ерекшеліктеріне сай жиһаздармен жабдықталды. Мұндай балабақшалар Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында бұрын-соңды болмаған. Сол сияқты, жаңадан құрылғаны және қайта жаңартылғаны бар жалпы білім беретін 6 орта мектепте компьютерлік және лингафондық кабинеттер, тіпті автомобиль сыныптары мен еңбек кабинеттері жұмыс істеп тұр. Қазатомөнеркәсіп шағын және орта бизнестегі ондаған кәсіпорындардың ашылуына септігін тигізіп, олар ауыл адамдары үшін қосымша жұмыс орындарын ашып қана қоймай, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жолында қызмет етуде; мұғалімдер мен дәрігерлердің біліктілігін арттыру бойынша да ауқымды бағдарлама басшылыққа алынған; балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру ісіне де ерекше көңіл бөлінген. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының кенттерінде салынған үш мәдени-спорт орталықта тұрғындарға тегін қызмет көрсететін бай кітапханасы, тренажер және спорт залдары, ойын бөлмелері қарастырылған. Аталмыш орталықтардағы 53 үйірме мен спорт секцияларына 1300 балдырған тұрақты түрде қатысады. Сондай-ақ кенттердегі боулинг-орталықтар, кинотеатрлар мен дискотекаларда қазіргі заманғы озық аудио-бейне аппараттары орнатылған.

Жүзеге асырылған жобалар – Қазатомөнеркәсіптің компанияны дамыту стратегиясының ажырамас бөлшегі саналатын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ұстанымдарына адалдығының айқын дәлелі. Ұлттық атом компаниясы отандық экономиканың ту ұстаушысы ретінде азаматтардың өмір сапасын жақсарту бағытында өз алдына қойған міндеттемелерді алдағы уақытта да абыроймен атқаруға әзір. Атом саласының өркендеуімен бірге адамзат әлеуетіне салынған қаржы да еліміздің игілігіне қызмет ете бермек.

 

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

                                2.1. Уран өндірудің әдісі

 

Бүгінгі таңда «Қазатомөнеркәсіп» кеніштері – өндіріс саласындағы хай-тек технология болып табылады. Компания уран өндірісін ең озық өндіріс технологиясы - жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен жүргізеді. Ол технологиялық операциялардың қарапайымдылығымен ерекшеленеді, сондай-ақ экологиялық және радиоактивті қауіпсіздік тұрғысынан ең сенімді әдіс болып табылады.

ЖҰШ әдісі қоршаған ортаға ешқандай теріс ықпалын тигізбейді. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) бұл технологияны кен орындарын игерудің экологиялық ең таза,әрі ең қауіпсіз әдісі ретінде мойындаған.

Жер асты ұңғымалы шаймалау кенді жер бетіне шығармастан, табиғи уран иондарын жер қойнауының өзінде өнімді қойыртпаққа айналдыру арқылы құмдақ типтес кен орындарын игеру әдісі болып саналады. Кейін қопсытуға көп шығын талап ететін өндірістің дәстүрлі (шахталық және карьерлік) әдістерінен айырмашылығы сол, құрамында ураны бар кен жер астында қалатын ЖҰШ әдісі жоғары экологиялық қауіпсіздігімен, аз шығындарымен және технологиялық операциялардың қарапайымдылығымен ерекшеленеді.

Қазатомөнеркәсіп Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында күкірт қышқылымен шаймалауды қолданудың өте бай тәжірибесіне ие.

Жер асты шаймалау әдісі – тұйық циклдағы үдеріс болып, ол өз ішіне мынадай негізгі сатыларды қамтыған:

1.      Ұңғыманы бұрғылау, техникалық құрал-жабдықтарды орнату  және технологиялық полигонды  құру:

Уранды дененің нұсқасына қарай полигонды ашудың екі сызықтық немесе гексагональды түрі қолданылуы мүмкін.

2.      Жіберу ұңғымалары  арқылы әлсіз қосылымдағы күкірт қышқылы ерітіндісін кенді көкжиекке енгізу.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы кен орындарының көпшілігі саз балшықтан тұратын жоғарғы және төменгі су өткізбейтін жыныстарға ие, бұл шаймалауды тек ураны бар аймаққа шоғырландыруға септігін ттигізеді.

3.      Негізгі үдерістің  бәрі жер қойнауында жүзеге  асады, сол жерде уран өнімді  қойыртпаққа айналады.

4.      Өнімді қойыртпақ  жер бетіне көтеріліп, ион алмасатын  тізбектерде сорбция және десорбциялаудан  өтеді. Сонан соң тауарлы десорбат сары кек алынғанша тұндырылып, кептіріледі.

Айталық, жылына 500 тонна табиғи уранды қайта өңдейтін кешені бар жерасты шаймалау кеніші дәл сондай қуатқа ие кәдімгі гидрометаллургиялық зауыттың төрттен бір аумағына сыйып кетер еді.

5.      Сары кек Қазатомөнеркәсіптің үш аффинаждау зауытының бірінде уран тотығы-шала тотығына айналдырылып өңделеді.

6.      Болашақта уран  өндіруші барлық кәсіпорындар  өндіріс орнының өзінде ASTM сапалы  уран концентраты түріндегі түпкі  өнімді шығаруды жоспарлап отыр.

Карьерлік немесе шахталық әдіспен уран өндіруден айырмашылығы сол, кен орны жер асты шаймалау әдісімен игерілгенде жоғары деңгейлі радиацаясы бар қалдықтарды сақтау үшін арнайы қоймалар салудың қажеті болмайды.

Оңтүстік Қазақстанның уран кен орындарындағы табиғи гидрогеохимиялық ортаның техногендік ықпал етуден кейін өзін өзі қалпына келтіру қабілетіне ие екендігі анықталған. Біртіндеп табиғи қалпына келтіру есебінен біршама жай болса да, кен орналасқан сулы көкжиектегі жерасты суларын рекультивациялау үдерісі тұрақты жүргізіледі. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, бұл үдерісті айтарлықтай қарқынды етудің әдістерін жасап шығып, ол рекультивацияны он еселеп жылдамдата түсті.

Қалдық қойыртпақтың табиғи жолмен минералсызданатына Иіркөл кен орнында өткізілген 13 жылдық бақылаулардың нәтижелері мысал бола алады.

 «Қазатомөнеркәсіп» - өнеркәсіптік өндірісте қуаттылығы жылына мың тонналық кенішті жерасты шаймалау (ЖШ кеніші) әдісі негізінде іске қосқан әлемдегі ең бірінші компания. Қазір компания өндірістік қуаттылығы 3 мың тонналық ЖШ кенішінің құрылысын жүргізуде. Технологиялық жетістіктер «Қазатомөнеркәсіпке» уран шығарушы өндірістерді рекордты қысқа мерзім – бір жарым жыл ішінде іске қосуға мүмкіндік береді.  Ал әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, уранды жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен өндіретін кеніштер құрылысы орташа есеппен үш жыл барысында салынып бітеді. Бұл бәсекесіз артықшылық инвестицияның жылдам ақталуын қамтамасыз етеді.

«Қазатомөнеркәсіп» кеніштердегі уран шоғырлануы өзгерістерінің бірегей математикалық нұсқасын әзірлеп шығарды. Ол әр кен орнын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Компания уран кенішінің стандартты жобасын, сондай-ақ оны басқару бағдарламасын енгізді. Уран өндірісіндегі барлық үдерістер автоматтандырылған. Оның бәрін 1-2 оператор басқарып отырады. Жұмыстың автоматты түрде жүргізілуіне ден қойылғандықтан, кеніштердегі қызметкерлер саны барынша қысқартылып отыр. Оған мысал келтірсек: КСРО кезінде 1000 тонна уран өндіру үшін 20 мыңға жуық адам еңбекке тартылса, «Қазатомөнеркәсіп» бұл көрсеткішті 200 адамға дейін кемітті.

Информация о работе Қазақстандағы уран өндіріс орындары